Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет44/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Кекілбайұлы Ə. Шандоз. – Алматы, 2004.
2. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы, 1991.
Ж.Қ. Смағұлов,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Е. Дүйсенбаев,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университетінің магистранты
(Қазақстан)
КЕЙКІ БАТЫР: АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ
Тарихи сабағы текті ұрпақтары əр кез толғандырмай тұра алмайтын, уақыт 
өткен сайын қайта зерделей түсуді талап ететін тақырыптың бірі – ғасыр 
шежіресіне «июнь жарлығы» боп қарғыбаудай байланып, бір атаның əулетін 
де бір-бірімен қырқыстырып қойған, қынаптан суырылған қанжар қараулық 
бедерінде жүзі қайырылып, бірақ бəрібір аяққа тапталар ар-намысты қорғап 
қалған, ізгілік үміт шырағын елдік ұлы жорыққа ұластырған жан қияр 
перзенттерімен ғана мағыналы сонау 1916 жыл шырғалаңы.
ХХ ғасыр – тарихи оқиғаларға толы кезең. Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей 
жері мен жұртын жаудан қорғаған бабаларымыздың еңбегі мен ерлігінің 


171
жалғасы аталған ғасырдың алғашқы ширегінде шарықтау шегіне жетті. 1916 
жылғы 25 маусымда 19 бен 25 жастағыларды майдандағы қара жұмысқа ала-
ды дегенді естіген соң-ақ, Торғай уезіне қараған Арғын, Қыпшақ руларынан 
тұратын болыс ел дүрліге бастаған. Ақыры орыс патшасының қол астына 
көшуге, не қарсы тұрып, соғыс ашуға бел байлаған. Əйтеуір жұрт жігіт беруге 
қарсы, жігіттер майданға баруға қарсы болған.
«Ағұстың 25-інде Торғай өзенімен жанаса ағатын Қабырға өзенінің бой-
ына сегіз мың кісі жиналған. Ішінде ақсақалдары да бар. Патша жарлығына 
қарсы болғандардың дені- осы сегіз мың кісі ішінде. Неше күндей кеңесіп, 
ортасынан Əбдіғапар Жанқожаұлын сары ала ту бие сойып, ақ киізге салып 
хан көтерген. Жиналған жұрт Əбдіғаппар не айтса, соған көнуге келісім бер-
ген. Сардар ретінде Амангелді Үдербайұлы, көмекшілері болып Кейкі мерген, 
тағы басқа жігіттер белгіленген» [1, 30 б.].
Бəрі бірдей мүлтіксіз сөз маржаны болғанымен, өз мезгілінің ерлік, ездік 
қисапсыз хикаяттарын бүкпесіз аян ететін қара дүрсін өлең жолдарының, ба-
стан өткерген қайсыбір қаралы оқиғаларды қаз-қалпы, жалпылама, шола ба-
яндау əңгімелерінің өзі бұлтартпас деректілігімен ұрпақтар мұратына қызмет 
ете берері сөзсіз. Өйткені жандайшаптар мен жазықсыз жазалылар, жан сау-
дасы... – бəрі-бəрі жіктелген, көбесі сөгілген қыр тіршілігінде кімнің кім екені 
айқындалып, ұлы дала жонында, қорлыққа төзбес əр пенденің өз жота-жоны-
нан қыстығып, ышқынып атылған он алтыншы жылғы айбат, жарылған жа-
нартау – Ғ. Мүсіреповтің сөзімен айтқанда, намыс жанартауы еді. Жасыған 
жігеріңді қайрақтай жанитын құдірет-қуатымен өз тұрғыластарын ғана емес, 
келер заман төлдерінің қандайын да дəйім уақыт сыны сарабына салдырып 
отырар мұндай өмір, өнер шындығын тарихи таным пəнінің темірқазық бір 
тарауы деп білу парыз.
«Қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы» болған Қарақойын өңірі 
ғана емес, «июнь жарлығы» - сұрапыл кезеңнің сұсты шеруі қазақ сахарасының 
қай қиырында қандай лаң жолдарын өткенін жаныңмен жете сезіну үшін бойы 
өсіп, бұғанасы қатпай жатып пəле-жаланың бəрін басынан кешіріп, өз жота-
сымен əл-қадарынша ел намысын қорғай білген, от қағар талай нар боздақ, 
тікелей куəгерлердің көз жасымен сорғалап құйылған риясыз сырларынан, 
Жамбыл, Омар Шипин, Күдері, Иса Дəркембайұлы, Ақмолда, Нармамбет, Сəт, 
Төлеу, Есқайыр, Бөлтірік, Сартай сияқты қалың көпшіліктің бірі жете біліп, бірі 
беймағұлым өте беретін талай-талай сəйгүлік жыр сүлейлерінің шырқыраған 
жан толғаныстарынан, тебіреністерінен көруге болады.
Ұлт-азаттық күресте халық үшін бас көтерген батырдың бірі Кейкі 
(Нұрмағамбет) Көкембайұлының кешкен қиын тағдырын қазіргі уақытта 
бірі білсе, бірі білмейді. Сол кезеңдегі ақиқат аңызға айналса, бүгінгі күн 
біздің мақсатымыз аңызға сүйеніп, ақиқатын айту, ел үшін ұйқысыз түн, 
көп қиындық көрген ердің ерлігіне тəуелсіздіктен кейін ғана баға беріле ба-
стады. Қыпшақ тайпасының Құлан қыпшақ руынан шыққан, 1916 жылғы 


172
Торғай көтерілісінің белсенді батыры, тұрмыс тапшылығын ерте көрген 
Кейкі жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа аты шыққан. 
Құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі 
мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Біздің қазақтың 
қатпары қалың тарихы совет уақытында үлкен редакцияға ұшырап, Кенеса-
ры да, Кейкі де, Құныскерей де «жауыз», «бұзақы», «банды» атанған. Тіпті, 
кейбірінің есімі қасақана жарияланбады, тарихта мүлде болмады. Жалпы 
бұл азамат жайында тарихи деректер сараң «сөйлейді». «Сөйлегенде» де 
оның шынайы бейнесіне «бандит», «бүлікші» деген анықтауыштар қосылып 
бірге айтылып жатады. Басқыншы, үстем елдің тарихы бойынша осын-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет