историзмдер болып екі салаға бөлінеді. Архаизмдерге əр халықтың күн көріс тіршілігіне,
салт-сана тұрмысына, əдет – ғұрпына , дүние танымына қарай əр дəуірде өзгеріп, басқа-
ша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады. Дəуірі
өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер тарихи сөздер яғни историзмдер деп
аталады. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жоғалуымен
байланысты болады.
Мата – кездеме атауларына байланысты архаизмдер
1. Тоқсан қабат торқадан,
Тотышағым терісі артық. Торқа – қымбат бағалы селдір, жібек мата. [4, 812-бет]
Торқа кенеп; бұл сөз бұрын жібек мағынасында қолданылатын. «Диван Луғат- и тюрік-
те» де торқа- жібек. Осы сөз шаруашылық түрлерінің дамуына байланысты кейбір аудандар-
да (Жалағаш т.б.) кенеп мағынасында да қолданылады. [5, 113-бет]
Достарыңызбен бөлісу: |