Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет7/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92
қорғайтын ер болайық, Ерін қолдайтын ел болайық!», – дер» [2, 102 б.]. 
Алла Тағала А.Байтұрсынұлына ұл беріп, ол бүгінгі күнге аман-есен жет-
се тура осылай егілер ме еді? Алаш тұлғалары атылып жатқан кезде дүниеге 
келген, Əбіш аға, осыншама адал перзенттік алғысыңыз үшін сізге Алла риза 
болғай! 
А.Байтұрсынұлының «Қазақ» газетіне берген батасын бүгінгі қазаққа ұлт 
үшін күрестің ұраны ретінде анықтап бергеніңіз де саяси көрегендік пен 
білгірлік. А.Байтұрсынұлының ақындық, көсемсөздік, ғалымдық, саяси тұл-
ға сын осыншама жаныңызбен түсініп бүгінгі санасы таза Алаш ұрпағына 
айғақ тап бергеніңіз қазіргі тəуелсіздік кездегі ғылымға қосылған зор үлес қана 
емес. Бұл бүгінгі қазақтың өзіне үлгі тұтарлық тұлға – ұлт ұстазы бар екенін 
анықтап беру. Шынында да əр қазаққа «ұлтына қызмет етуге ниет болса
жұмыс табылады». Ең бастысы «Елін қорғайтын ер болайық, Ерін қолдайтын 
ел болайық!». 
Осыдан 12 жыл бұрын: «Қай ісіміздің де Құдай сəтін салғай! «Əумин» деп 
қол жайып, «Əуп» деп күш қосып, «Алла!» – деп іске кіріселік», – дер.
Бүгін бұны жете ұғынып, терең сезініп отырған халық та бар, қоғам да бар, 
аза мат та бар. Сондықтан ұлтымыздың кешегі де, бүгінгі де, ертеңгі де ұлы 
ұста зына: «Айтқаныңыз болсын!» – деп басымызды иіп, тағзым етелік!» [2, 103 
б.]. – деген сөздеріңізге де Алла разы болсын! Атеисшіл замандастарыңыздың 
ішін де алғашқылардың бірі болып, Алаш ғалымдары сияқты сөзді тура осы-
лай Аллаға мінəжат етумен қорытындылау да шынайы ғалымдықтың белгісі.
Тəуелсіздік кезде бүгінгілердің көбі үн-түзсіз келе жатқанда Алаштанудың 
негізгі темірқазығын анықтап берген бұл зерттеуіңіздің арғы ғұмыры да 
сəулелі болғай! 
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Литературная энциклопедия. М., 1931, т. 5) А.Н. Самойлович // Литерату-
ра Востока. – 1919. – Вып. І.
2. Кекілбайұлы Ə. Ұстаз ұлағаты. (А.Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл 
толуына арналған халықаралық ғылыми конференция материалдары). 81-
103 бет // Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы (қазақ, орыс, 
ағылшын т.б. тілдерде). – Алматы: Ғылым, 1999. 


31
Г.Ж. Орда,
ҚР БҒМ М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының бас 
ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, доцент
(Қазақстан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет