Жауапты редактор
ф.ғ.д., профессор Ө. Əбдиманұлы
Құрастырушылар:
ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат, ф.ғ.к. Е.К. Кəрібозов,
оқытушы Н.Ж. Досанова
«Əбіш Кекілбаев – замананың заңғар тұлғасы» атты халықаралық ғылыми-
практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Қазақ университеті,
2019. – 312 б.
ISBN 978-601-04-4121-7
Жинаққа 2019 жылдың 26 қазанында əл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық
университетінің филология жəне əлем тілдері факультетінде өткен «Əбіш
Кекілбаев – замананың заңғар тұлғасы» атты халықаралық ғылыми-прак-
тикалық конференцияның материалдары енгізілген.
Жинақ əдебиеттанушы, тілші мамандарға, жоғары оқу орындарының док-
торанттары, магистранттары жəне студенттеріне арналған.
Авторлық редакция негізінде шығарылған.
ISBN 978-601-04-4121-7
© КазҰУ, 2019
3
КІРІСПЕ СӨЗ
Ғ.М. Мұтанов
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры
(Қазақстан)
Құрметті зиялы қауым, ұлағатты ұстаздар мен ғалымдар, білімгер жастар –
бүгінгі əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аса көрнекті мем-
лекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық
жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
сөз өнерінің теңдесі
жоқ зергері Əбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған «Əбіш Кекілбаев
– замананың заңғар тұлғасы» атты республикалық конференцияға қош кел-
діңіздер!
Заңғар жазушы, үлкен саясаткер, философ, шешен, талантты суреткер Əбіш
Кекілбаев ғибраты мол ғұмыр кешті. Қазақ ғылым-білімінің қара шаңырағы
Қазақ ұлттық университетінде тəлім алды. Өсті, өріс жайды.
Бір кезде сөз
өнеріне шөлдеп келген бала шəкірт ел таныған дана жазушыға, Ұлт ұстазына
айналды.
Əбіш Кекілбайұлы еліміздің мəдени-рухани өміріне белсене араласты.
Адамзат тарихына, ел ертеңіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын суреткер
болып қалыптасты. КСРО ыдыраған тұста тəуелсіз Қазақстанның ірі қоғам,
мемлекет қайраткерлерінің алдыңғы легінде белсенді қызмет істеп,
Тұңғыш
Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлының сенімді серіктері қатарынан табыл-
ды. Елбасының Мемлекеттік кеңесшісі болды. Кəсіби Парламенттің тұңғыш
төрағасы, мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды. Ел парламентаризмін
қалыптастыруға,
дамытуға, тəуелсіздігіміздің бас идеологы ретінде оны ба-
янды етуге үлес қосты. Елге, Елбасыға деген құрмет, туған жерге деген сүйіс-
пен шілік Əбіш Кекілбаевтай тұлғаға қанат бітіріп,
мемлекеттік басқару мен
ұйымдастыру ісінің биігіне самғатты. Қай қызметте болмасын халық игілігі
үшін баянды еңбек етудің, мемлекеттік жауапкершілік
пен қайраткерліктің,
жасымас ерік-жігердің үлгісін көрсетті. Мұндай іс халықтың жүрегі жылы,
қайраты тасыған адал перзентінің ғана қолынан келеді.
Жалпы, саясаткер Кекілбаевты суреткер Кекілбаевтан бөле-жара қарауға
болмайтыны мəлім. Екі саланы қатар ұстаған қайраткер тұлға уақыт мінберінен
адалдықпен, азаматтық тазалықпен, шешендік шеберлікпен, көсемдік ірілікпен
көрінді. Елінің құрметіне бөленді.
Əбіш Кекілбаев ұлы Мұхтар Əуезовтің алдында студент болып бес жыл
дəріс тыңдады. Əлемдік əдебиеттің саңлақ қаламгерлері
туралы ұлағатты
сөздерді Əуезов лекциясынан алды. Сөйтіп, ұстаздан алған тəлімі мен
тəрбиесін көкірегіне тұмар ғып түйген жас дарынның алғашқы қаламгерлік
қадамдары университет қабырғасында басталып,
ұлы суреткер Мұхаңның,
Мұхтар Əуезовтің назарына ілікті. Осы реттен келгенде Əбіш Кекілбаевтың
4
саясаткерлігі мен суреткерлігінің мөлдір бастауы əл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті деуге негіз бар.
Əбіш Кекілбаев – ұлттық əдебиетіміздің белді жанрларының барлығында
да белсенді қызмет істеген қарымды қаламгер. «Үркер» мен «Елең-алаң»,
«Аңыздың ақыры», «Шыңырау», «Бəйгеторы», «Ханша-дария хикаясы»,
«Күй» сияқты прозалық туындылары арқылы ел өмірінің зəру мəселелерін
көтерген халықтың сүйікті жазушысы.
Сан қырлы дарын иесі Ə. Кекілбаев драматургия саласында «Абылай хан»
атты дүбірлі дəуір шындығын бейнелейтін пьеса да жазды. «Алтын шуақ»,
«Дүние ғапыл» деген өлеңдер жинағымен де танылды. Сондай-ақ ол – У.
Шекспирді, Г. Ибсенді, В. Буэроны, Г. Мопассанды, Л. Толстойды, А. Чеховты,
И. Бунинді қазақ тілінде сөйлеткен кəнігі аудармашы.
Əбіш Кекілбаевтың публицистикалық мақалалары мен жазбалары ұлттық
мұраттармен ұштасады. Əсіресе еліміздің тəуелсіздігін талмай толғаған ел мен
жер, адам мен заман туралы мақалалары қоғамдық санаға қозғау салады. Елба-
сы Н.Ə. Назарбаевтың тəуелсіздік, елдік мұраттар жолындағы орасан еңбегін
орынды бағалап, саясат сахнасындағы көркем кескінін алғашқылардың бірі
боп мөлдіретіп салып берді.
Осының бəрі Əбіш Кекілбаевтың өмір жолының өнегелі, ел үшін атқарған
қызметінің қайырлы да зайырлы екенін көрсетеді. Мұндай өнегелі өмір сүру, ел
үшін жатпай-тұрмай еңбек ету ақыл-ойын, ар-ожданын жолдас еткен, қайраты
мен ақылын, жүрегін тең ұстаған асыл азаматтың ғана маңдайына жазылады.
Біз үшін де, біздің ұжым үшін де Əбіш Кекілбаев – осындай жан.
Ендігі жерде парасат-пайымы бөлек, білім-білігі ерен, зейін-зердесі ерек-
ше заңғар суреткер, ірі мемлекет жəне қоғам қайраткері Əбіш Кекілбаевтың
екінші өмірі басталды. Өзі бір дəуірге тұрарлық мазмұны терең мəңгі өлмес
дүние жазса, бүкіл саналы ғұмырын ізгілікті, адамгершілікті, ұлт мұраттарын
ұлықтауға жұмсаған Əбіш ағамыз туралы да енді саясат пен əдебиет əлемінде
шыңдалған шəкірттері том-том еңбектер жазбақ. Бүгін əл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінде
Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы
Əбіш Кекілбайұлы атындағы дəрісхана ашылды. Бұл дəрісхана алдағы уақытта
ұлы қаламгер мұрасын насихаттайтын танымдық əрі ғылыми-əдістемелік
орталық болары сөзсіз.
Құрметті конференция қонақтары! Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазу-
шысы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған көрнекті мемлекет жəне
қоғам қайраткері Əбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған «Əбіш
Кекілбаев – замананың заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-
практикалық конференцияны ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!