мифологиялық төркініне зер салу – тіл тарихындағы басты мəселелердің бірі. Өйткені адам
өмірімен бірге жасасып келе жатқан тілдің түпсаналық қабаттарында сан түрлі мифтік дү-
ниетаным қазыналары жасырынып жатыр. Олар белгілі бір қоғамдағы адамдардың даму
дəрежесіне сай наным-сенімдер негізінде пайда болып, белгілі дəрежеде сол қоғамға қызмет
Соңғы жылдары қазақ тіл білімі ғылымында мифонимдерді тақырыптық топтарға бөліп,
түлікке қатысты қолданылатын мифонимдік атаулардыңлингвомəдени сипатына тоқталсақ.
Сан ғасырлар бойы қазақ халқының ең негізгі кəсібі мал шаруашылығы болғандығы бар-
қалыптасып, дүниетанымының, рухани мəдениетінің басты қағидалары мен ұстанымда-
ры өркендей түсті. Осы негізгі кəсіптің əсерімен, ықпалымен қазақ тілінің лексикасында
Жан-жануарларға соның ішінде, төрт түлікке қатысты мифонимдік атауларға үңілмес
ды Ойсылқара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Шекшек ата деп атаған. Атаулардың ерте-
тейтін төмендегідей түсінік-кодтар бар. Мысалы, Ж.К.Каракузова мен М.Ш.Хасанов көрсет-
кендей, «Қазақ əлеуметтік дəреженің толықтығын, бүтіндігіндұрыс көрсету үшін төрт түлік
210
малды атайды: жылқы, түйе, қой, сиыр. Олар дүниенің төрт бұрышын, төрт стихияны, төрт
бағытты, адамның төрт түрлі мінезін білдіреді. Осылардан басқа əр жануардың жалпы өзін-
дік мінезі, басқалардан өзгешелік нысаны бар. Жылқы – жоғары əлем, қой – материалдық
əлем, яғни жер, сиыр – о дүние, өлілер əлемін білдіреді. Ал, түйе бұлардың барлығын жи-
нақтап байланыстырып тұратын төртінші бірлік – ғарыштың символы» [1, 32б.].
Халқымыз төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дəріптеп, бүкіл өмір
тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мəдени өмірін, əдет-ғұр-
пын солармен байланыстырады. Төрт түлік мал туралы «Жылқы – желден, түйе – сордан,
сиыр – судан, ешкі – тастан, қой – оттан жаралыпты» деген мифтік нанымдар ауыз əдебиеті
үлгілерінде, ел арасында ежелден бар көрінеді. Мұнымен қоса ел ішінде кейде «түйе – күн-
нен, ешкі атасы шығыпты шырмауықтан» деп сипатталады. Мысалы, «қой – бейіштен, қой –
көктен, қой атасы жантақтан өсіпті, қой – меккеден шығыпты» деген де сөз бар. Бұл аталған-
дардан ата-бабаларымыздың қой түлігінің шығу тегін тек отпен ғана емес, аталған тұтас
төрт тектің бəрімен байланыстыратынын көреміз.Төрт түлік малдың пірлері, иелері туралы
Н.Мыңжанұлы: «Қазақ қауымы өзі баққан төрт түлік малды бағып-қағып өсіріп, қорғап-қол-
дап жүретін иелері бар деп білген. Бұл ұғымның ұйғарымынша төрт түліктің иелері – олар-
дың атам заманда жаралған ең алғашқы ата-бабалары. Қазіргі төрт түлік мал – солардың
ұрпақтары. Бұлар Шопан ата, Жылқышы ата, Қамбар, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шекшек ата
деп аталады» [2].
Этнолог-ғалым Халел Арғынбаев төрт түліктің пайда болуы, шығуы туралы ойын былай
таратады: «Халық арасына кең тараған аңыз бойынша, жер бетін топан су қаптап, бүкіл адам-
зат, жан-жануар апатқа ұшырағанда Нұх пайғамбар əрбір жəндік иесінен бір-бірден тұқым
сақтау мақсатымен оларды кемесіне отырғызып басын су шалмаған Қазығұрт тауына келіп
тұрақтапты-мыс. Міне, сол Қазығұрт тауына əкелінген «қатпа тайдан», «жетім ботадан»,
«жалғыз танадан», «жұрын тоқтыдан» төрт түлік өсіп-өніпті-міс. Мұнымен бірге əр түлік-
тің өзіне тəн ерекшеліктеріне қарай оларды қиялмен «табиғаттың əртүрлі құбылыстарынан
жаралды» деп гиперболалық түрге айналдырған»[3]. Мұның барлығы адамдардың мифоло-
гиясының жемісі, жануарлар культтерінің пайда болған уақытындағы, төрт-түлікке, яғни жа-
нуарларға, олардың тылсым күштеріне, сөз киесіне сенуден шыққан бас июдің көрінісі.
Мифологиялық лексика негізінен ертегілерде, аңыздарда, мифтерде, эпостық жырларда,
т.б. фольклорлық жанрларда қолданылады. Солардың негізінде төрт түлік малға қатысты ми-
фонимдердің этимологиясына тоқталып өтсек.
Достарыңызбен бөлісу: