Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет76/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79

 

Əдебиеттер

1.

 



Өмер  Заимоғлы.  Студенттердің  кілем  өнері  арқылы  педагогикалық  іс-əрекетке  дайындаудың  дидактикалық 

шарттары. Түркістан 2008. 3 б. 

2.

 

Нүрпейісов Ə. «Қазақ халқының ою-өрнегі» – Алматы, 2002. 



449 

 

3.



 

Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. – Алматы, 2003. 

4.

 

Тəжімұратов Ə. Шебердің қолы ортақ. – Алматы, 1977. 



5.

 

Жəнібеков Ө. «Жолайрықта» – Алматы, 1995. 



6.

 

Қасиманов С. «Қазақ халқының қолөнері» – Алматы, 1995. 



7.

 

Жүннен жасалатын бұйымдар. – Алматы, 1990. 



8.

 

Жас  ғалым-2009  атты  ІІІ  Халықаралық  ғылыми-парктикалық  конференциясының  еңбектері.  Амангелдина  З. 



«Ою-өрнектің өткені, бүгіні, болашағы.» – Тараз, 2009. 

9.

 



Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. – Алматы, 2003. 

10.


 

Жүннен жасалатын бұйымдар. – Алматы, 1990. 

11.

 

Қасиманов С. «Қазақ халқының қолөнері» – Алматы, 1995. 



12.

 

Жас  ғалым-2009  атты  ІІІ  Халықаралық  ғылыми-парктикалық  конференциясының  еңбектері.  Амангелдина  З. 



«Ою-өрнектің өткені, бүгіні, болашағы.» – Тараз, 2009. 

 

 



Ə. М. Егеубаева 

«Əзірет Сұлтан» қорық мұражайының кіші ғ.қ. (Түркістан қ.) 

 

СЫНЫ КЕТСЕ ДЕ, СЫРЫ КЕТПЕНГЕН СЫРҒАЛАР 

 

«Əзірет  Сұлтан»  тарихи  мəдени  қорық  мұражайы  халқымыздың  тарихи-мəдени  мұраларын 



жинақтап,  зерттеп-зерделейтін  мекемелердің  бірі.  Құрылған  кезден  бастап,  халқымыздың  тарихына 

қатысты  деректер  мен  жəдігерлер  жинақтау  ісін  басты  назарға  алған  мұражай  қызметкерлері 

тарихымызға  қатысты  көптеген  құндылықтарды  жинап,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге  де 

көп  үлес  қосуда.  Сол  бағытта  жұмыс  жүргізіп  жүрген  мұражайдың  бір  саласы – археология. 1996 

жылдан  бері  қазба  жұмыстарын  Ə.Марғұлан  атындағы  Археология  институтының  ғалымдарымен 

бірлесіп  жүргізілді.  Сол  жұмыстардың  барысында  жүз  елуден  аса  тарихи  мəдени  ескерткіштер  мен 

қала  орындары  жəне  қоныстар  анықталды.  Əсіресе  оазистегі  ірі  төрт  қала  Шойтөбе-Шауғар,  Ескі 

Түркістан,  Сауран,  жəне  Сидақ  Ата  қазбаларынан  табылған  аса  қызықты  материалдар  көне 

замандардағы жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылығынан мол мағлұмат берді. Сондай-

ақ, тарихымызға қатысты құнды деректер болып табылады. Міне сол төл тарихтың терең түпкіріндегі 

жинақталған  бағалы  құндылықтарды  жарыққа  шығарып,  зерттеп-зерделеп  мұражайдан  орын  беріп, 

халық игілігіне айналдыру үшін, ғылыми- зерттеу жұмыстар жүргізілуде. Мұражай қорындағы əр бір 

жəдігерлерді  насихаттап  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  əрбір  мұражай  қызметкерлерінің 

еншісінде. Солардың бірі археологиядан табылған құндылықтар.  Қазақстан  жеріндегі  б.з.д. V–ІV 

ғғ.  Есік  қорымынан  табылған  алтын  əшекейлер  мен  б.д.д.  ІІІ–VІ  ғғ.  Шілікті  бұйымдары  «Алтын 

жауынгерлер» жерленген бірегей комплекстердегі дүниелер, сондай ақ, «хайуанаттар стилінің» б.д.д. 

ІV–ІІІ  ғғ.  тамаша  үлгілерін  қалдырған  ертедегі  берелдік  шеберлердің  өнерлері  көпшілікті 

таңқалдырмай  қоймайды.  Солардың  қатарына  Шпан  қорымында  жүргізілген  археологиялық  барлау 

қазбасынан табылған «Əзірет Сұлтан» тарихи-мəдени қорық музейі қорындағы қола дəуірі, андронов 

мəдениетінің  алакөл  кезеңіне  жататын  б.з.д.  ХV–ХІІ  ғғ.  алтыннан  жасалған  құлақ  əшекейлерін  де 

қосар  едік.  Мұражай  қорындағы  құлақ  əшекейлері  мен  қатары  орта  ғасырларда  алтыннан  жасалған 

сырғаларды да айтуға болады [1, 251-б.].  

Сырға сəн үшін тағылатын зергерлік бұйым. Сырға тағу бүкіл дүние жүзі халықтарына тəн əдет. 

Сырғаны  көбіне  əйелдер  құлаққа  тағады,  кейбір  елдерде  Үндістанда,  Африкада  мұрынға  тағу  да 

кездеседі.  Орайы  келгенде  айта  кету  керек.  Осыдан 7 000 жыл  бұрын  Азияда  арнайы  ерлер  үшін 

сырға  жасайтын  ұсталар  болған  екен.  Сырғаны  бəле-жаладан,  ауру-сырқаудан  сақтандырушы  зат 

ретінде  бағалап,  оны  көздің  көру  қабілетін  арттырады,  теңізшіні  суға  кетуден  сақтайды  деген 

сеніммен  таққан.  Ал  Бирмада  тақтан  дəмелі  король  ұрпақтарының  құлағы  міндетті  түрде  тесіліп, 

сырға  салынатын  болған.  Тіпті  казактарда  да  сырға  тағу  болған  екен.  Сол  құлаққа  тағылған  сырға 

жалғызбасты ананың соңғы һəм жалғыз ұлы екенін білдірсе, оң құлаққа тағылған сырға жалғызбасты 

əкенің  ұлы  екенін  білдірген  көрінеді.  Казактардың  салты  бойынша,  бұл  жігітке  қатардағы 

казактармен қатар атаман да жауапты болады, яғни, соғыстарда қорғаштап жүруге міндетті екен [2, 

13-б.].  Франсуз  корольі  Генрих  ІІІ-нің  құлағындағы  сырғамен  салынған  портреттері  əліге  дейін 

сақталған.  Көрші  ел  Россияда  сырға  тағу - патша  Павел  І-нің  кезінде  сəнге  айналыпты.  Сондай  ақ, 

жауынгер  бейнесіндегі  бал  бал  тастар  мен  Ұмай  ана  бейнесіндегі  тас  мүсіндерге  қарап,  сырғаны 

түркілер кезеңінде де, ерлердің де, əйелдердің де таққанын көруге болады. Сырға тағу кеше мен бүгін 

пайда  болған  түсінік  емес,  əйелдердің  құлағында  сырғалар  қаншама  ғасырлардан  бері  жарқырап 

келеді.  Мысалға  неолит  заманында  сүйектен,  мүйізден,  қола  дəуірінде  металдан  жасалған  сырғалар 

таққан. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырдан бастап алтынданған күмістелген сырғаларға асыл 

тас  орнатылған  сырғаларды  пайдаланған.  Оларды  «тас»  немесе  «көз»  деп  атаған.  Мұндай 

салыстырулар  кездейсоқтық  емес,  орнатылған  тастар  бəрін  байқайтын,  қорғайтын  көз  ретінде 

қабылданып, онда сыйқырлы күш бар деп санаған.  



450 

 

Барлық шығыс халықтарында тастарға ғажап қасиеттер таңылып, ежелден дененің ашық жерлерін 



-  аяқ-қол,  саусақ,  мойын,  құлақ,  мұрын  сияқты  дене  мүшелерін  қатты  заттардың  көмегімен  қорғау 

қалыптасқан. Бұл жүзік, балдақ, сырға, білезік, моншақ, алқаның пайда болуына əкеліп соқты. Олар 

сыртқы зұлым күштермен күресте жəрдемдесетін магиялық қорған болып есептелді. Ежелгі түркілер 

сырғаны «құлақ моншақ» деп те атаған екен. Əйелдер үшін сырға ең сүйікті əшекейлердің бірі болып 

саналып,  бала  күннен  қартайған  шаққа  дейін  таққан.  Сырға – əйелдің  киіну  мəдениетіндегі  басты 

назарда  болатын  əшекей  болғандықтан  қымбат  бағалы  металл  ретінде  көбінше  алтыннан  жасалды. 

Алтын – қашанда  бағалы  асыл  тас.  Оны  өндіру  мен  өңдеу  ол  заман  түгілі  бүгінгі  техникасы  мен 

технологиясы  дамыған  заманда  да  оңайға  соғып  отырған  жоқ.  Алтын  тек  байлықтың  ғана  белгісі 

емес,  ол  биліктің,  өркениеттің,  ғылымның  белгісі,  халық  кемелдігінің  көрінісі.  Осыдан 2,5 мың 

жылдардай  бұрын  біздің  бабаларымыздың  алтыннан  киім  киюі,  сауыт  соғуы,  оларды  күнделікті 

тұрмыста  кеңінен  қолдануына  байқауға  болады.  Олардың  алтын  бұйымдарды  асқан  шеберлікпен 

жасауы,  биік  талғамның  болғанын,  жəне  сақтар  мəдениетінің  ескі  замандардың  өзінде  қаншалықты 

жоғары  болғанын  көрсетеді  Алтын  сары  түсті,  созылғыш  металл,  хим  инертті  элемент.  Сыртқы 

ортаның  химиялық  əсеріне  аса  төзімді.  Сілтілер  жəне  жеке  қышқылдар  алтынға  əсер  етпейді.  Тек 

«Патша  сұйығында»  жəне  кейбір  күшті  қышқылдар  қоспасмында  ғана  ериді.  Сондықтан  да 

жаухарларымыздың  жер  қойнауына  ғасырлар  бойы  жатып  бізге  тамаша  күйде  жетуі  алтынның 

құрамының төзімділігінен деп қабылдағанымыз жөн [3, с. 5]. 

Енді,  тақырыбымызға  арқау  болып  отырған  мұражай  қорындағы  археологиялық  қазбадан 

табылған  алтын  сырғаларға  тоқталсақ.  Олардың  саны  төртеу  сақталу  деңгейлері  де  жақсы,  жасалу 

мерзімдері  де  бірдей.  Табылған  жерлері  бір-біріне  жақын  орналасқан  қала  орындарынан  Сауран, 

Шойтөбе  қазбаларынан  шыққан.  Солардың  бірі  ерекше  үлгідегі  сұрақ  белгісі  тəрізденген  сырға 

тоқталсақ.  Ол  ƏСММ  КК  №1067  инв  Аб-алт-303.  тіркелген  сырға.  Ол  ХІІІ–ХІV  ғғ.  тəн.  сынамы 

алтын 500 металды ию арқылы жасалынан. Өлшемі 3 х 1,5 см., салмағы. 1,11 г болып келген. Сырға 

2000  ж.  Сауран  қаласы  қазбасынан  табылған.  Сырғаның  пішіні  сұрақ  белгісіне  ұқсас,  екі  інжуі 

тізілген. Ғылымда мұндай сырғаларды «қыпшақ» үлгісіндегі алтын сырғалар делінеді. Осындай сұрақ 

белгісі бар мыс сырға Отырардан да табылғанын айта кету керек. Ол қарапайым мыстан жасалынған 

оны, билік өкілі емес Отырардың қарапайым тұрғыны таққан болуы керек. Жалпы мұндай сырғалар 

кейінгі  ортағасырлық  қабаттардан  жиі  табыла  бастады.  Тараз  №3  рабадының  ХІІІ–ХІV  ғғ. 

қабаттарынан да сұрақ белгісі бар сырға табылған болатын жəне Т.Н. Сенигова мұндай сырғалардың 

Орталық  Қазақстан  аймағындағы  обалардан  табылып  отырғанын  тілге  тиек  етіп  қалалықтарға 

қыпшақтардың ықпалы жөнінде айтты [4, 37-б.].  

Сұрақ  белгісі  үлгісіндегі  алтын  сырға  Сауранның  орталығындағы  стратиграфиялық  қазбасынан, 

ХІІІ–ХІV ғғ. қабатынан шыққан. Біз мұны қыпшақ жəне басқа далалық тайпалар өкілдерінің қалалар 

халқының  құрамында  болғанының  айғағы  деп  түсінуіміз  керек  Сырғаны  билік  өкілдері  алтыннан 

жасатып əшекей ретінде құлаққа тағуға пайдаланған. Сырға сырғалықтан жəне сұрақ белгісі тəрізді 

негізгі бөліктен тұрады. Сырғалығы сым, пішіні ілмек тəрізді. Сымның бір ұшы сұрақ белгісіне ұсас 

негізгі  бөлікке  шиыршықтала  бұралған.[5, 27-б.].  Тағы  да  айта  кету  керек  осындай  сұрақ  белгісіне 

ұқсас  сырғалар  Түркіменстанның  Ташау  обылысындағы  орта  ғасырлық  Шехрлик  қаласынан  да 

табылғанын  археологтардың 2000ж.  есептерінде  айтылған.  Келесі  ХІІІ–ХІV  ғғ.  жататын  КК  № 979. 

Инв  Аб-алт-355  алтын  сырға.  өлшемі  бойынша  диамметрі: 2см  болып  келген.  Салмағы 1,63 г. 

тең.сынамы  алтын 500. Сақталуы  жақсы.1997–1998  жж.  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінің  Қазандық 

бөлмесіндегі  №50  бейіттің  ІІІ  қабатынан  табылған.  Сырғаның  бір  басы  жуандатылып,  сегіз  қырлы 

«многранник»  сияқты  болып  жасалған  да,  екінші – жіңішке  жағына 5 дана  маржан  моншақтар 

тізілген. Осы сырғаларға ұқсас сырғалар да Отырар қоймаларынан да табылған [6, 63-б.].  

 

 

 



Сурет 1. Сырғалар. Кк 1067, Кк 979. 

451 

 

  



 

Сурет 2. Сырғалар. Кк1068, Кк 1069. 

 

Ендігі кезектегі алтын сырғалар Əсмм КК 1069 инв.АБ-алт-300. өлшемі бойынша диаметрі 1,5 см 



салмағы 0,79 гр. Алтынның сынамы 600 болып келген. Келесі ƏСММ КК № 1068. инв АБ-алт- №299. 

өлшімі  бойынша  диаметрі 1,2 см  тең  болып,салмағы,0.57  гр.  алтынының  сынамы 350 тең.  болып 

келген.  Бұл  екі  сырға  да 2000 жылы  Шойтөбе  қаласы  қазбасынан  табылған.  Жасалу  мерзімдері  де 

бірдей  яғни  ХІІІ–ХІV  ғғ.  шамасында  жасалған.  Сырғалардың  пішіндері  бір-біріне  ұқсаc  дөңгелек 

тəрізденіп  келіп, бір  басы  көпқырлы  болып, келесі  бастарына  моншақ  тізілген. Ақ  түсті  маржаннан 

біреуіне  екі,  келесісіне  бір  данасы  өткізілген.  Біз  археологиядан  табылған  алтыннан  жасалған 

сырғаларды таныстра келіп сырғалар қай кезеңде де əйелдердің ең сүйікті əшекейлердің бірі болып 

саналатына  көз  жеткіздік.  Қай  кезеңде  де  сырғалар  əртүрлі  үлгілерімен  жəне  нұсқасымен 

ерекшеленді.  Сырғаларды  қазақтың  қыp  келіншектері  бала  күннен  қартайған  шаққа  дейін  таққан. 

Біздің қорымыздағы сырғалар да ерекше үлгідегі сырғалардың бірі ретінде қазақ қыз келіншектерінің 

арасында  беті  тегіс  ою-өрнектелген,  жай  жəне  пішін  үйлесімділігі  күрделі,  ұзын  шынжыр  баулы, 

салпыншағы  бар  домалақ,  өрнекті  тастар  салынған  əшекейлі,  шетінде  сым  шашағы  бар  қоңырау 

түріндегі  түрлі-түсті  пасталы  немесе  шынылы  жəне  басқа  да  түрлері  сырғалардың  қатарында  да 

қолданған  деп  батыл  айта  аламыз.  Мəдени  қазыналарымызды  халыққа  насихаттап  тарихтың  терең 

қатпарларымен  таныстыру  мақсатында  жұмыстар  жасау  мұражайдың  басты  қойған  мақсаты. 

Осындай берік бағытты ұстанған мұражайдың ғылыми қызметкерлері мəдени құндылықтырымызды 

насихаттауды алдағы уақыттарда да жалғастыра бермек.  

 

Əдебиеттер: 

1. Өсеров Т. Хан кененің қасиетті мұраты. Шпан қорымы көне дəуір ескерткіштері. –Түркістан: 2010.  

2.  Байғұтова  А.М. «Қазақ  əйелі»  концептісінің  этномəдени  сипаты - Диссертатцияның  авторефераты. – Алматы, 

2008. 

3. Золото мира. – Москва Аванта-Астрель, 2006. 



4.  Қожа  М.  Ортағасырлық  Отырар:  тарихи  археологиялық  деректер  негізіндегі  докторлық  диссертациясының 

авторефараты. – Алматы, 2009.  

5. Байпақов К. Ортағасырлық Сауран шаһары – Алматы, 2005. 

6. ƏСММ. Арх

еологиялық есебі –1997.  

 

 



Б. Абдрасилов 

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени  

қорық-мұражайының реставраторы (Түркістан қ.) 

 

ƏЗІРЕТ СҰЛТАН КЕСЕНЕСІНІҢ ҚҰЖЫРА ЕСІКТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 



 

Қазақ халқында есіктің алар орны ерекше. Есік жалпы үй бөлігінде киелі де қасиетті орын болып 

табылады.  Есік  ежелгі  дəуірден  бастау  алғанына  біздің  еш  шүбаміз  жоқ.  Негінен  көпшілікке  мəлім 

есік-үй  мен  бөлменіңт.б.  ашып-жауып,  кіріп-шығатын  орны. [1, 453-б.].  Сондай-ақ  есікті  көп 

мағынада пайдаланады. Мысалы «екі ғасыр есігін ашқан», «жанашырдың есігінде қалды» жəне т.с.с. 

Ал, М.Қашқаридың еңбегінде есікті «қабуг» деп атап көрсеткен, сонымен, бірге, есік жайлы біршама 

мысалдар да көрсетілген [2, 355-б.].  

Есікті  айтқанда  адам  ойына  босағаға,  табалдырыққа,  тағы  басқа  есік  бөліктеріне  байланысты 

ырымдар  мен  тыйымдардан  айқын  көрінеді.  Халық  əдебиетінде  есікке  байланысты  бейнелі  ойлар, 

астарлы сөздер, мақал мəтелдер жиі кездеседі. Мəселен, «қайта кірер есігіңді қатты жаппа», «Есіктен 

орын  тапсаң,  төрге  озба»  есік  жайында  Ө.Жəнібеков  еңбегінде  «Қазақ  арасында  «Ергенек  кетсе, 


452 

 

есіктен береке кетер» деген мəтелдің кеңінен тарағаны оның «Ауызбірлік кетсе, отбасынан құт кетер» 



деген пəлсапалық мəнімен тікелей байланысты. Ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан осы бір ата 

сөзінің біздің замандастарымыз үшін де өнегелі өсиет болып қалғаны даусыз» [3, 19-б.]. 

Киіз үйдің ағаш есігін – сықырлауық дейді. Ол киіз үй ішіне қарай ашылатын есік. Есік бірнеше 

бөліктен  тұрады.  Олар:  маңдайша,  екі  босаға,  табалдырық  жəне  екі  жақтау  есік.  Бұл  жайында 

«Этнографические заметки» аттыорыс зерттеушілерінің еңбегінде де аталып өткен [4, 33-б.]. 

Адам  алғаш  үйге,  мешітке  сондай-ақ,  көпшілік  орындарда  бірінші  ашып  кіретініміз  есік. 

Сондықтан  да  есік  асқан  зеберлікпен,  айрықша  ықылыспен  безендіріліп,  оюланып  жасады.  Ондағы 

ғажап  өрнектер  халқымыздың  бай  мұрасын,  мəдениетінің  мазмұнын,  өткені  мен  бүгінінен  хабар 

береді. Қазақта есікке көп мін берген. Ерекше талғаммен ағаштың ес сапалы да төзімді түрінен жасап 

шығарған. Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен 

бірге,  қазақтың  тұрмыстық  тұтынуындағы  бүтін  аспаптың  түгелдейінің  заты  ағаш.  Себебі,  ертеде 

қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған. Неге 

десеңіз, ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге, ол тұрмыстық зат есебінде ғана 

емес,  сəн  үшін  де  қолданып,  биік  өнер  дəрижесіне  жеткізген. «Алтынмен  аптап,  күміспен  қаптап» 

дегендей,  əр  əулеттің  жағдайына  қарай  зерлеп,  əшекейлеп  жасалған  дүниені  тұтынып  келген.  Ерте 

кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл 

кəсіп қолданбалы сəндік өнер деп айтылады. 

Бұдан  дана  халқымыздың  əрбір  тұтынған  мүлкі  мен  заттарын  мағыналандырып  киелілік, 

қасиеттілік  сипат  дарытқаны, олардың  əрқайсысына  терең  мəн  бере  тұрып, əрбір  қолданған  сəтінде 

ғибрат  алуға  ұмтылғаны  көрінеді.  Сондықтан  да  кесенедегі  есіктер  зор  ықыласпен,  айрықша 

шеберлікпен,  асқан  талғампаздықпен,  ғажап  көркемділікпен  əшекейленуі  заңды.  Осы  құнды 

жəдігерлер  біздің  дəстүрлі  мəдениетіміздің  терең  мазмұнынан,  діліміздің  сырлы  əлемінен  хабар 

беріп,  əрқайсымыздың  жүрегімізден  терең  тамыр  алатын  ел  жұртымызға,  туған  халқымызға,  төл 

мəдениетімізге  сүйіспеншілігімізді  қозғайтыны,  өткеніміз  бен  бүгініміз  арасында  жанды  байланыс 

түзетіні  хақ.  Баршамызға  белгілі  «Əзірет  Сұлтан»  кесенесіндегі  есіктердің  жасалу  шеберлігі  жайлы 

зерттеліп жүр. Кесене ішінде Əмір Темір заманынан қалған екі түпнұсқа есік бар, оның бірі қəбірхана 

есігі  «Қапсырма»  екіншісі  қазандық  бөлмесінің  есігі  «Қақпа».  Кесенсінің  есігінің  өрнегі  сияқты 

ішкері  оюлары  бірінен  бірі  шағындау  болып,  бірінен  бірі  тереңдеу  ойылатын  нақыштар  өзінің 

көлемдік,  көлеңкелік  сəндəлігі  арқылы  көркемдік  деңгейге  көтереді.  Ондай  өрнектерге  бояудың  еш 

қажеті  жоқ.  Кесенеде  бұл  екітерден  басқа  құжыра  бөлмелердің  де  есіктер  бар.  Осындай  есіктердің 

бірі XIX ғасырдан  сақталған, құжра  бөлмесінің  есіктерін  асқан  шеберлер  шеберлікпен  есіктің  берік 

жəне  əсем  жасалуымен  қатар,  рəміздік  мəн-мағынасын  арттыру  үшін  оған  символдық  мəнге  ие  ою-

өрнектермен  бедерленуіне  көңіл  бөлген.  Өрнектерден  басқада  бұл  есікте  парсы  тілінде  арап 

əріптерімен  ағашқа  ойып  жазылған  өлең  шумқтары  кездеседі.  Онда  шебер  өзінің  Бұхарлық  шебер 

екенін жазып кеткені байқалады дəл мағынасы  

1 Диорам Бухара астконам сафар  

2. Ке хаджи бе холам комад иек халам  

3. Аз инь даар кохни гозара конам Ве йаран беманд аз мал йек асар- деп көрсетілген. Бұл жазбаны 

мұражай  қызметкері  К.Асетова  қазақ  тіліне  аударып,  ақын  Ə.Манаповтың  еркін  қазақша 

тəржімаланған мағынасы төмендегіше: 

Бұхараға-Отаныма барамын  

Ұстазыма, туған жердің төсіне.  

Сездіремін жай күйімнің хабарын Мəңгілікке кетсем алар есіне. 

Тек ісі өлмес, мəңгілікке кім қалар  

 Талпыныс пен бейнет дəмін шеккенде  

Дос- жараным айта жүрер із қалар. 

Мен өмірден бақилыққа кеткенде –  

деп шебер өзінің қолынан шыққан өнер туындысын ғибратты өрнектермен əшекейлегенде, өзінің 

де бұл дүниеде мəңгі емес екенін, жаратылыстың да баянсыздығын ескере отырып, болашақ ұрпаққа 

өнеге, өрнек қалдырып, оның бағыштаған дұғасына мұқтаж екенін де айтады. 

Бұл  күнде  құжра  бөлмесінің  есіктері  «Əзірет  сұлтан»  мемлекеттік  тарихи  –мəдени  қорық 

мұражайының этнографиялық қор сақтау бөлімінде құнды жəдігер (экспонат) ретінде сақтаулы.  

 


453 

 

 



 

     Сурет 1.Реставрацияға дейінгі есік.                         Сурет 2. Реставрациядан кейін.  

 

Экспозицияда жəне қорда тұрған жəдігерлерге алғашқы тазалық жұмыстарды жəне қайта қалпына 



келтіріп экспозициялық түрге ендіруді қажет ететін жəдігерлердің тізмін жасауға байланысты құжра 

бөлмесінің  есіктері  реставрациялық  бөлімге  алынды.  Қайта  қалпына  келтіру  барысында  есіктер 

толықтай  кірден  шаң  тозаңнан  тазаланып,  арнайы  дəрі  себіліп,  ары  қарай  ұзақ  сақталуы  үшін 

сыртынан  сұйық  натрий  шынысымен  қапталды.  Есікте  сонымен  қатар,  өсімдік  тектес  өрнектер  де 

салынған. Өрнектің салынуында да терең сыр бар. Өсімдік көгерудің, өсудің, жастың белгісі іспеттес. 

Сонымен бірге есіктің келесі бетінде «Ергенек» өрнегі салынған. Ол «Ергенек» қазақ тілінде киіз үй 

босағасының ортан беліне жететіндей етіп бөллек тоқыған есік сияқты шарбақты немесе кереге көз 

етіп көктеген бірнеше сабау ағашты ергенек дейді. Киіз үйге мал, ит кірмеу үшін, кейде сол ергенекті 

көлденең  қоя  салатын  əдет  болған [5, 14-б.].  Қазақ  жақсы  көрген  баласын  айналып  толғанғанда 

«есігіңе  ергенек  болайын»  дейді.  Онысы  есігіңе  күзетші  болайын  дегені. «Ергенек  таңба»  деген  ру 

таңбасы, мал таңбасы бар. Осылайша өте нəзік те қарапайым ергенек таңбасымен безендірілген. 

Кейде  бəсекелес  төрелер  мен  байлар  киіз  үй  есіктерінің  ішкі  жағын  түгелдей  əр  түрлі  өрнекті 

сүйек,  күміс  əшекей  жəне  түрлі  түсті  асыл  тастармен  де  сəндейтін  болған.  Əдетте,  маңдайша  мен 

босағалардың  сыртқы  беттері,  табалдырықтың  екі  жағы  да  ешбір  ою-өрнек,  əшекейлермен 

безендірілмейді.  Оның  есесіне  ашпалы  есіктердің  сыртқа  қарайтын  беттеріне  ою-өрнектер  ойылып, 

түрлі түсті бояулармен сырланады. 

 

Əдебиеттер: 

1.

 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – А,1978. – 453-б. 

2.

 



М.Қашқари. «Диуани луғат ат-Түрік» – Алматы, 2005. – 355-б. 

3.

 



Жəнібеков Ө. «Жолайрықта» – Алматы, 1995. 19-б. 

4.

 



Этнографические заметки. 34-том. – Астана 2007. – 33-б. 

5.

 



Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. – Алматы, 2003. –14-б. 

 

 



Ж. Қобдабай 

əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың  

«Археология жəне этнология» мамандығының  

1-курс магистранты (Алматы қ.) 

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ  

ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ҚОРЫ 

 

Маңғыстау  облыстық  тарихи-өлкетану  музейі  облыстың  мəдени  орталықтарының  бірі, 



республикамыздың  танымал,  көрнекті  жабдықталған  музейлерінің  бірі  болып  табылады.  Ол 

материальдық  жəне  рухани  мұраларды  сақтауды,  есепке  алуды,  қорғауды  қамтамасыз  ететіндіктен, 

еліміздің  басты  мəдени  ошағының  бірі  ретінде  қызмет  атқарады.  Музей  экспонатымен  құнды 


454 

 

демекші,  аталған  музейдің  баға  жетпес  құнды  экспонаттары  көп  жылғы  еңбек  нəтижесінде 



жинақталды. Оларды жүзеге асыруда музей қызметкерлерінің де еңбегі өте үлкен. Сондықтан да, бұл 

тарихи-мəдени  мұраларымызды  сақтайтын  музей  көне  тарихтың  куəсі,  өткенімізден  сыр  шертіп, 

бүгінгі  күнге  дейін  сақталынып  жетіп  отырғандықтан,  оларды  насихаттау  əрбір  азаматтың  еліне, 

туған  жеріне  деген  жанашырлығы,  мəдени  мұраларға  деген  қамқорлығы  болмақ.  Маңғыстау 

облыстық тарихи-өлкетану музейі қазіргі таңда өркендеп, тамырын тереңге жайып келеді. 

Музейдегі  этногрaфиялық  қор  экспонaттaры  Мaңғыстaу  өңірінің  рухaни  жəне  мaтериaлдық 

мəдениетіне  aрнaлғaн  коллекциялардан  құралатын  үлкен  залда  орналасқан.  Мұндaй  қорындaғы 

ерекше экспонaттaр қaтaрынa өзіміздің киіз үйімізді жaтқызуғa болaды. 

Этноргaфия зaлындa орнaлaсқaн киіз үй – тaрихымыздaғы ең aлғaшқы сəулеттік құрылыс. Киіз үй 

көшіп  қонуғa ыңғaйлы,  жер  сілкінісіне  төтеп  беретін  ең  қолaйлы  жəдігер. Қaзaқ  хaлқы  дa киіз  үйді 

сaн мыңдaғaн жылдaр бойы өзінің төл бaспaнaсы етіп келді. Бұл киіз үйді музейге əкеліп тігіп, оны 

сəндеп,  орнaлaстырып,  тaбыс  еткен  Сaрa  Орынжaновa aпaйымыз.  Киіз  үйдің  ішкі  жəне  сыртқы 

көріністері  ерекше  сипaттaлғaн.  Киіз  үйдің  ішінде  aнa  мен  келін  жəне  бaлa  бейнеленген.  Киіз  үй 

бaрлық  қaжетті  жaбдықтaрмен  жaбдықтaлып,  ою-өрнектермен  əсемделген  бұйымдaрмен 

толтырылғaн. Мaңғыстaудa киіз үйді aғaш үй деп aтaғaн [1, 58-б.]. 

Мaңғыстaу облыстық «Мəдени мұрa» өңірлік –сaлaлық бaғдaрлaмaсы aясындa музей қорындaғы 

жəдігерлер турaлы «Текеметтің түрлері»,«Киіз үйдің жүннен жaсaлғaн бұйымдaры» aтты кaтaлогтaр 

жəне«Мaңғыстaудың  зергерлік  өнері» aтты  фотоaльбом  жaрық  көрді.  Бұл  бaсылымдaрды  шығaруғa 

себеп болғaн – мұрaжaй қорындaғы  зергерлік  бұйымдaрдың, текеметтердің жəне киіз үйдің жүннен 

жaсaлғaн  бұйымдaры  бaй  коллекциясының  сaқтaлуы.  Мaңғыстaудың  киіз  үйі  ХVІІІ  ғaсырдa  қaндaй 

сəн-сaлтaнaтымен,  жaсaу-жaбдығымен  тігілсе,  бүгінгі  ХХІ  ғaсырдың  бaсындa  дa  сол  қaлпын  сaқтaп 

қaлғaн  ерекше  мұрa.  Мaңғыстaу  облыстық  тaрихи-өлкетaну  музейі  осы  aсыл  мұрa  турaлы  «Мəдени 

мұрa»  өңірлік-сaлaлық  бaғдaрлaмaсы  aясындa «Мaңғыстaудың  киіз  үйі» aтты  бейнефильм  түсірді. 

Бейнефильмде  киіз  үйдің  aғaш  сүйегінің  қaлaй  құрылaтыны,  тaңғыштaрының  қaлaй  бaйлaнaтыны, 

киіз  жaбындылaрының  рет-ретімен  қaлaй  сaлынaтыны,  сонымен  бірге  киіз  үйдің  бaрлық  жүннен 

жaсaлaтын  бұйымдaрының  қaлaй  дaйындaлaтыны  толықтaй  көрсетілген.  Бейнефильм  ғылыми-

көпшілік бaғыттa қaзaқ тіліндегі мəтінмен түсірілді.  

Музейдің  этногрaфия  бөлімінде XIX–XX ғғ.  Мaңғыстaу  өңіріндегі  ел  aрaсынaн  жинaлғaн  қaзaқ 

хaлқының  тұрмыс-сaлты,  зергерлік  өнері,  музыкaсы,  мaл  шaруaшылығы,  диқaншылық,  құсбегілік, 

aңшылық, бaлық aулaу кəсіптеріне қaтысты құнды жəдігерлер қойылғaн. 

Этногрaфия  зaлындa  өлкені  мекендеген  хaлықтaрдың  ХХ  ғaсырдың  бaсынa  дейінгі  тұрмысы, 

негізгі  кəсіптері  мен  шaруaшылығы  жəне  сəндік  қолдaнбaлы  өнері  турaлы  көрсетілген.  Мұндa  əр 

кезеңде хaлық шеберлерінің қолынaн шыққaн ұлттық қолөнер бұйымдaры, зергерлік бұйымдaрының 

озық  үлгілері  қойылғaн.  Сонымен  бірге  ерекше  жaбдықтaлғaн  киіз  үй  жaсaулaры  дa  көз  тaртып, 

келген  қонaқтaрды  еріксіз  тaңқaлдырaды.  Мұрaжaй  мaқтaнышы – бaғaлы  метaлдaр  мен  тaстaрдaн 

жaсaлғaн  ұлттық  зергерлік  бұйымдaрдың  көз  тaртaр  əдемі  əрі  бaй  коллекциясының  кейбір  үлгілері 

бұл зaлдaн орын aлғaн.  

Ұлт  тaрихын  нaсихaттaудa  əсіресе,  этногрaфиялық  жəдігерлердің  aлaтын  орны  ерекше  болып 

тaбылaды. Этногрaфиялық жəдігерлер хaлқымыздың сaлт-дəстүрлерінен, əдет-ғұрыптaрынaн, тыныс-

тіршілігінен, мəдениетінен мол мaғлұмaт, сaн-aлуaн сыр-сипaт береді [2]. 

Жергілікті  хaлықтың  мaл  мен  егіннен  бaсқa  күн  көрісінің  бір  түрі  бaлық  aулaу,  бaлық 

өнеркəсіпшілігіне  жaлдaнып  қызмет  жaсaу  болды.  Бaлық  aулaу,  бaлық  кəсіпшілігінің  қaрқын  aлуы 

XIX  ғaсырдың 50-інші  жылдaрынaн  бaстaлaды. 1846–1858 жж.  Орынбор,  Сaрaтов, Aстрaхaннaн 

қaзaқ,орыс  шaруaлaры  Кетік  қaлaсынa  көшіп  келе  бaстaды.  Жaңaдaн  қоныстaнғaндaрғa  үкімет 

тaрaпынaн  əр  бес  жaнұя  үшін  aлты  қaбырғaлы,  шaтырлы,  кірпіш  пеші  бaр  қaрaғaй  үй  сaлып  берді. 

Үймен қосa əр жaнұяғa якоры, желкені бaр бір қaйық жəне бaлық aулaйтын құрaлдaр мен 70 сомнaн 

берілді. 

Музей  экспозициясындa  бaлық  кəсіпшілігіне  қaжетті  құрaлдaр  көрсетілген.  Желкенді  қaйық, 

будaркa, жəкір, aу, қaрмaқтaр т.с.с. Бaлық aулaудa,ірі бaлық кəсіпорындaрын aшудa көзге түскендер 

З.  Дубский,  С. Aфaнaсьев,  С.  Климов  т.б.  болды.  Кəсіпшіліктегі  жұмысшылaр  негізінен  жергілікті 

қaзaқтaр,  бaсқa  дa  ұлт  өкілдері  болды.  Қaзaқтaрдың  бaлық  кəсіпшілігімен  aйнaлысaтын  жерлері 

Қaрaжaнбaс, Тaпей, Тереңөзек, Ортaеспе, Қaрaaғaш, Жaндaуыр беті болaтын [3, КП-3973/3.].  

Aуылдың бaрлық тыныс-тіршілігі ұстaның қызметімен тығыз бaйлaныстa болып келеді. Ұстaның 

төске  соғылғaн  бaлғaсының  үні,  жүрек  соғысы  тəрізді  еш  толaстaмaғaн.  Темірден  түйін  түйетін 

ұстaлaр шaруaшылыққa, дaлa тұрмысынa қaжетті құрaлдaрдың бaрлығын жaсaйтын болғaн. Ұстaхaнa 

aуыл шетінде орнaлaсып ұстa жеке жұмыс жaсaйтын болғaн. Музейде ерекше экспозициялaнғaн сол 

кездегі ұстaхaның мaкеті көрсетілген. 

Хaлық шеберлері ұстaлaрдың қолымен үй тұрмысынa керекті құрaл-жaбдықтaр, ыдыс-aяқтaр, егін 

шaруaшылығынa  қaжетті  құрaл-сaймaндaр, aңшылық  кəсіпке  қaтысты  қaқпaн  оның  сүйретпе 


455 

 

қaрмaқтaры Aт əбзелдері жaсaлaды. Ұстaның күнделікті жұмыс кезінде қолдaнaтын құрaлдaры: Төс, 



бaлғa,  қысқaш,  əшкір,  шaпқы,  темір  қыздыруғa aрнaлғaн  көріктер.  Əр  aуылдың  өз  ұстaсы  болғaн. 

Мəселен, Мaңғыстaудa Жұбaй деген aтaқты ұстa болғaн. 

Қaзaқтың  зергерлік  қолөнері  ежелгі  дəстүрлердің  жaлғaстығы.  Хaлық  тaлaнттaры  негізінен 

əйелдердің  сəндік  əшекей  зaттaрын  (сырғa, aлқa,  шaшбaу,  жүзік,  білезік  т.б.),  үй  мүліктерінің  бетін 

(кебеже,  сaндық), aт  əбзелдерін  (ер-тұрмaн,  үзеңгі,  жүген)  əсемдеген.  Күмісті  əшекей  бұйымғa 

aйнaлдырудa шеберлер өте биік тaлғaммен қaрaп, қолдaнылaр орнынa қaрaй өзіндік нaқыштaрды тaбa 

білді.  Күмістің aдaмғa  игі  əсер  ететін  қaсиетін хaлық  өте  ерте  кезден  білген.  Күміс  жүзікті  тaғумен 

шектелмей,  нəрестені  шомылдырғaндa  суғa  күміс  теңге  тaстaп: «Бaлaның  күні  күмістей  жaрық 

болсын» деп жорaлғы жaсaғaн. 

Ұлттық  мəдениетіміздегі  дəстүрлі  қолданбалы  өнер  халқымыздың  тарихымен,  ұлттық  болмыс-

бітімімен,  дүниетанымымен  үндесе  дамып  келе  жатыр.  Тамырын  тереңнен  алатын  қолданбалы 

өнердің көрікті де, көрнекті саласы зергерлік өнер атадан балаға, ұстаздан шəкіртке аусып отыратын, 

тылсым  сыры  бар  киелі  де  қасиетті  өнер,  қастерлі  кəсіп.  Маңғыстау  облыстық  тарихи-өлкетану 

музейі  қорында  жинақталған  ұлттық  зергерлік  бұйымдардың  көлемді  жиынтығы(коллекциясы)  бұл 

өлкедегі зергерлік мектептің жоғары деңгейде қалыптасып, дамып, өркендегенін көрсетеді. 

Оның  өзіндік  себептері  бар:  басқаны  былай  қойғанда  сонау  біздің  дəуірімізге  дейін V ғасырда 

өмір  сүрген  сақ  жауынгерінің  киіміндегі  ою-өрнектің  Маңғыстау  жеріндегі  тастағы  таңбаларымен 

үндес,  ұқсас  екендігін  ғалымдар  да,  оны  қалпына  келтірушілер  де  баса  айтқан  болатын.  Əрісін 

айтпағанның  өзінде  өлкеміздегі  Түбіжік,  Қосқұдық,  Қызылқала  сияқты  тарихи  ескерткіштердің 

орнына  археологтар  қазба  жұмыстарын  жүргізген  кезде  өте  ерте  ғасырларға  жататын  əшекейлерді 

тауып, Маңғыстау өлкесінде зергерлік өнердің сол кезеңдерден дамығандығын айғақтай түседі.  

Оттың  жалынында,  көріктің  көмейінде  металлды  балқыту,  төс  пен  балғаның  ортасында  икемге 

келтіру,  көркемдеу,  өңдеу  Маңғыстауда  əуелден  дағдыға  сіңісті  кəсіп.  Маңғыстау  зергерлері  ХХ 

ғасырға  дейін  көне  тəсілдерді  қолданып  келді.  Қолдағы  шағын  материалдардан  күрделі  əшекей 

бұйымдар  жасады,  оны  қажет  пішінде  жымдастырып,  дəнекерлеп,  одан  кейін  бет  жағын  сіркелеп, 

шиыршықтап жиектеп, көз салып, асыл тастармен безендірді. Осынау қазақ мəдениетіне қайталанбас 

қолтаңбасын  қалдырған  зергерлер  еңбегі  үлкен  құрметке  лайық.  Халқымыздың  қанына  сіңген 

зергерлік  өнер  мен  болмысымыздың  жақұтындай  болған  зергерлік  бұйымдар  ұлтымыздың  баға 

жетпес байлығы, мол мəдени мұрасы. 

Өзінің  жaсaлу  техникaсы  мен  бетіндегі  бедері  жaғынaн  Бaтыс  Қaзaқстaн  зергерлері  жaсaғaн 

əшекейлер  ерекше  болып  келеді.  Мaңғыстaудa «Қырымның  қырық  бaтырын»жырлaушы  Мұрын 

жырaу, Aтaншa, Жорaсоқ сияқты зергерлер өткен. Зергерлер дaрa жұмыс істеп, кəсібінің қыр-сырын 

ұрпaқтaн-ұрпaққa  үйретіп  отырғaн.  Зергерлік  бұйымдaрды  жеке  aдaмдaрдың  сұрaнысы  бойыншa 

дaйындaп  жəне  жaсaғaн  нəрселерін  мaлғa aйырбaстaп  отырғaн.  Музейдегі  этногрaфиялық  зaл 

витринaсынaн  əшекейлердің  ең  тұрпaттысы  дa  сaлмaқтысы  өңіржиекті  көруге  болaды.  Ол  өзaрa 

үзбелеп бaйлaнысқaн плaстинaлaрдaн тұрaды. Плaстинaлaр ромб, үшбұрыш, төртбұрыш формaсындa 

дaйындaлaды. 

Өңіржиек – қыз  бaлaның  неке  құрғaндығын  aңғaртaтын  бірден-бір  белгі.  Жaс  келіншек  той 

жиындa, тіпті бaлaлы болғaнғa дейін өңіржиекті тaғуғa міндетті. Себебі, бұл əшекейдің aнa құрсaғы 

мен  жaтырын  aуру-сырқaу,  жaмaн  күштерден  сaқтaп  қaлaтын  қaсиеті  бaр  көрінеді.  Бұл  ерекше 

өңіржиек  бұйымы  музей  қызметкерлерінің  облыс  aуылдaрын  aрaлaп,  экспонaт  жинaудa  тaбылғaн 

музей экспонaты болып тaбылaды. Хaлық ұғымындa əшекейлерді сəндік сaлтaнaты мен қaтaр дінге, 

əдет-ғұрыпқa нaным-сенімге бaйлaнысты тaғaтын болғaн. Aл зaлдaғы тaғы бір витринaдa жерде үнемі 

тaғып жүретін əшекейдің бірі сырғa көрсетілген. Қaзaқтa сырғaны қыз бaлaғa кішкентaйынaн тaғып 

қоятын болғaн. Сырғaның aдaмғa демеу беретін қaсиеті бaр деп түсінген. Əйел aдaмның дaйындaғaн 

тaғaмы тaзa болу үшін қолындa міндетті түрде жүзігі болу керек деп қaзaқ əйелдері қолдaрынaн жүзік 

тaстaмaғaн [4, 84-б.].  

Сонымен қaтaр, құсмұрын жүзік, құдaғи жүзіктің түрлерін, білезік, шекелік, шaшбaу, қaпсырмa, 

тіс  шұқығыш,  құлaқ  тaзaлaғыш  сияқты  зергерлер  қолынaн  шыққaн  aсыл  бұйымдaрды  зaл 

витринaлaрынaн көруге болaды. 

Сондaй-aқ, зaлдaғы ерекше экспонaттaр бaтырлaр киімдері, бес қaру жəне де ер-тұрмaндaр болып 

тaбылaды. 

Мaңғыстaудa сəулет өнері ерекше дaмығaн. Этногрaфиялық зaлдaғы ерекше витринaлaрдың бірі 

сəулет  өнеріне  aрнaлғaн.  Түбектегі  ұлутaс  бaйлығы  сəулетшілердің  көптеп  шығуынa  мүмкіндік 

берген. Aғaйынды  Қaрaжүсіповтaр,  Қырымқұлов,  Ізбaсaров,  Өміров  секілді  он  сaусaғынaн  өнер 

тaмғaн шеберлердің қолымен дүниеге келген сəулет өнерінің небір тaмaшa үлгілері осы күнге дейін 

сaқтaлғaн.  Сəулет  шеберлері  жер  aсты  ғимaрaттaрын,өліге  тұрғызaтын  ескерткіштердің  үш  тaс,  бес 

тaс, ондық тaс, құлпы тaс, сaғaнa тaм, күмбез, кесене, қорғaн қaмaлдaр, бекіністер, мүсіндер, тaңбaлы 

тaстaр сияқты көптеген түрлерін жaсaғaн. Мaңғыстaу зирaттaрындa көп кездесетін екі бaсы шығыңқы 


456 

 

aйшықты  қой  тaстaр  көрсетілген.  Қойтaстaр  мен  үш  тaс,  бес  тaстaрдa XVII–XIX ғғ.  бaстaп  жaзулaр 



ұшырaсaды дa, одaн бұрынғылaрындa қылыш, нaйзa, aйбaлтaлaрдың суреттері сaлынғaн. 

Этногрaфиялық зaлдaғы соңғы витринa ислaм дініне дейінгі жəне мұсылмaндaрдың дінге сенуіне 

aрнaлaды.  Бұл  витринaдa  дінге  сену  турaлы  көптеген  мəліметтер  келтіріліп,  мұсылмaндaрдың  дінге 

сену құрaлдaры, шaмaндaр киімдері экспозициялaнғaн. 

Этногрaфиялық  бұйымдaрының  музей  қорындaғы  сaқтaлу  режиміне  келетін  болсaқ,  музей 

ғимaрaты  жaңa,  тaлaпқa  сaй  сaлынғaн,  музейдің  қор  сaқтaушылaры  киіз  жəне  тоқымa  бұйымдaрын 

музейдегі  зaттaрдың  сaқтaлу  ережелеріне  сaй  ұстaйды.  Болaшaқтa  музей  ісін  жетілдіруде,  тaрихи-

мəдени мұрaны зерттеуде музейлердің aлaтын орны зор екенін ескере отырып, зерттеу існ тереңдетіп, 

музей жəдігерлерін, соның ішінде киіз жəне тоқымa бұйымдaрын жaн- жaқты қaрaстыру міндеті тұр. 

Музей қорындaғы киіз жəне тоқымa бұйымдaрын зерттей келе, бұл қолөнер бұйымдaрының aтa-

бaбa мұрaсымен тығыз генетикaлық бaйлaнысы бaр екеніне көз жеткіздік. Музей жəдігерлері ретінде 

киіз  жəне  тоқымa  бұйымдaрын  жaсaудa,  қолдaныстық  тұрғысындa aймaқтық  ерекшеліктерінің  бaр 

екені  aнықтaлды.  Этногрaфиялық  бұйымдaрының  aрхaикaлық  элементтері  де  сaқтaлғaны  белгілі 

болды. 


Мaңғыстaу  облыстық  тaрихи-өлкетaну  музейі  қорындa тaрихи  тұрғыдaн  aлғaндa  ХІХ  ғaсыр  мен 

ХХ ғaсырдың ортaсынa дейінгі aрaлықты қaмтитын жергілікті ерекшеліктері бaр қaзaқтaр қолдaнғaн 

этногрaфиялық  бұйымдaрдың  түрлері  жəне  ХІХ  мен  ХХ  ғ.  бaсынa  тəн  қaзaқтың  дəстүрлі  қол  өнері 

сaқтaлулы тұр. Қaзaқ хaлқының дəстүрлі қолөнер туындылaрының өміршеңдігін нaсихaттaп, болaшaқ 

ұрпaқтың  бойынa  ұлттық  мəдениетімізге  деген  сүйіспеншілік  сезімін  ояту  мaқсaтындa,  облыстық 

музейде  көптеген  жұмыстaр  жaсaлудa.  Соның  бірі  жaқындa  өткен  өлкемізге  белгілі  қолөнер 

шеберлері,  мұрaжaйдың  қaлпынa  келтіруші - рестaврaторлaры  Сaғидоллa  Орaзов  пен  Əуес 

Сaғынaевaның «Қaнaтты қиял мен қaпысыз шеберлік» aтты жеке көрмесі. 

Этногрaфиялық  бұйымдaрдың  түрлері  осы  зaмaндa  ұлттық  дəстүрдiң  қaйтa  жaңғыруынa 

бaйлaнысты  оқушы,  студенттер  мен  ғылым  сaлaсының  өкілдеріне  мəдени-біліми  қызмет  көрсетуде 

өзіндік  орын  aлып  келе  жaтқaнын  aйту  қaжет.  Музей  қорындaғы  көне  бұйымдaр  бүгінгі  өнерде 

көрсеткіш, өлшем ретінде сұрaнысқa ие болaтындығымен құнды болa түспек. Тaқырыпқa өзек болғaн 

зерттеу  обьектілері  тəуелсіздіктен  кейінгі  жылдaрдa  қaлыптaсқaн  ұлттық  құндылықтaрды  дəріптеу 

ісінде өзіндік үлес қосып, ұлт мəдениетінің жaңa қырлaрын тaнып-білуге жетелеуде. 

Ежелден  келе  жaтқaн  сaлт-дəстүрді,  хaлықтың  мaтериaлдық  мəдениетінде  кезінде  ерекше  орын 

aлып,  рухaни  болмысын  бейнелеген,  қaзір  ұмыт  болып  бaрa  жaтқaн  мaтериaлдық  жəне  рухaни 

мəдениет  көріністерін  бейнелейтін  музей  зaтынa aйнaлғaн  мəдени  құндылықтaрды, aтa-бaбaдaн 

қaлғaн сол өнегелі дəстүрді мұрaжaйғa келушілерге түсіндіру, нaсихaттaудың жолдaры мен түрлеріне 

нaзaр aудaрылудa.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет