Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет3/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79

А.У. Тоқтабай  

Ш.Ш. Уəлиханов ат. Тарих жəне этнология институтының  

этнология жəне антропология бəлімінің б.ғ.қ.,  

т.ғ.д., проф. (Алматы қ.) 

 

ҰСТАЗ АМАНАТЫ 

 

Халел  Арғынбаевты  ең  алғаш  сырттай  білгенім  студент  кезімде 1973 жылы  көктемі  ғой  деймін. 

«Қазақ  халқындағы  семья  ме

н  неке» - деген  монографиясы  баспадан  шықты.  Кітапты  сатып  алып 

оқыған  кезімде,  кейін  бұл  кісіге  шəкірт  болам  деп  ойлаған  жоқ  едім. 1976 жылы  Мəдениет 

министрлігіне  қарасты  ескерткіштерді  қорғау  жəне  қалпына  келтіру  бірлестігінде  (кейінгі 

«Казпроектреставрация»)  істеп  жүріп  «Қожа  Ахмет  Ясауи  сəулет  ғимаратының  тарихнамасы»  деген 

көлемді мақала жазып, КазГУ-дің тарих факультетінің, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі 

Сəкен  Кенжебаевқа  көрсетіп  едім,  ол  кісі  бұл  тың  тақырып  екен,  жариялайық,  бірақ  Ғылым 

Академиясындағы Халел Арғынбаевтан пікір алып кел деді.  



13 

 

Академияның  бас  ғимаратының  сол  жағында  орналасқан  Ш.Ш.  Уəлиханов  атындағы  тарих, 



археология  жəне  этнография  институтына  түс  шамасында  барсам,  Халекең  бір  кісімен  жаңа  ғана 

шахмат тақтасына отырып, ойын бастағалы тұр екен. Шаруамды айтып едім, өзі ыңғайсызданғандай 

болды  ғой  деймін. «Жарайды,  мен  алып  қалайын,  бір  жетіден  кейін  осы  уақытта  кел,  пікірімді 

дайындап  берейін» - деді,  жылы  шыраймен.  Бір  аптадан  кейін  келсем  Халекең: «Мақалаң  жақсы 

тақырыпқа жазылған, жарияланса дұрыс болар еді» – дегенде, қуанып қалдым. Үйге барып оқысам, 

тіпті  кейбір  грамматикалық  қателерімді  де  көрсетіп,  жақсы  пікір  жазыпты.  Арада  біраз  жылдар 

өткенде белгілі антрополог Оразақ Смагұлов бір кездескенде: - «Ахмет не істеп жүрсің?» деді. Мен 

тарихи  ескерткіштерді  зерттеу  жəне  қалпына  келтіру  жөніндегі  «Казпроектреставрация» 

институтында  істеп  жүрмін,  біраз  уақыт  архитектура  тарихымен  шұғылдандым,  бірнеше  мақала 

шығардым,  бірақ  өзімнің  мамандығым  этнограф  қой,  сол  саламен  түбегейлі  шұғылдансам  ба  деген 

ойым  бар, тақырыпты  да  таңдадым  дедім. «Олай  болса  сені  Х. Арғынбаевқа  айтып  табыстайын  бір 

күні менің лабораторияма келші», деді.  

Содан  О.Смағұлов  мені  этнография  бөліміне  алып  барып: «Халеке,  мына  жігіт  этнограф  болам 

деп  жүр,  мен  саған  жөбішөңкі  адамды  əкеле  бермеймін  ғой» – дей  бергенде, «Ой  мен  бұл  жігітті 

танимын,  мақаласына  рецензент  болғам,  айтпақшы  сол  мақала  шықты  ма» - деді  Халекең.  Мен 

тақырыбымды айтып, өзім жасаған жоспарымды көрсеттім. Қарап шықты да менің жазған жобамның 

үстіне өзінің ескертпелерін қарындашпен басып  жазды. – «Бізде орын болса бөлімге келесің бе?» – 

дей бергенде, О. Смағұлов жылдам адам ғой, «Ахмет Мəдениет министрлігінде пəтерге кезекте тұр. 

Халеке!  Өзіңіз  білесіз  ғой  бізде  пəтер  жағын,  сізге  соискатель  (ізденуші – А.Т.)  болсын,  пəтерін 

шешіп  алса  келеді  ғой» - деді.  Бұл 1978 жыл  болатын,  сол  кезден  бері  менің  ғылым  жолындағы 

өмірім Халекеңмен тығыз байланыста болды.  

Халекеңді  бір  көргеннен-ақ  бұрынғы  дала  аристократиясынан  шыққан  тектілік  байқалатын  еді, 

мінезі  сыпайы  біреуге  дауыс  көтеріп  көрмейтін,  салмақты  қалпы,  барлығына  болсын  деген 

кеңпейілділігі, кек сақтамайтын кешірімпаздығы, жаны жайлаудай жайсаң ақкөңілділігі мен қазақтың 

дəстүрлі мəдениетін өте жақсы білетін білімдарлығы нағыз зиялы-интеллегент екенін көрсететін. 

Ол кісі ешқашан зілденіп ұрыспайтын, бірақ екпіндетіп қазақтың жалпақ тілімен айтқан сөздерін 

естігенде  кірерге  тесік  таба  алмай  сасатынсың,  бірақ  мұндай  сəттер  сирек  болушы  еді.  Сонда  ғана 

ата-бабаларымыз  сөздің  құдіретімен  адамды  аспандатып,  болмаса  жерге  кіргізердей,  жер-жебіріне 

жеткізердей айтып, тілдің құдіретімен тəрбиелеген-ау деп ойға қаласың. Əсілі, сөзге сараң еді, кейде 

шешіліп  сөйлегенде  əдемі  əзілдер,  көңілге  қонымды  ғақлия  сөздер  айтып  жаныңды  жадыратып 

тастайтын. 

Қазақтарды  орыс  саяхатшылары  мен  жиһанкездерінің  жəне  кеңес  дəуіріндегі  көп  зерттеулерді 

қоссақ, 300 жылдық  тарихы  бар  деуге  болады,  бірақ  бұл  зерттеулер  əртүрлі  мақсаттармен 

жүргізілгендіктен  əділ,  шынайы  тұжырымдар  қалыптаспады.  Этнография  нəзік  ғылым,  оны  өз 

халқының  ішінен  шыққан  маман-этнографтар  шығып  зерттеген  кезде  ғана  бағы  жанады.  Осы 

тұрғыдан  алғанда  Халекең  қазақ  этнографиясының  көшбасшысы  болды, «Қазақ  халқындағы  семья 

мен  неке»  кітабында  қазақ  этнографиясын  жаңа  сатыға  көтерді,  қазақтың  ықылым  замандардан 

қалыптасқан  отбасылық  мəдениетін  толып  жатқан  біржақты,  кейде  əдейі  шовинистік  пиғылда 

жазылған  сыңаржақ  пайымдардан  тазартты.  Бұл  тақырыпты  автор  бекер  таңдап  алған  жоқ,  себебі 

«семья кішігірім мемлекет»  десек, келешекте халқының  жанұялық  əдет-ғұрыптарын сақтай отырып, 

жас  ұрпақ  тəрбиелеуде  ұлттық  ұстанымдарын  ұмытпастай  етіп,  қазақ  ұлысының  өзін-өзі  тануына, 

темірқазықтай жол көрсететін, кең тынысты, кемел құлашты еңбек қалдырып кетті. Бұл классикалық 

жұмыс  кезінде  республикалық,  одақтық  деңгейде  өз  бағасын  алған  жоқ.  Қазір  қазақтану 

тұрғысындағы əдебиеттерге елімізде жəне шет елдерде қызығушылық көп, сондықтан орыс, ағылшын 

тілдеріне аударылса, бұл зерттеудің ғылым тағдыры үлкен болады жəне шын ғылыми бағасын алады.  

Х.  Арғынбаевтың  көп  жылдар  зерттеген  мəселесінің  бірі  қазақтың  төрт  түлік  мəдениеті. 

Зерттеуші  бұл  жұмысты  бастаған  кезде, 1950 жылдары  бүкіл  Қазақстанда  мал  шаруашылығы  атам 

заманнан келе жатқан дəстүрлі əдістермен бағылатын еді, сондықтан қазақ жерінің түкпір-түкпірінде 

жүріп  малшылармен,  көнекөз  қариялармен  жүздесіп,  бай  тəжірибелерін  жазып  алды.  Бұрынғы 

зерттеушілер  байқамаған  қазақ  жерінің  үш  жүзге  бөліну  принципіне  сəйкес,  əр  аймақтың  жетекші 

түліктері болатынын анықтады. 

Арқаға барсаң жылқышымын деме, 

Жетісуға барсаң қойшымын деме, 

Үшқиянға барсаң түйешімін деме, 

- деп айтылатын халық даналығы зерттеушінің пікірін нақтылай түседі. 

Халекең  шəкірттерінің  жұмысын  мұқият  қадағалап,  үнемі  ақыл-кеңес  беріп  отыратын. 

«Докторлық жұмысыңды қашан бітіресің, тездетсеңші! Сенің доктор болғаныңды көрсем қой» - деп, 

жүретін. «Жылқыға  арналған  кітабыңды  суреттерімен  шығарсаң  бүкіл  ел  жабылып,  оқитын  кітап 

болар  еді» – деп,  аманаттағандай  сөздері  əлі  есімде.  Қазіргі  күні  «Қазақ  жылқысының  тарихы» 


14 

 

кітабымды,  Халекең,  егер  тірі  болса,  қолына  ұстап  көрсе,  шын  жүрегімен  балаша  қуанар  еді  деп, 



ойлаймын.  

 

Ə.Б. Пірманов 

«Атамұра» корпорациясының бас редакторы,  

т.ғ.к. (Алматы қ.) 



 

ЭТНОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ 

 

Қазақ  халқы  туралы  этнографиялық  деректер  ерте  кезден  мəлім.  ХІХ  ғасырдың  екінші 

жартысында  Ш.  Уəлиханов  пен  Ы.  Алтынсарин,  орыс  ғалымдары  И.Г.  Андреев,  А.  Левшин, 

Н.Аристов,  Г.Н.  Потанин,  т.б.  өз  дəуіріндегі  қазақ  қауымының  тұрмысы  мен  мəдениеті  жайында 

құнды еңбектер жазып қалдырды.  

Қазақ  этносын  ғылыми  тұрғыдан  жүйелі  түрде  этнографиялық  зерттеу  ХХ  ғасырдың 20-

жылдарынан  жүзеге  аса  бастады.  Сол  жылдары  С.И.  Руденко  бастаған  кешенді  этнографиялық 

экспедиция  жұмыс  істеді.  Соның  нəтижесінде  «Қазақтар»  деген  атпен  бірнеше  жинақтар  жарық 

көрді.  Алайда  ол  басылымдарда  халқымыздың  этнографиялық  өмірі  кеңестік  идеологиялық  мүдде-

мақсатына  сай  түсіндірілді. 20–30-жылдардағы  этнографиялық  зерттеулерде  Қазақстанда  ертеден 

дамыған  жер  өңдеу  кəсібі  мен  егіншіліктің  болғаны,  қала  мəдениеті  мен  қолөнердің  өркендегені 

туралы айтылмады. Сол жылдардағы Мəскеу, Ленинград қалаларынан Қазақстанды зерттеуге келген 

этнографтар  бұл  тарихи  шындықты  бұрмалап  көрсетіп,  қазақ  қоғамын  алғашқы  қауымдық  қоғам 

сатысында  тұрған  жабайы  жəне  жартылай  жабайы  тайпалар  бірлестігі  түрінде  түсіндірді.  Ал, 30-

жылдардың  екінші  жартысы  мен 40-жылдары  Қазақстандағы  этнографиялық  зерттеулер 

«буржуазиялық  субъективизм  қалдығы»  деп  танылды.  Елімізде  этнография  ғылымы  саласынан 

кадрлар  дайындау  ісі  жолға  қойылмады,  республикамызда  мамандандырылған  ұлттық  ғалым-

этнографтар болмады. 

Отандық  этнография  ғылымының  дамуындағы  маңызды  кезең  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан 

кейінгі  жылдары  басталды.  Республика  Ғылым  Академиясының  құрамында 1946 жылы 

Ш.Ш.Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнография институтында Этнография бөлімінің 

ашылуымен елімізде мамандандырылған ұлттық этнограф кадрларын дайындау ісі кеңінен өріс алды. 

Ғылыми  мекеменің  жас  қызметкерлері  қысқа  мерзім  ішінде  қазақ  халқы  туралы  этнографиялық 

деректерді  бір  жүйеге  келтіріп,  ғылыми  негізге  түсірді.  Қазақ  халқының  шығу  тарихы  (этногенезі) 

мен рулық-тайпалық құрылымы, орналасуы, өткені мен бүгінгі тұрмысы жəне мəдениеті, қоғамдық-

отбасылық қарым-қатынастары жайлы кең көлемді кешенді зерттеулер жүргізді.  

ХХ  ғасырдың  елуінші  жылдары  қазақтың  көрнекті  ғалымы,  академик  Ə.Х.  Марғұлан  бастаған 

ұлттық этнограф-ғалымдар шоғыры қалыптасты. Ұлттық этнография ғылымы көшбастаушыларының 

бірі  Халел  Арғынбаев  сынды  жас  ғалымдар  туған  халқының  тұрмысы  мен  салт-дəстүрлері,  əдет-

ғұрыптары  жөнінде  түбегейлі  ғылыми  зерттеулер  жүргізе  бастады.  Мұны  біз  ақиқат  үшін  баса 

айтқанымыз жөн.  

Қазақтың  ұлтжанды  азаматы,  белгілі  ғалым,  этнограф  Халел  Арғынбаев 1924 жылы  Павлодар 

облысы  Баянауыл  ауданында  дүниеге  келген.  Ол 1943–1945 жылдары  Екінші  дүниежүзілік  соғысқа 

қатысып,  қан  майданнан  елге  аман-есен  оралады. 1947 жылы  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық 

институтының  тарих  факультетіне  оқуға  түсіп,  оны 1951 жылы  үздік  бітіреді. 1951–1954 жылдары 

Алматы  облысы  Панфилов  қаласындағы  педагогикалық  училищеде  тарих  пəнінің  оқытушысы,  оқу 

бөлімінің  меңгерушісі  болып  қызмет  етеді. 1954–1957 жылдары  Ш.Ш.  Уəлиханов  атындағы  Тарих, 

археология  жəне  этнография  институтының  аспирантурасында  оқиды. 1957 жылдан,  өмірінің  соңы 

1998  жылға  дейін  Халекең  аталмыш  институтта  аға  ғылыми  қызметкер,  этнография  бөлімінің 

меңгерушісі  болып  еңбек  етіп,  отандық  этнография  ғылымының  қалыптасуына  аса  зор  үлес  қосты. 

Шығармашылық ізденістерін жоғары оқу орындарында ұстаздық қызметімен терең ұштастырып, жас 

ғалымдардың ғылыми ізденістеріне жетекшілік етті, ізбасар шəкірттер тəрбиелеп шығарды. 

Мен де Халекең басшылық еткен бөлімде біраз жыл қызмет етіп, ағамыздың өнегелі мектебінен 

өткен шəкірттерінің бірімін. Ағамыз жарқын мінезімен, асыл сөзімен, ақжарқын пейілімен жастарға 

əрдайым  ақылшы  болып,  ғылыми  жөн-жосықты  түсіндіріп  отырушы  еді.  Оның  бойындағы  асыл 

қасиеттердің  бірі – ол  кісінің  асқан  қарапайымдылығы  мен  ұстамдылығы,  парасаттылығы  дер  едім. 

«Адамның  жақсысы – өзгеге  пайдасы  тиетіні»  делінген  ғой  хадисте.  Біреу  қысылғанда  оған  көмек 

қолын созу ізгілік пен мейірім ұялаған жүректен шығады емес пе?! Халекең сондай азамат болатын. 

Халекең 1960 жылы  Мəскеу  қаласында  «Қазақ  халқы  мен  орыс  халқының  тарихи-мəдени 

байланыстары жəне оның қазақ халқының материалдық мəдениетіне тигізген ықпалы» тақырыбында 

орыс  тілінде  кандидаттық  диссертация  қорғап  шығады. 1976 жылы  ғалым  Алматыда  «Қазақ 

халқындағы отбасы мен неке» тақырыбында докторлық диссертациясын үздік қорғайды.  



15 

 

Ұлттық этнография саласында Халел ағамыз қазақ халқының тұрмысы мен мəдениеті, қоғамдық, 



отбасылық қарым-қатынастары туралы аса бағалы зерттеулер қалдырды. Ол кеңестік қилы кезеңнің 

бұралаң соқпақтарынан өтті. Сол кездегі ғылым саласындағы таптық қатаң талаптың аясында туған 

халқының салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарын ғылыми дəлдікпен зерделей білді. Қазақ қоғамының 

рухани  байлығы  оның  бірнеше  іргелі  монографиялары  мен 200-ден  астам  ғылыми-танымдық 

мақалаларында,  зерделі  пайымдауларында  терең  көрініс  тапты.  Қазақ  халқындағы  отбасы  мен  неке 

туралы бірқатар еңбектері жарық көрді. «Қазақ халқындағы отбасы мен неке» (Алматы, 1964), «Қазақ 

отбасы» (Алматы, 1996) еңбектерінде Халекең 20–30 жыл бойы ел арасынан жинаған этнографиялық 

деректер  мен  мұрағат  құжаттары,  тарихи-əдеби  мұралар  негізінде  қазақ  халқының  отбасылық 

дəстүрін  салиқалы  түрде  зерттеп  шыққан.  Бұл  зерттеулерде  халқымыздың  дəстүрлі  отбасы  жəне 

отбасылық қарым-қатынастары, некелесу түрлері мен оған байланысты салт-дəстүр, əдет-ғұрыптары 

терең қамтылған.  

Əр  кезеңде  өмір  сүрген  шетелдік  ғалымдар  мен  саяхатшылар  өздерінің  күнделіктерінде  осынау 

табиғатпен  етене  жақын,  дана  қазақ  халқы  туралы  тамсана  жазғаны  белгілі.  Қазақтың  ата  салты, 

қонақжайлылығы,  отбасылық  дəстүрі  мен  əдет-ғұрыптары  оларды  өте  қайран  қалдырды.  Халел 

ағамыз бүкіл саналы ғұмырын осы бай мұраны жинақтауға арнап, өзінің зерттеулерінде жалпыұлттық 

салт-дəстүрден  өз  жан  дүниесіне  азық  боларлық  алтын  арқау  іздеген  оқырманға,  осынау  қасиетті 

қазынаны тереңірек меңгеруге жол салып берді.  

Халқымыздың  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  этнографиялық  өмірі – күнделікті  тұрмысы 

мен  əдет-ғұрпы,  отбасылық  қарым-қатынастары  ұлы  Абайдың  шығармаларында  айқын 

суреттелетінін  білеміз.  Ақынның 150 жылдық  мерейтойы  қарсаңында  шыққан  «Абай» 

энциклопедиясындағы  «Халық  қазынасы»  атты  көлемді  мақаласында  Халел  ағамыз  Абайдың  өмір 

сүрген кезеңіндегі халық тұрмысын, салт-санасын өлеңдері мен ғақлияларында сол қалпында көркем 

бере білгенін тағылымды түрде көрсетеді.  

Сондай-ақ,  Халел  ағамыздың  өмірінің  соңына  қарай  жасап  кеткен  аса  құнды  түйінді  еңбегі 

«Қазақтар» (тарихи-этнографиялық  шолу.  Алматы, 1995) атты  монографиясы  еді.  Бұл  зерттеу  қазақ 

халқының  тұтас  этнос  ретінде  қарастырылатын  этнографиялық  өмірін,  оның  материалдық  жəне 

рухани  мəдениетін,  отбасы,  некелік  қарым-қатынасын  жан-жақты  зерттейтін  құнды  басылым. 

Еңбекте халқымыздың шаруашылық кəсібі мен ұлттық киім-кешегі, тұрғын үй мен азық-түлігі, əдет-

ғұрпы  мен  салт-дəстүрі,  діни  наным-сенімі  жайында  ел  арасынан  жиналған  экспедициялық 

мəліметтер, мұрағат деректері молынан қамтылған.  

Елі  үшін  қызмет  еткен  зерделі  ғалымның  «Қазақтар»  еңбегімен  егіздің  сыңарындай  өлмес 

мұрасының  бірі – «Қазақ  шежіресі»  жайлы  зерттеуі.  Егіні  жиналып  алынған  аңыздан  дəн  терген 

торғайдай, ғұмыр бойы ел ішін аралап, жарғақ құлағы жастыққа тимей халық аузынан, ежелгі салт-

тұрмыстан дерек жинаған асыл азаматтың еңбегі бүгінде еш кеткен жоқ. Жаңа мыңжылдықтың басы 

саналатын 2000 – Мəдениетті  қолдау  жылында  ұлты  үшін  аянбай  тер  төккен  ағамыздың  еңбегі 

(С.Мұқанов, В. Востровтармен бірге) «Атамұра» баспасынан «Қазақ шежіресі хақында» деген атпен 

жарық  көрді.  Қазақ  халқының  ұлттық  тарихын  зерттеуде  тайпалар  мен  рулардың  шығу  тегі, 

шежірелік  деректер  ерекше  рөл  атқарады.  Осы  тұрғыда  «Қазақ  шежіресі  хақында»  еліміз  бүгінгі 

тəуелсіздік  алған  тұста  үш  жүздің  шежіресін  тереңнен  тартып,  түп  қотара  қозғайтын  байыпты, 

бірегей  еңбек  саналады.  Əлдекімдер  жүрдім-бардым  жазып,  жалаулатып  жүрген  шала  шежірелер 

емес,  этнография  саласының  нар  тұлғалары  саналатын  тарих  ғылымдарының  докторлары 

Х.Арғынбаев пен М. Мұқановтың 40 жыл ғұмырларын сарп еткен бұл шежіре нағыз ұлттық, ғылыми 

тұрғыдан үлкен таным-білікпен жазылған ұлағатты басылым.  

Еліміз  еркіндікке  қолы  жеткен  бүгінгідей  белесті  кезеңде  халқымыздың  біртуар  азаматы, 

этнография  ғылымының  көшбасшысы  Халел  Арғынбаев  ағамыздың  есімі  жаңа  қырынан  жарқырап 

көрінері анық. Зерделі ғалымның мұрасы ғылыми ортада ғана емес, теңіз түбінен маржан тергендей 

талмай  еңбектенген  қазақ  сахарасының  сан  тарабында,  көнекөз  қариялар  мен  ізгілікті  жандардың 

жүрегінде сақталып, өзі өткен сүрлеу-соқпақ даланың дүбірлі жолында сайрап жатқаны ақиқат.  

 

 


16 

 

БАЯНДАМАЛАР / ДОКЛАДЫ 



 

Н. Əлімбай 

ҚР МОМ директоры, профессор (Алматы қ.) 



 

ПРОФЕССОР ХАЛЕЛ АРҒЫНБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МҰРАСЫ: 

КОНТЕКСТ, ДЕРЕКТІК, ТАРИХНАМАЛЫҚ ЖƏНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ, 

ТАНЫМДЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ 

 

Жалпы  мəселе  (жөн-жосығы).  Өз  басым  профессор  Халел  Арғынбаев  отандық  этнологияға 

өлшеусіз  үлес  қосқан  аса  көрнекті  ғалым  ретінде  ресми  деңгейде  лайықты  бағаланды  деп  айта 

алмаймын. 1954 жылдан  басталған  ғылымдағы  бар  ғибаратты  ғұмырын  Ұлттық  Ғылым 

Академиясында өткізсе де, тіпті қоғамдық ғылымның басқа салаларымен салыстырғанда алабөтендеу 

күй кешкен этнографияның советтік кезеңін былай қойғанда, еліміздің тəуелсіздігі уақытында он сан 

əріптестері,  шəкірттері  жəне  күллі  зиялы  қауым  ғылыми  əлеуетін  сөзсіз  мойындаған  һəм  кісілігін 

риясыз құрмет тұтқан оның не академиялық атаққа, не мемлекеттік марапаттарға ілікпегендігі еріксіз 

əрі-сəрі  ойға  қалдырады  екен.  Бірақ  көзі  тірісінде,  тіпті  қазір  де,  Халел  Арғынбаев  сынды  ұлық 

тұлғаға  ғана  ерекше  үйлесетін  Халеке  деген  атауы  болды.  Осы  ретте  ерекше  екшеп  айтар  жайт – 

профессордың  Халеке  аталуы  оның  айналасындағы  үлкендердің  ғана  емес,  кішілер  үшін  де  ортақ 

үрдіске айналды. Тіпті жаңадан жүзтаныс адамдардың өздері де ғалыммен екі-үш мəрте кездесуден 

кейін-ақ, оны Халеке деп атауға көшетін-ді. Бұл Халекеңнің қарапайымдылығымен ғана байланысты 

қалыптасқан  «əншейін»  атау  емес  еді.  Ел-жұрттың  һəм  ғылыми  ортаның  академиялық  ғылымның 

осындай бірегей өкіліне, бек кісілік қадір-қасиетіне деген риясыз құрметін мейлінше дəл білдіретін, 

əрі  айғақтайтын  атау  еді.  Осынау  айырықша  кісілік  құрмет  пен  ғылыми-академиялық  жоғарғы 

беделге  Халекең  өзінің  көп  жылдар  бойы  үздіксіз  жəне  жүйелі  жүргізген  сан  салалы  зерттеу 

жұмысының танымдық тағылымы еш таусылмас нəтижелерінің арқасында ие болды.  

Халел Арғынбаевтың алғашқы еңбектерінің өзі-ақ ғалымның əуел бастан, яғни ҚазақССР Ғылым 

академиясы  Ш.Ш.Уəлиханов  атындағы  тарих,  археология  жəне  этнография  Институтында  аспирант 

болып жүрген уақыты (1954-1957 жж.) мен одан сəл кейінгі жылдары-ақ (ХХ ғасырдың 50 ж. аяғы – 

60 ж. басы) қазақ этнографиясының негізгі іргелі мəселелеріне ерекше ден қойған зерделі зерттеуші 

ретінде қалыптаса бастағандығын аңғартады [1]. Халекең ғылым əлеміне бойлай бастаған жылдары, 

белгі берген кəсіби біліктілігінің һəм методологиялық мəдениетінің осындай бірегей əмбебап қырын 

кейінгі жылдары үнемі ұштап, жетілдіріп отырды. Халел Арғынбаевтың шығармашылық өмірбаянын 

алғашқы  болып  зерттегендердің  қатарындағы  Аманжол  Қалыш  пен  Əлия  Исаеваның  мəліметіне 

қарағанда, ғалым 1990 жылдың аяқ шеніне дейін барлығы 7 монография жəне 167 мақала жариялаған 

екен.  Соның  ішінде 2 монография  мен 102 мақаланы  Халекең  өзінің  докторлық  диссертациясын 

сəтімен қорғағаннан кейін – 1975 жылдан соң жарыққа шығарыпты [2]. 

«Сырт  көзге»  ғалымның  қаламынан  шыққан  туындылардың  аталмыш  саны  аздау  болып  көрінуі 

мүмкін. 


Бірақ 

Халекеңнің 

шығармашылығының 

қарапайым 

библиометриялық 

(немесе 


ғылымиметриялық) сипаттамасының өзі-ақ оның ғылыми əлеуетінің ерекше екшеп айтылуы тиіс бір-

бірімен өзара себеп-салдарлық байланыстағы негізгі екі қырын айқын аңғартады:  

–  біріншіден,  ғалымның  шығармашылық  ауқымының  кеңдігі.  Расында  да,  қазақтың  тарихи 

этнографиясының  іргелі  мəселелерінің  Халекеңнің  жіті  назарынан  қалыс  қалғандары  кемде  кем 

болды десек, асырып айтқандық болмас. Қазір уақыт өткен сайын танымдық тағылымы бек арта түсіп 

отырған  қазақтың  шаруашылық  дəстүрі  (мал  жəне  жер),  көшпелілердің  тіршілік  қамы  жүйесінің 

негізгі компоненттері – баспана жəне оның мерзімдік һəм аймақтық типтері мен түрлері, қоныстану 

жүйесі,  ас-тағам  мəдениеті,  үй  мүлкі,  шаруашылық  заттар  мен  бұйымдар,  қолөнер,  халықтық  білім 

жəне  оның  сан  салалы  іс-тəжірибесі,  сондай-ақ  дəстүрлі  қазақы  ортадағы  отбасылық  һəм  некелік 

қатынастың  құрылымы  мен  функциясы,  этностың  тіршілік  циклінде  атқарылатын  сан  алуан  əдет-

ғұрыптар,  салттар,  ұстанымдар,  ырым-тыйымдар  сынды  аса  өзекті  тақырыптарды  ғылыми 

қарымдылықпен еңсерген зерттеушінің көптеген еңбектері – айтылған уəждің бірер болса да, көрнекі 

айғақтары. 

–  екіншіден,  Халекеңнің  кəсіби  шеберлікпен  жазған  монографиялары  өз  алдына,  негізгі 

мақалаларының əрқайсысының өзі тиісті зерттеу объектісінің сан қырлы мəселелері мен аспектілерін 

жан-жақты  қамтығандығымен,  əрі  оларды  өзара  себеп-салдарлық  байланыста  зерделегендігімен 

ерекшеленеді. Көрнекі мысал ретінде қазіргі автордың сол кездері отандық тарихнамадағы ең беделді 

сериялық ғылыми-академиялық басылым – «Қазақ ССР Ғылым академиясы Ш.Уəлиханов атындағы 

тарих, археология жəне этнография Институты еңбектерінің» 1963 жылғы кезекті 18 томында жарық 

көрген  көлемді  мақаласын  айтуға  болады.  Мақала  қазіргі  Алматы  облысы  Көксу  ауданына  қарасты 

Шұбар  ауылына  (ол  кезде  ХХІІ  партсъезд  атындағы  колхоз) 1961 жылдың  қыс  айларында 


17 

 

зерттеушінің  өзі  тікелей  ұйымдастырған  этнографиялық  экспедиция  материалы  негізінде  жазылды 



[3].  Этнографтар  мен  тарихшылардың  дені  бəлендей  елеп-ескере  бермейтін  бұл  еңбек  бір  колхозды 

ғана  мекендеген  қазақтардың  мал  шаруашылығына  арналса  да,  ол  автордың  дəйекті  дəлелдеу 

жүйесіне  негізделген  өзінің  ауқымдылығымен  ерекшеленеді.  Мақалада  мал  шаруашылығы  сынды 

қазақтың  ата  кəсібінің  (осы  ұғымның  дəстүрлі  қазақы  ортада  орныққан  кең  мағынасында)  ежелден 

орныққан  дəстүрлі  «технологиясының» (мысалы,  мінезі  шəлкем-шалыс  биені  бұрынғысынша  күрде 

немесе  бүкпе  салып  сауу  деген  сияқты)  жəне  соны  əдіс-тəсілдерінің  (мысалы,  қойдың  аяғын 

бұрынғыдай  байламай  бос  қойып  қырқу  т.с.с.)  һəм  осы  тіршілік  қамы  жүйесінің  субъектілері – 

малшылар тұрмысының айрықша біліктілікпен зерделегендігі өз алдына, онда отандық этнологияда 

бұрын  еш  қарастырылмаған  əлгі  елді  мекеннің  территориясының  географиялық  сипаты,  соның 

ішінде,  əсіресе,  мерзімдік  жайылымдар  мен  шабындық  жердің  ауқымы,  ландшафтық  ерекшелігі, 

өсімдіктер дүниесі, су көздері сынды іргелі мəселелер де терең зерттелінеді. Қазіргі этноэкологиялық 

желіске  құрылған  еңбектерде  этникалық  бірлестіктің  табиғи  ортасының  доминанттық  объектілері 

ретінде  қарастырылатын  бұл  аспектілер  Халекеңнің  осы  еңбегінде  малшылардың  іс-тəжірибесін 

жүзеге асыру үдерісімен өзара себеп-салдарлық байланысты талданылады. Мұны қисыны қанық һəм 

анық, мазмұны шымыр жазылған осы мақаланың методологиялық ең ұтымды қыры дер едім. Демек 

іс жүзінде этноэкологиялық желіспен жазылған бұл зерттеуді, қазіргі ғылыми тілге салып айтқанда, 

қазақ  малшыларының  жəне  олардың  қоршаған  табиғи  ортаның  жоғарыда  аталған  экологиялық 

доминанттарымен  өзара  себеп-салдарлық  байланыстағы  шаруашылық  харекетінің  əлеуметтік-

мəдени  антропологиялық  сипаттамасы  деуге  əбден  болады.  Яғни  бұл  мақаланың  (жəне  автордың 

осы  құралыптас  басқа  еңбектерінің  де)  объектісінің  осындай  «географиялық»  шектеулігіне 

қарамастан, танымдық тағылымы əлдеқайда мол: оны сол кезеңдегі қазақтың мал шаруашылығының 

этноэкологиялық үлгілі моделін түзген көрнекті еңбек ретінде бағамдаған лəзім [4]. 

Ғалымның  шығармашылық  лабораториясында  үнемі  жетілу  һəм  шындалу  үстінде  болған 

этнографиялық объектінің сан қырлары мен аспектілерін осындай өзара себеп-салдарлық байланыста 

зерделеу тəсілінің жасампаз эвристикалық қауқары оның кейінгі – ХХ ғ.-дың 60-жылдарының екінші 

жартысы – 90-жылдары  жарық  көрген  тақырыптық-проблемалық  жағынан  сан  алуан  еңбектерінен, 

əсіресе  дəстүрлі  қазақы  ортадағы  отбасылық  жəне  некелік  қатынасқа,  сондай-ақ  көшпелі  мал 

шаруашылығына  арналған  екі  іргелі  зерттеулерінен  айқын  аңғарылады [5]. Сонымен  бірге 

Халекеңнің  жоғарыда  қарастырылған  мақаласында  жəне  соңғы  еңбегінде  мал  шаруашылығының, 

əсіресе  оның  көшпелі  түрінің  экологиялық  мəселелерінің  арнайы  зерделенуі  аталмыш 

методологиялық  ұстаным-тəсілдің  ғалымның  шығармашылық  іс-тəжірибесінде  кəсіби  біліктілікпен 

қолданысының  тікелей  нəтижесі  ме  деймін.  Мұндай  топшылау  зерттеушінің  əлгі  екі  еңбегінің 

архитектоникасынан, осыған байланысты олардағы сан алуан қажетті материалдың ұйымдастырылу 

(жинақталу, «камералық»  өңделу,  сұрыпталу,  жүйелену  жəне  т.б.),  сондай-ақ  осы  еңбектердің 

мəтіндерін  тарихнамалық-герменевтикалық  зерделеу  қисынынан  туындайды.  Бұл  ретте,  əлбетте, 

Қазан  төңкерісіне  дейінгі  Халекең  мейлінше  жете  таныс  орыс  тарихнамасының  жəне  осы 

методологиялық  үдерісті  жалғастырған  ХХ  ғ.-дың 20-жылдары  жарық  көрген  біраз  еңбектердің  де 

эпистемологиялық  ықпалын  теріске  шығаруға  болмайды [6]. Дей  тұрғанмен,  ғалым  отандық 

этнография  ғылымында  көшпелі  шаруашылықтың  табиғи  ортамен  байланысын  этнографиялық 

тұрғыдан қаузаған алғашқы зерттеуші болды десек, ақиқаттан аттай қоймаспыз [7]. 



Ғалымның  шығармашылық  лабораториясының  контексті.  Қазіргі  тарихнамалық  талдауда, 

əсіресе тарихи герменевтикада контекстік (немесе контекстуалдық) саралау – тарихнамалық үдерістің 

белгілі  бір  əлеуметтік  уақыт  пен  əлеуметтік  кеңістіктегі  даму  заңдылықтарын,  осыған  орай  оның 

өзінің  логикасын  шынайы  зерделеу  мақсатында  қолданылатын  эвристикалық  əлеуеті  ерекше 

тəсілдердің  бірі.  Бұл  тəсіл,  сондай-ақ  қоғамдық  ғылымдар  саласындағы  үдерістердің  құрылымдық 

жəне 


функционалдық 

төлтума 


(өзіндік) 

механизмдеріне 

(онтологиялық, 

логикалық, 

эпистемологиялық  немесе  гносеологиялық)  тікелей  əсер  ететін  социумдегі  сан  алуан 

институционалдық, идеологиялық һəм саяси (əлбетте экономикалық та) факторлардың ықпалын, осы 

арқылы  аталмыш  механизмдердің,  жоғарыда  айтылғандай,  ішкі  логикасын  зерделі  парықтауға 

мүмкіндік  береді.  Осы  жайтқа  байланысты  контекстік  талдауды  кейде  факторлық  талдау  деп  те 

атайды.  

Айтылған  қисын  тұрғысынан  профессор  Халел  Арғынбаевтың  ірі  ғалым-зерттеуші  ретінде 

қалыптасуына тікелей жəне жанама əсер еткен төмендегідей факторды атауға болады:  

– біріншіден жəне ең алдымен, совет одағында жəне оның құрамындағы Қазақстандағы ХХ ғ.-дың 

50-жылдарының  екінші  жартысынан  бастап  И.В.  Сталиннің  қайтыс  болуына  жəне  тоталитарлық 

жүйенің  қаталдығы  мен  қатаңдығын  біршама  жұмсартуға  алып  келген  партиялық-советтік  басқару 

саласындағы  жүргізілген  кейбір  құрылымдық  реформаларға  байланысты  қалыптасқан  саяси-

институционалдық  жəне  идеологиялық ахуал-факторлардың  əсерінің айрықша  болғандығын  ерекше 

екшеп айтқан жөн. Бұл жайт сол кездегі партия мен совет басшыларының арасында қазіргі ғылыми 



18 

 

əдебиетте  жиі  айтылатын  «сциентистік  оптимизмнің»  қалыптасуына  алып  келді.  Объективтік 



тұрғыдан  бұл  құбылыс-фактор  Одақ  көлемінде  ғылымның,  соның  ішінде  қоғамдық  ғылым 

салаларының  да,  институционалдық,  теориялық-методологиялық,  материалдық-техникалық  жəне 

кадрлық  базасының  ұлғаюына  да,  нығаюына  да  өзіндік  серпін  берді.  Соның  ішінде  Қазақстандағы 

этнография  ғылымының  өркендеуіне  де.  Алайда  қоғамдық  ғылымның  басқа  салалары  сияқты 

отандық  этнография  да  əлі  де  қауқары  қайтпаған  советтік-партиялық  тоталитарлық  жүйенің  саяси-

идеологиялық  императивтерінің  уытты  уысында  болды.  Дегенмен,  осындай  күрделі  жағдайда  да 

Халекең  сынды  Екінші  Дүниежүзілік  соғыстың  нелер  бір  үрдіс  иірімдерінде  шыныққан  ғалымдар 

нəтижелі еңбек ете білді.  



–  екіншіден,  Халекеңнің  ғылым  əлеміне  тікелей  бойлауы  өткен  ғасырдың  екінші  жартысында 

басталғанымен, оның ғылыми зерттеу ісіне аталмыш мерзімде кірісуі, шынтуайтында, осы уақыттан 

біраз  бұрын – 1946 ж.  Қазақстанның  Ғылым  Академиясының,  соның  ішінде  оның  қоғамдық 

ғылымдар  бөлімшесінің  жұмыс  істей  бастауының,  əсіресе  сəл  бұрын – 1945 ж.  Ш.Уəлиханов 

атындағы  тарих,  археология  жəне  этнография  Институтының  құрылуы [8, 307-б.]  сынды  іргелі 

ғылыми-институционалдық  факторлардың  арқасында  мүмкін  болды.  Институттың  құрамында 

«көрнекті қазақ этнографы, əрі фольклоршысы Н.С.Сəбитовтің жетекшілігімен алдымен сектор, кейін 

этнография  бөлімінің  ашылуы» [9, 307-б,]  Қазақстандағы  осы  ғылыми  саланың  ұйымдық-

институционалдық  негізінің  (орталығының)  қалыптасқандығын  айғақтаған  айтулы  тарихи  жайт  еді. 

Сонымен бірге аталмыш бөлімнің құрылуы оның құрамына жоғарыда аталған Н.С.Сəбитовпен бірге 

В.В.Востров,  И.В.Захарова,  Р.Д.  Ходжаева,  Г.Н.Уəлиханов,  сəл  кейін  Е.Масанов,  Х.Арғынбаев, 

М.С.Мұқанов  сынды  көрнекті  этнограф-ғалымдардың  топтасуына  алып  келді [10, 307-310]. Бұл 

жайттар  кез  келген  этнографиялық  зерттеудің  деректік-ақпараттық  негіздемесі  болып  табылатын 

Қазақстанның  əр  аймағына  ғылыми  экспедициялар  арқылы  соны  мəліметтер  жинақтауға  зор 

мүмкіндік берді. 

–  үшіншіден,  Халел  Арғынбаевтың  ірі  зерттеуші  ретінде  қалыптасуына  айрықша  ықпал  еткен 

тағы  бір  пəрменді  фактор,  сөз  жоқ,  өткен  ғасырдың 50–70 жылдары  тарих,  археология  жəне 

этнография  Институты  тарапынан  ұдайы,  əрі  жүйелі  ұйымдастырылып  отырған  ғылыми-танымдық 

əлеуеті,  һəм  беделі  зор  академиялық  басылымдар  сериялары  еді.  Бұл  басылымдарды  шынайы 

ғалымдарды тəрбиелеген, олардың шығармашылығын ұйымдастырған, əрі оны ерекше жандандырған 

аса көрнекті институционалдық механизмдердің бірегейі ретінде бағамдауға болады.  

Ғалымның  еңбектерінің  деректік,  тарихнамалық  һəм  теориялық  негіздемесі.  Халекеңнің 

алғашқы зерттеулері оның «ХІХ ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі орыс жəне қазақ 



халықтарының  тарихи-мəдени  байланысы  жəне  оның  қазақтың  материалдық  мəдениетіне  əсері» 

атты  кандидаттық  диссертациясының  негізінде  орыс  тілінде  жазылып,  жарық  көрді [11]. Совет 

дəуірінде коммунистік партияның пролетарлық интернационализм деп аталатын социалистік жүйенің 

басты  идеологиялық  доктринасының  өзегі  болып  табылатын  «лениндік  ұлт  саясаты»  деген 

идеологеманың əсері айқын аңғарылатын бұл тақырыпты жас зерттеуші-аспирант ғылыми жетекшісі 

көрнекті  этнограф-ғалым  И.В.Захарованың  ақыл-кеңесімен  таңдаған,  дұрысы  алған  сыңайлы.  Десе 

де, жоғарыда аталған «лениндік ұлт саясаты» идеологемасының қисынына салып жазылуы тиіс бұл 

тақырыптың  ауқымында-ақ, Халекең  өзінің  болашақта  аса  қажетті кəсіби  біліктілігін  шыңдай  білді. 

Жас  ғалым  «үлкен  ағаның  риясыз  көмегінің  арқасында  ел  болдық,  өркендедік»  деген  тозақы 

идеологеманың уытты уысына түсе қойған жоқ. Керісінше, диссертациясының негізінде жариялаған 

оның  еңбегінен  қазақтардың  дəстүрлі  тіршілік  салтының  белсенді  субьектісі,  əрі  сан  алуан  сыртқы 

факторлардың тегеуірінді əсеріне бейімделуге мейлінше икемделе білген этнос екендігін аңғару қиын 

емес.  Сондай-ақ,  осы  тақырыпты  зерттеу  Халекеңе  кандидаттық  диссертациясына  да,  болашақ 

еңбектеріне  де  қажетті  материалды  экспедициялар  арқылы  жинақтауға  үлкен  мүмкіндік  ашты.  Ең 

алдымен жас зерттеуші, жоғарыда айтылғандай, этнографиялық еңбектерді жазуға мейлінше қажетті 

деректердің  ерекше  категориясы – ғылыми  экспедициялардың  мəліметтерін  жинақтауға  үлкен 

мүмкіндік алды.  

Этнографиялық  экспедициялар  жас  ғалымдардың,  соның  ішінде  ғылым  əлеміне  енді  ғана  жолы 

түскен  Халекеңнің  де  методологиялық  мəдениетінің  һəм  кəсіби  біліктілігінің  үнемі  шыңдалуының 

аса  əлеуетті  «далалық»  мектебі  функциясын  да  атқарды.  Аспирант  Халел  Арғынбаевтың  ғылыми 

жетекшісі  И.В.Захарованың  айтуына  қарағанда,  ол  қатысқан  алғашқы  этнографиялық  экспедиция 

1955  жылы  Семей  облысының  Аягөз  жəне  Шұбартау  аудандарына  жəне  Қарағанды  облысының 

Қарқаралы мен Шет аудандарына ұйымдастырылған екен [12]. Ғалымның ХХ ғ.-дың 50-жылдарының 

соңында  жəне  кейінгі  кезеңдерде  жарық  көрген  көптеген  еңбектерінің  материалы  оның  негізгі 

сүйенген  басты  дерегі – өзі  тікелей  қатысқан  немесе  ұйымдастырған  əр  жылғы  этнографиялық 

экспедициялардың мəліметтері болғандығын айғақтайды [13].  

Зерттеушінің  ерекше  ден  қойған  деректердің  келесі  категориялары – архивтік,  музейлік, 

фольклорлық материалдар, сондай-ақ, Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген қазақ өлкесіне қатысты 



19 

 

орыс  зерттеушілерінің  еңбектерінде  жəне  сан  алуан  статистикалық  жинақтарда  қорланған 



мəліметтер. «Генезисі»  жағынан  да,  танымдық  қарымдылығы  тұрғысынан  да  осындай  əр  түрлі 

мəліметтердің 

Халекеңнің 

əдіснамалық 

арсеналындағы 

проблемалық-тақырыптық 

жəне 

хронологиялық  «диапазон»  принциптері  бойынша  асқан  кəсіби  біліктілікпен  өзара  шендестіріле 



зерделенуі  ғалымның  шығармашылық  жетістігінің  тағылымы  ерекше  тартымды  негізгі  қыры  деуге 

болады.  

Халекең өзі қарастырған кез-келген ғылыми мəселенің тарихнамасына ерекше жауапкершілікпен 

мəн  берген  кəнігі  ғалым  да.  Оның  зерттеулері,  əсіресе 1973 ж.  жарық  көрген  «Қазақ  халқындағы 



семья  мене  неке»  атты  іргелі  монографиясының  кіріспе  бөлімі  өз  алдына,  бүкіл  материалы  да 

профессордың  тарихнамалық  тəсілді  терең  меңгергендігін,  яғни  оны  ерекше  кəсіби  біліктілікпен 

қолдана  білгендігін  айғақтайды.  Демек,  мəселенің  тарихнамасын  меңгеру  оны  кəсіби  біліктілікпен 

еңсеру деген тарихшылардың, этнографтардың, археологтардың жəне қоғамдық ғылым салаларының 

басқа  да  өкілдерінің  арасында  ежелден  орныққан  катехизис  іспеттес  қағида  Халекеңнің  қатаң 

ұстанған ғылыми-танымдық кредосы болды деуге толық негіз бар.  

Профессордың еңбектері оның ғылыми терминдер – категорияларды, ұғымдарды, һəм атауларды 

қолдануға  оншалықты  пейіл  көрсете  қоймағандығын  айғақтайды.  Алайда  бұдан  Халекеңнің  теория 

атаулыдан аулақ болды деген жаңсақ пікір тумаса керек. Оның барлық іргелі зерттеулерінің, əсіресе 

1969  ж.  жарық  көрген  «Қазақтың  мал  шаруашылығы  жайында  этнографиялық  очерк»  деген 

монографиясының  жəне  жоғарыда  аталған  дəстүрлі  қазақы  ортадағы  отбасы  мен  неке  жөніндегі 

іргелі  еңбегінің  архитектоникасы  мен  олардағы  тиісті  ғылыми  мəселелердің  «тарқатылу»  өрісі  һəм 

желісінің  қисыны  автордың,  сөз  жоқ,  шаруашылық-мəдени  типтің  теориясымен  де,  этностың 

табиғатын  түсіндіруге  бағытталған  Н.Н.  Чебоксаров  пен  С.А.Арутюновтың  əйгілі  информациялық 

концепциясымен  де,  В.П.  Алексеевтің  «антропогеоценозымен»  де,  армян  ғалымдары  негіздеген 

«этностың тіршілік қамы жүйесі (немесе мəдениеті)» атты категорияның мəн-мағынасымен де етене 

таныс болғандығын көрсетеді [14].  



Зерттеушінің  еңбектерінің  танымдық  тағылымы.  Халекеңнің  еңбектерінің,  соның  ішінде 

жоғарыда  аталған  қазақтың  көшпелі  шаруашылығы  жəне  отбасы  мен  неке  мəселелеріне  арналған 

іргелі  екі  монографиясының  қисыны  зерттеу  объектісінің  эмпирикалық  көзілікті  аспектілерімен 

қатар, тек ізденіс нəтижесінде ғана назарға ілігетін мəселелерді де өзара себеп-салдарлық байланыста 

зерделеудің  танымдық  тағылымының  өлшеусіз  екендігін  айғақтайды.  Мұндай  методологиялық-

теориялық  ұстаным,  жоғарыда  айтылғандай,  Халекеңе  табиғи  ортаны,  соның  ішінде,  рулық-

қауымдық  территорияның  экологиялық  ерекшелігін,  осы  арқылы  бұл  объектінің  тіршілік  қамы 

функциясын зерттеудің қажеттілігін терең түйсінуге негіз болған сыңайлы. Сонымен бірге этникалық 

ұжым – ру-қауымның қоғамдық тұтынысының əлгі табиғи объектісі – жерді əлеуметтік қатынастың 

негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырғанда ғана, оның сан салалы шаруашылық-экономикалық, 

мəдени,  соның  ішінде,  тіпті  ғұрыптық  жəне  символикалық  функциясын  парықтауға  мүмкіндік 

ашылады.  Сонда  ғана  табиғи  ортаны,  əсіресе,  рулық-қауымдық  территорияны  көшпелілер 

тіршілігінің табиғи алғышарты немесе негізі деген таптауырын болған үстірт пайымдаудан құтылуға 

болады.  

Профессордың  негізгі  зерттеу  объектісі  болған  дəстүрлі  қазақы  ортадағы  отбасылық-некелік 

қатынас,  дəлірегі  осы  қатынастың  басты  институционалдық  функциясы  жөнінде  бірер  сөз. 

Халекеңнің  осы  мəселеге  байланысты  іргелі  зерттеулері  аталмыш  қатынас  жүйесінің,  əсіресе, 

руаралық  байланыс  саласында  айырықша  роль  атқарғандығын  айғақтайды.  Дегенмен,  біздің 

пайымдауымызша,  ру-қауымның  ішінде  (ал  ру-қауым – жетіаталық  экзогамиялық  құрылым)  жеті 

атадан  бері  қыз  алысып,  қыз  берісуге  қатаң  тыйым  салған  экзогамиялық  императив-принципке 

негізделген  көшпелі  ортадағы  отбасылық-некелік  қатынас  жүйесі,  ең  алдымен,  əрбір  ру-қауымның 

социум ретіндегі əлеуметтік шекарасы мен демографиялық мөлшерін айқындайтын, əрі айғақтайтын 

институционалдық функция атқарды. Ал шежіре осы функцияның тарихнамалық жəне идеологиялық 

негіздемесі болды [15].  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет