Литература:
1. Мастеница Е.Н. Эвристический потенциал коммуникационного подхода в музееведении // Современные
проблемы межкультурных коммуникаций. – СПб., 2007. – С. 295–302.
2. Музейное дело России. – М., 2010. – С. 634.
3.Томилов Н.А. Современный музей: его социальные функции и научно-исследовательская деятельность, с.57-62 //
Труды Центрального музея. Вып. 2. Сост. Нурсан Алимбай. – Алматы, 2009 / Кузнецов Д. Символика музейных
организаций: идеи и образы партнерства и сотрудничества // Вестник ассоциации «Открытый музей». – 2000. – № 4.– С.
32.
4. Nomads and networks. The Ancient Art and Culture jf Kazakhstan – Princeton Univеrsity Press. New York, 2012. – Р.
152–163 / Кочевники и связи. Древнее искусство и культура Казахстана. Содерж.:.Nursan Alimbai. Society and Culture of
the nomads of Central Asia through time/ Нурсан Алимбай. Община (социум) и культура кочевников Центральной Азии во
времени. Книга издана и приурочена к выставке в Нью-Йорке.
5. Легран Ж. Казахстан и его история: кочевая пастушеская альтернатива// Казахстан. Люди, животные и боги
степей: Каталог выставки. – Париж, 2010. – С. 34–43.
6. Межрегиональные и международные связи. Центральный государственный музей Республики Казахстан.
Фотоальбом / Сост.: Нурсан Алимбай. – Алматы, 2009. – 176 с.
393
Ү. Ашимова, А.Г. Ракишева
ҚР Мемлекеттік орталық музейі Қорды есепке алу, сақтау жəне қалпына келтіру бөлімшелерінің
жетекшісі, Қор сақтау тобының маманы
(Алматы қ.)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНДЕГІ
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГТАУ: «МUSEOLOG» БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗУ ТƏЖІРИБЕСІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстандағы ғана емес, Орта Азиядағы
бірегей əрі көне музейлердің бірі. Музей қорында материалдық жəне рухани мəдениеттің үш жүз
мыңға жуық құндылықтары сақталған. Соңғы 10 жыл шамасында музей ғылыми статусқа ие болып,
ғылыми еңбектер, каталогтар шығару жөнінен басқа музейлер арасында алдыңғы қатарда келеді.
Сонымен қатар музей жұмысында инновациялық технологияларды енгізу, оны музей тəжірибесінде
пайдалану мақсатында шетелдік музейлермен, мəдениет саласындағы мекемелермен əріптестік
қарым қатынастар да жолға қойылған.
2000 жылы Алматы қаласында ЮНЕСКО бастамасымен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан жəне
Тəжікстан музейлерінің жетекшілері бас қосып, ЮНЕСКО-ның Ақпараттық қоғам бөлімінің жобасы
бойынша Орта Азия елдері музейлерінің электронды каталогын құру туралы шешім қабылдады.
Осы шешімге сай 2004 жылы ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросымен
жасалған келісім негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі (əрі қарай – ҚР
МОМ) «Museolog» электронды каталогтау бағдарламасын Орта Азия жəне Қазақстан музейлеріне
енгізу бойынша үйлестірушілік жəне əдістемелік қызмет көрсете бастады.
«Museolog» – музей коллекцияларының ақпараттық каталогын құруға арналған компьютерлік
бағдарлама, яғни виртуалды түгендеу карточкалары бар электронды каталог [1, 38-б.]. Электронды
каталог арқылы төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға болады:
-
музей коллекцияларын есепке алу жəне басқару;
-
музей коллекцияларын сақтау жəне ақпаратты толықтырып, жаңартып отыру;
-
жекелеген музейлік заттар туралы мəлімет алу үшін коллекцияларды жете зерттеу;
-
Қазақстан музейлері коллекцияларының бірыңғай ақпараттық алаңын қалыптастыру;
-
коллекциялар туралы мəлімет алуға қолжетімділік.
Сонымен қатар электронды каталог жарияланған немесе жарияланбаған артефактілердің, қалпына
келтіруді немесе тұмшалауды (консервация) қажет ететін музейлік заттардың, олардың
фотосуреттерінің, музейден тыс уақытша көрмелерде немесе тұрақты экспозицияда тұрған
экспонаттардың мəліметтер базасын құруға, яғни олардың қозғалысына бақылау жүргізуге кең
мүмкіндіктер береді.
«Museolog» еркін бағдарламалық жасақтамасының басты артықшылықтары – жылдам іздеу мен
пайдалану қолайлылығында, сонымен қатар берілген параметрлер арқылы музейлік заттарды іздеудің
автоматтандырылған жүйесі, енгізілген суреттерді түрлі режимде көру, ақпаратты толықтыру жəне
түзету мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ «Museolog» бағдарламасы басқа да
пайдаланушылардың музей коллекциялары туралы мəлімет алуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда
аталған электронды бағдарламаны Еуропаның, Таяу Шығыс пен Орта Азияның 21 елі пайдаланады,
бұл бағдарламаның бірізділігін жəне жаһанданғандығын көрсетеді.
2007 жылы ҚР Мемлекеттік орталық музейі ЮНЕСКО-ның бір жолғы грантын жеңіп алып,
«Центральный
государственный музей РК в международном культурно-образовательном
пространстве: расширение электронной базы данных «Музеолог» под эгидой ЮНЕСКО» жобасын
іске асырды. Жоба аясында Қазақстанның 15 музейі, Қырғызстан, Өзбекстан жəне Тəжікстан музей
мамандары қатысқан «Museolog» бағдарламасы – музейлік озық технологиялардың жаңа түрі» атты
халықаралық ғылыми-тəжірибелік семинар өтті [2, 2-б.].
Жоғарыда аталған жобаны іске асыру аясында ҚР МОМ Қазақстан бойынша отызға жуық
қалалық, облыстық жəне аудандық, кəсіптік музейлерге «Museolog» бағдарламасын орнату жəне
бағдарламаны пайдалану бойынша оқыту курстарын жүргізді.
2013 жылы ТЮРКСОЙ жəне ИСЕСКО халықаралық ұйымдарының қолдауымен музейде өткен
«Орта Азия музейлері: дəстүр жəне жаңашылдық» атты семинар-практикумда да «Музеолог»
бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері жайлы айтылды [3, 2-б.].
«Museolog» электронды каталогтау бағдарламасы басқа бағдарламалармен салыстырғанда
бірнеше ерекшеліктерге ие. Атап айтқанда, біріншіден, музейлік заттардың сипаттамасын тек мəтін
түрінде ғана емес, бірнеше санды бейне (сурет) арқылы да көрсету мүмкіндігі. Музейлік зат бұзылу
немесе сыну сияқты оқыс жағдайларға тап болғанда, бағдарламаға енгізілген санды бейне негізінде
қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге болады. Сонымен қатар бағдарламаға енгізілген санды
394
бейнелер көрмелер ұйымдастыру жəне ғылыми салада бірлескен əріптестік жұмыстар атқаруда
маңызды рөлге ие. Бағдарламаға енгізілетін экспонат фотосуретінің саны заттың типіне байланысты.
Кесте, қолжазба, түрлі іс-жүргізу қағаздары үшін бір бейне жеткілікті, ал медаль, монета сияқты
музейлік заттардың екі жағы да суретке түсіріліп қойылады [4, 10-б.]. Сонымен қатар, тағы бір
тиімділігі – музейлік заттардың санды бейнелерін жинақтай келе электронды архив (депозитарий)
қалыптасады. Екіншіден, аталған бағдарлама арқылы музейлік заттарды əртүрлі категорияларға
байланысты үш топқа бөлуге болады:
- археологиялық артефактілер
- жаратылыстанулық заттар
- этнографиялық, бейнелеу жəне сəндік-қолданбалы өнер туындылары сияқты басқа да
артефактілер.
Үшіншіден, бағдарлама арқылы тек музей қызметкерлері ғана емес, кез келген ғаламтор
пайдаланушысы оқу режимінде музей заттары туралы мəлімет ала алады. «Менің жұмыс кеңістігім»
өрісі арқылы музей қызметкерлері қай экспонатты көпшіліктің назарына ұсынуға болады немесе
музей ішінде ғана пайдалануға болатынын шешеді.
Қазіргі таңда музейлердің тапсырысы бойынша «Museolog» бағдарламалық жасақтамасын
жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Енді ғылыми сипаттама жасау тезаурустар негізінде жүзеге
асырылатын болды.
Тезаурус – орнатылған ғылыми терминдердің нормативті, иерархия бойынша реттелеген түрі.
«Museolog» тек бір типті тезаурустармен жұмыс істейді.
Ендігі кезекте бағдарламаны орнату оңайланғанымен, коллекцияға сипаттама жасайтын жаңа
жолдар пайда болды. Олар:
-
Нысанмен байланысты тұлға (лицо связанное с объектом);
-
Жазбалар мен ескертпелер (надписи и пометки);
-
Тұскен құжат жəне мерзімі (дата и док.поступления);
-
Өлшемі (ұзындығы, ені, биіктігі, тереңдігі, салмағы);
-
Автордың аты;
-
Сюжет.
Айта кетерлік жайт, «Museolog» электронды каталогтау бағдарламасы ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізу барысында қор коллекцияларымен жылдам жұмыс жүргізуге мүмкіндік беруде.
Аталған бағдарламамен жұмыс жасау барысында ҚР МОМ қорында сақталған көптеген
этнографиялық жəне археологиялық артефактілер ғылыми айналымға енгізілді. Электронды
каталогтау жұмыстары нəтижесінде ҚР МОМ қызметкерлері 9 ғылыми каталог дайындап, басып
шығарды. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлі жүйесі» атты
5 томдық энциклопедияны шығаруда да «Museolog» бағдарламасы материал жинақтау, қазақ
халқының материалдық мəдениет ескерткіштері жайлы мəліметтер алу, ғылыми мақалалар жазуда
қажетті ақпаратты жүйелеу мен өңдеуде қомақты көмек көрсетті. Қазіргі таңда ҚР МОМ музей
коллекцияларын каталогтеу ісін жалғастыруда. Соңғы мəліметтер бойынша «Museolog» электронды
бағдарламасына 14 мыңнан астам экспонат толық сипаттамасымен енгізілді [5, 3-б.].
«Museolog» электронды каталогтау бағдарламасын болашақта Қазақстанның барлық музейлерінің
меңгеруі республикадағы Ұлттық музей қорының құрамы туралы жалпы мəліметті көруге жəне Орта
Азия музейлері қорындағы коллекциялармен танысуға қол жеткізеді.
Қазіргі заман музейлерінің жұмысы сан қырлы жəне үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.
Сондықтан кез келген заманауи музей ақпараттар торабына енуі тиіс. Сонда электронды каталогтар
ғаламтор қолданушылары арасында үлкен сұранысқа ие болады. Ол үшін мəдениет ұйымдарында
ақпараттық технологияларды дамытуды барынша насихаттап, пайдаланушылардың ақпараттық
мəдениетін көтеріп, мəдениет саласында аймақтық ақпараттық саясат құруға ұмтылу керек. Сонымен
қатар музейлер өздерінің негізгі дəстүрлі құндылықтарына адал болып, мəдениет ескерткіштерінің
сақталуы мен олардың санын көбейтуге басты назарды аударуы тиіс.
Əдебиеттер:
1.
Свободное программное обеспечение. Приложения для образования, культуры и доступа к информации.
Кластерное бюро ЮНЕСКО в Алматы. 2009.
2.
Отчет о работе по программе «Museolog» за 2007 г.
3.
Отчет о работе по программе «Museolog» за 2013 г.
4.
Мишар А. «Museolog». Методология создания цифрового каталога музейной коллекции. 2001.
5.
Отчет о работе по программе «Museolog» за 2014 г.
395
Ғ.Ө. Серікбаева
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейі,
музей құндылықтарын есепке алу жəне сақтау орталығының аға сарапшысы (Астана қ.)
«МУЗЕЙ» АҚПАРТТЫҚ МУЗЕЙІ:
МУЗЕЙ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ, САҚТАУ ЖƏНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ МЕН МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Музей экспонаттарын есепке алу жəне сақтау өз ерекшелігі бар шағын пəндік сала. Музей
жүйелері бухгалтерлік немесе инженерлік есеп-қисаптар сияқты кең ауқымда пайдалынбайды.
Ақпараттық автоматталған жүйелер 1980-ші жылдардың аяғында Ресей музейлерінде пайда бола
бастады. Мысалы, Ресейде автоматталған музейлер қызметі 90-шы жылдардан бастап тираждалған
екі жүйе: «Музей» автоматталған жүйесі (РФ Мəдениет Министрлігінің Бас Ақпараттық-есептеу
орталығының талдамасы) жəне Музей Ақпараттық Жүйесінің Автоматталған Кешені (КАМИС-
Комплексная Автоматизированная Музейная Информационная Система) (Санкт-Петербург қ., «Альт-
Софт» ААҚ бағдарламалық өнімі) арқылы жүзеге асып отыр.
Музейде ақпараттық автоматталған жүйені енгізу оның жинақтарымен (коллекциялар) жұмыс
жасау технологияларын өзгертеді. Бұл жаңа технология, өз кезегінде, əр түрлі қағаз картотекалар мен
кітаптарға негізделген дəстүрлі тасмалдаушылардан музейдің ақпараттық ресурстарын біртіндеп
көшіре бастағанда өз сапасын өзгертеді, сонымен бірге музей қызметкерлерінің «бастарын» да, яғни,
электронды түр – мəліметтер базасы құрылады. Автоматтанған жүйенің өзіне тəн белгілі бір
ережелері болады, тек қана соның шарттарын орындай отырып қана музейлерде автоматтанған
ақпараттық жүйенің қызыметі табысты болады.
Автоматталған жүйелер көбінесе есепке алу құжаттарын қалыптастыру процессіне негізделеді.
Есепке алу құжаттарын қолмен жазу қайталанып отырса, компьютерлік технологияда бұл үрдіс
қайталанбайды, яғни, музей экспонаттарын автоматтандырылған есепке алу жаңа технологиясы
пайда болады. Құжаттардың тұрақты айналымы процессінде музейлік заттарды сипаттау пайда
болады, бұл музейлердің заманауи ақпараттық ресурстарының мəліметтер базасының негізін
қалайды.
ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің ақпараттық орталығы жанында ЮНЕСКО-ның қолдауымен
2002 жылы елдің музейлер қорының ортақ мəліметтер базасын қалыптастыратын «Музеолог» жобасы
жасалды. Бұл бағдарлама Орталық Азия елдерінің тарихи, мəдени жəне табиғи мұраларының
виртуалдық музейіне арналған телекоммуникациялық желі «Мұра Желісі» (Сеть Наследие)
жобасының жалғасы болып табылады. МУЗЕОЛОГ мамандарға жəне қоғамның көпшілік өкілдеріне
интернет арқылы əлем елдері музейлерінің экспонаттарымен танысуларына мүмкіндік береді.
Сонымен бірге Қазақстанның облыстық музейлерінде де табысты қолданылуда.
ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі «Нью Эйдж Технолоджи» АҚ жасаған алғашқы бағдарламалық
өнім «Музей» АЖ есепке алу автоматтанған жүйесін енгізді. Бағдарлама музей құжат айналымы
ерекшелігіне бейімделген. Музейде ақпараттық жүйелерді енгізудің алғашқы шешімі есеп пен қор
жұмысын автоматизациялаудан бастау болды. Бағдарламада алғашқы болып қабылдау актісі, түсім
жəне мүліктік кітаптар, заттық жəне мүліктік карточкалар, сонымен бірге экспонаттың ғылыми
төлқұжаты қалыптасты. Есепке алу жəне сақтау орталығынан басқа "Музей" АЖ музей заттарын
сипаттау жұмыстарымен айналысатын ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері, реставраторлар,
экспозиционерлер жəне т.б жұмыс жасай алады. Олардың барлығы күнделікті жұмыстарында музей
құжаттарының əр түрлі формаларын жасайды: ғылыми төлқұжат, топографиялық тізім, каталогтар,
əртүрлі тізімдер т.б.
Сонымен бірге бағдарлама есептік барлық формаларын автоматты түрде қалыптастырады, осыған
орай, осы уақытқа дейін дəстүрлі түрде жасалып келген мəліметтерді жасақтау процессі жеңілдеп,
уақытты үнемдейді.
«Музей» АЖ интуитивті түсінікті əрі ыңғайлы интерфейсі бар. Барлық операцияларды тиісті
лауазымдық міндеттері бар музей қызметкерлері атқарады. Мəліметтерді жүйеге енгізуді жəне дұрыс
енгізуді бақылау үшін, компьютер сауаттылығының негізін білетін (Windows XP операциялық
ортаның, Office MS қолданбалы бағдарламалар пакетінің негізгі білімін білетін), клавиатураны жəне
«тышқан» типті манипуляторды меңгерген, сонымен қатар, компонент қызметі қамтитын пəндік сала
бойынша терең білімі бар операторды қажет етеді.
Жоғарыда айтылып кеткендей, жүйені енгізудегі мақсатымыз музей құндылықтарының есепке
алу жəне экспонаттар қозғалысының негізгі процестерін автоматизациялау болып табылады. Музей
АЖ келесі қызметтерді автоматизациялауға бағытталған:
396
-
қорларға бөлу жəне классификациялау бойынша музей құндылықтарын мемлекеттік есепке
алуды жүргізу (музейлік заттар, мұрағат жəне кітапханалық қорлар);
-
тіркеу, есептен шығару, реставрациялық жұмыстарды есепке алу жəне қажетті
құжаттамаларды жүргізу;
-
тіркеулер жəне түсу, тапсыру, музей ішілік жəне басқа ұйымдардан қайтару жазбаларын
құжаттау;
-
ғылыми мүліктеу, мүліктік жəне заттық каталогтау;
-
жалпыға бірдей пайдалану үшін ақпаратты ресурстарға беру;
-
есеп берудің стандартты жəне стандартты емес формаларын дайындау;
-
берілген параметрлар бойынша ақпарат іздеу.
ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің мұражай құндылықтарын есепке алу жəне сақтау ережесі
бекіткен барлық құжаттар бүгінгі күнде бағдарламада қалыптасады. Олар – қабылдау актісі, Түсім
жəне Мүліктік кітаптар, заттық жəне мүліктік карточкалар, жəдігердің ғылыми төлқұжаты,
экспонаттардың қозғалысы процессі көрінеді, яғни, мұражайішілік тапсыру актісі, реставрацияға
беру актісі, реставрациядан қайтару актісі жəне т.б.
Мəліметтер базасына кіріп бағдарламамен жұмыс жасау үшін əкімшілікпен əр түрлі деңгейде
рұқсат берілген тұтынушылар ролі қызметкерлерге бөлініп берілген. Логин жəне пароль енгізетін
диалог терезесі (слайд № 1) пайда болады. Менюдегі пунктердің болуы мен болмауы тұтынушыға
берілген пайдалану құқығымен байланысты.
Слайд №1.
397
«Қабылдау» жүйесінде Музейге түскен заттарды жазып сақтау мүмкіндігі жүзеге асқан. Оған –
музей заттарының алғашқы тіркеуі жəне атрибуциялауы (заттың аты анықталады) (актілеу, түсім
кітабына жазбалар жазу) кіреді (слайд 2).
Слайд № 2.
Алғашқы құжат – Қор-іріктеу комиссиясының шешімі негізінде жасалған заттарды қабылдау
Актісі (слайд № 3). Бағдарламада дəстүрлі жолдар (№, уақыты, акт дайындаушылардың аты-жөні)
398
толтырылады. Толтырылуы міндетті түрде болатын жолдар бір түспен белгіленеді (біздің
бағдарламада көк түспен) ( түсім – қабылдау актісі - жарату).
Қабылдау актісін жазуымыз үшін менюдегі «Қабылдау/қабылдау Актісі» пунктін таңдап аламыз.
Осы компоненттегі жазбалармен манипуляция жасауға мүмкіндік беретін терезе пайда болады.
Барлық жүйедегі функционалдар тізімдерінің жоғары жағында пиктограммалар орналасқан
(тышқанның курсорын пиктограммалардың үстінен ұстап тұрсаңыз оларға анықтамалар шығады)
- егер жүйеге кіргеннен соң өзгерістер болса, онда экрандағы ақпаратты өзгертуге
арналған;
- таблица түрінде ақпаратты көрсетуге арналған;
жəне
-
сүзгіде іздеуге арналған,
олардың жұмысы кейінірек түсіндіріледі.
- Музей АЖ жұмыс жасағанда анықтамалық жүйені көрсетуге арналған;
- қабылдау Актісінің баспа формасын шығаруға арналған.
Слайд № 3. Мүліктеудің алғашқы этапы – қабылдау актісін жасау
399
Қабылдау актісі функционалының «Қабылдау актісі заты» деп аталатын «екінші бетінде» заттың
қысқаша сипаттамасы енеді. Айта кететін жайт, əр бір экспонатқа шифр Түсім кітабының №
бойынша автоматты түрде беріледі. Материалын көрсететін жол анықтамадан жазылады. Мəліметтер
сақталғаннан соң, актінің төменгі жақ бөлігінеде осы акті бойынша қанша сақтам бірлік бар екені
көрінеді (слайд 3).
Слайд № 3.
400
Келесі этап – қабылдау актісіндегі мəліметтер негізінде Түсім кітабына тіркеу. Түсім кітабында
жазба жазу үшін «Жарату» пиктограммасын басуымыз керек.
осыдан кейін «Түсім кітабы/
Жарату» терезесі пайда болады. Қажетті барлық жолдарды толтыру керек (міндетті түрде
толтырылатын жолдар бір түспен белгіленген). Жазба жазылып болғаннан соң «сақтауды» басамыз.
Ашылған тізімнен «қабылдау Акті №» акт таңдаймыз. Акт ашылғаннан соң «Атауы» деген
тізімнен түсім кітабына жазылатын заттың атауын таңдаймыз. Оның ішінде «Қор түрі», «Тіркеу
нөмері», «Түскен уақыты», «Түсу көзі», «Материалы», «Техникасы», «Ені», «Ұзндығы», «Биіктігі»,
«Диаметрі», «Өлшем бірлігі», «Саны», «Салмағы», «Түсу арнасы», «Сақталуы» автоматты түрде
қабылдау актісінен түседі жəне редакциялауға жатпайды. Заттың қысқаша сипаттамасы да қабылдау
актісінен автоматты жазылады. «Жазылу күні» жолы автоматты түрде сол күннің датасымен
жазылады жəне де редакциялауға жатады.
Зат туралы жазылған мəлімет «Түсім кітабы» компоненті жазылған манипуляция терезесінде
көрінеді.
«Инвентаризациялау» (мүліктеу) жүйесінде музейлік құндылықтарды есепке алу жəне сақтау
қызыметінің негізгісі болып келетін материалдық жауапкершілікке бері актісі қалыптасады жəне
Музей АЖ мəлісеттер базасында сақталып əрі қарау мүмкіндігі болады. Актіде сақталған ақпарат
музей экспонаттарының мүліктік (инвентаризация) кітабына көшіріледі. Сонымен қатар тапсырыс
берілген параметрлар бойынша іздеуге арналған.
401
Материалдық жауапкершілікке беру актісі.
Менюдегі «Инвентаризация/материалды жауапкершілікке тапсыру Актісі» пунктін таңдап
аламыз. Осы компоненттегі жазбалармен манипуляция жасауға мүмкіндік беретін терезе пайда
болады. Музей АЖ барлық модулдердегі акт жасау жүйесі бірдей. «Жарату» пиктограммасын басып
пайда болған электронды акт жолдарына жазба енгіземіз. Актінің есепке алу жəне сақтау ережелеріне
байланысты əр модулдегі актілер жолдарында ерекшеліктері болады.
Музей экспонаттарының мүліктік кітабы.
Менюдегі «Инвентаризация/музей экспонаттарының мүліктік Кітабы» пунктін таңдап аламыз.
Осы компоненттегі жазбалармен манипуляция жасауға мүмкіндік беретін терезе пайда болады.
Жазбаларға манипуляция жасау терезесінде осы модулдегі бар жазбаларды көрсететін тізім тұрады.
Жоғарыда айтылғандай тізімнің жоғары жағында пиктограммалар орналасқан. Əр затқа бірнеше
қосымша «беттер» - «мүліктік карточка», «экспонаттың ғылыми төлқұжаты», «фотосурет» бар.
Қосымша беттердегі барлық қажетті жолдар толтырылады. «Музей экспонаттарының мүліктік
кітабы» модулінде есеп қалыптастыру формалары бар. Яғни, «Заттық карточка», «Мүліктік карточка»
жəне «Ғылыми төлқұжат».
Есеп беруді қалыптастыру.
Жүйеде келесі есеп беру мүмкіндігі қарастырылған.
«Түсім кітабы», «Инвентарлық кітап».
Менюдегі «Есеп/Түсім кітабы» пункті таңдаймыз. Экранда «Түсім кітабы» есебін
қалыптастыратын терезе пайда болады. Бұл есеп түрі «Түсім кітабы» модулінің негізгі жодарының
белгілі бір қор жазбаларын көрсетуге арналған. Бастапқы мерзім (поле Начальная дата) жолында
есеп қалыптастыру уақытын алғашқы датасын жəне күнтізбе бойынша соңғы датасын көрсетеміз.
Сонымен бірге «экспонаттардың тұрған жері бойынша», «қор түрлері» бойынша жəне «түсім
түрлері» бойынша есеп беру формалары қарастырылған. «Эскпонаттардың тұрған жері» бойынша
есеп беру экспонаттардың залдарда, қорларда, уақытша көрмелерде жəне де басқа ұйымдарға
берілгені туралы да ақпарат алуға болады.
Экспонаттардың қозғалысы.
Менюдегі «Экспонаттардың қозғалысы» жүйесі бойынша жəдігерлердің мұражайішілік
қозалысын, реставрацияға беру мен қайтарылуын жəне есептен шығарылуы туралы ақпаратын алуға
болады. Аталған модулдерде актілер формаларын қалыптастыру "Музей" АЖ-нің басқа да
модулдерінің актілеірн қалыптастыру жүйелерімен бірдей, тек есепке алу жəне сақтау шарттары
бойынша негізгі жолдарда өз ерекшеліктері болады.
Сонымен, қорыта келгенде, ҚАБЫЛДАУ АКТІСІНДЕГІ барлық мəліметтер автоматты түрде
жүйе қалыпсатырған тізбе бойынша Түсім кітабына, материалдық жауапкершілікке беру актісіне,
сонымен бірге есепке алудың екінші этапы, музей заттарының барлық инвентаризациялау құжаттары
– коллекциялар бойынша Инвентарлық кітаптарға, заттық жəне мүліктік карточкаларға, ғылыми
төлқұжаттарға көшірілерді жəне де алдағы уақытта жаңа ақпаратпен толықтыруға мүмкіндігі
сақталады. "Музей" АЖ-де есепке алу құжаттарын қалыптастыру процессі жəне құжат айналымы
процессі бойынша музей заттарын суреттеу ақпараттары қалыптасады, осыдан келіп Музейдің
Ақпараттық ресурсы мəліметтер базасының негізі қаланады.
Музей ақпараттық ресурсы мəліметтерін пайдалана отырып «Ықпалдасу» модулі арқылы
мұражай жинағын насихаттау жұмыстары қалыптасады.
Ықпалдасу (интеграция). Қазіргі уақытта музейдің экспозиция залдарында «Мəліметтерді
ақпараттық киоскіге беру» функционалы арқылы келушілерге ақпарат беру қызыметі кең көлемде
пайдаланылған. Ықпалдасу модулінің мүмкіншілігі оны үнемі дамытып, толықтырып отыруға
болады.
«Музей» АЖ-де қалыптасқан мəліметтер базасын негізге ала отырып, мұражай құндылықтарын
зерттеу жəне оларды насихаттау мақсатында «Каталогтар» модулінде жұмыс жасауға болады. Негізгі
мəліметтер сүзгі (фильтр) арқылы белгілі бір іздеу критерилары бойынша (тіркеу күні, авторы,
орналасқан жері, кілт сөз, тақырып, жазба күні, таңбалар, мөрлер жəне басқа да белгілер, заттың
сипаттамасы, қызмет хроникасы, сыйға беруші жəне т.б.) музей экспонаттарының инвентарлық
(мүліктік)
кітабынан алынады. «Каталогтар» модулінде «қор түрлері» «коллекциялар»,
«классификациялау» функционалдары арқылы жұмыстың жаңа бір бағыты қалыптасады. Яғни, музей
жинағы бойынша баспа материалдарын басып шығаруға болады.
«Музей» АЖ бағдарламасы мұражай құндылықтарының, мұрағат жəне кітапхана қорларының
электронды мəліметтер қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
402
Достарыңызбен бөлісу: |