Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет30/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   79

 

 

Ү. Қыдыралин 

Х.Досмұхамедов ат. Атырау МУ-дың профессоры т.ғ.д.;  



Қ. Төлекешова 

Х.Досмұхамедов ат. Атырау МУ-дың магистранты (Атырау қ.) 

 

ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ӨМІРШЕҢДІГІ  

ПРОФЕССОР Х.АРҒЫНБАЕВ ЕҢБЕГІНДЕ 

 

Қазақтың  көрнекті  этнографы,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Х.Арғынбаев 1954 

жылдан  бері  қазақ  этнографиясының  сан  алуан  мəселелерін  зерттеп,  жүздем  астам  ғылыми  еңбек 

жазып жариялаған. Бұлар: «Қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығы», «Мал ауруларын емдеудегі 

халықтық тəжірибе», «Колхозды ауылдың тұрмысы мен мəдениеті», «Қазақ халқындағы отбасы мен 

неке», «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы «Қазақтардың шаруашылығы» сияқты көлемді 

еңбектері кезінде де бүгін де зерделі оқырман мен жоғары бағаланды [1, 38-б.]. 

Қазақ  ғалымдары  Ə.Х.  Марғұлан,  Х.А.  Арғынбаев,  М.С.  Мұқанов  жəне  т.б.  қазақ  халқының 

қолтаңбалы өнерін жүйелі түрде жан-жақты зерттеді.  

Қазақтардың  материалдық  мəдениетінің  ең  бір  көрнектісі – қолөнері.  Бұл  тұрғыда  «Қазақ 

халқының қолөнері» атты еңбегі бұрын осы тақырыпта жарық көргендердің қай-қайсысынан болсын 

өзіндік тың  деректерімен, зерттеу тəсілімен шоқтығы биік тұрған еңбек  болып табылады. Қазақтың 

қолтаңбалы өнер туындыларының өзіндік ерекшеліктері көшпелі, жартылай көшпелі жəне отырықшы 

өмір салтының өзгешіліктерімен тығыз байланысты. Ершілер өнерінде де жергілікті өзгешіліктер бар. 

Ол  ерекшеліктер  Қазақстанның  əр  өңіріне  тəн  ер  түрлерінің  жасалу  тəсіліне,  сыртқы  кескініне, 

қандай  ағаш  түрлерінен  жасалатындығына  жəне  көркемделуіне  тікелей  байланысты.  Барлық 

бұйымдар  тез  құрастырылып,тез  жинап  алатын,  тасымалдауға  жеңіл,  сынбайтын  материалдардан 

тері, жүн, мал сүйектері, ағаш пен металл əзірленді. [2, 210-б.] 

Х. Арғынбаев бұл еңбегінде біріншіден, қазақ шеберлерінің басым көпшілігі кедейлер əулетінен 

шыққандығын,  екіншіден  көшпелі  тұрмыста  олардың  арнаулы  тұрақты  шеберханаларының 

болмағанын  соның  өзінде  жанқиярлық  еңбек  кəсіби  шеберлік  жəне  тума  таланттың  арқасында 

тамаша заттар жасап шығарғанын профессор нақты дерекпен дəлелдей білген. 

«Қазақ  халқының  қолөнері»  деп  аталатын  еңбек  қазақ  этнографтарының 1949-1980 жылдары  ел 

арасынан  жинаған  деректерін  Қазақстан  Ғылым  Академиясының  Археология  институты, 

Қазақстанның  Мемлекеттік  Орталық  музейі,  Ə.Қастеев  атындағы  Қазақстанның  өнер  музейі,  КСРО 

Ғылым Академиясының Антропология жəне этнография музейі қорларында сақталған қазақ қолөнер 

шеберлерінің  сан  алуан  көркем  туындылары  мен  жазба  деректерін  жүйелі  қолданып  отырған. 

Сонымен  қатар,  осы  еңбегінде  халық  тұрмысында  жиі  қолданылған  өру,  тігу,  тоқу,  мүсіндеу, 

бейнелеу  секілді  шығармашылық  өнер  жиынтығы  жөнінде  терең  зерттеп  толықтай  түсінік  беріп 

өтеді. [1, 58-б.] 

Қазақ  халқының  дəстүрлі  мəдениеттерінің  түп-тамыры  өте  тереңде  жатыр.  Қазақ  халқының 

дəстүрлі мəденитінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Оның 

дəлелі  археологиялық  палеоэтнографиялық  деректер.  Қазақ  халқының  сан  алуан  материалдық 

мəдениеттерінің ішіндегі қолөнер мəдениеті тамаша ескерткіштер болып табылады. 

Халқымыздың  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан  өте  бай  мəдениет  жəне  өнер  туындылары  көшпелі 

өмір  салтына  сай  қалыптасты.  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  халқының  қолөнер  табиғатын  жан-

жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тəжірибе үшін де маңызы ерекше. 

Өйткені,  қазақтың  қолөнері  жалпы  халық  мəдениетінің  ішіндегі  негізгі  салалардың  бірі  болып 

саналады. Көшпелі  мал  шаруашылығымен  немесе  жартылай  отырықшылыққа  ауысып,  егіншілікпен 

айналысқан  қазақ  қауымының  күнделікті  тұрмысқа  қажетті  ағаштан  жасалатын  бұйымдарының 

түрлері сан алуан.  


169 

 

Қазақ  тұрмысындағы  ұсталық  пен  зергерлік  өнер  əртүрлі  металдардан  сан  алуан  бұйымдарды 



сəндік  əшекейлер  жасаумен  байланысты  болып  келді.  Қазақ  ұсталары  мен  зергерлерді  құрал-

саймандарына  қарағанда  шағын  жəне  қарапайым  келеді.  Олай  дейтініміз,  əдетте  зергерлердің  көбі 

ұсталық  өнерді  де  толық  меңгергендіктен,  қолдарында  темір  өңдейтін  саймандарды  ұстаған.  Ал 

ұсталардың  бəрі  бірдей  зергерлік  өнермен  айналыспады.  Ұста  мен  зергерге  бірдей  қажетті  құрал 

саймандар - көрік  төс,  балға,  сапты  шапқы  тескіш  қысқаш,  көсеу,  қайшы  жəне  т.б.  Темірден 

соғылатын  заттарды  көрік-пеште  қыздырып  төске  салу  арқылы  жасаса  мыс,  жез,  қалайыдан 

дайындалатын  бұйымдарды  негізінен  балқытып,  арнайы  қалыпқа  құю  арқылы  орындалады. 

Күнделікті тұрмысқа пайдаланатын бұйымдардың ішінде тек темірден ғана жасалатындары онша көп 

болмады.  Өйткені,  қазақ  даласында  темір  табу  қиынға  түсті.  Дейтұрғанмен,  темірден  жасалған 

тамаша  адалбақанның  бір  үлгісі  Санк-Петербургтағы  Антропология  жəне  этнография  мұражайында 

сақталған. Оны ХІХ ғасырдың орта шеңінде Омбы уезін мекендеген қазақ ұсталары жасаған [1, 59-б.] 

Қазақстанның  Батыс  өңірі,  онда  мекендейтін  қазіргі  қазақ  халқының  көне  мəдениеті  мен 

тұрмысының  түп  нұсқалары  туралы  дерегі  мол  көне  мекендерінің  бірі.  Халқымыздың  материалдық 

жəне  рухани  байлығын  əйгілейтін  сəулетшілік,  тарихи-этнографиялық  жəне  əдеби  мұралары  мол 

аталмыш  аймақ  туралы  бірқатар  еңбектер  жазылып,  бұрын-соңды  жарық  көрген.  Солардың  бірі 

Халел Арғынбаев еңбегіндегі тас өңдеу болып табылады.  

Өлген  адамның  басына  жұмсақ  тастан  өте  сəнді  жəне  күрделі  ескерткіштер  қою  дəстүрі 

Қазақстанның батысында ежелден бар. Əсіресе, Маңғыстау түбегі, Үстірт атырабы, Сам құмы, Жем, 

Сағыз, Жайық өзендерінің бойында жұмсақ бор тас, сұр құм тас, қызғылт қабыршық ұлу тастардан 

көркемдік  сапасы  өте  жоғары  сан  алуан  ескерткіштер  қойылады.  Жоғарыда  көрсетілген  тастар  өте 

жұмсақ  болады,  оларды  арамен  кесуге,  шотпен  шауып,  пышақпен  жонып  қырғышпен  қырып, 

түрпімен түрпілеп тегістеуге, арнайы аспаппен ою ойып, жазу жазып, көркемдеуге əбден болады. 

Мұндай  жұмсақ  тастардың  таусылмас  қоры  Каспий  теңізінің  Шығыс  жағалауында,  Маңғыстау 

түбегі мен Үстіртте өте көп. Теңіз жағалауының су жуып, жарқабақтанған тұстарында қабыршақ ұлу 

тастар жатады.  

Қазақстан жерінде тас ескерткіштердің сан алуан көнерлері де, жаңалары да бар. Олай болса, сол 

көне  замандарда  тас  қашағыш  шеберлердің  де  болғаны  хақ.  Бірақ,  олардың  жасаған  өнерлі  ісі  осы 

уақытқа  дейін  сақталып  жеткенімен,  шеберлер  есімдері  біздер  үшін  құпия.  Ал,  енді  ХІХ  ғасырдың 

аяқ  кезі  мен  ХХ  ғасырдың  басында  Маңғыстау  өңірінде  көптеген  ғажайып  ескерткіштер  жасаған 

əйгілі тас шеберінің есімдері елге кеңінен мəлім. Маңғыстау тас кескіштері мен тамшыларының өнері 

атадан  балаға  мұра  есебінде  беріліп,  бірнеше  ұрпаққа  созылып  келеді,  əйгілі  шеберлер  əулетін 

қалыптастырған.  Бұл  өңірлерде  тас  шеберлерінің  көп  болғандығы  сондай,  кейде  əйгілі  шеберлер 

есімінің алдында оның пірі болған кісі атын қоса айтады. [3, 117-б.] 

Материалдық мəдениет қай халықтың болмасын саналы өмір болмысының мəйегі, сан ғасырлық 

нəтижесі.  Көшпелі  өркениеттің  өркен  жайғанын  білдіретін  бірден-бір  құбылыс.  Қазақтардың 

материалдық  мəдениеті  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  өмір  салтына  байланысты  дəстүрлі 

ерекшеліктерді сақтап қалды. Осы орайда қазақ халқының материалдық мəдениеті де халқымыздың 

қайталанбас  болмыс  –бітімін,  ой  дүниетанымын  білдіреді.  Материалдық  мəдениеттің  дамуында, 

халқымыздың  бай  тарихи  дəстүрі  мен  жергілікті  салт-дəстүрі,  эстетикалық  талғамы  мен  əсемдік 

ерекшеліктері  бой  көтерді.  Қазақтардың  материалдық  мəдениетінің  қалыптасуы  қоғамымыздың 

əлеуметтік-экономикалық жан-күйімен де байланысты. 

Халқымыздың  аса  бай  тарихи  жəне  мəдени  мұрасы,  оның  ою-өрнегі,  озат  ісмерлігі,  қолтума 

өнерінің  қайталанбас  туындылары,  киім-кешегі  ұлттық  мақтанышымызды  білдіретін  туындылар. 

Олардың  бастауы  ежелгі  сақ,  ғұн,  үйсіндер  дəуірінен  бастау  алып  өміршең  дəстүрге  айналды. 

Сондықтан  да  «материалдық  мəдениет  жəне  тұрмыс  тарихы»,  оның  негізгі  жəне  маңызды 

элементтерін,  олардың  топтарын  бүгінгі  жəне  болашақ  ұрпаққа  паш  ететін  іргелі  зерттеу  обьектісі 

қатарынан орын алатын Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі. 

Халел Арғынбаевтың бұл еңбегінде киіз үйдің сүйегі, оның жасау жабдығы мен түрлеріне тоқтала 

отырып,  ағаш  ұқсату,  темір  тас,  тері  ұқсату  мен  сүйек  жəне  мүйіз  ұқсатудың  қыр-сырымен 

технологиясына, сондай-ақ олардан өңделген қолөнер бұйымдарының əрқайсысына тоқталып өткен. 

Мəселен, тас ескерткіштеріне жəне тас шеберлеріне тоқталған [3, 16-17-б.] 

Үнемі  көшіп-қону  жағдайына  қарай  батыс  өңірінде,  əсіресе  Маңғыстауда  үзігі  мен  туырлығы 

бірге  көтерме  туырлықты  үш,  алты  қанатты  кішірек  киіз  үйлер  кеңінен  таралған,  мұның  өзі  нағыз 

көшпелі  адай  жəне  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  бағаналы  елдерде  сақталған  киіз  үй 

жамылышының ең бір ескі түрі болуының мүмкін екенін профессор Арғынбаевта көрсеткен. [4, 102-

б.]. Киіз үйдің ең көп тараған негізгі түрі - алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз - алты керегелі үй 

деген  сөз.  Сонда  үйдің  үлкен-кішілігі  оның  қанат  санымен  анықталады.  Қанат  санына  қарай  кереге 

бастарының саны, кереге басына қарай уық саны əртүрлі болып келеді. Киіз үйлердің үлкен-кішілігін 

керегелер  санына  қарай  белгілейді.  Қазақ  арасына  ең  көп  тараған  киіз  үйдің  түрлері 4 қанаттан 12 


170 

 

қанатқа дейінгі үйлер болды. Ал академик Ə.Х. Марғұланның зерттеулерінде 18-30 қанатты үйлердің 



де бір кезде болғандығы сөз болған [2, 19-б.]. 

Қазақтағы  үйшілер  өнері  сонау  көне  замандардағы  көшпелілік  өмір  салтына  байланысты 

қалыптасып,  ғасырлар  бойы  даму,  жақсару  процесінің  нəтижесінде  шынайы  халықтық  өнер 

дəрежесінде шынайы халықтық өнер дəрежесіне жеткен. Үйші өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысы 

мен ХХ ғасырдың басында нағыз үй кəсібіне айналды, онда еңбек бөлісінің нышаны да бой көрсете 

бастады.  Э.А.  Масановтың  зерттеулеріне  қарағанда,  ХІХ  ғасырдың  соңында  жəрмеңкесі  жақын 

немесе қалалар төңірегіндегі ел арасында, əсіресе, ағашы мол жерлерде киіз үй сүйегін жасаудың өзі-

«керегеші», «уықшы» жəне «шаңырақшы» сияқты мамандықтарға бөлінген. 

Шындығында,  бұл  еңбегінде  қазақтың  көрнекті  этнографы  Х.А.  Арғынбаев  қазақ  халқының 

қолтаңбалы  өнерін  жүйелі  түрде  жан-жақты  зерттеген.  Оның  өзі  былай  деген: «Əрине,  бұл  кітапта 

қазақ қолөнерінің ер адамдар айналысқан түрлерінің өзін толық, егжей-тегжейлі зерттеп, жан-жақты 

терең  талдап  жазып  шықтық  деуден  мүлдем  аулақпыз.  Өйткені,  Қазақстан  жері  өте  кең  ғой.  Онда 

өткен  ғасырларда,  үстіміздегі  ғасырдың  басында  өмір  сүріп,  қолөнердің  əр  саласында  еңбек  еткен 

өнер  иелері-шеберлер  де,  олар  жасаған  ғажайып  өнер  туындылары  да  мол.  Сондықтан,  сол  мол 

дүниенің ішінде біздің көзімізге шалынбай, қолымызға түспегендері қаншама? Олай болса, қазақтың 

ұлттық қолөнер салалары бойынша бұл жұмыста ескерілмеген мəселелердің болуы ғажап емес. Оның 

бəрі жүре түзелер, жылдан-жылға толыға түсер деген үміттеміз» деп жазған болатын. [2, 123-б.] 

Демек,  профессор  Х.Арғынбаевтың  ұлттық  қолөнердің  өзекті  мəселелерін  жан-жақты  зерттеген 

еңбектерінің  ғылыми  құндылығы,  өзінің  маңызын  күні  бүгінге  дейін  жоғалтпай  өміршеңдігі 

сақталады. 

 

Əдебиеттер: 

1.

 



Сабыров А. «Қазақ тарихы» журналы. – 2008, №5-6. – 58-59 б. 

2.

 



Аяған Б.Ғ., Əбжанов Х.М., Исин А.И. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Алматы, 2011. – 

210 б. 


3.

 

Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер, 1987. 



4.

 

Арғынбаев  Х.,  Захарова  И.В.  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  ұйымдастырылған  этнографиялық  экспедиция 



жұмысының қорытындысы //ТИИАЭ, Т.12., – Алма-Ата, 1961. – 102-б. 

 

 

Ү. Қыдыралин 

Х.Досмұхамедов ат. Атырау МУ-дың профессоры т.ғ.д.,  



Д. Алипова 

Х.Досмұхамедов ат. Атырау МУ-дың магистранты (Атырау қ.) 



 

БАТЫС ӨҢІРІ КИІЗ ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Қазаққа  тəн  тұрғын  үйлердің  ішкі  жасауы  жергілікті  елдің  күнкөрісіне,  тұрмысына  байланысты 

арагідік кездесетін ерекшеліктері болмаса, Қазақстанның барлық аймақтарында бірегей қалыптасқан 

құбылыс.  

Қазақстанды  тарихи-этнографиялық  тұрғыдан  зерттеген  зерттеушілер  қазақ  үйінің  қайсысында 

болмасын ең алдымен көзге түсетін төрдің қақ ортасына бір-бірімен теке тіресе екі-үш, тіпті төрт қатар 

етіп жиналған көрпе төсек болатынына назар аударған. Ескі түсінік бойынша, дала жұртына байлық пен 

молшылықтың бірден-бір белгісі іспетті болған жүкті (көрпе-төсекті) əсемдеп, нақышына келтіре, реттеп 

жинауға ерекше мəн берілген. Мұндай орнына келген аса бір керемет, үйлесімді істі көргенде қазақтың 

«Қыздың жинаған жүгіндей екен» деп таңданатыны баяғыдан келе жатқан таңдану. 

Қазақтың  киіз  үйінің  өзіндік  қалыптасқан  қолөнер  туындылары  көптеп  саналды.  Олардың  қай-

қайсысынан болиасын қазақтың төлтума мəдениетін, ұлттық болмыс бітімімізді, сондай-ақ айшықты 

белгілерді айқындауға болады. Киіз үй ішіндегі қандай бұйым болмасын өзінің эстетикалық жоғары 

дəрежелігімен, ою өрнекті нақышымен, түсімен таң қалдырған. Енді осы киіз үй ішінде орын алатын 

қолөнер бұйымдары, киіз жабдықтары ролін де атқарады.  

Осылардың  бірқатарына  тоқталып  өтсек:  ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  басында  қазақтар 

арасында кең тараған ағаштан жасалған жиһаздардың бірі – төсек ағаш. Ол «төсағаш», «кереует» деп 

те  аталады [1, 35-б.].  Ағаш  төсек - жатып  тынығуға  арналған  жайлы  жиһаз.  Ел  арасында  «төсек 

ағаш», «төс  ағаш», «кереует»,  ал  кейбір  көркемдік  ерекшеліктеріне  қарай  «сырлы  төсек», 

«күмістелген  төсек», «сүйектелген  төсек», «оюлы  төсек»  деп  аталады.  Қайқылау  келген  екі  басы 

жатуға  ыңғайлы  жалпақ  арқалығымен  бірге  бөлек  дайындалып,  төрт  аяғы  сүйек,  күміс,  əр  түрлі 

тастар, көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте əсем көркемделетін 

екі  бетімен  тұтасады.  Қақ  ағаштың  түзу  тақтайларынан  құрастырылады.  Оған  көрпе-төсекте 

жинайды.  



171 

 

Төсекағаштың көне түрінің бірі екі басы тым шалқақ жəне жайдақ болады, төрт аяғы ішке қарай 



кіріңкі тік болады. Ал енді бірі – бастары тым шалқақ алты немесе сегіз аяқты төсек ағаштар.  

Қазақстанның  батыс  өңірінде  қазақ  ұсталары  жастық  ағаштар  жасаған.  Құс  жастықтың  астынан 

төсейтін жастық ағаштарды, көбіне қыздарына арнап, жасау ретін де жасатқан. Сондықтан олардың 

сыртын түгелдей, сүйеншінің ішкі жағын оюлап, сырлап көркемдейді [2, 30-31-бб.]. 

Ауқатты  отбасының  үй  іші  сəнді  болады.  Үй-ішіне  түрлі-түсті  пұлдан  оюланған  тегеріштер, 

туырлық  қастар  ұсталып,  кереге  түс  киіз,  кілем-кілшелер  тартылады.  Үй  тағанына  оюлы  откиіз, 

текемет,  сырмақ,  кілем-кілше  төселеді.  Кереге,  уықтар  сырланып,  кейде  жез,  күміс  құймалар 

қағылады,  үйдің  сырты  дөдеге  ою-өрнектермен  əсемделеді.  Мəселен,  ХІХ  ғасырдың  екінші 

жартысында  адай  руынан  шыққан  Талпақов  Қаражігіт  деген  бай  киіз  үйінің  сүйегін  таза  күміс, 

күмістелген темір жəне өрнектелген сүйек əшекейлермен мейлінше мол безендірген екен. Сол туралы 

осы күнге дейін ел арасында тамсана сөз етеді. [1, 13-б.]. 

Келінге  арнап  көтерілген  үй  «отау»  деп  аталады.  Бұл  отаудың  барлық  жасау-жиһазы  жаңадан 

жасалады,  іші-сырты  əшекей  ою-өрнек,  кестелермен  безендіріледі.  Той  кезінде  ұзатылған  қызға 

арналған барлық киім-кешек, жасау-жиһаз ішіне жайылып, гүл жайнап көз тартады. Бұл бейне қазақ 

халқының ісмерлік өнері мен ою-өрнек кестелерінің көрмесі тəрізді [3, 378-б.]. 

Қазақтың негізгі үй жиһаздары: 

 

кілем                          адалбақан                 жастық 



 

алаша                         кебеже                      кір салғыш 

 

ағаш                           асадал                       кесе қап  



 

текемет                      жүкжапқыш             аяқ қап 

 

сырмақ                      жүк-аяқ                     дастарқан   



 

көрпе                         жағлан                      айна 

 

төсеккөрпе                орамал                      шам  



 

шабадан                    сүлгі                         бөстек 

 

шымылдық               көрпеше                   қоржын 



 

басжастық                 көрпе                        қобдиша 

 

құсжастық                төсеніш                     киіз 



 

сандық                      тулақ 

 

жəшік                       түскиіз   



 

қолсандық               төсекағаш 

Үй  мүліктерінің  ішінде  кілемнің  алатын  орны  ерекше.  Қазақтардың  көне  дəуірлерден  бері 

ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан, өзіндік дəстүрге айналған өнердің бірі – кілем тоқу өнері.  

Кілемді  пайдалану  сонау  көне  заманнан  келе  жатқанын  жазба  жəне  археологиялық  деректер 

арқылы  білеміз.  Адамдардың  аң  терісін  төсеніш  ретінде  пайдалануы  қаншама  тарихи  кезеңдерді 

басынан  кеше,  дами  отырып,  қазіргі  таңдағы  кілемдердің  тууына  əкелді.  Ал  сақ  заманында 

кілемдердің  кеңінен  қолданыста  болғанын  археологиялық  қазбалар  дəлелдеп  отыр.  Қазіргі 

қолөнерімізде  заттарды  жасау  технологиясында  болсын,  өрнектелуінде  болсын,  көптеген 

элементтердің сақ заманының өнерінде кездесетінін байқаймыз. Еуразия аумағында өмір сүрген сақ 

тайпалары туралы археологиялық жəне жазба деректер бойынша, олар ежелгі өркениетті мемлекеттер 

– Грек, Қытай, парсылармен мəдени, саяси-экономикалық байланыс орнатқан.  

Кілем  тоқу  өнері  көшпелі  өмір  салтын  ұстанған  халықтың  эстетикалық  сана-сезімін,  көркемдік 

талғам  деңгейін  көрсеткен  айна  болды.  Қазақ  əйелдері  кілемді  қойдың  көктемгі  жабағы  жүнінен 

көлденең  немесе  тік  орналасқан  «өрмек»  ағашында  тоқыған.  Қазақ  кілемдерді  тоқу  техникасына 

байланысты түкті кілем жəне тақыр кілем деп бөлінеді. Түкті кілем тоқу Қазақстанның оңтүстігінде 

жəне батысында дамыған [4, 34-б.]. 

Түкті кілем қазақ тұрмысында өте жоғары бағаланып, құнды заттардың бірі саналған. Түкті кілем 

кез келген ұзатылған қыздың жасауында болмаған. Бұл кілемнің тоқылу техникасы өте күрделі жəне 

ұзақ  уақытты  қажет  етеді.  Түкті  кілемдер  қатарына  қалы  жəне  масаты  кілемдер  жатады.  Масаты 

кілемдер үйдің қабырғасын безендіруге қолданылады. Сонымен қатар, кілемдердің жасалу мəнеріне 

қарай  аймақтық  «жетісу  түрі», «торғай  түрі», «адай  кілем», «керей  үлгісі», «найман  нұсқасы»  деп 

бөлінеді [4,35-б.].  

Жасалу  технологиясына  байланысты  қалыптасқан  кілем,  киіз,  төсек-орын  жабдықтарына,  тігіс 

түрлеріне,  ыдыс-аяққа,  т.б.  байланысты  атаулар  аз  емес,  мысалы:  таз  кілем, (тықыр  кілем),  түкті 

кілем, терме кілем, бөртпе кілем, тақыр кілем (түксіз кілем), оюлы текемет, алма құрақ, бүрме көнек, 

гүл құрақ, дүзтеру ши, т.б.  

Қысқасы,  жасалу  технологиясына  байланысты  атаулар  заттың  қандай  материалдан  қалай 

дайындалғанын,  оның  сапалық  белгісін  білдіре  отырып,  эстетикалық,  əлеуметтік  ерекшеліктерді 

көрсетеді.  Киіз  үй  ішіндегі  тоқыма  мүліктермен,  толып  жатқан  сырма  басқұр,  желбау, 

адалбақандармен сəнді. Көптеген үй мүліктері киізден жасалады: одан текемет, сандыққап, ыдыс-аяқ, 


172 

 

кесе  қаптар,  жабу-жапқыштар  басылған;  жіп  иіріп,  кілем,  алаша,  қоржын-дорбалар,  қалталар  тағы 



басқа көптеген тұтыну заттары тоқылып, арқан, көген, əртүрлі баулар, ноқталар өрілген. Ағаштан үй 

мүліктері:  төсағаш,  сандық,  кебеже,  асадал,  басағаш,  жүкаяқ,  астау,  табақ,  тостаған,  қасық,  шара, 

ожау сияқты ыдыс-аяқтар жасалған. 

Теріден  жағландар,  тұскиіздер,  торсық-сабалар,  ат  əбзелдері  жасалған,  əртүрлі  аяқ  киімдер 

тігілген,  қамшы,  шыбыртқы  өрілген.  Ұсталар  ұшаяқтар,  мосылар,  ошақтар  соғып,  мыстан  иілген 

табақшалар,  құмыралар  мен  шəйнектер  жасаған.  Тоқымашы  шеберлер  ою-өрнектері  мен  сапасы 

кілемдерден  кем  түспейтін  сырмақтар  əзірлеген.  Аңдап  қарамаған  адамға  киіз  үйдің  іші  жүйесіз 

жиналғандай, ешқандай бөліктерге бөлінбегендей болып көрінуі мүмкін. Бірақ, шын мəнісінде, іштегі 

заттар ыбырсытып қоя салған кездейсоқ тұрған бұйымдар емес – олардың əрқайсысының орындары 

бар. Киіз үйдің дəстүрлі жию тəртібі бізге жеткен. Қолымызда бар этнографиялық материалдар мен 

өткен  ғасырлардағы  авторлардың  мағлұматтарына  сүйене  отырып,  киіз  үйде  сонау  бағзы 

замандардағы бабаларымыздың қалай тұрғандығын көз алдымызға айқын елестетуге болады.  

Ою-өрнектерінің  əсемдігі  мен  байлығы  жағынан  кілемдерден  кем  түспейтін  жалпақ  кестелі 

тұскиіздер мен көрпе қаптар, сондай-ақ шағын шілтерлі төсек-орын шашақтары, жастық тыстары мен 

орамалдар  үй  иелері  төсегінің  тұсындағы  немесе  отбасы  мүшелері  тынығатын  жердегі  қабырғаға 

ілінген.  

Киіз үй еденіне киіз алаша төселіп, кілем тек құрметті орын төрге төселген. Олар көбіне керегелер 

тұсына ілінген, ал басы артық кілемдер төрдегі жүк астына жиналған, болмаса бүктеп арнаулы жүк 

қаптарға теңдеп қойған. Ағаш мүліктерден зат салатын сандықтар көп пайдаланылған. Олар төрдегі 

жүк астына, арнаулы жүкаяқтарға қойылған. Үйдің шаруашылық бөлігіне шағын шкафтар, азық-түлік 

сақтайтын  қол  сандықтар,  аласа  орындықтар,  қымыз  ашытатын  немесе  май  шайқайтын  күбілер,  ет 

салып, қымыз құятын шаралар мен табақтар, сусын ішетін тостағандар қойылған. Ағаштан ойылып, 

сүйекпен жəне асыл тастармен безендірілген кереуеттер, сондай-ақ тынығатын тұстағы кереге басына 

іліп қоятын домбыралар ең əсем мүліктер қатарына жатады. 

Ағаштан  ер  шабу,  былғарыдан  тоқым  жасау,  қайыс  таспалардан  ноқта,  жүген,  құйысқан, 

өмілдірік,  қамшы  өру  де  үлкен  шеберлік  пен  талғамды  талап  етті.  Бұл  ат  əбзелдері  босағаның  сол 

жағындағы кіре беріске жиналған. Кереге мен туырлық арасына тұтылатын кестелі ши-шыпталар киіз 

үйге керемет сəн берген. Бұл бүкіл үйдің жалпы сипатын танытады. Мұндай кестелі шыпталар киіз 

есіктің  ішкі  жағына  да  салынады,  сөйтіп,  киіз  үй  көшпелі  қазақтар  тұрмысының  аса  қажетті 

баспанасы ғана емес, сонымен қатар бір отбасы өмір сүретін ең қажетті өзгеше микроғарыш, шағын 

əлем үлгісі болып табылады [5, 198-б.; 3, 56-б.]. 

Қазақтар  «ас  ішіп,  аяқ  босатуды»,  өздерін  қоршаған  табиғи  ортаға  сай  бейімделуді  ғана 

ойламаған, оның сыртында заттардың «көз тойып, көңіл қуанатын» сұлулығын да есінен шығармаған. 

Сөйтіп,  өмірлерін  неғұрлым  саналы  өткізіп,  рухани  жағынан  байи  түсуге  ұмтылған.  Əрине, 

эконмикалық  теңсіздік  пен  əркімнің  əлеуметтік  орнына  орай  қазақтардың  əртүрлі  деңгейде  тұрмыс 

құрғаны белгілі. Олардың арасында тұлдырсыз малшылар да, сəн-салтанаты жағынан хан ордасынан 

кем түспейтін керемет киіз үйлер тіккен аса бай шонжарлар да болды.  

Сөйтіп, үй жиһаздары əр түрлі ағаш жəне тері заттардың, киізден  жасалған бұйымдардан, өрме, 

тоқымалардан  жəне  кілемдерден  құралды.  Киіз  кілем-текеметтер,  өрнектер  ойылып  тігілген  киіз-

кілем – сырмақтар кеңінен, ал тоқыма кілемдер аздау тарады. Кілемдердің екі түрі болды. Олар: түгі 

жоғы  тақыр  кілем  жəне  түгі  бар  түкті  кілем.  Өрнектермен,  оюлы  безектермен  жəне  кестелермен 

əшекейленген, түр-түске бай қабырғалық киіз кілемдер «тұскиіз» деп аталады. Аспаптар мен ыдыстар 

аяққаптарда, киіз қораптарда, қос қалталы кілем қоржындарда сақталды. Əрбір үйдің ерекше белгісі 

сандықтар болды. Ағаш бұйымдар үстіне көрпе-төсек жиыстыратын жүк аяқтар, тағамдар сақталатын 

кебежелер көркем өрнектермен əшекейленетін. 

Батыс  өңірі  қазақтарының  киіз  үй  жиһаздары  да  олардың  əл-ауқатына  қарай  əр  түрлі  болатын. 

Байлар  мен  билердің  үй  іші  сəнді  жиһаздарға  толы  болса,  кедейлердікі  өте  жұпыны  болатын. 

Дегенмен батыстағылардың өзіне тəн ерекшеліктері жиһаз жинауда да болды. 

Мəселен, ер адамның қару-жарағын үй жиһазы ретінде төріне іліп қоятын. Олар көбінесе мылтық, 

үлкен  сапты  найза,  қайқы  қылыш,  жебелі  садақ,  пистолет  (алтыатар)  т.б.  Бірақ  бұлар  Ресейге 

қосылып  оның  үстемдігі  орнағаннан  кейін  мүлде  азайып,  кейіннен  олардың  орнында  тек  жалғыз 

қамшы ғана қалған,-дейді Заллеский [6, 24-б.]. Үй жиһаздарының бірде-бірінің халық суретшілерінің 

қолымен  əдеміленбегені  болмаған [7, 11-б.].  Аяққап  ыдыс-аяқ,  қару-жарақ,  құрал-саймандар  мен 

киім-кешектің  бəрі  əшекейленетін.  Жалпы  Батыс  өңірі  қазақтары  киіз  үйлерінің  ішкі  жасауларында 

да бір қыдыру ерекшелігі байқалады. Басқа облыстарға қарағанда, мұндағы ең алдымен көзге түсетін 

өзгешілік-ұлттық  үй  бұйымдарының  əсемделген  көне  түрлерінің  көбірек  сақталуы,  яғни  түрлі 

киіздер: термелі жəне тақталы алашалар, түкті жəне тақыр кілемдер, сырмақтар, қоржындар жəне əр 

түрлі ұсақ заттарды сақтауға арналған киіз дорбалар, оюланған сандық қаптар, түрлі киімдер мен үй 

дүниесін сақтайтын термелеп тоқылған қоржындар мен киім салғыштардың көне түрлері кездескен. 


173 

 

Үйдің  төріне  немесе  сол  жағына,  түрлі  оюлармен  безеліп,  бояулармен  əшекейленген  жүкаяқтардың 



немесе  кебеже,  сандықтардың  үстіне  жүк  тым  көп  жиналады.  Кейбір  үйлердің  жүгі,  яғни  төсек 

орындары үй іргесін түгел алып, биіктігі уықтардың иініне дейін баратын. Мұндай үйлердің еденіне 

түгелдей кілем алаша, сырмақ жəне текемет сияқты төсеніштер төселетін. 

Батыста  үй  ішіне  өң  беріп  тұратын  əртүсті  жүн  оралып  тоқылған  шидің  де  өзіндік  маңызы  бар. 

Əдемі шым шилер киіз үйдің керегесі мен туырлығының арасына ұсталатын, ыдыс-аяқ тұрған жаққа 

тұтылатын, сондай-ақ үлкен үйлердің ішін бөлмелеп далда жасауға да, итарқа құруға да өте ыңғайлы 

болатын.  Неше  түрлі  сырмен  боялып,  сағанақтары  күмістелген  кереге  көздері  құлпырған 

құртаңғыштарға,  термелеп  еріп,  жібекпен  шашақталған  уық  бауларға,  зермен  кестелеп,  шұғамен 

оюланған  туырлық  пен  үзіктің  ішкі  өрнектеріне  шым  шилер  айтарлықтай  рең  беріп  өте  үйлесіп-ақ 

тұратын. Шым шилер əсіресе Маңғыстаулықтардың нағыз көшпелі өміріне өте қолайлы. «Сондықтан 

нағыз көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан Маңғыстау қазақтары оны ерте бастан күні кешеге 

дейін кең түрде пайдаланып келеді», - дейді Востров, Кауанова [8, 145-б]. 

Қазақстанның барлық өңірінде бірдей болар, киіз үйдің ішін екіге бөлгенде, от жағатын ошақтан 

жоғары бөлігі - «төр», есік жақ бөлігі «босаға» аталады. Төр – қадірлі қонақтар үшін. Сондықтан да 

киіз үйге кірген кісіге: «төрге шық»-дейді. Есіктен кірген беттегі оң қол жақ яғни оң босаға қартаңдар 

мен балалардікі, сол жақ босаға жастардікі саналады. Қазақ ғұрпында келін төрге шықпайды. Қыздың 

ең  бақытты  шағы  оң  жақта,  яғни  əкенің  үйінде  тұратын  кезі. «Жүк»  аталатын  төсек  жабдықтары 

аталатын  төсек  жабдықтары,  төрге  «жүкаяқ»  үстіне  жиналады.  Түрлі  ыдыс  аяқ  пен  ас-су  қою 

босағадағы  ши  ішінде,  көлік  саймандары  сол  босағаға  қойылады.  Үйдегі  ағаш  мүліктердің  беті 

дəулетіне қарай күміспен, сүйекпен əшекейленетін. 

Төрде ағаштан оюлы, сырлап немесе жұқа қаңылтырмен шілтерлеп жасаған, сыңғырлатып балта 

кілтпен  ашатын  сандық,  оған  қатарласа  сол  сияқты  əспеттелген,  үстіне  көрпе-жастық  текшеленген 

жүкаяқ тұрады. Үйдің адамдар кеңес құратын, ас-ауқат ішетін, көсіліп жататын аумақтарына жерден 

сыз бен ызғар өткізбейтін өре киіздер, төрге таман көп түсті терме, төменгі бірөңді қақпа алашалар, 

оның  үстіне  күн  сайын  шаң-тозаң,  ұсақ  қоқыстан  жеңіл  сілкіп,  тазартып  алуға  ыңғайлы,  жібектей 

жұмсақ  иленген  құлын  немесе  тай  терісі  тулақ,  қиюланған  құрақ  көрпе  төселеді.  Босағаның  оң 

жағында  дəн  тартатын  диірмен,  тары  түйетін  келі,  ашыған  ақты  сақтаған  саба  немесе  күбі,  оған 

жалғас табақ, тегене, тостаған, ожау, қасық сынды тағам тартар ыдыстар сөреленген үлдірік, кебеже 

тұруға тиіс. 

Одан əрі жерден кісі бойы биікте алалап өрілген жіпке немесе құрға көлденең асылған бақанға бет 

сүртетін  сулық,  қол  сүртетін  майлық  сүлгілер,  таза  дастархан  ілінеді.  Керегенің  қалған  ашық 

тұстарына  айнала  алуан  оюлы  тұскиіздер  тізіледі.  Кереге  бастары  əзір  ілгіштер.  Оларда  төр  тұстан 

төмен  қарай  қасқыр  тон,  түлкі  ішік  сынды  тəуір  дүниелер,  бойжеткен  қызы  бар  үйдің  құндыздаған 

сырт  киімдері,  күмістеген  қамшы,  биік  қасты  қазақы  ер  көрініске  қойылады.  Жастыққа  жантайып 

жоғарыға  көз  салған  кісі  алуан  бояулы  жіптерден  тоқылған  туырлық,  үзіктерді  аспалы  күйде  ұстап 

тұратын, айқыш-ұйқыш құралдарды, ұшы шашақталған желбауларды көреді. 

Əлібек  Қайыров  ақсақалдың  мақаласында  Атырау  облысы  аудандарында  іші-сырты 

безендірілген,  киіз  үйлер  жəне  оны  жасаушы  шеберлер  бар  екендігін  əңгімелеген,  енді  соған 

тоқталайық. «Киіз  үй  мен  оны  жасаушы  шеберлер  туралы  сөз  қозғалса,  адамдардың  айтатыны  тек 

өткен  шақ  туралы  естелік  болып  шығады.  Құрманғазы,  Индер,  Исатай,  Жылыой  аудандарында  бұл 

күндері тиісінше бар бабымен, көркімен жайнаған бірнеше көрнекті киіз үйлер бар. Олардың бəрі де 

осы заманда жасалғандар емес, бұрынғы қалпында сақталғандар. Осыдан жарты ғасырға жуық бұрын 

венгр халқының Хун заманынан бергі тектік төркінін көп ізденген, түрік-қыпшақ тілінен қалған түбір 

сөздерді көптеп тапқан тарихшы-түркітанушы, ұлты мадияр, марқұм Қоңыр Монтеки Кең Жылойдың 

қызы Айшаға үйленгенде күйеудің қалауы, қыздың жасауы ретінде облыстағы ең көрнекті киіз үйді 

сұрап алған. Сол киіз үй Венгрия (Хунгария) мемлекетінің Будапештегі бас мұражайында əлі тігулі 

тұр деп естиміз. Ал, біздің облыстық мұражайымыздың үлкен залына киіз үй тігіп қоюды күні кеше 

ғана еске алдық.  

Облыстың  соңғы 20-30 жылдық  тарихында  ел  ішіндегі  киіз  жасауды  көрген,  білген  шеберлерді 

жинап, сегіз қанат нағыз қазақы киіз үйді жасатқан, тиісті көркімен жайнатып ұстанған бір-ақ мысал 

бар. Оның мынадай мəні бар. 1938 жылы Гурьев облысы алғашқы рет құрылғанда құрамындағы бес 

ауданның  бірі,  қазіргі  Индер,  Махамбет  аудандарын  жəне  Қызылқоға  ауданының  батыс  бөлігін 

қамтитын  Есбол  ауданы  еді.  Кейін  оны  біраз  жыл  басқарып,  болашақта  үш  бөлінетіндей  негіз 

қалаған, өз кезі үшін белгілі бір даму белесін жеткізген кісі – Еділ-Жайық еліне еңбегі елеулі, есімі 

сыйлы  Қуанышкерей  Сұлтанов  еді.  Аталған  үйді  жасатқан  сол  ағаның  ұлы,  өткен  ғасырдың  соңғы 

кезінде Есбол кеңшарының директоры болған ел азаматы – Руслан Сұлтанов. Ол бұрын аудан, ауыл 

азаматтары  болған  ақсақалдарға, «өлкемізде  алғаш  облыс,  аудан  құрылғаннан  бері  үлкен 

шаңырақтың біріміз, өткен тарихымыз құрметті, қарттарымыз қадірлі, ауылымыз абыройлы болсын, 

кейінгі жастар ауылымыздың аймаққа беделді екенін біліп жүрсін» деп отырар еді марқұм. Бұл өзіне 


174 

 

үлкен үй тұрғызу емес, ауылы үшін үлкен киіз үй құрғызу дейтін жаңа бастама болған. Алайда, оны 



басқа аудандар мен ауылдар үлгі етіп, іліп əкетпеді. Мұндай іске басшылары мəн беріп, бастамашы 

болса, елі ерсі демес еді, əрине» [9]. 

Олай болса Қазақтың киіз үйі əлі ескірген жоқ, қайта етек алып жылдан-жылға көбеюде. Киіз үй 

өнеркəсіп,  мəдениет,  қоғамдық  тамақтану  саласында  бара-бара  қолданылуда,  тіпті  біздің  елімізден 

басқалар да оған көңіл аударуда. 

Негізгі  қарекеті  мал  шаруашылығымен  сабақтас  халқымыздың,  оның  ішінде  батыс  өңірі 

қазақтарының  байырғы  тұрғындары  үшін  ағаш  үйдің  орны  ерекше.  Халықтың  əл-ауқатының 

жақсарып,  талғамның  кемелденуі  ағаш  үй  мəдениетін  жасақтауда  да  көрініс  беруде.  Жапонияның 

дүние жүзі халықтары этнографиясы мұражайының қазақ халқының ағаш үйін Маңғыстаудан сатып 

алуы, қазақ үйінің орыс патшасы І Николай сарайының алдында тігілуі[10] соның ішінде бір мысалы 

ғана.  

Киіз  үй  қазір  де  керек.  Əсіресе,  шаруашылықпен  айналысатын  қандастарымыз  үшін 



таптырмайтын  қажеттілікке  айналғандығы  рас.  Тіптен  қалада  тұратын  ағайындарымыз  Наурыз 

мерекесі  мен  Алтын  күз  тойларында  киіз  үй  іздеп  бір  шабылып  қалады.  Сондықтан  киіз  үй  жасау 

жұмысын қайта жаңғыртқан жөн секілді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет