Литература:
1. Адрианов А.В. К археологии Западного Алтая [из поездки в Семипалатинскую область в 1911 году] // Известия
ИАК. – Петроград, 1916. – Вып. 62. – 94 с.
2. Акишев К.А. К проблеме происхождения номадизма в аридной зоне древнего Казахстана // Поиски и раскопки в
Казахстане. – Алма-Ата, 1972. – С. 31–46.
3. Акишев К.А. Саки азиатские и скифы европейские: общее и особенное // Археологические исследования в
Казахстане. – Алма-Ата, 1973. – С. 43–58.
4. Акишев К.А., Акишев А.К. Проблемы хронологии раннего этапа сакской культуры // Археологические памятники
237
Казахстана. – Алма-Ата, 1978. – С. 37–62.
5. Арсланова Ф.Х. Новые материалы VII–VI вв. до н. э. из Восточного Казахстана // СА. – 1972. – №1. – С. 253–258.
6. Арсланова Ф.Х. Случайная находка бронзовых вещей в Семипалатинском Прииртышье // КСИА. – 1981. – Вып.
167. – С. 54–58.
7. Базарбаева Г.А. Анималистические образы искусства древних кочевников Казахского Алтая (по материалам
берельских курганов): автореф. дис. … канд. ист. наук. – Алматы, 2008. – 24 с.
8. Бейсенов А.З., Смаилов Ж.Е. Талдысайские удила раннетасмолинского времени в Центральном Казахстане //
Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. – Алматы, 1998. – С. 271–275.
9. Бисембаев А.А., Сдыков М.Н. Исследование памятников раннего железного века в Западном Казахстане в 1991–
2011 гг. // Свидетели тысячелетий: археологическая наука Казахстана за 20 лет (1991–2001): сб. научн. ст. – Алматы,
2011. – С. 196–206.
10. Габышева Л.Л. Фольклорный текст: семиотические механизмы устной памяти. – Новосибирск, 2009. – С. 76–77.
11. Геродот. История (в 9 книгах). – Л., 1972 – 600 с.
12. Грязнов М.П. Пазырык. Погребение племенного вождя на Алтае. Памятники культуры и искусства в собраниях
Эрмитажа. М.-Л., 1941. Корректура книги, готовившейся к выпуску в 1941 г. // Рукописный архив ИИМК РАН, ф. 35, оп.
2-д, д. №54.
13. Грязнов М.П. Первый Пазырыкский курган. – Л., 1950. – 90 с.
14. Ермолаева А.С. Памятники предгорной зоны Казахского Алтая (эпоха бронзы – раннее железо). – Алматы, 2012.
– 236 с.
15. Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Избранные труды. – Л., 1974. – 727 с.
16. Итина М.А., Яблонский Л.Т. Саки Нижней Сырдарьи (по материалам могильника Южный Тагиск
ен). – М., 1997.
– 187 с.
17. Кадырбаев М.К. Памятники тасмолинской культуры // Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата:
Наука, 1966. – С. 303–433.
18. Королькова Е.Ф. Знаковая система, приемы композиции и некоторые устойчивые мотивы в искусстве звериного
стиля (зооморфные свастики и вихревые розетки) // Нижневолжский археологический сборник. – Волгоград, 2009. –
Вып. 10. – С. 64–72.
19.
Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. – М., 1984. – 263 с.
20. Лукпанова Я.А. Археологические исследования на курганном комплексе Таксай-I // Маргулановские чтения –
2014: матер. междунар. научн.-практ. конф., посв. 110-летию академика А.Х. Маргулана (Павлодар, 3–4 декабря 2014 г.).
– Алматы–Павлодар, 2014. – С. 184–204.
21. Молодин В.И. Культурно-историческая характеристика погребального комплекса кургана 3 памятника Верх-
Кальджин 2 // Феномен алтайских мумий. – Новосибирск, 2000. – С. 86–119.
22. Молодин В.И., Парцингер Г., Цэвээндорж Д. Замёрзшие погребальные комплексы пазырыкской культуры на
южных склонах Сайлюгема (Монгольский Алтай). – М., 2012. – 566 с.
23. Полосьмак Н.В. Всадники Укока. – Новосибирск, 2001. – 336 с.
24. Полосьмак Н.В., Баркова Л.Л. Костюм и текстиль пазырыкцев Алтая (IV–III вв. до н. э.). – Новосибирск, 2005. –
232 с.
25. Ру
денко С.И. Культура населения Горного Алтая в скифское время. – М., 1953. – 555 с.
26. Руденко С.И. Культура населения Центрального Алтая в скифское время. – М.-Л., 1960. – 359 с.
27. Самашев З. Берел. – Алматы, 2011. – 236 с.
28. Самашев З.С., Франкфор А.-П., Ермолаева А.С., Жумабекова Г.С., Гий Э., Сунгагай С., Жетибаев Ж.М., Омаров
Г.К. Исследование культуры древних кочевников Казахстанского Алтая // Проблемы изучения и сохранения
исторического наследия. – Алматы, 1998. – C. 174–202.
29. Самашев З., Джумабекова Г.С., Базарбаева Г.А. Конское снаряжение древних скотоводов Казахского Алтая:
опыт реконструкции (по материалам кургана №10 могильника Берел) // Археологический альманах, №21. –
Изобразительное искусство в археологическом наследии. Сборник статей. – Донецк: ООО “Лебедь”, 2010. – С. 251-286.
30. Сеитов А.М. Степи Торгая в раннесакское время: к постановке проблемы // Сакская культура Сарыарки в
контексте изучения этносоциокультурных процессов степной Евразии: тез. докл. Круглого стола, посв. 20-летию
Независимости Республики Казахстан. – Караганды, 2011. – С. 149–157.
31. Сорокин С.С. Большой Берельский курган (полное издание материалов раскопок 1865 и 1959 гг.) // ТГЭ. – 1969.
– Т. 10. – С. 207–227.
32. Тасмагамбетов И. Кентавры Великой степи. Художественная культура древних кочевников. – Алматы, 2003. –
336 с.
33. Токтабай А.У. Культ коня у казахов. – Алматы, 2004. – 124 с.
34. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (XIX – начало XX в.). – Алма-
Ата, 1991. – 214 с.
35. Турсунов Е.Д. Древнетюркский фольклор: истоки и становление. – Алматы, 2001. – 172 с.
36. Турсунов Е.Д. Ген
езис казахской бытовой сказки. В аспекте связи с первобытным фольклором. – Алма-Ата,
1973. – 216 с.
37. Шевцова А. Казахский народный орнамент: истоки и традиция. – М., 2007. – 240 с.
38. Конское убранство у казахов // Интернет-ресурс: http://www.kazakh.ru/news/articles/?a=1623
238
Г.Б. Қозғамбаева
əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың доценті, т.ғ.к.;
Сарманова Қ.Т.
əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты (Алматы қ.)
ҚАЗАҚТЫҢ БЕС ҚАРУЫНЫҢ БІРІ – САДАҚ ПЕН ОНЫҢ ЖЕБЕСІ
Тарихқа терең үілсек, ғасырлар бойы ата – бабаларымыз жаугершілік шапқыншылықтардан
Отанын, елін, жерін қорғауда күресіп келген. Суық қару құрсанып, бес қаруын бойына асынған
ерлердің есімдерін ұранға айналдырып, олар ұстаған қару-жарақты ұрпақтан- ұрпаққа мұраға
қалдырып отырған. Ер азаматтың жаугершілік заманда жаумен шайқасқанда жеңіске жетуі оның
астындағы тұлпары мен үстіндегі сауыты, қару-жарағына байланысты екені белгілі. Халқымыз бұл
ойды «ер қанаты – ат», «ер қуаты – қаруы» деп тұжырымдаған
.
Осы тұрғыдан алғанда қазақ
халықының қару-жарағы оның ерлікке толы өмірінен мəлімет беріп, еркіндікке ұмтылған мақсат-
мүддесін танытады.
Қазақ халқы қару-жарақты қадірлеп, жеті қазынаның біріне жатқызып, əдетте оларға қылышты,
найзаны, садақты, сауытты, шоқпарды жатқызған. Қазақ батырлары соғыс кезінде жекпе-жек
шайқастарда садақпен ату, найзамен түйреу, қылышпен кесу, балталасу мен шоқпарласу түрінде
өткен. Содан болар, «Ер қаруы - бес қару» деп айтылған. Қарудың түрі бесеу болатындығы туралы
Қ.Ахметжанов былай дейді: «Қару-жарақ түрлерінің бесеу болып қалыптасуы олардың өзіндік, бірін-
бірі ауыстыра алмайтын жеке қызметінің (функциясының) болуына байланысты. Соғыс қаруларының
жұмсалу тəсілі бес түрлі болып қалыптасқан. Олар – ату (садақ не мылтық), кесу (қылыш), түйреу
(найза), шабу (айбалта), соғу (шоқпар). Басқа қарулар осы бесеуінің вариациялануы, түрленуі ғана.
Сондықтан айқаста бұл бес қару бірінің орнын бірі баса алмайды» [1, 46-б.]. Ал «қару» жəне «жарақ»
сөздерінің астарына үңілу халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қасиетті құралдың орнын анықтауға
көмектеседі. Зерттеушілер бұл екі сөздің «қару» сөзі «қар» деген түбірден туындап, ұстау деген
мағынаны білдірсе, «қару» қолға ұстайтын соғыс құралдарының ортақ атауына айналған. Ал,
«жарақ» сөзіне байланысты пікірлер сан алуан, олардың кейбіріне тоқтала кетсек, мысалы
М.Қашқаридің «Диуани Лұғат-ат түрік» еңбегінде «jarыk –жарақ: шайқасқа киіп шығатын темір
сауыт, қалқандардың кез-келгеніне қолданатын ортақ атау» [2, 25-б.] – деп көрсетілген.
Тарихта көшпелі дала тұрғындарының өмірінде қару асынып жүру жаугершілік заманда ғана
емес, бейбіт өмірде де дəстүрге айналды. Ағылшын елшісі жəне саяхатшы А. Джеккинсонның
айтуынша, VІІІ ғасырда көшпелілер аң аулауға шықса да, сауық-сайранға барса да ешқашан садақ,
жебе, қанжарсыз шықпаған. Бұдан біздің аңғаратынымыз, олар қаруларын өздерімен бірге алып
жүріп, үнемі көзден таса қылмаған. Көшпелілерде қаруларын асынып жүру тек заңды құқық емес,
сонымен қатар міндет болған. Қазақ халқының тарихы мен олардың шаруашылығына байланысты
жазылған еңбектерде көшпелілік қазақтардың əдет құқықтарына тəуелді болғандығы туралы
айтылады. Көп ғұмырын соғыспен өткізген қазақ халқы арасында тараған «Борышыңды көпке созба,
қаруыңды үйде қалдырма» деген мақалы, сөзге маржандай ой түйген ата-бабамыз батырдың
жарақсыз құр қара күшке сенуін құптамағандығын қуаттайды. Қайрат-күші кемімеген батыр өз
еркімен қаруынан айрылмайды. Қаруынан айрылу өліммен тең. Батыр қаруынан айрылса басынан
бағы тайғандай күй кешеді, ол тек қолына қаруын қайта түсіріп, атына мінгенде ғана қайраты арта
түседі. Махмұд Қашқари сөздігінде басында дулығасы, үстінде сауыты жоқ ерді «башнақ ер» деп
атайды, оны аударған А. Егеубай «жалаң деген мағынаны білдіруі мүмкін» дейді [2, 526-б.]. Осы
ойлар да халықтың «Қару дайындаған құлын болар, қаруды ұмытқан тұтқын болар» деген бір ауыз
сөзімен түйінделген. Бірде-бір қазақ жиналысқа қарусыз келмеген. Қарусыз келген жағдайда ол
адамға орын берілмеген жəне сайлауда дауыс бере алмаған. Үздіксіз соғыстар, шапқыншылықта,р
сыртқы жаудан қорғану қазақтарда жауынгерлік, батырлық дəстүрді қалыптастырды. Хандар мен
сұлтандардың өзі сыртқы саяси мəселелерді шешкенде белгілі батырлардың əскери жəне саяси
қолдауына сүйенді. Ханның күштілігі мен беделі оны қолдаушы батырлардың тектілігі мен саны
арқылы да танылды. Ханның өзі кейде жорықтардан қалып, батырларды жасақтарымен бірге
аттандырып отырған.
Қазақ даласын мекен еткен байырғы көшпелi халықтарда қару-жарақ түрлерi мен типтерiнiң
қалыптасу тарихына тоқталатын болсақ, олардың қару-жарағы алыс қашықтықта, орта қашықтықта
жəне жақын дистанцияда қолданылатын қарулар жəне қорғаныс жарағы болып бөлiнедi. Ерте
заманнан евразиялық көшпелi халықтар жауынгерлерiнiң алыс қашықтықта айқаста қолданған басты
қару түрi - жақ болды. Белгiлi қару зерттеушi М.В. Горелик жақтарды конструкциясына байланысты
қарапайым типi, күшейтiлген типi, күрделi типi, құрамды типi деп 4 типке бөледi [3, 59-б.].
Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректерге сүйенсек көшпелi
239
садағының ең көне түрi «скифтiк типтегi садақ» деп аталатын күрделi садақ түрi болды. Жақтың
ұзындығы шамамен 60-80 см, соған сəйкес оғының ұзындығы 60-70 см болды. Дала көшпелiлерінің
б.з. дейiнгi III ғасырдан бастап садақтың жасалуы əрi жетiлдiрiлiп, алысқа ату үшiн адырнаның
иiндерi ұзартылып, бастары мен белi атқан кезде қозғалмас үшiн 7 сүйектермен күшейтiлген болып
жасалған. Садақтың бұндай түрін ғалымдар көшпелі жауынгер ғұндар садағы деп атады. Еуразия
аумағын бiздiң заманымыздың I-II мыңжылдығында мекендеген көшпелі халықтардың жақтарының
жекелеген түрлерi осы ғұн садағының негiзiнде дамыды. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде
ғұн, түркі заманына жататын обалардан мұндай адырна сүйектері жиі табылған.
Біздің заманымыздың V-VI ғасырларында ғұн садағын əрi қарай жетiлдiру барысында пайда
болған «түркi садағының» басты ерекшелiгi - оның иiнiң iшкi бетiне сүйек салып, сүйектiң серпiндi
күшi қолдануында. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған садақ қалдықтары, адырна
сүйектері, жақтың кішкене модельдері көне түркілердің бейнелеу өнері ескерткіштеріндегі бұл
садақтың суреттері, оның формасын, көлемін, белге тағылу əдісін толық қалпына келтіруге мүмкіндік
беретіні жайында Қ.Ахметжанов өзінің еңбектерінде тоқталып өткен [1, 53 б.].
Бұл садақ та күрделi - құрама садақ болды, ұзындығы 120 сантиметр. XIII ғасырда көшпелiлер
садағының төртiншi түрi – «моңғол садағы» қолданысқа ендi. Бұл садақтың адырнасы екі түрлі
ағаштан жасалынып, иіндері бір немесе екі жағынан сүйекпен күшейтілген. Санкт-Петербургтегі
этнография музейінде қойылған моңғол садағының иінінің екі жағынан сүйекпен күшейтілген. Иіні
мен басының түйіскен жерінде кіріс адырнаны қатты ұрмас үшін сүйектен яғни малдың
бақайшағынан жасалған қорғаныш бар. Жақты бұлай жасау сол кезеңдегі күллі түркі монғол
халықтарына ортақ жасау əдісін қолданғандығы туралы Сольовьев өз еңбектерінде қарасырып кеткен
[4, 27-б.]. Қазақ садағы да осы үлгідегі садақ. Оның да иіндері сүйекпен күшейтіліп, басы ағаштан
бөлек жасалып иініне бекітіледі. Жақтың адырнасына қайын, қарағай,қолданылып, оның иініне
малдың қабырға сүйегі қолданылған болуы керек. Жақтың иінінің бетіне тарамыс
жапсырылып,құралған бөліктері қайыспен буылып, су өтпес үшін майға суарылып, қайыңның
тозымен қапталады.Кейде жақтың терімен қапталған түрі де кездеседі.
XV ғасырдан бастап серпiнi күштi болу үшiн əртүрлi материалдардан, бес буыннан құралып
жасалған жақтың бесiншi түрi қалыптасты. Жақтың бұл үлгiсi көшпелiлер садағының дамуының
соңғы кезеңі деуге болады. Еуразия даласын мекен еткен көшпелiлердің қару-жарақ түрлерi мен
типтерiнiң қалыптасуынан біз, олардың қару-жарағы алыс қашықтықта, орта қашықтықта жəне
жақын қашықтықта қолданылатын қарулар жəне қорғаныс жарағы болып бөлiнетіндігін байқадық.
Көшпелiлер садағының: скифтiк типтегi садақ, ғұн садағы, моңғол садағы деген түрлері болғандығын
аңғардық. Солардың негізінде қазақ садағы да жасалып, осы үлгідегі садақ деп аталатын күрделi
садақ түрi болды.
Б.з. дейiнгi I-мыңжылдықтың ортасынан б.з V ғасырына дейiн көшпелi жауынгерлерiнiң жақ пен
жебенi бiрге салып алып жүретiн садаққабы терiден екi қалталы қылып жасалатын. Түркi заманынан
бастап (V-VШ ғғ.) жақ пен оқтың қаптары екi бөлек жасалды. Қазақтарда садақ пен жебе бұрын
басты қарудың бірі болып, қазақ жауынгерлері садақ тарту өнерін жетік меңгерген болатын. Бұрынғы
кезде көптеген аңшы, жауынгерлердің, батырлардың есіміне «мерген» аты қосылып айтылуы да
осының дəлелі.
Қазақтарда 22 наурыз мейрамы уақытында жүзіктің көзінен жебені өткізетін сайыстар болған.
Сол сайыста құралайды көзген атқан мергендер жарысқа түсіп, үлкен атақты иеленген. Садақтың
адырнасы бес функционалдық бөліктен құралып жасалады. Қолға ұстайтын жері – «белі», иілген
бөліктері – «иіні», кірісі байланатын екі ұшы – «басы». Адырнаның белі мен басы – қозғалмайды.
Қатты бөлігі – иіні қозғалатын, серпінді бөлігі. Ал əр бөлік əр түрлі сүйек, мүйіз, ағаш, тарамыс, тері,
тоз материалдарынан жасалатын бірнеше конструктивті элементтерден тұрады. Жебе – садақ оғының
масағы. Қорамсақ – садақ оғының сауыты. Оны белге байлап немесе иыққа асып алады. Қалың
көннен жасап өрнектейді. Қорамса ішінен екі қатар көлденең таспа тартады, оған жебелерді қатарлай
тізеді. Оқтың алуға оңай болуы үшін жебенің кірісі төмен қаратылады. Сабының түрлеріне,
қанаттарына (қауырсындарына), ұштарындағы оқтардың жасалу материалдары мен түрлеріне жəне
оқтың жеке атаулары мен міндеттеріне қарай бөлінген. Жебелерді сабының түрлеріне қарай бөлуде
оқ саптарының қандай ағаштан жасалуына, саптарының ұзындығына жəне оқ саптарының түсіне
байланысты жіктеу жасауға болады. Қандай ағаштан жасалғанына қарай оқтардың «қу жебе», «қайың
оқ», «тобылғы сапты оқ», «қамыс сапты оқ» деген атаулары болады.
Батырлардың қарулануын бiлдiретiн, «бес қаруын асынды», «бес қаруы бойында», «бес қаруын
сайланған» деген сөз тiркестерi ана тiлiмiзде, ауыз əдебиетте жиi қолданылады. Соғысқа қатысты «ер
қаруы» деген сөз тiркесi, халықтық əскери термин ретiнде, жай қару емес, соғыс қаруы, жауынгердiң
соғыста қолданатын жеке қаруы (қылыш, айбалта, найза т.б.) деген ұғымды бiлдiрген.
Қазақтың «ер қаруы - бес қару» сөздерiнiң астарында, көшпелi халықтарда ертеден қалыптасқан,
жауынгерлiк қаруды классификациялаудың осы өзiндiк жүйесi жатқанын байқауға болады. Ал осы
240
оқтар көркем əдебиетте былайша көрініс табады: «Ши оқпен емес, тобылғы оқпен атам, - деді Көшек
қара ағаштың бұтағынан иілген, əдемі, кішкентей садағын сайлап. - Мына ұшқыр оқтарым
жоғалмасын деп қой ши оқпен атып жүргенім. Сырты күмістелген кішкене, былғары қорамсағынан
бір уыс қызыл тобылғы оқ суырды. Тобыршығы - жез, қауырсын орнына бір-бір тұтам шуда жіп
байлаған» [5, 27-б.].
«Ер Тарғын» жырынан «доғал оқ» деген оқ түрін көруге болады: «Тарғын бұл Қартқожаққа кезек
беріп, атсаң ат деп қарсы қарап тұрып еді, Қожақ мұны сыйлап, атуға қимады. Не үшін десеңіз: «мен
алпыс беске келген, сақалым қуарған бір қарт шалмын, бұл ғой, жас болса да, қасындағы Ақжүністей
сұлуды қиып, əм өзінің жанын қиып, маған қарсы тұрды. Бұл өте батыр екен. Мұның өзін де атпайын,
атын да атпайын тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын жалғыз доғал оқпенен атып уатайын.
Соныменен өзімнің оны аяп атпағанымды білдірейін, оның ақылы болса, ойлап білер де, қызды маған
тастар да, жүре берер» — деп, бір жалғыз доғал оқпенен салып қалғанда, Тарғынның қорамсақтағы
жүз алпыс кез оғын күлпара қылып уатып кетті» [6, 135 б.].
Қазақтың қару-жарақтары жəне көшпелі əскери өнері, сауыт-сайманы, көшпелілердің соғыс
тəсілдері жайлы тақырыптарда көптеген ғылыми зерттеулер, танымдық анықтамалар жарыққа
шықты. Соның ішінде ер қаруы бес қарудың бірі садақ жайлы, садақ жебесі туралы да көптеген
еңбектер бар. Еңбектердің кейбірінде жебелердің неден жасалғаны, қандай мақсатта
қолданылатындығы, қаншалықты алысқа ұшатындығы, салмағының, ұзындығының қандай болатыны
жайында ғылыми тұрғыдан терең сипаттама беріледі. Қазақ халқының ауызша жəне жазбаша
əдебиетінде батырлар жыры, ертегілер, аңыз əңгімелерде ондағы берілген кейіпкерлердің
барлығының батырлығы мен оның қолданған қару жарақтарының түрлері мен жебелерінің атаулары
айтылады. Бүгінде зерттеуші ғалымдардың деректеріне сүйенсек, қазақ халқының ауызша жəне
жазбаша əдебиетінде жебе атауларының 40-қа жуық аттары анықталып, олардың жырларда,
дастандарда жəне көркем əдебиетте қалай қолданыс тапқандығы зерттелген.
Қазақ халқының қару-жарақтарын зерттеуші Қ. Ахметжан соғыста жəне аңшылықта
қолданылатын садақ оқтарының бірнеше түрлері болатындығын айтады. Садақ оғы ұшының
формасы, жасалу материалы мен қолдану қызметі арқылы анықталды дей келіп, қазақ оқтарының
жебелерін жасалған материалына сəйкес топқа, жебе басының пішініне байланысты типке, қимасына
байланысты үлгіге, ал ұзындығына байланысты нұсқаға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан садақ
оқтарының ең бір жүйелі жүргізілген жіктеуі екенін айта кету керек. Жебеге қатысты атауларды
М.Қашқари еңбегінен кездестіруге болады. Мысалы «азұқ оқ» (қаңғырған оқ), йасыш (жебенің
басындағы темірі), темүркен немесе теміркен (бұларда оқтың темір ұшы), тылы (оқтың басына
(ұшына) байланатын қайысы), боры басы (оқ басының жебе ұшына еңгізілетін тұсындағы кертік,
айылбасы) жəне шырғұй (жебе басының қалың, жуантық басы) [2, 314-б.]. Міне бұл бізге жеткен
жебе атауларының бір бөлігі ғана. Біз баба тарихымыздан аларымыз да жəне соның өтеуі ретінде
береріміз де көп.
Қазақ халқының «ер қуаты – қаруы» деген сөздері қару-жарақтың ер жігіттің құралы екендігін
ерекшелеп көрсетеді. Қ.Ахметжанов «ер қаруы» деген тіркес мынадай талаптарға байланысты деп
көрсетеді: «өзіндік жұмсау тəсілі бар, батырлар ғана ұстайтын, соғыста ғана қолданатын, жекпе-жек
сайысын өткізуге болатын, əскери бірлікті құруға негіз болатын, əскери тактиканы анықтайтын,
əртүрлі жоғары дəрежелі əскери лауазымды белгілейтін болуы қажет» [1, 46-б.].
Қазақтың бес қаруының бірі – садақ пен оның жебесінің осынша көп түрі мен атауы болуы
көшпелі əскери өнер мен дəстүрдің қазақ даласында күрделі даму жолының болғандығын байқаймыз.
Көшпелі əскери өнердің өте жоғары деңгейде дамығанын, қазақтың қару-жарақтарының ертеден
қалыптасқандығы, оның ұлтымыздың жауынгерлік салты мен қазақтың бойындағы жауынгерлік
рухты қалыптастыруда алар орынын көрсетеді.
Əдебиеттер:
1.Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер. Батырлардың қару-жарағы, əскери өнері, салт-дəстүрлері. – Алматы:
Дəуір, 1996. – 240 б.
2. Қашқари М. Түрік сөздігі. 3-кітап. Аударған А. Егеубай. – Алматы: Хант, 1998. – 600 б.
3.
Трубников Б.Г. Большой словарь оружия. – СПб.-М.: Полигон Астана, 1997.
4. Сольовьев А.М. Военное дело коренного населения Заподной Сибирий. Эпоха средневековья. – Новосибирск,
1987.
5. Мағауин М. Аласапыран. (Тарихи роман). 1, 2-кітап. – Алматы: Жазушы, 1988. – 830 б.
6. Қазақ ертегілері. Құраст.: Е. Дүйсенбайұлы. — Алматы: Жазушы, 2009. — 320 б.
241
С.К. Жаманкараев
профессор КазНПУ им. Абая, член СХА РК (г. Алматы.)
Достарыңызбен бөлісу: |