Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет3/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Ғ. Есім,
ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының 
докторы, профессор
(Қазақстан)
ЗАМАНДАСЫМ ƏБІШ КЕКІЛБАЕВ ТУРАЛЫ СӨЗ
Жазушы, ғұлама, қоғам қайраткері, сенатор Əбіш Кекілбаев туралы сөз 
бастағанда менің ойыма бірден келетін жай, ол бүгінгі дархан Тəуелсіздігіміздің 
бастау бұлағының басында болғандығы туралы хикая. Өткен ғасырдың алпы-
сыншы жылдары қазақ халқы өз жерінде, атамекенінде бүкіл жылдары Респу-
блика халқының 26 пайызы болған шағында Əбіш Кекілбаев бір пара əріптес, 
замандастарымен халқымыздың бітелген рухани бұлақтардың көзін аша-
тындай, сонысымен тəуелсіздіктің тынысына өріс беретіндей əдеби, мəдени, 
қоғамдық істерге белсенді түрде араласып кетті. Біз ол кезде мектептің жоғарғы 
сынып оқушылары едік.
Əбіш Кекілбаевтың алғашқы өлеңдері, сын мақалалары жəне көркем проза-
сы сол заманның рухани дүниесіне тау самалындай таза леп əкелді. Дəл ол кезде 
қазақ халқының бүгінгі күнін дəл тауып айта алатын топырағымыздан шыққан 
ғұлама жоқ еді. Мұхтар Əуезов бастаған алыптар тобы болса халқымыздың 
болашағы туралы талмай ізденіс үстінде болатын. Ізденіс болғанда да олардың 
қайсыбір ой-түсініктері қайранға түскен балықтай дəрменсіздік халді де 


8
сездіруші еді. Осындай жағдайға жастардың бір тобы халқымыздың рухани 
əлеміне тереңдеп ене бастады. Солардың сол замандағы көшбасшыларының 
бірі Əбіш Кекілбаев болатын. Мен Əбіш Кекілбаевтың жазғандарын қалт 
жібермей оқып өстім. Ол кезде оқитын əдебиет те, газеттер де аз болатын. 
Негізінен бас алмай оқитын гезеттеріміз «Лениншіл жас», «Қазақ əдебиеті» 
жəне «Литературная газета» еді. Міне, осы басылымдар арқылы біз алпысын-
шы жылдары халыққа танымал бола бастаған тұлғалардың бағыт-бағдарын 
анықтай алатын халде болдық.
Əбіш Кекілбаев əу баста өз жолын анықтап алған жан. Əрине, əу баста, яғни 
адамның жас кезінде жол таңдауы жəне жолын анықтауы, ол жолдан шығып 
кетпеуі, адаспауы, яғни сара бағытты санасына сіндіруі, ол əркімнің қолынан 
келе бермейтін мəселе. Сірə, парасаттылық не дегенге келсек, ол адамның өз 
жолын əу баста жаңылмай таңдап алуы шығар. Парасаттылық – азамат жолы. 
Шоқан Уəлиханов бір еңбегінде азамат деген сөзге, ол өз тəуелсіздігіне жете 
алатын адамның қасиеті деген ой білдірген еді. Осы бағытта ой өрбітсек, өз 
тəуелсіздігіне жете алатын адам, яғни азамат қана ел Тəуелсіздігін аңсап, 
сезініп жəне сол жолда нардың жүгін көтеретін тұлға болып қалыптаспақ. Мен 
білетін сондай тұлға алдарыңыздағы отырған Əбіш Кекілбаев. 
Тəуелсіздік бізге, қазақ халқына, атамекенімізге аспаннан түскен жоқ. 
Тəуелсіздік идеясы кең сахарамыздан, санамыздан, арман қиялымыздан 
ешқашан кетпеген еді. Оның шындыққа айналуы оқиғаларға, жағдайларға, 
əлемдік үрдістерге қатысты болды. Қазақ халқының тағдыры адамзаттың 
тағдырымен, кешегі жарты əлемді шарпып билік құрған Социализммен бірге 
шешілді. Социализм қазақ халқына шектеулі еркіндік берді, ал Тəуелсіздік 
халқымыздың рухының кемелденуіне тың жол ашты. Осы жолды ашуда ерен 
еңбек еткен қазіргі заманның майталман қаламгері, қоғам қайраткері, даныш-
паны Əбіш Кекілбаев екеніне ешқайсымыздың күмəніміз болмаса керек.
Əбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі, қоғамдық ісі 
көпшілікке белгілі. Мен Əбекең туралы ойланып отырсам, еліміздің рухани 
өмірінің ешбір саласы осы кісінің қатысуынсыз болмағанына көзім əбден 
жетті. 
Тəуелсіздік жолы қиын болды десек, ол жай айтқанымыз. Тəуелсіздік 
миллиондаған қандастарымыздың қанымен, жан азабымен келген теңдесі 
жоқ оқиға. Осындай керемет тарихи оқиғаның бүгінде бəріміз куəгері емес, 
нағыз кейіпкерлері болып отырғанымызда бір-бірімізге деген құрмет ерек-
ше болуы табиғи жағдай. Ерін елі құрмет тұтпаса не болмақ! Тұлғаның тұлға 
екенін уақыт өткізбей замандастары айтса, қандай лəзім жəне ізгілік. Себебі, 
адамның асыл қасиеттерін сезіне білу, оны насихаттай білу, ол тек жиындарда 
айтылатын сөз емес, ұрпақтан ұрпаққа хатталып жететін халқымыздың мəдени 
мұрасы болмақ. Əбіш Кекілбаев халқымыздың мəдени мұрасының өзі, соның 
басты кейіпкері жəне соны жасаушы, насихаттаушы, яғни ұрпақ пен ұрпақты 
жалғастырушы – тарихи тұлға. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет