Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет23/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79

 

 

Д.Б. Дүйсенбай 

Ə.Марғұлан ат. Археология институты,  

алғашқы қауым археологиясы бөлімінің к.ғ.қ. (Алматы қ.) 

 

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨНЕ ҒҰРЫПТЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ  

ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ 

 

Тарих  ғылымдарының  салалары  археология  мен  этнографияны  байланыстыра  зерттеу  қазіргі 



кездегі  бағыттардың  бірі.  Ал,  этнография  ғылымында  тарихи  тұрғыдан  археологияны  сөйлетудің 

айрықша  маңызы  зор.  Деректердің  мəн-мағынасын  толықтай  ашуда  осы  екі  ғылымның  бір-бірін 

толықтыра  түсетіні  анық.  Осыған  орай,мақаламызда  Орталық  Қазақстанның  көне  ғұрыптық 

ескерткіштері мен кейбір этнографиялық материалдарға тоқталып өтеміз. 

Орталық  Қазақстан  өңірі  археологиялық  ескерткіштер  жағынан  алғанда  ерекше  өлке.  Аталған 

аудан  ескерткіштердің  көптігімен  жəне  де  зерттелген  нысандар  бойынша  материалдардың 

молдығымен  айрықшаланады.Сөз  қозғағалы  отырған  ғұрыптық  орындардың  негізгі  шоғыры  осы 

Орталық  Қазақстан  ауданында.  Тағы  бір  айта  кетерлігі,  алғашқы  академиялықОрталық  Қазақстан 

археологиялық  экспедициясы  осы  жерде  жұмыс  жүргізген.  Қазіргі  ғалымдардың  сөзіне  қарағанда, 

экспедиция  іс  жүзінде  мамандандырылған  қазақстандық  археологтар  мен  этнографтарды 

дайындайтын  ғылыми  мектептің  рөлін  атқарған.Мысалы,  əр  жылдары  экспедиция  құрамында 

К.А.Ақышев,  А.М.  Оразбаев  жəне  т.б.  көптеген  археолог  ғалымдармен  қатар,  Х.А.  Арғынбаев, 

Е.Масанов,  М.С.  Мұқанов,  С.Ақатаев  сынды  белгілі  этнография  саласының  аса  ірі  тұлғалары  да 

қатысып,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген [3, 14-б.].  Кейінгі  уақыттағы  этнограф  мамандардың 

бірқатар  ойларын,  ғылыми  пікірлерін  археологияны  зерттеуде  кең  қолданысқа  енгізу  қажеттілігі 

туындап отыр. Мысалы, этнограф, ғалым Н. Əлімбайдың қазақтардың өмір сүру тіршілік циклдерін, 

семантикалық  байланыстарын  зерттеудегі  методикалық  кеңестерін  археологиялық  ескерткіштерді 


133 

 

зерттеуде  пайдалана  отырып, көне  заманның өмір  сүру  дəстүрінен  дұрыс  зерттеулер  ала  аламыз [6, 



10-61-бб.].  Қандайда  бір  ескерткіштің  шығу  тегін  анықтауда  этнографиялық  мəліметтер  арқылы 

фактілермен  дəлелдейтін  бағыттарды  да  атап  өткен  жөн.  Ескерткіштердің  генезисін  қарастыруда 

миграциялық үрдістер, тұрмыстық-шаруашылық жəне т.б. ерекшеліктерді қең қолдану мəселелердің 

шешілуіне ықпал ететіні анық [2, 7-37-бб.]. 

Кез  келген  қоғамдық  формацияда  əдет-ғұрып,  салт-жоралғылардың  барлығы  тіршілік  цикліне 

сəйкес, сол ортада қалыптасқан дүниетаным-түсініктердің қолданбалы түрі болып табылады [9, 123-

б.]. Осындай толыққанды қалыптасқан дəстүрлер мен салттық жоралғылар бағзы замандардан бастау 

алып, бүгінгі күнге дейін жаңара отырып, тек өз заманына сəйкес қызметтері өзгеріске түсе отырып 

жетіледі. Тарихи жадымен өмір сүріп келе жатқан құндылықтар өміршеңдігін көрсетіп, қазіргі таңда 

да  кейбір  элементтері  күнделікті  тұрмыста  ұшырасып  қалады.  Мұның  барлығы  көптеген  ғасырлар 

бойы  наным-сенімнен,  тылсым  əлемге  сиынудан  басталады.  Ал,  діни  нанымның  алғашқы  түрлері 

отқа,  күн  мен  айға,  жұлдыздарға  жəне  тотемдік  жануарларға  табыну  болған.  Бұлардың  барлығы 

арнайы ғұрыптық құрылыстарда, ғұрыптық-жерлеу орындарында жұзеге асырылып отырады.  

Осындай  аса  іріғұрыптық-жерлеу  орындарының  бірі  Сарыарқада  кеңінен  таралған  «мұртты» 

обалар кешені. Орталық Қазақстан жерінде тараған осы ескерткіш түрін жоспарлы бағытта зерттеудің 

басталғанына 60 жылдан  асты.  Тасмола  мəдениетінің  зерттеліп,  оның  деректерінің  ғылыми 

қолданысқа енуі ең алдымен Ə. Марғұлан, Ə. Оразбаев, М. Қадырбаев сынды кəсіби археологтардың 

есімімен тығыз байланысты [10, 175-б.].  

«Мұртты» обаларды зерттеу ғылыми қолданысқа енгеннен бастап ерте темір дəуірін зерттеушілер 

назарынан  тыс  қалған  емес.  Ең  алғаш 1927 жылы  Л.Ф.  Семенов  Қарағанды  облысы,  Жаңаарқа 

ауданы,  Қаратал  селосы  жеріндегі  Ақкөл  көлінің  маңынан  тас  тізбектері  доға  тəрізді  шығысқа 

бағытталған корғанды тапты. 

1932  жылы  Мемлекеттік  Академияның  материалдық  мəдениет  тарихы  бөлімінің  экспедициясы 

П.С.  Рыковтың  жетекшілігімен  Қарағанды  облысында  зерттеу  жүргізіп,  сол  кезге  дейін  «мұртты» 

обалардың  археологиялық  жағынан  зерттелмей  келгендігін  айта  келіп, жұмбақ  күйде  екендігін  баса 

айтты.  Бұдан  кейін  де  көптеген  зерттеушілер  М.П.  Грязнов,  И.В.  Синицын,  А.А.Косырев  сынды 

ғалымдар  «мұртты»  обалар  жайында  өз  ойларын  жазып  кетті. 1940 жылы  С.В.Киселев  Қарағанды 

облыстық  мұражай  қызметкерлерімен  бірге  Қарағанды  облысында  «мұртты»  обалары  бар 

қорымдарды (Бесоба) зерттеген. 

«Мұртты»  обаларды  неғұрлым  жүйелі  түрде  зерттеу  ісін 1946 жылы  Ə.Х.  Марғұланның 

жетекшілігімен Орталық Қазақстан Археологиялық экспедициясы жүргізді. Осы жылдан бастап 1955 

жылдарға  дейін  ерте  көшпенділердің  обаларына,  оның  ішінде  бірнеше  «мұртты»  обаларға  қазба 

жұмыстары жүргізілді [19, 162-163-бб.]. Осы көрсеткіштердің өзі ғұрыптық құрылысы бар обалардың 

көп екендігіне дəлел бола алады.  

Ə.Х. Марғұлан Орталық Қазақстан аймағы «мұртты» обалардың ерекше шоғырланған жері екенін 

жөне  басқа  аймақтарда  бұндай  мөлшерде  кездеспейтінін  айта  келіп,  алғашқы  ғылыми  пікірлерін 

білдірді.Бұл тұжырыммен Орталық Қазақстанның ерте темір дəуірін зерттеп жүрген археолог, ғалым 

А.З.  Бейсеновтің  пікірі  бір.  Ол  өзінің  жинаған  деректері  бойынша  Қазақстан  республикасының 

ауқымында «мұртты» обалардың жалпы саны 500-дің маңайында дейді. Сонымен бірге бұл санды ең 

соңғы дерек деп айтуға болмайтынын ескерте келіп, ескерткіштердің көп бөлігі Орталық Қазақстан 

мен  оған  көршілес  солтүстік  өлкелерде  орналасқындығын  атап  өтеді [10, 178-б.].  Одан  бөлек, 

оңтүстік Орал  өңірінде [14], Шығыс  Қазақстанда [8], Оңтүстік Қазақстанда [17] жəне  т.б. жерлерде 

«мұртты» обалар кешендері көптеп кездеседі. 

«Мұртты» обалардың Қазақстанның қазіргі аумағынан тыс жерлерде таралуы көне қазақстандық 

тайпалардың жапсарлас өлкелерге берген этномəдени ықпалымен, ең алдымен, шығу тегі тасмолалық 

топтардың сақ заманымен одан кейінгі кезеңдердегі қоныс аударуларымен түсіндіріледі. [11, 179-б.]. 

С.Г. Боталов, А.Д. Таиров, И.Э. Любчанский сынды ғалымдар өз зерттеулерінде «мұртты» обалардың 

жалпы кездесу аймағы туралы «Памятники этого типа встречаются на огромной территории Евразии 

степи  от  Восточного  Туркестана  до  Поднепровья.  Однако  наибольшее  количество  курганов  с 

«усами» сосредоточено в четырех компактных группах: 1-я – сарыаркинская,  включаящая  большую 

часть Центрального Казахстана и Поиртышья; 2-я – улутауская; 3-я – мугоджарская и примыкающая 

к  ней 4-я – зауральская»[14, 9-б.]  деп  көрсетеді.  Бұл  пікірлерден  Орталық  Қазақстанның  мұртты 

обалар жиі кездесетін ерекше аймақ екені аңғарылады.  

Ғылымда «мұртты» обалардың құрылымы бойынша зерттеулер кең көлемде жүргізілді деп айтуға 

болады.  Зерттеушілер  аталған  мəдениеттің  обаларын  көбінесе  екі  категориялы  құрылысқа  бөліп 

қарастырды: 1) адам  жерленген  обалардан; 2) «мұртты»  обалардан  тұрады.  Біріншісі  жерлеу 

құрылысының мəнін берсе, екіншісі ғұрыптық құрылысқа қатысты [11, 175-177-бб].  

Бұлардың  архитектуралық  құрылымын  анықтауда  сонау  алпысыншы  жылдардың  соңында-ақ 

Əбдіманап  Медеуұлы  Оразбаев  зор  еңбектер  атқарды.  Өзі  зерттеген  Жанайдар  қорымындағы 


134 

 

«мұртты»  оба  Қазақстандағы  ең  көне  архитектуралық  кұрылыстардың  бірі  болып  табылады. 



Ə.М.Оразбаевтың осы қорымдағы ескерткішке жасаған қалпына келтіру жұмысы «мұртты» обаларды 

зерттеудегі ең алғашқы архитектуралық жаңғыртпа жасау болып табылады [24, 175-191-бб.].  

«Мұртты» обалардың ғылыми зерттеу айналымына түсуіне жəне құрылысын зерттеуге өз үлесін 

қосқан  археолог  М.Қ.  Қадырбаев  аталмыш  ғұрыптық  құрылыс  туралы  «үлкен  обаның  шығыс 

жағының  жанында  немесе  тіркесе  орналасқан  кішкентай  оба  үйіндісінен  шығысқа  қарай 

жалпақтықтары 1,5-2 м, ұзындықтары 20-200 екі  тас  тізбек  тартылған.  Жартылай  доға  пішіндес  тас 

тізбектердің  басында  жəне  аяғында  обаға  ұқсас  тастан  үйілген  үйінді  құрылыстар  орналасқан. 

«Мұртты»  оба  түсінігінде  құрылыс  үш  бөлікке  бөлінеді:  астында  адам  жерлеуі  бар  үлкен  оба,  ат 

жерленген кішкентай оба жəне балшықтан жасалған ыдыстар пен тас тізбектерден тұрады» [18, 309-

б.] деп сипаттама берді.  

Тас  тізбектері  бар  обалар  кешенінің  элементтерінен  отты  күнге  атты  немесе  оның  белгілі  бір 

мүшесін  құрбан  ету  дəстүрінің  болуы,  үнемі  «кірер  аузы»  шығысқа,  таңертеңгі  күнге  бағытталып 

салынатын  тас  тізбектерде  күнге  табынушылықтың  ерекше  белгілері  деп  топшылауға  негіз  бар. 

Тізбектердің  ұштарындағы  дөңгелек  тас  құрылыстар  ішіне  бата  қылу  кезінде  жағылған  оттардың 

іздері де күнге табынушылықпен байланысты екені шүбəсіз. 

Орталық  Қазақстанның  мал  шаруашылығымен  айналысатын  тайпаларының  сенімдері  мен 

культтері əртүрлі болды. Соның ішінде аймаққа тəн ғұрыптың бірі - дүниеден өткен иесінің жанына 

жылқының немесе қойдың басын қою салты. Тасмола мəдениетінің ашқан, əрі белді зерттеушілердің 

бірі  М.Қ.Қадырбаев  өлген  адамның  жанына  жылқының  басын  кесіп  қою  (кейде  бір  жауырын 

сүйегімен  қою  ғұрпы  да  кездеседі)  ғұрыптық-магиялық  маңызға  ие  деп  ғұрыптық  рəсім  екендігіне 

күмəн келтірмейді.  

Жанайдар  қорымындағы  «мұртты»  обаға  зерттеу  жүргізіп,  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстарын 

жүргізген  ғалым  Ə.М.  Оразбаев  мұртты»  обалар  кешені  жылқыны  құрбандыққа  шалу  рəсімі  мен 

күнге табыну культімен тығыз байланысты деп құнды пікір келтіреді [24, 182-б.; 10, 34-35-бб.]. С.С. 

Сорокиннің пікірінше, оның үлкен үйіндісі адамды жерлеу кезінде, ал шығыс жағындағы үйіндісінің 

астында жылқының сүйектері бар қосымша құрылыс пен тас тізбектері кейінірек тұрғызылған.  

Жалпы  кешеннің  өзі  қазақтың  «ас  беру»  дəстүрімен  байланысты  еске  алу,  табыну  ырым-

жоралғыларымен  сабақтас  болып  келеді [29, 23-39-бб.].  Ал  кейіннен  Тасмола  мəдениетін  тұрақты 

түрде  зерттеуді  жалғастырған  археолог  А.З.  Бейсеновтің  пайымдауынша, «мұртты»  обалар  мен 

жылқының  байланысын  орталық  құрылым  астынан  шыққан  сүйектер  нақтылай  түседі.  Бірнеше 

жерден  от  жағылатын  ұзын  тізбектер  марқұмның  жанын  күнге,  құдайлар  əлеміне  апаратын  отты 

баспалдақтар  қызметін  атқарған.  Ал  жылқы  адам  жанын  апаратын  «көлік»  ретінде  саналған  деп 

есептейді [11, 178-179-бб.]  А.З.  Бейсенов  «мұртты»  обаларды  марқұмды  жөнелту-еске  алу 

шараларына  лайықталған  ғұрыптық-табыну  орындары  деп  тұжырымдайды.  Адамның  жанын  о 

дүниеге  жөнелтетін  «көлік»  қызметін  атқарады  деп  есептейді.  Ғұрыптық  «тас  тізбектердің» 

қазақтардың  «ас  беру»  дəстүрімен  семантикалық  байланысы  бар  екендігі  туралы  пікірлер  нақты 

дəлелдермен  келтірілген [29, 23-39-бб.; 11, 178-179-бб].  Қазақта  «тұл  ат»  деген  сөз  осы  ас  берумен 

байланысты  шыққан.  Ежелден  келе  жатқан  ғұрыппен  аттарды  иесінің  жылдық  асына  дейін  құйрық 

жалын күзеп, үйірге қосып, көздің қарашығындай сақтаған. Құйрық-жалы күзелген атты ұры-қары да, 

барымташыларда  ұрлауға  жүрегі  дауаламаған  жəне  тиіспеуге  тырысқан.  Себебі,  бұл  ғұрыптық  мал 

саналған.  Бір  жерден  екінші  жерге  көшкенде  үйірден  ұстап,  қара  жабумен  жауып,  қайтыс  болған 

кісінің ер-тоқымдарын ерттеп, жетектеп отырған [4, 281-б.]. 

Этнограф, ғалым  Х.А.  Арғынбаев  ас  беру  туралы  жақсы  ғылыми  пікір  келтірді. Адамның  өлген 

күнінен бастап орындалатын діни-ғұрыптық жоралардың ерекшелігіне тоқтай келе, зерттеуші ас беру 

дəстүрінің  шығу  тегі  туралы  «ас  беру  өлген  адамның  о  дүниеде  жүрген  жанының,  яғни  аруағының 

құрметіне  құрмалдықтар  жасау  арқылы  өлілердің  тірілерді  жебеп-желеуін,  қысылғанда  сүйеп 

қолдауын  керек  еткен  қараңғы  халық  сенімінен  туған  ғұрып.  Мұның  өзі  ислам  дінінен  əлдеқайда 

бұрын  қалыптасқан көне  діни  сенім–ата-бабалар «аруағының  кереметіне» сенуге  байланысты пайда 

болған» –деген тұжырым жасайды [7, 144-б].  

Н.  Əлімбай  еңбектерінің  қазақ  этнографиясының  əртүрлі  аспектілер  бойынша  зерттеудегі 

ғылыми-теориялық ұстанымның тиімді нұсқаларын қолдану мəселесін анықтауда маңызы зор. Ғалым 

«казахский ас не относится к разряду обычных народных праздников. Прежде всего ас мыслится как 

ритуал  призванный  поддержать  этнический  дух  традиций, ... он  в  сущности  представляет  собой 

великий  ритуал  всеобщего  самоочищения.  В  этом  смысле  ас  есть  превентивная  мера  общества, 

которая  имеет  своей  целью предотвратить  взращение  внутри  себя  нежелательных  явлений» деп  аса 

мңызды қорытынды жасайды [5, 79–81-бб.]. 

Этнограф  ғалым  С.Е.  Əжіғалидың  «Архитектура  кочевников - феномен  истории  и  культуры 

Евразии»  атты  кітабынан  Геродоттың  жылқы  туралы  пікірін  келтіре  кетуге  болады. «Олар 

(массагеттер)  жалғыз  құдай  деп  аспандағы  күнді  санайды.  Күнге  шалынатын  құрбандық  малына 


135 

 

жылқыны  таңдайды.  Жылқыны  құрбандыққа  шалудың  мəні  ол  күнге  тез  жететін  жануар  ретінде 



есептелген» деп жазады [1, 413-417-бб.]. А. Тоқтабайдың «Қазақ халқының дəстүрлі мəдениетіндегі 

жылқы  феномені»  еңбегінде  Страбонның  «массагеттер  тек  қана  күнге  табынады,  олар  жылқыны 

құрбандыққа шалады» деген сөздері келтірілген [29, 30-б.]. Ақсүйек скифтердің жерлеу орындарында 

адаммен аттың қоса жерленетін көзқарастар бар. Мұны археологиялық қазба мəліметтері де нақтылай 

түседі [1, 413-417-бб.].  С.  Ақатаев  «қазақтардың  синкретивті  дүниетанымы  қандай  да  бір  қатып 

қалған  философиялық  немесе  діни  қағидалар,  жүйелер,  догмалардың  негізінде  қалыптасқан  жоқ. 

Керісінше,  олар  нағыз  іс-əрекеттердің, «табиғилықтың»  нəтижесінде  дамыды.  Ол  үшін  діни  кітап 

немесе  қағидаттардың,  храмдар  салудың  қажеттіліктері  туындаған  жоқ.  Тек  тұрмысқа  бейімделген 

«ырымдар» өмір сүрді [4, 58-59-бб.] деген пікір айтты. 

Осы  пікірлердің  бағытын  пайымдайтын  болсақ,  көне  ғұрыптық  орындардардағы  орындалатын 

ғұрыптардың  кейінгі  қазақтың  салт-жораларымен,  оның  ішінде  ас  берумен  семантикалық 

байланыстары болса керек. Мұның барлығы, ғұрыптық рəсімдердің аясында жасалатын жоралғылар. 

Осының  барлығы  не  үшін  істеледі  деген  сұрақтар  туындайды?  Салттық  жоралар  басқа  əлеммен 

тілдесу, табиғаттың зұлым күштерінен тайпаны аман алып қалу, ата-баба аруағын тыныштандыру, о 

дүниедегі өмірін жеңілдету жəне шығарып салу тəрізді діни түсініктер негізінде ғұрыптық қызметтер 

атқарды [15, 126-127-бб.].  Əлеуметтік  қатынастарды  анықтайтын  символ  жəне  шартты,  дəстүрлі 

түрде істелетін істердің жиынтығы болып табылатын ғұрып [23, 94-б.] өткізудің маңызы зор болды. 

Ата-бабаны құрметтеу, сиыну тəрізді ұғымдардың пайда болуы өз кезегінде əртүрлі діни түсініктер, 

ұғымдар  мен  догмалардың  культтік  белгілердің  негізінде  орындалуына  алып  келді.  Құдайларға 

құрмет  көрсету,  құдайға  дұға  қылу,  ғұрыптар,  мейрамдар  жəне  т.б.  адам  мен  қасиетті  нəрселердің 

арасын жалғайтын істер  арқасында культтар қызметі бірінші орынға шықты. Культ – діни жағынан 

атқарылатын (лат. сultus –сиыну, қадірлеу) басты іс, адамдардың табыну сенімі. Мұндай сенімдердің 

тек белгілі бір уақыттарда, алдын ала анықталған орындарда орындалуы қатаң сақталып отырды [13, 

7-8-бб.]. 

Осындай  культтердің  қатарына  біз  қарастырып  отырған  жылқы  культы  жатады.  Оны  тек 

«мұртты» обалардан ғана кездестіріп қана қоймаймыз. Жылқыны культ ретінде пір тұтудың тамыры 

тереңде.  Жылқыны  қастерлеу  жəне  оған  табыну  культі  Авеста  жазбаларынан  көрініс  береді.  Күн 

құдайы  Митраға  сиыну  жылқы  жануары  арқылы  жеткізілді.  Себебі  жылқыны  басқа  құрбандыққа 

шалынатын  жануарларға  қарағанда  дұғаларды  тез  жеткізетін  жануар  деп  есептеген [12, 31-38-бб.]. 

Ригведада  құдайға  құрбандыққа  шалынатын  жануар  жылқы  болып  табылады.  Тек  Авестадан  сəл 

айырмашылығы, жылқының арнайы құрбандық бағанасына байланатындығында. Абыздар ғұрыптық 

жоралғыларды  жасап  болған  соң  жылқыны  сойып,  отқа  жағады.  Сол  арқылы  жылқы  аспан  əлеміне 

(құдайға) жол тартады деп санаған [25, 643-644-бб.].  

Б.з.д. IV-III мыңжылдықтың  басына  жататын  Ботайдан  табылған  үш  адам  жерленген  жерлеу 

орынынан екі қатар бірінің үстіне бірі қаланған жылқының бас сүйектері қойылған. Осындай жерлеу 

салты - Ботай тұрғындарының жылқыға табынудан шыққан алғашқы жылқы культі. Беғазы-Дəндібай 

мəдениетінің  ескерткіші  Қойшоқы  меңгірлер  тобында  аттың  басы  бейнеленген  меңгірлер  кездеседі. 

Ғұрыптық орын ретінде мəнге ие Орталық Қазақстанның меңгірлерінде тотемдік жəне құрбандыққа 

шалынатын жануарлар бейнесінің болуы көне заманның заңдылықтарының біріне айналды.  

Көшпенділік  қалыптаса  бастағаннан  бастап  Еуразия  даласында  пайда  болған  «аспан  тұлпары» 

культі  адамдардың  діни-мифологиялық  ойлау  жүйесінде  мықтап  орын  алды.  Бұл  жылқының 

көшпенді  халықтың  тұрмысы  мен  экономикасында  зор  маңызға  ие  екендігін  көрсетеді [1, 275-295-

бб.]. Уақыт өте келе ол атақты адамдар дүниеден өткенде иесімен бірге жерлеу салттарында кездесе 

бастады. Көшпенділер табынатын орынға адам табаны мен тұлпар тұяғының ізі бейнеленген тастар 

да  кездеседі.  Аталған  суреттер  салынған  петроглифтер  Сарысу  өзенінде,  Теректі  Əулие  сайында, 

Ұлытауда, Сарыарқаның басқа да жерлерінде сақталған [22, 8-13-бб.]. 

Ғұн  кезеңінде  де  жылқының  маңызы  кеміген  жоқ.  Қорғантас  типтес  ескерткіштердің  басты 

ерекшелігі,  қабірде  адамды  жерлеумен  қатар,  бөлек  жайда  аттың  басын  қою  салты.  Кейбір 

ескерткіштерден атты ауыздықпен қою жағдайлары кездеседі [30, 117-б.]. Мұндай ғұрыптың жасалуы 

жерлеу орынын ғұрыптық орын қызметінде атқаратындығына айғақ бола алады. 

Түркі заманы жаугершіліктің шыңына көтерілген уақыт. Түркі дəуірінің жерлеу орындарында да 

атпен  жерлеу  ғұрпы  бар. 1957 жылы  М.Қ.  Қадырбаев  Егізқойтас  жерлеу  орынынан  түркі  дəуіріне 

жататын нысанды зерттеді. Адам қаңқасы шұңқырдың солтүстік бөлігінде, жылқы оңтүстік жағында 

жатыр [19, 184-186-бб.]. Б.з. VI - VIII ғғ. жататын түркі жерлеу орынынанатпен жерленген жасөспірім 

баланың  қаңқасы  табылды.  Атпен  жерлеу  дəстүрінің  болуы  көшпенді  халық  өмірінде  жылқының 

үлкен  рөл  атқарғандығын  дəлелдейді.  Б.з. IX ғасырында  өмір  сүрген  жазба  авторлардың  бірі  əл-

Жахиз: «Егер сен түріктің өмір тұрмысын зерттеген болсаң, онда оның жаяу жүргеннен гөрі, күн ұзақ 

бойы аттың үстінде жүргенін көретін боласың» деп жазады. Ал қабірге атпен бірге қою ақсүйек түрік 

о дүниеде де өз атымен жүреді деген сенімнен туған [16, 228-229-бб.]. 


136 

 

Б.з. IX - XIII ғғ.  Қыпшақ  дəуірінің  ескерткіштерінен  атпен  жерлеу  орындары  кездеспесе  де, 



ғұрыптық  орындарынан  жылқы  сүйектері  табылады.  Ақтоғай  ауданының  Жіңішке  өзенінің 

бойындағы орналасқан қыпшақ кезеңіне тəн ғибадат орыннанқұрбандық шалу ғұрпы өткізілгендігіне 

қазба нəтижесінде анықталған оттың іздері мен жылқының сүйектері дəлел болады [16, 231-б.]. 

Атты қадірлеу, тотем ретінде сиыну қазақ халқында да ерекше орын алады. Аңыздар, əңгімелер 

мен  батырлар  туралы  эпостық  жырларда  ат  батырдың  сенімді  серігі,  айнымас  досы  негізінде 

суреттеледі.  

Жылқы  қазақ  халқында  киелі  жануар,  жүйрік  қазанат  ретінде  ғана  емес,  қола,  ерте  темір 

дəуірлерінен  бастап  қалыптасқан  қасиетті  құрбандық  малы  санатында  да  қолданылады.  Ас  беру 

жерлеу салтының ежелден келе жатқан ғұрыптың бір элементі, ажырамас бөлігі  екендігін ескерсек, 

бұл рəсімдерді қазақ халқы негізінен бұзбай өткізуге тырысқан. Себебі, бұзылған жағдайда о дүниеге 

кеткен  адамның  аруағы  риза  болмайды,  қарғайды,  бақытсыздық  əкеледі,  ал  барлығы  жақсы  болса 

ұрпақтары мен туыстарына шапағаты тиіп, жамандықтан қорғап жүреді деп есептеген [20, 339-342-

бб.]. Қазіргі таңда да осының кейбір көріністерін кездестіруге болады.  

Арқа қазақтарында жерлеу салтында атқа байланысты сақталған кейбір ғұрып бар. Мəйітпен бірге 

қабір басына марқұмның атын ер-тұрманымен бірге апарады. Адамды жерлеп болған соң атты қабір 

басына байлап кетеді. Қабір басына келген кез келген адам құран оқып атты алады [28, 259-б.]. Бұл 

дəстүр Сарыарқа жерінде ежелден келе жатқан ғұрыптың сарқыншағы екендігіне шүбə жоқ. 

Əртүрлі дүниетанымдық көзқарастардың шығуы ғұрыптардың ерекше түрлерін алдыңғы орынға 

алып шықты. Осындай қажеттіліктер негізінде пайда болған «мұртты» обалар көне заманның жерлеу 

функциясымен қатар, ғибадат-табыну орыны қызметінде атқарған. Соның ішінде ерте темір дəуірінде 

негізгі  культтердің  қатарынан  орын  алған  жылқы  малы  жетекшілікке  ие  болды.  Бұл  жылқының 

күнделікті  өмірде  маңызға  ие  болғандығы  мифологиялық  жəне  діни  тұрғыда  да  кең  қолданысқа 

енуіндегі  басты  фактор  болуға  себепші  болды.  Көшпенділіктің  толық  қалыптасуына  əсер  етуіне 

ықпал  еткен  жылқы  жануары  табынушылықтың  жоғарғы  шегіне  шықты.  Бүгінгі  күнге  ғұрыптық 

құрылыстарда  негізгі  қызметке  ие  болған,  көптеген  өзгерістерге  ұшыраған  жылқы  культінің  негізгі 

идеясы  сақталып  жетті.  Оны  этнографиялық  кезеңдегі  қазақ  дəуіріндегі  ас  беру  дəстүрінен  негізгі 

ойлар мен ғұрыптардың сұрыпталып барып бізге жеткендігін көреміз. 

 

Əдебиеттер: 

1. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников - феномен истории и культуры Евразии (Памятники Арало-Каспийского 

региона). – Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым», 2002. – 654 с. 

2.  Ажигали  С.Е.  История  и  культура  Арало-Каспия.  Сб.статей.Вып.1./Под  ред.  С.  Ажигали. – Алматы:  Құс  жолы, 

2011. –228 с. 

3.  Алдажуманов  К.С.,  Курманкулов  Ж.,  Бейсенов  А.З.  Евдокимов  В.В.,  Введение. //Восточная  Сарыарка. 

Каркаралинский регион в прошлом и настоящем. - Алматы: Эверо, 2004. – С. 5-21.  

4. Ақатай С. Древние культы и традиционная культура казахского народа. – Алматы, 2001. – 365 с. 

5.  Алимбай  Н.  Казахский  ас  как  модель  мира  кочевой  культуры. (К  семиотике  одной  из  форм  ритуального 

моделирования  действительности  у  кочевников) //Всесоюзная  научная  сессия  по  итогам  полевых  этнографических  и 

антропологических исследований 1988-1989 гг. Тез.докл. в 3-х частях. Ч. 2. – Алма-Ата, 1990. – С. 79–81. 

6. Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки и истории. 

– Алматы:Ғылым, 1998. – 234 с.  

7. Арғынбаев Х. А. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи этнографиялық шолу). – Алматы: Ғылым, 1973. – 144 б.  

8. Арсланова Ф.Х. Курганы с «усами» в Восточном Казахстане // Ранние кочевники Средней Азии и Казахстана. ТД. 

Ноябрь 1975 г. – Л., 1975. 

9.  Əлімбай  Н.  Қазақтың  дəстүрлі  тіршілік  циклі  салт-жоралғыларының  теориялық  мəселелері  жөнінде 

(этносемасиологиялық аспект). – Алматы: Санат, 1995. – 123-127-бб. 

10. Бейсенов А.З. Культово-ритуальные сооружения древних номадов Центрального Казахстана //Известия МН-АН 

РК. – СОН. №2. 1996, - С.34-35. 

11.  Бейсенов  А.З.,  Тасмола  зерттеулері.  Талды-2:  Сарыарқа  сақтарының  патша  қорымы.  Мыңжылдықтар  куəлары: 

Қазақстан  археология  ғылымы 20 жылда (1991-2011). Қазақстан  Тəуелсіздігінің 20 жылдығына  арналған  ғылыми 

мақалалар жинағы. – Алматы, 2011, - 175-187 бб. 

12. Беленицкий А.М. Конь в культах и идеологических представлениях народов средней азии и евразийских степей 

в древности и раннем средневековье //КСИИМК. Москва. 1978. Вып.154. – С. 31-38. 

13.  Бибиков  Ю.А.  М

есто  и  роль  «Святых  мест»  в  системе  религиозного  культа //Культ  святых  мест  в  древних  и 

современных религиях (тезися докладов и сообщений). – Севастополь. 2005. – С. 7-8. 

14. Боталов С.Г., Таиров А.Д., Любчанский И.Э. Курганы с «усами» урало-казахстанских степей. –Челябинск, 2006. 

– 232 с. 

15.  Евдокимов  В.В.  Эпоха  бронзы.  Период  средней  бронзы. //Восточная  Сарыарка.  Каркаралинский  регион  в 

прошлом и настоящем.-Алматы: Эверо, 2004. –С. 124-147.  

16.  Ермоленко  Л.Н.  Эпоха  средневековья.  Древние  тюрки.  Кыпчакская  эпоха. //Восточная  Сарыарка. 

Каркаралинский регион в прошлом и настоящем. - Алматы: Эверо, 2004. – С. 227-253.  

17. Кадырбаев М.К. Исследование  кургана с каменными  грядами  в  Джамбульской  области.//ВАН КазССР. – 1959. 

Вып. 7. – С. 89-97.  

18. Кадырбаев М.К. Памятники тасмолинско

й культуры //Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 

1966. – 454 с. 

19. Кадырбаев М.К. Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана//ТИИАЭ, Том 7. Археология. 1959.  


137 

 

20. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с. 



21. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1979. 

22. Маргулан А.Х. Сочинения. Том 3-4. – Алматы: Дайк-Пресс, 2003. – 50 б. 

23.  Мельник  В.И.  Погребальный  обычай  и  погребальный  памятник //Российская  археология.  Москва. 1993, №1. – 

С.235. 


24.  Оразбаев  А.М.  Ку

рган  с  «усами»  в  могильнике  Джанайдар  как  архитектурный  памятник //Культура  древних 

скотоводов и земледельцев Казахстана. Алма-Ата: Наука, 1969. – С. 175-191. 

25. Ригведа. Мандалы I-IV. Литературные памятники. – Москва: Наука, 1999. – С. 768. 

26. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері – көне тамыры мен сабақтастығы – Алматы: Иль-Тех-Кітап, 2005. 

–134 б. 


27.  Сорокин  С.С.  К  вопросу  о  толковании  внеку

рганных  памятников  ранних  кочевников  Азии//Археологический 

сборник ГЭ. 1981. Вып. 22. – С. 23-39. 

28. Токтабай А.У. Культ коня у казахов. – Алматы. 2004. – 124 с. 

29. Тоқтабай А. Қазақ халқының дəстүрлі мəдениетіндегі жылқы феномені: т.ғ.д. дисс. авторефераты. 2010. 

30.  Шульга  П.И.  О  захоронениях  коргантасского  типа. /Сакская  культура  Сарыарки  в  контексте  изучения 

этносоциокультурных  процессов  степной  Евразии.  Тезисы  докладов  Круглого  стола,  посвящённых 20-летию 

Независимости Республики Казахстан. – Караганды, 2011. – С. 218-219. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет