Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет44/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   343
Татар тілі. Қазақ жəне татар тілдерінің лексикасындағы етістік сөздерді салыстыра оты-

рып,  олардың  екі  тілдегі  мағыналық  даму  ерекшеліктеріне  жəне  құрылымдық  ерекшелік-

теріне назар аударайық. Асау сөзі түсіндірме сөздікте ауызға толтыра тамақ салу, жеу деп 

түсіндіріледі, екінші ауыс мағынасында біреудің есесінен пайда табу, жем қылу. Құрылысы 

жағынан дара сөз болып табылады. Ал бұл сөздің татар тіліндегі қолданылу аясы кеңірек. 

Татар  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  бірінші  мағынасы  қазақ  тіліндегі  мағынасымен  сəйкес 

келеді. Бірақ ашап қарау қазақ тіліндегі ауыз тиюге сəйкес жəне ашап тую ~ тою мағына-

сында. Қазақ тілінде мұндай тіркестер қолданылмайды. Татар тілінде ашап тишү күйенің 

жеуі (моль), ашап бетерү жəндіктердің шағуы мағынасы да бар. Ауыспалы мағынада кесірін 

тигізу  башын  ашау,  біреудің  аманат  етіп  берген  затып  ұстап  қою,  біреуге  тиесілі  нəрсені 

иелену, біреудің есебінен өмір сүру мағыналарында қолданылады. Бұл мысалдардан татар 

тіліндегі -п түю, -тишү, -п қарау сияқты аналитикалық форманттарды көруге болады. Бұл 

форманттар  татар  тілінде  өнімді  тəсілдердің  бірі  болып  саналады.  Сонымен  қатар,  ашап 

ятучы ~ арамтамақ, кеше хакын ашау ~ жатып ішер. Қазақ тіліндегі құлақ етін жеу тұрақты 

тіркесінің құрамындағы жеу сөзінің  орнына татар тілінде асау сөзі қолданылады колак итен 



ашау. Көне түркі сөзіндегі қазақ тілінде де, татар тілінде де жойылған тағы бір мағынасы 

бар, ол құрметке бөлену ol odun edgu ogli tegin jeti kun lu lar tapayin uduyin asadi ~ ол уақытта 

мейірбан хан жеті күн құрметке бөленген еді. 

Баю сөзінің қазақ тіліндегі мағынасымен сəйкес мағынасынан басқа бату (аспан денелері) 

деген мағынасы бар. Баемас кояли булмас күн де батып барады. Құрту етістігінің қазақ тілінің 

түсіндірме сөздігінде негізгі мағынасы жазасын беру, сазайын тартқызу, ал екінші мағынасы 

иеленіп кету, жұмсап жіберу. Татар тілінде де бұл етістіктің жою, құрту мағынасы сақталған. 

Сонымен қатар бұл етістіктің қазақ тілінде қолданылмайтын бірнеше мағынасы берілген:

•Кептіру – қорыта төшү.

• Сүрту, құрғатып сүрту. Өстəлне қорытып алу – үстелді құрғатып алу.

•Солу, суык чечəклерне қорытты – суықтан гүлдер солып қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет