Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет7/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79

Литература и источники: 

1. Объединенный ведомственный архив комитета МОН РК (в дальнейшем ОВА МОиН РК). Ф.11. Оп.1 а-л. Д. 498. – 

223 л. 

2. Арғынбаев Х. Баянулдан Камчаткаға дейін // Жұлдыз. – 1991. – №7. – 125–142 б. 



3. Биобиблиография обществоведов Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1986. – 478 с. 

4. ОВА МОН РК. Ф. 11. Оп. 1 а-л. Д. 532. Л. 1, 4, 32. 

5.  Аргынбаев  Х.А.  Историко-ку

льтурные  связи  русского  и  казахского  народов  и  их  влияние  на  материальную 

культуру казахов в середине ХІХ и начале ХХ вв. // Труды ИИАЭ АН КазССР. – 1959. – Т.6. – С.19–90. 

6. Калыш А.Б., Исаева А.И. 1945-2000 жылдардағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Ш. 

Уəлиханов атындағы тарих жəне этнология институндағы этнография ғылымының дамуы // Отан тарихы. – 2003. – 13-24 

бб. 


7. Арғынбаев Х.А. Қазақтың мал шаруашылығы хақында. – Алматы: Ғылым, 1969. – 170 б.  

8. Аргынбаев Х.А. Этнографический очерк о народной ветеринарии казахов. – Алма-Ата: Кайнар, 1963. – 51 с. (на 

каз. языке). 

9. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялық шолу). – Алматы: Ғылым, 1973. – 328 

б. 

10. Хозяйство казахов на рубеже ХІХ–ХХ вв. – Алма-Ат



а: Наука, 1980. – 254 с. 

11. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми зерттеу еңбек. – Алматы: Өнер, 1987. – 128 б. 

12. Казахи. Историко-этнографическое исследование. – Алматы: Казахстан, 1995. – 352 с. 

13. Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и 

истории. – Алматы: Ғылым, 1998. – 234 с. 

14. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ ше

жіресі хақында. – Алматы: Атамұра, 2000. – 464 б. 

15. Арғынбаев Х.А. Қазақтың отбасылық дəстүрлері. – Алматы: Қайнар, 2005. – 215 б. 



 

 

С. Жолдасбайұлы 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің  

археологиялық ғылыми-зерттеу Орталығының директоры,  

т.ғ.д., проф. (Түркістан қ.) 



 

Х. АРҒЫНБАЕВ НЕКЕ ТУРАЛЫ 

 

Халқымыздың  көрнекті  этнограф  ғалымы  Х.  Арғынбаев  егер  тірі  болса  қазақ  ғалымдары 



ғалымның 90-жылдығын  атап  тойлап  өтер  еді,  амал  бар  ма  ондай  жақсылық  бізге  бұйырмаған. 

Дегенмен  халқымыз  бекер  айтпаған  «жақсының  жақсылығын  айт  нұры  тасысын»  деп,  ғалымның 

жатқан жері нұрланып жатсын дегіміз келеді. Халел Арғынбайұлының қазақ этнографиясына сіңірген 

еңбегі мол саланың бірі. Бұл саланы зерттеушілердің алғашқысы, бірегейі. Əсіресе қазақ халқындағы 

отбасы  мен  неке  туралы  жазған  тарихи  этнографиялық  еңбегі [1] өзінің  ғылыми  жағынан  бүгінгі 

күнге дейін мазмұны, мағынасы жағынан жоғары бағаланып жүрген аса құнды еңбектердің бірі. Бұл 

еңбек  бұдан 50-жыл  бұрын  шықса  да  бұдан  кейін  мұндай  немесе  бұл  сияқты  бірде-бір  еңбек 

шықпаған.  Сондықтан  бұл  еңбек  этнограф  ғалымдардың  қолдарынан  ғылыми  столдарының  үстінде 

түспей жүр. Ғалым өзінің ғылыми еңбегінің кіріспесінде бұл бағалы еңбегіне кішіпейілділікпен, жəй 

шолу деп баға береді: «Сөйтіп, біз бұл шолуда қазақ семьясы мен неке тарихына байланысын баспа 

жүзін  көрген  ең  негізгі,  қажетті  деп  тапқан,  нақтылы  деректер  негізінде  жазылған  жұмыстарды 

қамтыдық.  Ал  революцияға  дейінгі  əсіресе  газет  беттерінде  жарияланған  бір-біріне  ұқсас 

материалдарды,  сондай-ақ  кімге  болса  да  əйгілі  болған  əдебиет  негізінде  жазылған  көлемді 

еңбектерді  бұл  шолуға  енгізбедік»  деп  басқа  да  көптеген  материалдарды  ғылыми  еңбегіне 

кіргізбеген. Егер ондай материалдарды еңбекке кіргізгенде бұл еңбек бірнеше том болғандай еді. 

Ғалымның еңбегі төрт тараудан тұрады. Біз оның бəріне тоқталмаймыз, ішіне кейбір халқымызға, 

жастарға қажет-ау деген бірнеше жеріне тоқтап өтуді жөн көрдік. Əсіресе неке құру түрлері үйлену 

тойы  жəне  оған  байланысты  əдет-ғұрыптары  туралы  тоқтала  өтуді  жөн  көрдік.  Ұшы  қиыры  жоқ 

байтақ жатқан жерімізді мекендеген халқымыздың неке құру түрлері мен үйлену тойын ұйымдастыру 

тəртібі жəне оған байланысты қалыптасқан сан алуан əдет-ғұрыптар жайында толып жатқан деректер 

бар.  Ел  арасында  осы  уақытқа  дейін  сақталып  келе  жатқан,  сақталып  жүрген  дəстүрлер  əлі  де 

кездеседі.  

Халқымыздың арасында жастай некелестіру ежелден келе жатқан дəстүр. Кей уақытта қыздарды 

13-14  жасында  ұзатса,  ер  балаларды 15-16 жасында  балиғатқа  толды  деп  үйлендіре  берген.  Мұндай 

дəстүр  халық  эпосында  ашық  айтылады.  Қазақ  жырларындағы  батыр  кейіпкерлер  өздерінің  ерлік 


39 

 

атын «15-жасында  баспын  дейді,  есі  кеткеннің  баласы 25-де  жаспын  дейді».  Халқымыздың  түсінігі 



бойынша  жастарды  неғұрлым  ерте  үйлендірсе,  олар  əрбір  жағымсыз  қылықтардың  аулақ  болып, 

ұрпақтары  мықты  болады  деген  сенімде  болған.  Неке  құрудың  негізгі  жолы  құда  түсіп,  қалыңмал 

алып  үйлену  жасаумен  тұрмысқа  шығу.  Ал  кедейлерге  үйлену  оңайға  түспеген. 20-30 жасқа  дейін 

үйлене алмай жүрген.  

Халқымыздағы ортақ тəртіптің бірі туыстағы жақындар жеті атаға толмай қыз алыспау. Мұндай 

тəртіпті этнография ғылымында экзогамия дейді. Қазақ халқымыздағы экзогамиялық тəртіптің мəн-

жайы туралы көптеген деректерде белгілі. Мəселен А. Левшин Кіші жүз руларының жеті атаға дейін 

үйленбей жүрген басқа рулардан қалыңдық іздегенін өз еңбегінде жазып кеткен.  

Неке түрлерінің бір түрі «бел құда». Бұл Қозы мен Баян əкелерінің Қарабай мен Сарыбайдың құда 

болуы. 


Алланың əміріне көніселік, 

Көздің қыры түскенін көріселік, 

Ұл туарда, қыз туар заман болса 

Уағдамен қалыңсыз беріселік [2, 476 б.].  

Қазақ  арасында  ежелден  келе  жатқан  құдалықтың  бір  түрі,  бесікте  жатқанда  екі  нəрестені 

аттастырып  қою.  Мұндай  құдалықты  «Бесік  құда»  дейді.  Мұндағы  басты  мақсат  қалыңмалды 

біртіндеп  төлеу.  Мұндай  құдалық  Орта  Азия  халықтарында  да  болады.  Ғалым  этнограф 

Н.А.Кисляковтың айтуы бойынша мұндай құдалықтың мəні – құдалар бір-біріне сый құрмет көрсетіп, 

кейде  балаларының  көйлектерінің  етегіне  ішек  салып  олардың  бірінің  күйеу,  екіншісінің  қалыңдық 

болғанын əңгімелеген. Мұндай құдалар арасында қалың мал мөлшері де шағындау болған.  

Ғылыми  зерттеулерге  қарағанда  бесіктегі  нəрестелерді  атастыру  əдетінің  түп-тамыры  өте  көне 

замандарға, яғни аналық дəуірге жасалған тəрізді. Ана үстемдігі дəуірінде бір аналық рудың ұлдары 

туысымен, екінші аналық рудың қыздарының туысымен екінші аналық рудың қыздарының күйеулері 

болып саналса, екінші  аналық  рудың  қыздарының күйеулері  болып саналатын  неке  түрлерін  ғалым 

этнолог  Л.Я.  Штенберг  ортодоксалды  неке  деп  атаған.  Бұл  ортодоксалды  некеден  яғни  топтық 

некенің дара некеге өту кезеңімен тығыз байланысты.  

Бесік  құдалықтың  ортодоксалды  некемен  ұштасатындығын  гиляктар  арасындағы  деректер 

негізіне сүйенген Л.Я. Штенберг «Əрбір ұл тапқан əйел босанысымен қызы бар туысына балаларды 

аттастыру керек екенін деру өтініп, құда түсетінін де, олардың білектеріне иттің жүнінен иірілген жіп 

байлайтын». Бұл қазақ арасындағы бесік құдалығының сонау аналық ру кезінде пайда болғандығын, 

ал  патриархалды  семьяның  үстемдік  еткен  кезінде  алғашқы  мəнін  өзгерткенін  қалың  мал  төлеп, 

некелесуге  əсер  еткен.  Мұндай  неке  туралы  Батыс  Қазақстан  жерінде  зерттеу  жүргізген  этнолог 

В.В.Востровта жазған. Халқымызда ер азаматтар, сал серілерде жар таңдауды өздері жүргізген.  

Қазақта «қарсы құда» түсу де болған, қызды алып қашу əдеті де болған. Халқымызда құда түсу 

салты  бойынша  құдалар  бір-бірімен  келісіп  той-думандарын  өткізіп  құйрық  бауыр  жесіп,  ақ  бата 

жасалып  жақсылықпен  тарасатын  болған.  Қазақта  қызды  алып  қашу  салты  да  болған.  Бұл  салттың 

жақсы жағы да, жаман жағы да болған. Жақсы жағы жігітпен қыздың бірін-бірі ұнатуы, екі жақтың 

ата-аналарының  тең  болуы  жақсылықпен  құдалықтың  аяқталуы  болған.  Ал  екі  жақ  тең  болмаса 

кедейдің  баласы  байдың  қызы  өзі  ұнатқан  кедей  жігітке  қашып  кетсе,  қыздың  əкесі  намыстанып 

шатақ шығаратын жағдайлар көп болған. Мəселен «Еңілік-Кебек» трагедиясын айтуға болады. Еңілік 

Найман  ішіндегі  іргелі  ел  Матай  руының  айттырған  жесірі,  Еңілік  болашақ  күйеуін  менсінбей 

Тобықты елінің батыры Кебекпен кездесіп, сонымен қашып кетеді. Матай руының ру басылары қол 

жиып,  Тобықтыны  шауып  алу  қаупі  туған  соң  Тобықты  жағы  Кебекке  ара  түсе  алмай,  екі  ғашық 

қазаға ұшыраған. Міне сүйгеніне қосыла алмай арманда кеткен кездер де болған.  

Ал  бүгінгі  заманда  жастарымыз  өз  еріктерімен  сүйгендеріне  тиіп  еркін  жүр.  Амал  барма 

жастарымыз  мұндай  жақсылықты  жете  түсінбей  еркіндікті  алғанның  жолы  осы  екен  деп,  ешбір 

талғамай  қыздарымыз  кім  болса  соған  еріп  кете  беруге  не  ұлтына  не  жынысына  қарамай  үйленіп 

ақыр  аяғында  сорлап  жүргендер  аз  емес.  Халқымыздың  «Үйлену  оңай,  үй  болу  қиын»  деп  бекер 

айтпаған.  Сондықтан  да  қыз-жігітке  үйлену  үшін  азда  болса  ойлану  керек,  ата-анасымен  ақылдасу 

керек. 


Қазақ  арасында  неке  құрудың  ең  көне  түрінің  бірі  əмеңгерлік (левират)  бұл  алғашқы  қауымдық 

қоғамда  болған  топты  некенің  бір  жұрнағы,  жəне  қазақта  балдыз  алу  (сорорат)  əдет-ғұрыптары 

бойынша үйлену. Бұл əдет елімізде кешегі өткен күнге дейін сақталған. Əмеңгерлік бойынша қазақта 

«аға өлсе іні мұра, іні өлсе аға мұра» деген салт бар. Мұның басты мақсаты қаза болған аға мен інінің

 

жесірі мен балаларын ренжітпеу, басқа жаққа жібермеу. Бұл тек жесірдің еркімен болған. Ал балдыз 



алуда əпкесі өлсе қалған баланы жетімсіретпеу, бұлда балдыздың өз еркімен болатын жағдай.  

Мұндай үйлену əсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде соғыстан қайтпаған азаматтардың жесір қалған 

жанұяларында  болған.  Халқымыз  жесір  қалған,  жетім  қалған  жандарын  қаңғыртып  ешқайда 

жібермеуге тырысқан. Мұндай адамгершілік керек болса бүгінде кездеседі.  



40 

 

Сонымен қорытындылай келгенде жаңа дəуірге дейінгі неке құру түрлері, үйлену тойы жəне оған 



байланысты  əдет-ғұрыптар  той  думанмен  аяқталады.  Əр  үйдегі  тойға  жиналушылар,  əр  үйдегі 

қызықты-əңгіме дүкен құрып, бір үйде той бастар айтылса, бір үйде жар–жар айтылады. Жар-жарды 

бір жігіт бір қыз айтады. Жігіт бастағанда басқа жігіттер қостайды, ал оған жауап ретінде қалыңдық 

айтқанды  оның  құрбылары  қостайды.  Жар-жардың  мазмұны  өте  тəрбиелі  болған.  Мəселен:  Жігіт 

жағы: 

Қарындасым жылама бұл мирасқа 



Пайғамбарда ұзатқан Фатимасын 

Жар-жар-ау 

Қыз жағы: 

Дүниеге келуге себеп болған  

Жар-жар-ау 

Қайын атам əкемдей қайдан болсын  

Жар-жар-ау деп 

Қыз  өз  үйіндей,  үйдің  өз  ата-анасындай  қалай  болатындығын  айтып,  жар-жарға  қосады.  Міне, 

сөйтіп  этнолог-ғалым  халқымыздың  неке  отбасының  өмірде  қалай  болғандығын,  ауыз  əдебиетінде 

жəне  жазба  деректерде  қалай  болғандығын,  ғылыми  дəрежеде  жеріне  жеткізе  жазған.  Бұл  қазақ 

халқындағы семья мен неке туралы жазылған мəңгі өшпес, өлмес зор құнды еңбек. 

 

Əдебиеттер: 

1. Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялық шолу). – Алматы: Ғылым, 1973. – 328 б. 

2.  Батырлар  жыры. 1 т.  Құраст.:  М.Г.  Ғұмарова,  О.А.  Нұрмағамбетова,  Б.Уахатов. – Алматы:  Қазмемкөркемəдеббас, 

1961.  

 

 



Н.Уəли, Р.Шойбеков.  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінің  

антропология жəне этнология орталығының қызметкерлері, филология ғылымдарының 

докторлары. Алматы қаласы 

 

Х.Арғынбаев – этнолингвист ғалым. 

 

Аса көрнекті ғалым Х.Арғынбаевтың зерттеулерінің мəн-мазмұнына қарағанда, оны тек этнограф, 

этнолог  деп  танумен  шектелмей,  этнолингвист  зерттеуші  деп  бағалау  қажет.  Ғалымның  өзге 

əріптестеріне қарағанда шоқтығы биік тұратындығы да сондықтан.  

Этнолингвистика  ғылымы – тілтаным  ғылымының  этнология  ғылымымен  тоғысуынан  ХХ 

ғасырдың  орта  шенінен  аса  өмірге  келген  ғылымның  жаңа  бір  саласы.  Алайда  бұл  ғылым  саласы 

жаңа болғанымен, оның бастамы, түп негізі əріден келе жатқанын жоққа шығаруға болмайды. 

Тілтаным мен этнография этностың өмірімен, дүниетанымымен тікелей байланысты [1, 8-29-бб.]. 

Жалпы,  лингвистикада  тілді  сол  тілдің  иесі  халықтың  тұрмыс-тіршілігінсіз,  таным-білімінсіз  жеке 

иманентті  жүйе  ретінде  қарау  бір  кездегі  атақты  ғалым  Ф.Соссюрдің  тілді  таза  лингвистикалық 

тұрғыдан  қарайтын  доктринасының  үстемдік  алуымен  байланысты  болды.  Дегенмен,  осыған 

қарамастан,  қазақ  зерттеушілерінің  арасында  этностың  кəсібі  мен  тұрмысына,  салт-дəстүріне, 

шаруашылығына,  қолөнеріне  қатысты  лексика-фразеологиялық  атауларды  кеңінен  қарастыра 

отырып, олардың лексикалық мағынасын, мəдени семантикасын дəлме-дəл аша отырып этномəдени 

объектінің, заттық мəдениеттің артефактілерінің болмысын, ерекшелігін сипаттайтын этнографиялық 

деректерді қатарластыра қарастырған зерттеушілер де болды.  

Бұл  ретте  Ғ.Себепов,  С.Қасиманов,  Ə.Тəжімұратов,  Х.Арғынбаев  тəрізді  зерттеушілердің 

үркердей шоғырын айтуға болады. Бұлардың еңбектері этнолингвистиканың бастау алған көзі болды. 

Мысалы,  малшаруашылығына,  егіншілікке,  салт-дəстүрге,  қолөнерге  байланысты  жоғарыдағы 

зерттеуші-ғалымдардың  еңбектерінде  зерттеп  отырған  нысандар  тек  тілдік  жағынан  ғана  емес, 

этнографиялық, мəдениеттанымдық жағынан да сипатталып талданды. Мəселен, Х.Арғынбаев «Қазақ 

халқының  қолөнері»  атты  еңбегінде  заттық  мəдениеттің  этнос  өміріндегі  орнын  айта  келіп,  ондағы 

атаулардың  лексикалық  мағынасын  лингвистикалық  тəсілмен  дəл  аша білді. Өзіндік  зерттеу  əдісіне 

байыптап  қарасақ,  бұл  ерекшелік  Х.Арғынбаевта  өте  мол  кездеседі.  Зерттеуші  алдымен  халықтық 

терминдерді  қамтып,  оларды  мəдени  семантикалық  топтарға  бөліп,  классификация  жасай  отырып, 

əрқайсысының  лексикалық  мағынасын  лексикограф  мамандарша  аша  білген.  Кей  тұста  атаулардың 

шығу төркініне де (этимологиясына да) талдау жасаған. Бұл ретте мəселен, сықаурын, мор, мор салу, 

морлау, обын, обын салу, ырғақ, сағана қақсал, ағаш, көктеу, тыныке, тыныкелеу, сырсауыт, қобы, 

қобылау  тəрізді  терминдерге  дəлме-дəл  анықтама  (дефиниция)  бере  отырып,  аталып  отырған 


41 

 

заттардың  əрқайсысын  этнограф  ретінде  сипаттайды,  олардың  ел  тұрмысындағы  алатын  орны  мен 



маңызын ашып көрсетеді [2, 10-11-бб.].  

Х.Арғынбаевты  қазақ  лексикографтары  этнолингвист  ретінде  тани  отырып,  қазақ  тілінің  он 

томдық  түсіндірме  сөздігінде,  он  бес  томдық  «Қазақ  əдеби  тілінің  сөздігінде»  лұғаттық  мақаланың 

дефинициясын ашуда кеңінен пайдаланды. Əрине, бір өкініштісі, ғалымның еңбектерінде кездесетін 

халықтық  терминдер  əлі  де  болса  ұлттың  сөз  байлығын  молынан  қамтитын  түсіндірме  сөздіктеріне 

енбей жатқаны баршылық.  

Х.Арғынбаевтың  өз  кезіндегі  басқа  да  ғалым  əріптестерінен  бір  мойын  озық  тұратыны – 

халықтың  жергілікті  тілдік,  этнографиялық  ерекшеліктерін  жəне  соған  байланысты  сөз  байлығын 

молынан  жинап,  жақсы  білетіндігі.  Бұл  жағынан  ол  белгілі  диалектолог  ғалымдар  санатына  кіреді 

десек  артық  айтқандық  емес.  Экспедиция  кезінде  құнды  материалдарды  əр  аймақтағы 

информатордың өз аузынан жазып алып, көзбен көріп отырып сипаттама берген. Мəселен, зерттеуші 

кежім  теру,  орама  теру,  қара  теру,  иекше  (кимешек)  тəрізді  халықтық  терминдерді  оңтүстік 

өңірдегі қазақтар арасынан жинаған  материалдары негізінде  бірінші рет  ғылыми  айналымға енгізді. 

Бұл жайындағы ғалымның жинаған аймақтық деректеріне тіл мамандары мен этнологтар болашақта 

ерекше көңіл бөлуі қажет [3, 37-б.].  

Тағы  бір  ауыз  толтырып  айтарлық  жайт – ол  этнографиялық  зерттеулерінде  фольклорға,  ел 

аузында  айтылып  жүрген  ауызша  деректерге,  аңыз  əңгімелер  мен  əпсаналарға  айырықша  көңіл 

бөлген  ғалым.  Мысалы,  мал  шаруашылығы  жайында  жазылған  еңбегінде  Жұпар  қорығы  туралы 

экологиялық мазмұндағы, жермен байланысты құқықтық қатынасты аңғартатын аңызды келтірген [4, 

37-б.]. Жай ғана тұрмыстық заттарға байланысты əңгіме-əпсаналарды да зерттеуші өз назарынан тыс 

қалдырмаған. 

Нұрсан  Əлімбайдың  ғылыми  жобасымен  жəне  жетекшілігімен  жасалып,  үстіміздегі  жылы 

аяқталған 5 томдық «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлі 



жүйесі.  Энциклопедия»  атты  іргелі  еңбекте [5] көрнекті  ғалым  Х.Арғынбаевтың  зерттеулері, 

материалдары,  терминдерге  берген  дефинициялық  анықтамалары,  көрнекі  сызбалары  мен 

иллюстрациялары кеңінен пайдаланылды. Зерттеушінің этнография, мəдениеттану саласында жазған 

еңбектері энциклопедияның сəтті шығуына айтарлықтай жəрдемі тиді деп осындай мерейтой тұсында 

атап айтуды орынды деп білеміз. 

Х.Арғынбаев – этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып, 

зерттеуіне  өзек  еткен  ғалым.  Этностың  шынайы  бейнесі,  болмысы  оның  тілінде  ғана  сақталып, 

кейінгі  ұрпақтың  жадында  сақталады  дегенді  өз  ұстанымына  айналдырған,  оны  этносты  танып-

білудің қайнар көзі, кəусəр бұлағы деген бағытты ұстанған  көрнекті ғалым Х.Арғынбаевтың қазіргі 

жаңа сала – лингвомəдениеттану ғылымында да орны ерекше.  

Өзінің  ұлттық  сипатын,  елдігін  сақтау,  ұлттық  құндылықтар  дүниесін  түгендеу,  оның  мəн-

мазмұнын,  қадір-қасиетін  бағалау  қай  халықтың,  қай  елдің,  қай  ұлттың  болмасын  толғақты 

мəселесіне  айналып  отырған  қазіргі  таңда  Х.Арғынбаев  еңбектері  тілдік  семантиканы  мəдени 

семантикамен ұштастыра зерттейтін лингвомəдениеттану ғылымы үшін де аса құнды. 

Гуманитарлық  ғылым  салалары  қазіргі  кезде  тек  тілдік  семантикамен  шектеліп  қалмай, 

этномəдени  семантикаға  көңіл  бөле  бастады.  Осымен  байланысты  айтарымыз:  Х.Арғынбаев 

еңбектерінде тілдік əрі мəдени семантикаға қатысты дерек көздері аса мол. Бұған ерекше көңіл бөлу 

қажет,  өйткені  этнос  мүшесінің  болмысында  тіл  құзіреттілігімен  қатар  мəдени-танымдық 

құзіреттіліктің  болуы  өте-мөте  қажетті  шарттардың  бірі.  Қазіргі  заманда  осы  екі  құзіреттіліктің  бір 

тұлғаның бойынан табыла қойуы екіталай. Бұл – дабыл қағатын жайға айналып отыр. 

Ұлттық  мəдени  құндылықтар  дүниесіне  аксиологиялық  тұрғыда  баға  беруде,  оларды  қайта 

бағалауда  Х.Арғынбаевтың  ой-тұжырымдары  қазіргі  кезде  де  басшылыққа  алуға  тұрарлық  десек 

артық айтқандық емес. Мəселен, «Қазақ халқындағы семья мен неке» атты еңбегінде қазақ əйелінің 

жағдайына  орыс  чиновниктерінің  теріс  баға  бергенін,  ол  бағаның  қазақ  халқының  болмысына  тəн 

емес  екенін  былайша  ашып  көрсетеді:  «Негізінен  қазақ  халқы  əйел  салтанатына  көп  көңіл  бөлетін 

десек  қателеспейміз.  Жоқшылық  зардабын  шеккен  кедей  əйелдерінің  халінің  мүшкіл,  тағдырының 

адам  төзгісіз  нашарлығын  халық  характерінің  қаталдығынан  емес,  əлеуметтік  теңсіздіктен  іздеу 

керек.  Өйткені  үй  жұмысының  ауырлығын  жеке  көтерген  кедей  əйелдерінің  жағдайы  тым  нашар 

деген күнде олардың ерлерінің көрген күні қандай?. Өмір ауыртпалығын тең көтеріп жүрген жоқ па 

екен олар? Міне осы жағдайға көптеген орыс чиновниктері жазған еңбектерде мəн берілмей, халық 

өмірін теріс, біржақты баяндаған.  

Сəн-салтанат  құруды  көксейтін  ірі  байларды  былай  қойып,  өз  шаруасы  өзіне  жетерлік  орта 

қазақ  семьясының  ең  алдымен  əйел  салтанатына  көңіл  бөлгендігін  кім  жоққа  шығарады.  Шамасы 

келген  семьяда  киімнің  асылын  əйел  киетіндігі,  алтын-күмістен  жасалатын  өте  қымбат  сəнді 

əшекейлердің  əйелге  арналатындығы,  өте  əдемі  жəне  қымбат  ер-тұрмандар  мен  жүрісі  жайлы 

жорғалардың, əдемі сəйгүліктерді парлап жеккен пəуескелердің əйелге арналатындығы кімге құпия? 


42 

 

Əйел  сыйламайтын  халықта  мұндай  жағдай  кездесер  ме  екен?  Əрине  жоқ. «Əйел – ердің  көркі» 



деген  қағида халық  творчествосында  тегін  тумаған  болар. Аты  аңызға  айналған ақылды, тапқыр 

аналардың  ісін  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  есебінде  əңгіме-жыр  ету  ауыз  əдебиет  үлгілерінде  өте  жиі 

кездеседі. Халық оларды мадақтап, мақтан етеді» [6, 72-б.]

Əрине,  бұл  қысқа  тезисте  аса  көрнекті  ғалымның  зерттеулерінің  этнолингвистикалық  қырларын 

бастан-аяқ  түгендеп  шығу  мүмкін  емес.  Бұл  тұста  біз  олардың  негізгі  бағыт-бағдарларына  ғана 

тоқталдық.  Бұл  күрделі  мəселені  тəптіштеп  зерттеуді  ұсынып  отырған  мақаланың  көлемі 

көтермейтіндіктен болашақта арнайы зерделеуді мақсат еттік.  

 

Əдебиеттер: 

1. Əбдуəли Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мəселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б.  

2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер, 1987. 

3.  Арғынбаев  Х.,  Захарова  И.В. 1958 жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысына  ұйымдастырылған  этнографиялық 

экспедиция  жұмысының  қорытындысы // ТИИАЭ  АН  КазССР.  Т.12.  Новое  материалы  по  археологии  и  этнографии 

Казахстана. Алма-Ата, 1961. – С.92-118. 

4. Арғынбаев Х. Қазақтың мал шар

уашылығы жайында этнографиялық очерк. – Алматы: Ғылым, 1969. 

5.  Қазақтың  этнографиялық  категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының  дəстүрлi  жүйесi.  Энциклопедия.  Ғылыми 

редакторы жəне жоба жетекшісі Нұрсан Əлімбай: 1 том. – Алматы: РПК “DPS”, 2011; 2-4 том. – Алматы: РПК “Слон”, 2012-

2014; 5 том. – Алматы: Азия Арна, 2014. 

6. Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялық шолу). – Алматы: Ғылым, 1973. 

 

 



 

43 

 

СЕКЦИЯ І. 



 

ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК, ЭТНОСАЯСИ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ ҮДЕРІСТЕР 

ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТНОС ЖӘНЕ ҚОҒАМ 

 

ЭТНОС И ОБЩЕСТВО В СИСТЕМЕ ЭТНОСОЦИАЛЬНЫХ

ЭТНОПОЛИТИЧЕСКИХ И ЭТНОКУЛЬТУРНЫХ ПРОЦЕССОВ 

 

 

 

А. Асанканов 

чл.-корр. НАН КР, профессор, д.и.н. (г. Бишкек, Кыргызстан) 



 

ДЕЙСТВИЯ ВЛАСТЕЙ И ДРУГИХ ОБЩЕСТВЕННЫХ СТРУКТУР КЫРГЫЗСТАНА В 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет