Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет52/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79

Əдебиеттер

1. Прибыткова A.M. Строительная культура Средней Азии в IX-XII вв. – М.: Изд-во литературы по строительству, 1973. 

– 238 с. 

2.  Булатова  В.А.,  Маньковская  Л.Ю.  Памятники  зодчества  Ташкента XIV-XIX вв. – Ташкент:  Изд-во  литературы  и 

искусства им. Гафура Гуляма, 1983. – 144 с. 

3. Писарчик А.К. Народная архитектура Самарканда. – Душанбе: Дониш, 1974. – 139 с. 

4. Воронина В.Л. Народные традиции архитекту

ры Узбекистана. – М.: Изд-во архитектуры и градостроительства, 1951. 

– 168 с. 

5. Булатова В.А., Ноткин И.И. Архитектурные памятники Хивы. – Ташкент: Изд-во «Узбекистан», 1965. – 88 с. 

6.  Воронина  В.Л.  Вопросы  охраны  и  использования  памятников  народной  архитектуры  в  республиках  Средней  Азии 

//Экспресс-информация. Серия: музееведение и охрана памятников. Вып.1. – М., 1975. – 43 с. 

7.  Абдурасулев P.P. Архитектура  народного  жилища  Узбекистана //Архитектурное  наследие  Узбекистана. – Ташкент: 

Изд-во АН УзССР, 1960. – 250 с. 



 

 

308 

 

 



М. Мырзаханова 

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, тарих, археология жəне этнология факультетінің  

2-курс магистранты (Алматы қ.) 

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫ 

 

Қазақтың ою-өрнек өнері халықпен бірге жасасып ғасырлар бойы оның рухани əрі материалдық 

игілігіне айналып келеді. Кең даланың төсінде көшпенді ғұмыр кешкен халық ойының əсемдігі мен 

көркемдігін дамытудағы ролі де үлкен болды. 

Ою  жəне  өрнек  сөздері  латын  тілімен  айтқанда  орнамент  деген  ұғымды  білдіреді.  Бұл  көптеген 

елдердің  тілінде  сіңген  термин.  Мағынасы  сəндеу,  əсемдеу  деген  сөздерді  береді.  Белгілі  бір 

фигуралардың,  табиғат  көріністері  мен  құбылыстарын  əсіресе  күн,  тау,  өзен,  жер,  гүл,  өсімдік, 

аңдардың, құстардың жекелеген элементтерінің қайталанып келуі т.б. 

Өнер  тарихына  қатысты  алғашқы  зерттеулердің  басында  А.  Боголюбов  «Орта  Азиядағы  кілем 

тоқу өнері» туралы 1908 жылы өз еңбегін жазса [1], В. Чепелев «Қырғыз халық бейнелеу өнері» деген 

1934  жылы  өзінің  арнайы  еңбегін  жазды[2].  Қазақ  халқының  өнер  тарихына  қатысты  Ə.  Марғұлан, 

М.Мұқанов,  Х.  Арғынбаев,  С.  Қасиманов,  Қ.  Əмірғазин,  Т.  Бəсенов  сынды  ғалымдардың 

еңбектерінде біршама ою-өрнек тарихнамасы зерттеліп жазылды. 

Қазақ  ою-өрнегінің  сыры  да  өте  тереңде  жатыр.  Оның  қайнар  бастауларын  сонау  б.з.д  ІІ 

мыңжылдықпен  мерзімделетін  қола  дəуірлерінің  қыш  ыдыстарында  кездесетін  бедерлермен 

ұштастырсақ жаңсақ айтпаған болар едік. Олай дейтін себебіміз қазақ археологиясының көш басында 

тұрған  белгілі  ғалымдар  Ə.Х.  Марғұлан,  К.А.  Ақышев,  Ə.М.  Оразбаев  еңбектерінде  осы  жөнінде 

терең тоқталып кетеді.  

Ə.Х. Марғұлан өнердің қалыптасуы жөнінде өз еңбектерінде «Қазақ халқы кең-байтақ республика 

жерінде  ерте  кезеңдерден  қалыптасқан  көне  мəдениеттің  тікелей  тарихи  мұрагері,  сол  мəдени 

дəстүрді дамытушы, жаңғыртып, байытушы ұлт болып саналады» деген болатын [3, 31-б.]. 

Қола дəуіріндегі қыш ыдыстар сыртындағы өрнектердің сол уақыттағы тұрмыста қолданған басқа 

да  заттарда  салынуын  Ə.М.  Оразбаев  өзінің  «Солтүстік  Қазақстанның  қола  дəуірі  кезеңдемесі» 

жұмысында  ең  алғаш  қолданған  болатын.  Алакөл  кезеңін  қола  дəуірінің  орта  кезеңі  деп  межелеп 

ондағы қыш бұйымдар сыртындағы өрнектердің өзіндік ерекшелігі деп; əртүрлі сызықтар, белдеулер, 

кейде  күрделі  меандр,  үшбұрыштар  мен  ромбылар  тізбегі  екенін  айтты.  Сондай  ақ  бұл  қыш  ыдыс 

сыртында  салынумен  бірге  қоғамдағы  түсініктің  өзгеруімен  бірге,  басқа  да  заттарға  салынды.  Олар 

киімдер,  үй  тұрмысына  қажетті  əртүрлі  мата  жəне  жүннен  жасалған  заттарға  да  салынуы  мүмкін 

деген болатын [4, 256-б.].  

Ə.М.  Оразбаев  Көкшетау  өңіріндегі  Шағалалы  қонысында  жүргізген  өз  зерттеулерінде  № 4 

жертөледен  табылған  сүйектен  жасалған  тері  өңдейтін  заттың  сабында  бейнеленген  аң  бейнесі 

(қасқыр)  ерте  көштелілер  кезеңінің  «аң  стилі»  образының  қайнар  көзі  болумен  бірге  онда 

бейнеленген  кейбір  күрделі  сызықтар  жəне  № 3 жертөледен  табылған  сүйек  ауыздықтағы  əртүрлі 

өрнектер,  қазақ  халқының  ою  өрнегіндегі  «қошқар  мүйіз», «қара  тұяқ», «ит  құйрық»  сияқты 

мотивтерді қайталайды деген болатын [5, 64-б.]. 

Кеңестік  кезеңнің  өзінде  қазақ  халқының  этногенезіне  терең  бойлаған  осындай  сүбелі 

тұжырымдар - бір өкініштісі, жалғастырылмай қалды.  

Тарихи  ғылыми  деректерге  жүгінсек,  қазақ  халқының  ою-өрнек  иелері  байырғы  замандардан 

басталып,  кең  байтақ  қазақ  даласын  мекен  еткен  көшпелі  тайпалар  өнерінің  сан  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  өзіндік  бір  жүйені,  ырғақты  байқайсыз.  Берел,  Шілікті  сақ,  ғұн,  үйсін  өнері, 

жəдігерлерінен  қазақ  ою-орнегінің  нақыштарын  байқаймыз.  Алғашқы  қауымдық  дəуірлерде  өмір 

сүрген сақтар-масагеттердің қолөнері ою-өрнектің бастапқы бедерлерін, белгілерін сала бастады. Сол 

замандарда  зооморфтық  ою-өрнегі  басымырақ  болды.  Ол  заңды  құбылыс.  Табиғаттың  тылсым 

жұмбағы, стихиалы апаттар адам санасында белгілі бір құдіреттің барлығын түйсіну, үрейлену. Сол 

қорқыныштан құтылудың жолдарын іздестіру. Сенім-сезім мен тұжырым бойынша адам баласы аңды 

өлтіріп,  етін  жеп  терісінен  киім  кие  білгенде,  жүнін  де  пайдалана  білді.  Басында  жүннен  төсеніш 

жамылатын көрпелер, келе-келе жүннен арқан-жіп, киіз басып одан киім де жасауды үйренді.  

Тек кейінгі жылдары өнер тарихын зерттеуді қолға алып жүрген белгілі өнертанушы Қ.Əмірғазин 

Ою-өрнектің  шығып  таралуы  қолөнер  тұрмыс  заттарының  өркендеуімен  тығыз  байланысты,  ал 

олардың  даму  процестеріне  халықтық  əлеуметтік  сана-сезімнің,  болмыс  тіршілігінің  жанданып, 

мəдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайының жақсаруының да əсері болды деп тұжырым жасаған болатын 

[6, 56-б.].  

Ою-өрнек  дегеніміз  əр  түрлі  ою,  бедер  бейненің,  күйдіріп,  жалатып,  бояу,  қалыптап  үлгімен 

істеген көркемдік түрлердің, əшекейлердің ортақ атауы. Сондықтан ою-өрнек деп қосарланып айтыла 



309 

 

береді.  Ою-өрнектер  тігу,  тоқу,  құрау,  үй  жиһаздарын,  құрал-саймандарды,  зергерлік  бұйымдарды, 



киіз үйдің сүйегін, ағаш кереует, сандық, кебеже, кілем, сырмақ, алаша, қоржын, ши, түрлі басқұрлар, 

ылыс-аяқ,  бесік,  текемет,  көрпеше,  жүкаяқ  беттерін,  киім-кешектерді,  қабырғаларды  əшекейлеп 

безендіру үшін жиі қолданып отырғанын С. Қасиманов еңбектерінен кездестіреміз [7, 56-б.]. 

Осындай  тамыры  тереңде  жатқан  халқымыздың  шаруашылығымен  бірге  жасасып  келе  жатқан 

ою-өрнек  өнері  өзіне  ғана  тəн  жүйесі,  ырғағы,  негізгі  стильдік  ерекшелігі  арқылы  сол  халықтың 

бейнелеу,  бедерлеу,  оймыштау  жалпы  əсемдікті  қабылдау  мəдениетінің  басты  белгілерімен  ұлтық 

қолтаңбасымен  тікелей  сабақтасып  жатыр.  Қазақ  халқының  үй  жиһаздарында  ою-өрнектер  ерекше 

орын алуымен, өзінің қазақтың төл дүниесі екендігін айғақтайтын таңбасы іспеттес. Қазақ өнеріндегі 

оюлардың  негізгі  тобы - космогониялық,  зооморфтық,  геометриялық  жəне  өсімдік  тəріздес  болып 

келеді деп алғаш жіктеген Ə.Х. Марғұлан болатын [3, 241-б.]. 

Ою-өрнектің  қазақ  халқында  жеріміздің  ұлан-ғайыр  кеңдігіне  жəне  табиғи  ерекшелігінің  сан 

түрлілігіне  жəне  фаунасы  мен  флорасына  қарай,  стильдерінің  де,  атаулары  да  əртүрлі  болуымен 

ерекшеленеді.  Солтүстік,  Орталық  жəне  Шығыс  Қазақстанда  зооморфты  стильденген  оюлар 

басымырақ  болса,  Оңтүстік  Қазақстанда  негізінен  стильденген  қошқар  мүйіз  ою  мен  геометриялық 

фигуралар  араласып  қолданса,  Батыс  Қазақстанда  стильденген  зооморфтық  оюлар,  өсімдік  тектес 

оюлармен əдемі үйлесім тапқан. 

Ою-өрнек  адам  баласының  ақыл-ойының  толып-толқуынан,  жүрегінің  лүпілінен,  өзін  айнала 

қоршаған  ортаны  танып-тамашалауынан  туған  бейнелер.  Қазақ  халқы  үнемі  далада  табиғаттың 

тылсым,  сырлы  бояуын  өзінше  ұғынып,  арманымен  ұштастыра  білген.  Аса  шебер  ұсталар  ағаштан 

жасалатын  үй  бұйымдарының  бетіне  ою  ойып,  түрлі  –түсті  бояулармен  өрнек  салып,əсемдеу  мен 

бірге  сүйекпен,  əр-түрлі  металдармен,  түрлі-түсті  тастармен,  шынылармен  көркемдей  білген [8, 34-

б.]. 


Ою-өрнек  қазақ  халқының  шежіресі  десек,  екінші  жағынын  өрнек  тілімен  дестеленген 

көріністерінде дəуір таласы, заман тынысы, қоғамдағы тіршілік, адам əрекетін байқауға болады. Зар 

замандар,  мұң  –шер,  сағыныш  сазы  сүреңсіз  бояулармен,  қара-қошқыл  түстермен  келістірсе. 

Бақытты, шаттықты уақыттарды қызылды-жасылды, ашық реңмен көмкеріп, шешімін таба білген.  

Древний  элемент  в  виде  запятой  называется  у  казахов  алши,  алшым  бар-удача,  счастье, 

блогополучие.  Этот  элемент  используется  главным  образом  в  вышивке  настенных  кавров,  халатов, 

платков [3, 86-б.]. 

Қазақ  ою-өрнегі  алғашқы  иіріміндей,  түріндей  қалып  қойған  жоқ,  ол  үнемі  дамып,  қыры  мен 

сыры,  айтар  ойы  тереңдеп  шежіреге  айналды.  Материалдық  игіліктеріміздің  қай-қайсысында 

болмасын өзіндік орнымен пайдалана білді. Өнертанушы В. Чепелев; қазақтар тек ою-өрнек əлемінде 

өмір сүретін секілді –деп жазған екен. 

Х.  Арғынбаевтың  жазбаларында  үй  бұйымдарының  бəріне  дерлік  өте  əдемі,  бедерлі  ою  ойып, 

оған  қосымша  түрлі-түсті  бояулар  жағылып,  көркемделетінін.  Ол  өз  зерттеулерінде  əр  өңірдің  ою-

өрнек  мотивінің  жергілікті  өзгешеліктерін  байқады.  Сырмаққа  ою  салу  əдістері  жергілікті 

ерекшеліктерге  байланысты  үш  түрге  бөлінді.  Сырмақ  бетіне  орталық  бөлікті  қоршай  жиек  ойып 

түсіру  жəне  жалпы  біртұтас  ірі  ою  құрылынып  орналастыру  немесе  екі-үш  деңгейге  бөлінген  ою 

жолдарын түсіру. Сырмақ оюлары ретінде көне заманнан байлық пен молшылықты білдіретін мүйіз 

оюлардың барша түрлері. 

Өрнек  атауларын  түгел  қамтып,олардың  əрқайсысына  жеке  атау  беру  мүмкін  емес.Ою-өрнек 

өнерін бір елдің тілімен жазылған мəдени шежіресі десе де болар. Қазақ халқының биік мұраты мен 

асыл  арманы,  бақытты  бейбітшілік  тұрмысты  аңсаған  асқақ  үміті,  қуанышы  мен  шаттығы,ел  мен 

ердің  басына  түскен  ауыр  тауқыметті,  күлкі  мен  думандарды  ою-өрнектердің  басты  ерекшелігі, 

компазиция,  ритм  ырғақ  симметриялық  принциптерінің  берік  сақталып  келуі  болып  табылады. 

Өсімдік  тектес  жəне  геометриялық  фигуралар  бейнесінде  бедерлі  оюлар  ойылып,  түрлі  –түсті 

бояулармен нақышталған. Қол сандықтың айнала жиегіне өсімдік тектес ою нұсқалары ойылған. Ол 

ақ, қызыл, жасыл бояулармен боялса,ою арасынан көрініп тұратын терең түр қара бояумен боялған 

[9, 138-б.]. 

.Қазақ  ою-өрнегін  жасаушы  шеберлер  ойылған  затты  сыр-сипатын,  өз  қиялымен  ұштастырып, 

көркем  дүние  жасауға  талпынып  отырған.Ою-өрнектер  компазициялық  жағынан  нақты,  əрі  үнемі 

жетілдіріліп  отырған.  Қошқар  мүйіз,  шаршы  ою,  аралас  өрнектер  жиі  қолданылып  отырды.  Қазақ 

қолөнерінің  барлық  түрінің  декорында  пайдаланылатын  өрнектер  қошқар  мүйіздер  секілді 

белгілер,үтір  тектес  жəне  де  басқа  сақ  ескерткіштеріне  тəн  көнерген  ежелгі  элементтер  мен 

фигуралар кездеседі [3, 241-б.] 

Ə.Х  Марғұлан  қазақ  өнеріндегі  оюлардың  негізгі  тобы-космогониялық,  зооморфтық, 

геометриялық  жəне  өсімдік  тəрізді  оюларға  мəн  беріп,  солардың  барлығын  жеке  ежелеп  олардың 

қандай  əдіспен  қандай  материалда  жəне  дүние  мүліктің  қандай  түрінде  пайдаланатынын  ашып 

айтады.  Халық  шеберлері  дəстүрлі  мүліктер  жасаумен  қатар,  белгілі  заңдылықтар  бар  элементтерді 


310 

 

өздерінше жаңғыртады, бұның өзі халық өнеріне қайталанбас ерекшелік береді. Қазақ ою-өрнегіндегі 



бір  ерекшелік  қандай  оюларды  бейнелесе  де,  ою-өрнекте  негізінен  арқау  болған  мүйіз  тектес 

оюлармен  əрлеп,  көркемдеп  отырды.Сондықтан  ою-өрнектер  өзінің  құндылығын  жоймай,  ол  үнемі 

заманына  қарай  дами  береді.  Əрбір  киіз  үйдің  іші  жиһазсыз  болмаған,  оған  жүкаяқ,  ағаш  төсек, 

жастық  ағаш,  кебеже,  күбі,  əбдіре  жасап  киіз  үйдің  төрінен  бастап  босағасына  дейін  сəнімен  орын 

алған [6, 7-б.]  

В  орнаментации  бордюров  ковров  используется  узор  орел-цветок,  буркит-  орнек.  Есть  узоры 

птичь  и  крылья-«құс  қанат»,  орлиное  крыло- «бүркіт  қанат»,  соколиное  крыло – «лашын  қанат». 

Последний используется в тускизах. [3, 85-б.]. Қазақ ою-өрнегінде бояу түрлері сан алуандығымен де 

ерекше.  Ақ  түстің  ұғымы-ақ,  ағарған  ақтықтың,  тазалықтың  символы.  Қара  түс-қара  жердің,  кейде 

қара  түннің,  қайғыны  білдірсе.  Өмірдің  өзі  –ақ  пен  қараның  алмасуы,  ақ  пен  қараның  айқасуын, 

өмірдің, заманның тайталасқа толы екенін философиялық ойын астарлап жеткізуі деп түсінсе болар. 

Сол  халықтың  басына  түскен  зар  заманы,  асыл  арманы,  ертеңіне  жетелер  мұратын  салған  ою-

өрнегімен  əдемі  бейнелеп,  жеткізе  білді.  Қазақ  өрнектері  малшылық,  көші-қон,  жорықшылық 

замандағы  тұрмысты,  айналасындағы  табиғатты,  аңшылықты,  геометриялық  түсініктердің  сырт 

тұрпатын байқаудан туған ұғым негізінде дамыған деген болжамға толық қосыламыз.  

Жүннен киіз төсеніштер, сырмақ, текемет, кілем, алаша бұйымдарын жасады. Осы жиһаздар мен 

бұйымдарды  жасауда  ата-бабаларымыз  тамаша  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Олай  дейтініміз  табиғи 

тазалығымен, ыстыққа, суыққа шыдас беріп, жылуды жəне суықты сақтағыш қасиеті жоғарылығымен 

ерекшеленетіндігі белгілі. 

Үй  іші  жиһаздары  ішіндегі  ұнамдылығы  жағынан  да,  көркемділігі  жағынан  да  əсіресе  сырмақ 

жасау  өнері  халық  арасында  көп  тараған  өнер.Төр  сырмақ,  көш  сырмақ,  жиекті  сырмақ,  қарала 

сырмақ тағы басқа түрлері бар. Оюларын жиектеп басып, астарлап бетін сыриды. 

Ақ сырмақты қазақтың ескі ғұрпында көбінесе күйеуі ұрын келмеген оң жақтағы қыздың астына 

немесе қара жамылып, жоқтау айтып отырған жесірдің астына төсейтін болған[7, 48-б.]. 

Сырмаққа  да  көбінесе  қазақ  шеберлері  қошқар  мүйіз  оюларын  қолданған.  Қазақтың  көне 

үлгісімен кестеленген тұс киіздерінде «су», «мүйіз», «гүл», «жапырақ», «шырмауық», «түйе табан», 

«айбалта», «алқа»  оюлары  жиі  кездеседі.Жайқалған  гүл-жапырақ  жайылған  мал,  ағын  су  ою-

өрнектері жарасты жастықтың, жаңа өмірдің символы ретінде саналған. 

Ою-өрнек  бір  –бірімен  қабысып,  жымдасып,ескен  арқандай  бірігіп  тұруы  керек.  Ара  жігі 

бадырайып,үйлеспей,  олпы-солпы  болса-ою  өзінің  сəнін,  сұлулығын,  үйлесімін  тіпті  мазмұнын 

жоғалтуы мүмкін [11, 6-б.] 

Асадалдың  қақпағындағы  бітпес  желісіне  құрылған  бəйтеректі  (өмір  ағашы)  бейнелегенде  бізге 

аты-жөні  белгісіз шебер ілемдегі шексіз қозғалысты, мəңгілік əлемді, өзара байланыстықты,үйлесім 

мен реттелген тəртіпті көрсету үшін күн шұғыласына малынған гүл шиыршығын, қазақ ою-өрнегінде 

сирек  кездесетін  ілтипаттылық  белгісі-  лотостың,  ежелден  келе  жатқан  мейірмандық,  тілектестік 

нышаны-қырғауылдың  суреттерін  алған.Төменггі  суырмалардың  əшекейінде  »құпияға » толы  əлем 

кеңістігінің белгісі - қисынын айқындай түсу үшін беймəлəм тұңғиыққа, алыс қашықтыққа меңзейтін 

курік,  ерсілі-қарсылы  жол,  толқын,  табиғатты  жандандыратын  күн,  күн  нұры,  бұлт,  жауын-шашын 

нышандарын пайдаланған [10, 14-б.] 

Қазақ өнеріндегі ою-өрнектің қолданатын бұйымдарының бірі кілем. Мұндағы кілем өрнектері əр 

түрлі.  Кілем  өрнектерінің  ішінде  жануарлар  бейнесін  немесе  олардың  жеке  мүшелерін  суреттейтін 

оюлар да көп. Мəселен қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, иттабан, көбелек, жəне тағы басқа. Мұнымен бірге 

геометриялық өрнектер де кездеседі.(ирек, тұмарша, төрт бұрыш жəне тағы басқа). 

Қазақ  халқының  тұрмысымен  бірге  ғасырлар  бойы  жасасып  келе  жатқан  қолөнері,  оның  ішінде 

ою-өрнек  өнері  уақыт  ағымымен  тарихи  кезеңдерді  бастан  кешкенімен  өзінің  дала  мəдениетіндегі 

үлгісін жоғалтқан  жоқ. Бұл дегеніміз халықтың бүтіндей болмысы, дүниетанымы тереңдетіп айтсақ 

халық  философиясы  деуге  болады.  Ою-өрнек  тіліндегі  шаруашылыққа,  дүниетанымға,  кеңдік  пен 

қонақжайлылыққа  жəне  өрнек  салынған  заттың  қолданылуында  жатқан  терең  құпиялар  жеке-жеке 

қарастыруды  қажет  ететін  тақырыптар.  Оны  зерттеу  мен  талдау  тереңдеген  сайын  халқымыздың 

рухы мен дүниеге деген көзқарасы асқақтай түсетіні даусыз. 

 

Əдебиеттер: 

1. Боголюбов А. Орта Азиядағы кілем тоқу өнері. 1908. 

2. Чепелев В. Қырғыз халық бейнелеу өнері. 1934. 

3. Марғұлан Ə.Х. Казахское народное прикладное искусство. – Алма-Ата, 1986. 

4. Оразбаев А.М. Северный Казахстан в эпоху бронзы. //Труды Института Истории археологии и Этнографии. Т.5. 

Алматы: Изд-во АН Каз ССР, 1958. – С. 216-283. 

5. Оразбаев А.М. Поселения эпохи бронзы Северного Казах

стана. Архив института археологии им А.Х. Маргулана. 

Фонд № 64, Дело № 64. – С. 3-67. 

6. Əмірғазин Қ. Ою-өрнек-халықтық мұра. – Алматы, 2004. – С-354. 

7. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы, 1995. – С-240. 


311 

 

8. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Ғылыми-зерттеу еңбек. – Алматы: Өнер, 1987. 



9. Мұхамед Д. Қазақ қолөнері каталогы. – Алматы, 2010.  

10. Жəнібеков Ө. Жолайырықта. – Алматы: Рауан, 1995. – С. 215. 

11. Байділдаұлы Ш. Қазақтың ою-өрнегі. – Алматы: Өнер, 1990. – С. 160. 

 

 

А.А. Шартаева 

əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың  

тарих, археология жəне этнология факультетінің 2-курс студенті;  

Г.Б. Қозғамбаева 

əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың доценті, т.ғ.к. (Алматы қ.) 

 

ЭТНОГРАФИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ МЕН ДАМЫТУДАҒЫ ҒАЛЫМ 

Х.А. АРҒЫНБАЕВТЫҢ РӨЛІ 

 

Этнография – этностың өткені, қазіргі жəне болашақтағы іргелі заңдылығын, тарихын, мəдениетін 

жан-жақты  зерттейтін  ғылым.  Отандық  этнография  ғылымының  дамуына  жəне  қазақ  халқының 

материалдық,  рухани  мəдениетін,  неке  жəне  отбасы  қарым-қатынастарын,  қолданбалы  өнерін 

зерттеуде елеулі үлес қосқан бірегей тұлға – Х.А.Арғынбаев болды. 

Ұлы  Отан  соғысынан  кейінгі  жылдары  елімізде  ғылымның  дамып  өркендеуі  қиын  жағдайда 

болды.  Сондай  қиыншылық  пен  ауыртпалыққа  қарамастан  болашақта  ғылыми  зерттеулер  мен 

қорғалатын  диссертациялар,  мақалалар  мен  моногарфияларға  негіз  болатын  жыл  сайын  далалық 

экспедциялар  ұйымдастырылып,  деректер  мен  мəліметтер  жинақталды.  Осы  кезеңде  іргелі  ғылыми 

мəселелер мен кəсіби мамандар дайындайтын этнография бөлімі ұйымдастырылып, қалыптасты.  

Отандық  этнография  ғылымының 1950-ші  жылдардың  ортасынан  бастап  оның  академиялық 

бөлімшелері қызметінің қалыптасуы мен өркендегені зиялы қауым өкілдеріне мəлім. Оның өркендеп 

дамуына  жəне  қомақты  кəсіби  ғалым-этнографтарды,  көптеген  ғылым  кандидаттары  мен 

докторларын  шығарған  республикамыздың  Ғылым  Академиясының  Ш.Ш.  Уəлиханов  атындағы 

Тарих жəне этнология институтының этнология бөлімі болды. Осы құрылымның ғылыми-теориялық 

жəне  ғылыми-ұйымдастыру  жұмыстарымен  білімі  терең  ғалымдар  мен  зерттеушілер  айналысып, 

еліміздің  қоғамдық  ғылымдарының  зерттелуі  мен  дамуында  сүбелі  еңбек  етті.Осы  кезеңде  қазақ 

этнографиясына  келген  зерттеушілердің  жаңа  буын  өкілдерінің  бірі – Халел  Арғынбайұлы 

Арғынбаев болды. Қазақстан этнографиясының басына жас дарынды, таланттты ғалымдардың келуі, 

зерттелуін  күтіп  тұрған  қазақ  этнографиясындағы  белгілі  зерттеу  бағыт – бағдарлары  бойынша 

ғылыми зерттеулер жүргізді.  

Қазақстанның  əртүрлі  аудандарына  жүргізілген  этнографиялық  далалық  экспедциялық 

жұмыстары  нəтижесінде  қомақты  мақалалар  жарыққа  шыға  бастады.  Этнографтардың 

ұйымдастыруымен  жүргізілген  экспедциялық  зерттеулер 1980-ші  жылдардың  басына  дейін 

жалғасып, нəтижесінде қазақтардың жəне республикадағы басқада этностардың дəстүрлі-тұрмыстық 

мəдениеті  туралы  көлемді  материалдар  жиналды.  Сонымен  қатар,  мұрағаттық-библиографиялар 

түзілді. Бұның бəрі кеңестік этнография ғылымында жоғары баға алған диссертациялық зерттеулерде, 

монографияларда көрініс тапты [1, 87-б.].  

Отандық  этнографияның  дамуы  мен  өркендеуіне  ерекше  үлес  қосқан  белгілі  этнограф – ғалым 

Халел Арғынбайұлы Арғынбаев. Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 1942 жылы Х.А. Арғынбаев Кеңес 

əскери қатарына шақырылды. Соғыс  жылдарында көптеген кеңестік ғалымдар сияқты,оның жастық 

шағы  да  фашистік  соғыстың  ауыр  алапаты  кезеңін  басынан  өткізді.  Соғыс  жылдарында  болашақ 

ғалым  Ташкенттегі  радиотелеграфия  курсын  оқып  бітіріп,  радио  байланыстырушы  ретінде 1943 

жылы  қаңтардан - 1945 жылы  мамыр  айына  дейін  Украина,  Молдавия,  Румыния,  Венгрия, 

Чехословакия, Югославия жəне т.б. елдерді неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты. 

Соғыс жылдарында Х. Арғынбаев «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жж. 

Ұлы  Отан  соғысында  Германияны  азат  етудегі  жеңісі  үшін», «Ұлы  Отан  соғысы  жеңісінің 20 

жылдығы», «КСРО  Қарулы  күштерінің 50 жыл», « Ұлы  Отан  соғысы  жеңісінің 30 жылдығы» 

медальдарымен марапатталды. Ұлы Отан соғысы 1945 жылы аяқталғаннан кейін Х.Арғынбаев əскери 

міндетін əрі қарай жалғастырып, 1947 жылы наурыз айында дейін Қызыл əскер қатарында болды.  

 Елге  оралғаннан  кейін,  ол  білімін  əрі  қарай  жалғастырып, 1947 жылды  Абай  атындағы  Алматы 

мемлекеттік  педагогикалық  жəне  мұғалімдер  институтының  тарих  факультетіне  оқуға  түсті. 

Аталмыш  жоғарғы  оқу  орның 1951 жылы  үздік  дипломмен  бітіріп  шықты.  Жоғарғы  оқу  орның 

тəмəмдағаннан  кейін, 1951 ж.  Тамыз  айында  Министрліктің  шешімімен  Панфилов  педагогикалық 

училищесіне  директордың  орынбасары  жəне  КСРО  жəне  Қазақ  ССР  тарихынан  студенттерге  дəріс 

берді. Студенттерге дəріс берумен қатар болашақ ғалым қазақтың дəстүрлі мəдениеті мен көршілес 



312 

 

орыс жəне украин халықтарының тұрмыстық мəдениетінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері сияқты 



мəселелермен  де  айналыса  бастады.  Орыс  жəне  украин  халықтарының  тұрмысы  мен  мəдениетін 

зерттеуге жастық шағынан қызығушылық танытқан болашақ ғалым кəсіби тұрғыда зерттеу жүргізіп, 

тереңірек айналыса бастайды. 

Ғылым  Академияның  Ш.Ш.  Уəлиханов  атындағы  Тарих,  археология  жəне  этнология 

институтының  этнография  бөліміне  Халел  Арғынбайұлы 1954 жылы  қазан  айының  ортасында 

аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түседі. Болашақ ғалым «Орыс-қазақ халықтарының тарихи-

мəдени  байланыстары  жəне  оның  қазақтың  материалдық  мəдениетіне  əсері»  атты  кандидаттық 

диссертациясын  аяқтап, 1960 ж.  Мəскеудегі  Н.Н.  Миклухо  -Маклай  атындағы  этнография 

институтында қорғап шығады.  

ҚазССР  академигі,  академик-секретарь  С.Н.  Покровский  жүргізген  ҚазССР  Ғылым  Академиясы 

Қоғамтану  ғылымдары  бөлімінің  бюро  мəжілісінде 1961 жылы 22 қыркүйекте  ҚазССР  ҒА 

Ш.Ш.Уəлиханов  атындағы  Тарих  археология  этнология  институтының  аға  ғылыми  қызметкер 

міндетін  атқарушы  қызметіне  бекітілді. 1963 жылы 29 желтоқсан  айында  ҚазССР  ҒА 

Президиумының Қаулысымен Х. Арғынбаевқа аға ғылыми қызметкер лауазымы берілді.  

Ғалымның 1973 жылы  қазақ  халқының  неке  жəне  отбасы  қарым-қатынастарына  байланысты 

жарық  көрген  ірі  көлемді  монографиясы  тек  гуманитарлық  саладағы  мамандарды,  тарихшы, 

этнографтарды ғана емес сонымен қатар басқа сала мамандары арасында да қызығушылық тудырды. 

Ғалымның  тыңбай  ізденісінің  нəтижесінде 1975 жылы  Қазақстан  Ғылым  Академиясының  Ш.Ш. 

Уəлиханов  атындағы  Тарих  археология  жəне  этнология  институтының  Диссертациялық  кеңесінде 

Х.А.  Арғынбаев  «Қазақтардағы  неке  жəне  отбасы»  атты  тақырыпта  докторлық  диссертациясын 

қорғады. КСРО Министрлер Кеңесінің Жоғарғы аттестациялық комиссиясының 1977 жылы көктемде 

ғалымға тарих ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесі тағайындалды.  

Ғалым – қазақ этнографтарының құрметті көшбасшысы болды. Республикамыздың ҒА-ның Ш.Ш. 

Уəлиханов  атындағы  Тарих  археология  жəне  этнология  институтының  бөлімін  басқарады.  КСРО 

Министрлер Кеңесінің Жоғарғы аттестациялық комиссиясының 1982 жылғы 19 ақпандағы шешіммен 

археология жəне этнология кафедрасында оған профессор ғылыми атағы берілді.  

Х.  Арғынбаев  жалпыға  құрметті  кісі  болды.  Дəстүрлі  мəдени-  шаруашылық  саласындағы  терең 

энциклопедиялық  білімімен  қатар,  ол  кісі  өз  маманының  кəсіби  шебері  болды,  сонымен  қатар 

табиғатынан  кішіпейіл,  ақжарқындылығы  оның 200-дей  ғылыми  мақалаларының  жарық  көруіне 

септігін тигізді [2, 129-б.]. 

Ғалымның  жұмыстарының  мазмұны  диссертациядағыдай  қазақ  қоғамдындағы 1830-1850 жж. 

тарихи-мəдени  құлдыраудан  кейінге  жартылай  отырықшы  жəне  отырықшы  салтының  басталуымен 

байланысты  кеңестік  кезеңге  дейінгі  қазақтардың  дəстүрлі  шаруашылығы  мен  материалдық 

мəдениетіне байланысты көрсетілген. 

Шетелдік  жəне  отандық  ғалымдар  арасында  Х.А. Арғынбаев  Қазақстанның жəне Орта  Азияның 

тарихи-этнографиялық  атласын  құрастырушыларының  бірі,  көптеген  халықаралық  ғылыми 

конференцияларға қатысушысы ретінде белгілі. 

Ғалымның  соңына  ерген  шəкірттері  ғылымға  бет  бұрды.  Ғұлама  ғалымның  жетекшілігімен 

тарихи-этнографиялық  мəселелер  жөнінде 15 кандидаттық  жəне  докторлық  диссертациялар 

қорғалды.  Халел  Арғынбаев  Н.Э.  Масанов,  С.Е.  Əжіғали,  Ə.Т.  Төлеубаев,  У.Қыдыралин,  Ж.О. 

Артықбаев жəне т.б. кəсіби тарихшы, этнографтардың қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. 

1960  жылдары  Х.А.  Арғынбаев  ертеден  қазақ  халқының  өміріндегі  шаруашылықтың  негізгі  көзі 

саналатын  мал  шаруашылығына  басты  назар  аударды.  Кеңестік  дəуірге  дейінгі  мұрағат 

құжаттарының  бай  дерек  көздерінің,  далалық  материалдардың  арқасында  көшпелі,  жартылай 

көшпелі  жəне  отырықшы  мал  шаруашылығының  сонымен  қатар,  мал  жайылымының  жүйесін, 

жайылым, шабындық жерлердің басты сипатты бағыттарының ерекшеліктерін зерделеді. 

Ғалым  тұңғыш  рет  этнография  ғылымында  қарастырып  отырған  кезеңінің  қазақтардағы 

көшпелілердің  шаруашылығында  ғасырдан  ғасырға  келе  жатқан  дəстүрлі  ветеринариясын,  малды 

емдеу əдістерін жан-жақты, жүйелі түрде қарастырды [1,90 б.]. 

Кеңес  дəуірінде  қазақтың  некесі  мен  отбасын  алғаш  арнайы  зерттеген  ғалым – Х.А.Арғынбаев. 

Этнограф-ғалымның  қазақ  халқының  неке  жəне  отбасына  байланысты 1973 жылы  шыққан  ірі, 

ауқымды  монографиясы  тарихшы,  этнографтарды  ғана  емес  жалпы  гуманитарлық  ғылымдағы 

мамандарға  үлкен  қызығушылық  танытты.  Этнограф - ғалым  дəстүрлі  қазақ  отбасын,  құрылымын, 

отбасы  ішіндегі  қарым - қатынастарды,  əдет-ғұрыптарды  жəне  де  кеңестік  дəуірге  дейінгі 

Қазақстандағы неке түрлерін жан-жақты талдау жасаған. Ғалым республиканың түрлі аудандарында 

жинаған  далалық  этнографиялық  экспедиция  материалдарымен  кеңес  дəуіріндегі  отбасы  жəне  неке 

құрылымдарына  мəн  беріп,  тақырыпты  ашып  көрсеткен.  Еңбекте  сонымен  қатар, 1920-1930 


313 

 

жылдардағы  əйел  теңдігі,  көп  əйел  алушылық  жəне  əмеңгерлік  мəселелеріне  де  ден  қойып  назар 



аударылған.  Отбасылық  тұрмыстағы  əлеуметтік-экономикалық  жəне  мəдени  өмірдегі  өзгерістерді, 

отбасының ішкі қарым - қатынастарын, некенің  тұрақтылығы, ажырасуға  байланысты  мəселелердің 

құрылымы, үйлену, некеге тұруға байланысты рəсімдер қамтылған.  

Халел Арғынбайұлы 1975 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш. Ш. Уəлиханов атындағы 

Тарих жəне этнология институтының Диссертациялық кеңесінде «Қазақтың неке жəне отбасы» атты 

тақырыпта докторлық диссертациясын сəтті қорғап шықты. Сонымен қатар ғалым антрополог жəне 

этнографтардың  əртүрлі  ғылыми  форумдарына: VII-ші  (Москва, 1964 ж.)  жəне IX-ші  (Чикаго, 1973 

ж.)  Ашхабадтағы (1967 г.),  Ташкентте (1969 ж.),  Алматы (1972 г.),  Москва (1974 ж.)  халықаралық 

этнографиялық конгресстер мен симпозиумдерге белсене қатысты [3]. 

1980  жылы  жарыққа  шыққан  коллективтік  «ХІХ-ХХ  ғғ.  басындағы  қазақтардың  шаруашылығы» 

атты  монографияда  Қазақстан  жəне  Орта  Азияның  тарихи-этнографиялық  атласының  көп  жылдық 

жұмысының  нəтижесінде  Х.А.  Арғынбаев  «Шаруашылықтағы  малдың  түрлері  жəне  оның  таралуы» 

жəне «Қазақтардың малға байланысты наным-сенімдері» бөлімдерінің авторы болды [4, 7-б.]. 

Халел  Арғынбаевтың  материалдық  жəне  рухани  мəдениетке,  неке  жəне  отбасы  қарым-

қатынастарымен қатар, қазақ халқының дəстүрлі қолданбалы өнеріне деген қызығушылық танытуы, 

оның ғылыми дүниетанымының кеңдігін көрсетеді.  

1987 жылы шыққан зерттеуі автордың кезінде А.Х. Марғұлан, Э.А. Масанов жəне М.С.Мұқанов 

сынды  ғалым  əріптестері  көтерген  мəселелердің  жалғасы  қарастырылады.  Монографияның  негізі 

автордың  соңғы  он  жылындағы  жинаған  революцияға  дейінгі  жазба  деректер,  тарихи-өлкетану 

музейлерінің жəдігерлері, этнографиялық зерттеулер болып табылады жəне де қазақтардың дəстүрлі 

қолданбалы  өнері,  ағаш,  металл,  тері,  мүйіз,  сүйек  өңдеу  сияқты  кəсіптері  мен  шаруашылығы  да 

қарастырылған. 

Қазақстан  Республикасының  Орталық  мемлекеттік  музей  жəдігерлерін  жинақтауда  Халел 

Арғынбайұлының этнографиялық экспедициялар барысында жинаған материалдарының маңызы зор. 

Музей  экспонаттарына  қойылған  материалдық  мəдениет  пен  қолданбалы  өнерге  байланысты 

көптеген  жəдігерлер  ғалымның 1970-1980 жылдар  аралығында  республиканың  барлық  өңірінде 

жүргізілген далалық экспедициялардан жинаған материалдары болып табылады. Сондықтан да музей 

ісі  мəселесі  мен  ұлттық  мəдени  мұра  туралы  сөз  қозғағанда  Халел  Арғынбайұлының  Қазақстанның 

тарихи-мəдени мұраларын зерделеуге қосқан үлесі ерекше екенін айтамыз. Əсіресе, ғалымның қазақ 

халқының  тарихына,  мəдениетіне,  ескерткіштеріне  арналған  еңбектерінің  музей  ісіндегі  жəне 

бабаларымыздан  мұра  болып  жеткен  мəдени  құндылықтарымызды  толық  тануда  алар  орны  туралы 

айту орынды.  

Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі жəне ҚР БжҒМ Ш.Ш. Уəлиханов атындағы 

Тарих  жəне  этнология  институты 2009 жылы  бірлесе  өткізген  қазақтың  көрнекті  этнограф  ғалымы, 

тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Х.  Арғынбаевты  еске  алуға  арналған I - ші  Арғынбаев 

оқулары  болды.  Конференцияның  бірінші  бағыты – «Музей – ғылыми  зерттеу  институты» – деп 

аталған.  Осы  бағыт  бойынша,  музейлерде  ғылыми-зерттеу  жұмысын  ұйымдастырудың  қазіргі 

формалары;  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  негізгі  түрлері;  музей  жəне  тарих  ғылымы;  музейлік 

археология;  музейлік  этнография  жəне  т.б.  мəселер  қарастырылды.  Ең  бастысы  профессор  Х. 

Арғынбаевтың  ғалымдығы  мен  адами  қасиеттері;  отандық  этнология  ғылымының  қазіргі  жай  күйі; 

қазіргі  этнологиялық  дискурстегі  «этнос», «ұлт», «этникалық  қатынастар», «мəдениет», «мəдени 

дəстүр», т.б. парадигмалар зерделеніп, талқыланды. Мұндай шаралардың, əрине, отандық этнология 

ғылымының жəне музей ісінің дамуына қосар үлесі зор [5, 8-б.]. 

1990  жылдың 1-ші  қаңтарында  Х.А.  Арғынбаевтың 10 шақты  монографиясы, 200 –ден  астам 

ғылыми  мақалалары  жариялаған. 1995 жылы  Ш.Ш.  Уəлиханов  атындағы  Тарих  жəне  этнология 

институтының  елеулі  ғылыми  кезең  болды. XIX-XX ғғ.  қазақ  халқының  этникалық  процестеріне, 

шаруашылығы  мен  кəсібіне,  материалдық  жəне  рухани  мəдениетіне,  неке  мен  отбасылық 

жағдайларына  арналған  «Казахи» (историко-этнографическое  исследование)  деген  коллективтік 

монография жарық көрді. Еңбектің «Отбасылық-некелік қатынастар» деген бөлімін Халел Арғынбаев 

жазған.  Бұл  еңбекте  де  қазақ  отбасының  түрлері,  отбасы  мүшелерінің  арасындағы  қатынас,  неке 

түрлері, құдалық, қалыңмал, жасау мəселелері дəстүрлі тұрғыда сипатталып жазылды [6, 74-75-бб.].  

Атталған  зерттеудің  жаңа  мағлұматтары  орысша-қазақша  мəдени  жəне  ғылыми  байланыста 

отандық тарихты оқуда, қазақ халықының дəстүрлі мəдениетін оқуда оның аспекттерінің қолданылу 

құндылығында.  Бұл  монографиядағы  жаңа  мəліметтер  зерттеушілер  үшін  қызығушылық  тудырып, 

нəтижесінде  қазақ  халқының  этномəдени  процесстері  туралы  жаңа  жұмыстарды  жасауда 

пайдаланылды [7, 161-б.].  

Бүгінде Отандық тарих пен этнографияға тəуелсіз көзқарас қалыптасып, халықтың салт-дəстүріне 

қызығушылық күннен-күнге артып отыр. Бұл орайда, этнограф Халел Арғынбайұлы қазақ халқының 

тарихи-мəдени  мұрасын  анықтап-зерттеуде  қалдырған  ғылыми  еңбектерінің  тарихи-танымдық  жəне 


314 

 

тəрбиелік  мəні  ерекше.  Қазақ  халқының  рухани,  мəдени,  тарихи  мұраларын  зерттеу  нəтижесінде 



жазған  ғылыми  еңбектері,  халықтың  қолөнері  туралы  жазған  этнографиялық  зерттеулері  жəне  тағы 

басқа да іргелі еңбектері бүгінгі күні тарихи-өлкетану музейлері, археологиялық, əдебиет жəне өнер 

музейлері  экспозицияларынан  көрініс  тапты.  Сол  музейлерде  сақталып  отырған  сансыз  ұлттық 

мұраны зерделеуде табылмас қазына көзі болып табылады.  

Х.А.  Арғынбаев  Қазақстандағы  этнографиялық  ғылымының  негiзiн  салған  академик 

Ə.Марғұланның ғылыми мектебi дəстүрiн дамытты. Халел Арғынбайұлының қазақ халқының салт –

дəстүр,  əдет  ғұрпы  мен  мəдениеті  жалпы  этнографиясын  зерттеу  барысында  жарияланған  ғылыми 

еңбектері көлемді, ал мазмұны өзекті. Ғалым – қазақ этнографтарының құрметті көшбасшысы болды. 

Қазақстан  Республикасы  ҒА-ның  Ш.Ш.  Уəлиханов  атындағы  Тарих  археология  жəне  этнология 

институтының бөлімін басқарады.  

КСРО  Министрлер  Кеңесінің  Жоғарғы  аттестациялық  комиссиясының  шешімімен 1982 жылы 

ғалымға Археология жəне этнология кафедрасында профессор ғылыми атағы берілді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет