атаған. (Зеңгі баба Айхожаның лақап аты, Сүлеймен Бақырғанидың шəкірті) Бақырғани қай-
тыс болған соң Зеңгі баба оның əйелі Қамбар бибіні алған»деседі [8].
Ə.Нұрмағамбетұлы өз еңбегінде Зеңгі баба атауының тарихы туралы былай дейді: «Қазір-
гі түркі тілдері ішінен сиыр малының Зеңгі баба деп аталған пірін қырғыз тілінен ғана көре
аламыз»[12]. Ал, К.К.Юдахиннің құрастырған «Киргизско-русскийсловарь»-дан мыналарды
2) мүйізді ірі қара мал (ауыспалы мағынасы); 3) зеңгилер – мүйізді ірі қара мал[12].
қазақша қара түсті адам мағынасын береді жəне бұл тұжырым В.В.Радловтың да еңбегінде
Ғалым С.Қондыбай бұл мифтік бейне туралы: «Зеңгі» – «қара түсті» дегенді білдіреді,
Зеңгі атаның əулиелігі жөнінде Ə.Диваев: «Зеңгі деген атқа ажарсыз болғандықтан, лақап
атқа ие болған деген. Зеңгі ата Шаш мекенінде туған. Ол Тəжі қожаның баласы жəне Əзірет
Арыстанбаптың немересі. Зеңгі ата əулие Қожа Ахмет Яссауидің (1166 жыл) 5-ші мүриді
(ізбасары) болған. Яссауи Түркістан қаласында жерленіп, қабірінің үстіне Темір зор ғима-
рат салғызған. Зеңгі ата Ташкенттен онша қашық емес, Шаш мекенінде жерленген. Қазіргі
уақытта ол мекенді əулиенің атымен атап айтқанда, Зеңгі ата атымен атайды. Онда көптеген
далалықтар тəуап етуге барады»[7].
212
2) көне. миф. киеліге табыну ретінде айтылады. 3) қазақтың наным-сенімінде жылқы малы-
ның пірі, иесі[14]. Аңыз бойынша Қамбар ата хазіреті Ғалидың дүлдүлін баққан кісі деседі.
Арғықазақ мифологиясын зерттеген С.Қондыбайдың пікірінше, Түрікпендік Гамбарбаба
– қазақтың Қорқыты сияқты сазгерлер мен əншілердің, ақындардың пірі болып саналады.
Ол дутардейтін саз аспабын ойлап тапқан деседі. Қамбардың тағы бір мифтік функциясы –
оның су стихиясымен байланыстылығы. «Көл иесі Қамбар-ау, Шөл иесі Қамбар-ау, қарағыма
көз сал-ау» – осының нышаны. Міне, Қамбарға берілген үш мифологиялық функция: а) су-
мен байланысты, ə) жылқымен байланысты, б) музыкамен байланысты.
Жылқы пірін қазақтан өзге мал баққан қырғыздар да Қамбар ата десе, сондай-ақ жылқы
ішіндегі ең тəуірі, жақсысы, тамашасы да Қамбар ата атауын меншіктейді екен. Өзбектер
мен түрікмендерде жылқы пірін Дүлдүл баба деп атау кең тараған.
Қамбарсөзінің түпкі мағынасының төркіні туралы Е.М.Абақан «Тілдің мəдени филосо-
фиясы» еңбегінде: «...қам сөзінің негізгі мағынасы – қозғалыс, шеңбер, ел, қауым, орта, қа-
сиетті, күшті, батыр, қазына, молшылық, қала, т.б. көптеген ұғымдарды білдіреді. Көне түркі
тіліндегі қамұқ сөзі «весь, целый, полный». Қазақта жылқы пірі – Қамбар ата. Қазақтың
«кемпірқосағы» – Қомбор қосағы, яғни қасиетті көктің беліндегі кісе, мұнда «қам» түбірінің
мағынасы дөңгелек, көк, бүтін», – дейді [15, 167-168б.]. Ал, халқымыздың тұрмыс-салт жы-
рларының типологиясын зерттеген Б.Уахатов: «Қазақта қарақұрт, жылан, шаян, бүйінің уын
қайтаратын арбаушының сөздерін былай: «Бүйі, бүйі, бүйі, шық! Бүйі иесі Қамбар шық» деп
келтіре отырып, мұндағы Қамбар ескіліктегі бақсылардың иесі, атасы, құдайы, пірі», – деген
[16].
Сонымен, авторлардың мəліметі бойынша,
«қам» сөзі бақсы, бақсының ойыны, ал фи-
лософиялық мағынасы – «қозғалыс», «шеңбер», «қасиетті», «молшылық», т.б. жəне Қамбар
«бақсылардың пірі» дегендерді келтіре отырып, мынадай тұжырым пайда болады: көне ми-
фологияға сүйене отырып, жылқы, ең бірінші, Тəңірінің сүйген түлігіне айналып, пір Қам-
Достарыңызбен бөлісу: