Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет5/64
Дата06.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#8347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
    Бұл бет үшін навигация:
  • Summary

 

1. Йовайша Л.А. Проблема профессиональной ориентации школьниклв. – М.: Педагогика, 

1983. – 128 с. 

2.  Даулетова  Н.  Жаңа  типті  мектептердің  басты  мақсаты  –  кəсіби  бағдарлы  білім.  Дарын, 

2006 № 6. – 93-97 б. 

3.  Қойшыбаева  А.  Педагогикалық  мониторинг  –  кəсіби  сапасын  арттыру  құралы. 

Педагогикалық кеңес, 2005 .№ 4, №6. – 7-9б. 

4.  Абуова  Б.  Қазіргі  кездегі  жоғарғы  кəсіби  білім  берудегі  мəселелер.  Ізденіс. 

Гуманитарлық ғылымдар сериясы.2007. №1 – 232 – 234б 

 

 



 

 

 



 

33 

 

ƏОЖ



   331. 361 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  



 

Сихымбаева М.Т., Ахмет Л.С

 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті, Қазақстан, Шымкент 



 

Резюме


 

 

В  зависимости  от  квалификации  последипломного  и  профессионального  развития  учителей 

не  должна  быть  прекращена.  Он  проводится  один  раз  в  пять  лет,  должны  быть  разработаны  в 

рамках  учебных  курсов  и  сертификации.  В  связи  с  этим,  по  специальному  графику  должны  быть 

реализованы 

 

Summary 

 

Depending fire training in Postgraduate and professional development of teachers and should not be 

discontinued. Studies one ten times in fifty years, is not byt developed by within the educational courses and 

certification. Friendly Members, a special graphics is not byt implemented 

 

Бүгінде  ғылым  білімге  қояр  талап  артып,  оқу  жүйесі  де  күрделенген  шақта  жаңа 

қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана 

емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, əрі ұлттық рухта сусындаған білімді, 

дарынды азаматтар тəрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кəсіби шеберлігін 

дамыту, біліктілігін арттыру сынды мəселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ. 

Мұғалімнің кəсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін əрі қарай тоқтап қалмауы керек. 

Ол бес жылда бір рет өткізілетін білім жетілдіру курстары мен аттестация арқылы дамып 

отыруы  тиіс.  Осыған  орай  жасалған  арнайы  жоспар  бойынша  жүзеге  асырылып  отыруы 

керек.  Оның  қатарына  жүйелі  өтетін  ашық  сабақтар,  түрлі  сайыстар,  байқаулар, 

конкурстар,  сыныптан  тыс  жұмыстар,  пəндік  олимпиада,  ғылыми  жоба  жəне  ғылыми 

тəжірибелік конференцияға қатысу кіреді. Сонымен бірге əр түрлі деңгейдегі курстар мен 

семинарларға қатысу да мұғалімнің білімін көтерудің жолдары болмақ. Тəуелсіз ел тірегі 

білімді ұрпақ десек, жаңа дəуірдің күн тəртібінде тұрған негізгі мəселенің бірі - білім беру, 

ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ 

ел  тағдыры  тұр.  «Маған  жақсы  мұғалім  бəрінен  де  қымбат,  өйткені  мұғалім  –мектептің 

жүрегі»  -  деп  Ыбырай  Алтынсарин  айтқандай,  қазіргі  оқу  орындары  алдындағы 

міндеттерді шешуде мұғалімнің кəсіптік шеберлігі басты шарт екендігі аян. Білім берудің 

ұлттық  моделіне  көшкен  қазіргі  мектепте,  ойшыл,  зерттеуші,  жаттандылықтан  аулақ 

практикалық  қызметте  педагогикалық  үйлестіруді  шебер  меңгерген,  психолог-педагогтік 

диагностика қоя білетін іскер, шығармашыл ұстаз керек. Елбасының өзі білім мен ғылым 

қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер 

бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» - деген 

болатын.  Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаев  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қазақстан  2030» 

жолдауында  барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі  жəне  əл-ауқатының 

артуына  бағытталған  негізгі  басым  бағыттар  мен  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  білім 

мазмұнын  жақсартумен  қатар,  оқытудың  əдіс-тəсілдерін  қолданудың  тиімділігін  арттыру 

қажеттігін атап көрсеткен еді. Демек, бүгінгі таңда педагогикалық ұжым мен сол ұжымды 

құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның 

түрлерін  жетілдірудің  жолдарын  іздеу,  іздене  отырып  оқушының  пəнге  қызығушылығын 

жəне  танымдық  ізденімпаздығын  арттыру.  Осыған  орай  мектеп  өміріндегі  өзекті 

мəселелердің  бірі  сабақтың  жаңаша  оқыту  түрлерін  дамыту  болып  табылады.  Сабақ  – 

біртұтас  жүйе  жəне  педагогикалық  шығарма,  сондықтан  да  ол  бір  тұтастығымен, 

бөлімдерінің  ішкі  өзара  байланысымен,  мұғалім  мен  оқушының  қызметтерін  кеңейтудің 

бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек  


34 

 

Педагогикалық  тəжірибені  бүгінгі  даму  деңгейінде  белгілі  болып  отырғандай 



оқытудың  озық  əдіс  тəсілдерінің  бəрін  еркін  игеріп,  əрбір  нақты  жағдайларға  орай  ең 

тиімді  əдісін  таңдап  алу,  олардың  жиынтығын  түрлендіре  отырып  пайдалану,  əрі 

шығармашылықпен  өзіндік  білімді  жетілдіре  отыру  негізінде  ғана  жүзеге  асатын  іс.  Өз 

білімін  көтеру  негізінде  –  оқу-тəрбие  үрдісін  ұйымшылдықпен  жүргізуде  мұғалім  басты 

тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің əдістемелік, 

саяси-экономикалық,  экологиялық,  психологиялық,  дидактикалық  білімін  ұдайы 

толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша кəсіби шеберлігін жетілдіріп 

отыруы  керек.  Сонымен  қатар  психология  мен  педагогика  ғылымдары  жайындағы 

жаңалықтар  мен  озық  тəжірибелерді  үнемі  пайдаланып  отыруы  шарт.  Əрбір  пəн 

мұғалімінің  ешкімге  тəуелсіз  кəсіби  бағыты  болуы  керек.  Сонда  ғана  мұғалім  мен  ұжым 

қызметінің желісі оқу - тəрбие жұмысының нəтижесі бүгінгі күннің талабына үлес қоспақ. 

Мұғалімнің  кəсіби  шеберлігінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  əдістеме  саласындағы 

ғылыми  жаңалықтар  мен  озық  алдыңғы  қатарлы  тəжірибені  жетік  игеру.  Демек  сапалы, 

тиімді,  нəтижелі  ізденіс  ұстаздың  тынымсыз  еңбегінің  айғағы  болса  керек.  Оқу  тəрбие 

үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің əр алуан оқыту əдіс-тəсілдерінің тиімдісін 

оқушылардың мүмкіндіктеріне жəне жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге 

асатын  шара  болмақ.  Əрине,  ізденіс  нəтижесінде  жүзеге  асатын  тиімді  оқыту  əдісі 

оқушыларды  алғырлыққа,  байқампаздыққа,  шығармашылыққа,  еңбекқорлыққа,  ең 

бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, 

сапалы  тəрбие  беруді  жүзеге  асыру  үшін  ұжымның  əрбір  мүшесі  мектептің  жаны  болып 

саналатын  ұстаздар  қауымы  үнемі  шығармашылық  ізденісте,  жаңа  педагогикалық 

технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кəсіби шеберлігін дамытуды 

кезек  күттірмес  мақсатым  деп  есептеуі  керек.  Əрбір  күн  өзгеріске  толы  қазіргі  жауапты 

кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны 

оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен əрбір кəсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал 

парызы.  Қазақ  санасының  шамшырағы  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Мектептің  жаны  - 

мұғалім»  деген  қанатты  сөзінің  мағынасы  бүгінгі  күн  талабын  күшейтіп  отыр. 

Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тəрбиешілерінің 

абыройлы  парызы.  Ол  үшін  мұғалім  қазіргі  заманға  лайық  өзінің  білімін  беру  ісінде 

рухани,  парасатты  шығармашылық  ізденіспен  жұмыс  істеп,  өмірге  еніп  жатқан  жаңа 

технологияны меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс. Сонда мектеп 

те,  мұғалім  де  бала  үшін  қызмет  етпек.  Жақсы  мұғалім  —  бұл  қай  кезде  де  ең  алдымен 

кəсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық əлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың 

жаңа  технологияларын  өмірге  ендіруге  дайын,  оқу-тəрбие  ісіне  шынайы  жанашырлық 

танытатын  қоғамнын  ең  озық  бөлігінін  бірі  деп  есептеледі.  Жоғары  оқу  орнында  білікті 

мұғалімді  даярлау  үшін  оқытушының  да,  студенттің  де  қажымас  еңбегі  қажет. 

Педагогикалык  практика  мұғалімді  кəсіби  даярлау  жүйесінде  басты  элемент  болып 

табылады.  Мұғалім  кадрларын  кəсіби  окыту  жүйесінде  педагогикалык,  практика  өте 

маңызды  орын  алады.  Ол  жоғары  оқу  орнындағы  оқу-тəрбие  үрдісінің  басты  бір  бөлігі 

болып  табылады  да,  болашақ  мұғалімдердің  теориялық  дайындығы  мен  практикалық  іс-

əрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді. Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер 

шешімін  табады:  -  студенттсрді  мұғалім  мамандығына  деген  қызығушылық  пен 

сүйіспеншіліктің  тұрақтылығына  тəрбиелеу;  -  нақты  педагогикалық  міндеттерді  шешу 

барысында  психологиялықпедагогикалық  жəне  арнайы  білімдерді  пайдалану  үрдісін 

терендету, бекіту; - болашақ мұғалімдердің кəсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру 

жəне дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.  

Педагогикалық  технология  –  білім  алушының  жеке  басын  дамыту  мен  білім  беру 

мақсатына  жету  жолдарындағы  педагогикалық  қызметтің,  ic-əрекеттің  жүйелі  дамып 

отыратын  жобасы.  Педагогикалық  технологияның  ерекшеліктерін,  педагогикалық  жүйені 

жобалау тұрғысынан анықтау үшін, жобалардың білім беру аймағында оқыту жүйесі мен 

оның  жекелеген  компоненттерін  жасаумен  шектелмейтіндігін  ескеру  қажет.  Басқаша 

айтқанда,  педагогикалық,  технология  оқу-тəрбие  процесінің  шығармашылықпен  терең 

ойластырылған  көптеген  факторлардың  үйлесімділігін,    оқыту  мен  тəрбиенің  тиімділігін 

қамтамасыз ететін басты бөлік болып табылады. 



35 

 

Білім  берудің  сапасын  арттыру  жəне  қолжетімділігін  кеңейту  үшін  білім  берудің 



оңтайлы  тəсілдері  мен  тиімді  педагогикалық    технологиялар  қолдану  қажет. 

Педагогикалық  технология  дегеніміз  –  алға  қойылған  мақсатқа  сəйкес  рухани  өнім  алу 

мақсатында  оқыту  құралдары  жүйесі  мен  көп  факторлы  оқыту  процесі  жайындағы 

қолданбалы  педагогикалық  ғылым.  В.П.  Беспальконың  айтуынша,  əрбір  іс-əрекет  не 

технология, не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде 

құрылған. Өнерден бəрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке 

онсыз  айналып  өтуге  болмайды.  Экспроматқа  қарама-қарсы,  интуиция  бойынша  əрекет 

етуден  жоспарланған  технологиялық  іс-əрекетке  көшу  болып  табылады.  Оқыту  процесін 

технологияландыру  туралы  пікірдің  пайда  болуы,  даму  тарихы  жəне  оның  ең  алдымен 

əртүрлі теориялық жəне тəжірибелік іс-əрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен 

байланыстылығы.  

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай 

қатқыл  ғылыми  жоба.  Əрі  сол  жобаның  дəл  жаңғырып  іске  асуы.    Педагогикалық 

технология  кешенді,  бірігімді  процесс.  Ол  өз  құрамына  адамдарды,  идеяларды,  құрал-

жабдықтарды,  сонымен  бірге  жоспарлау,  қамсыздандыру,  бағалау  жəне  білім  меңгерудің 

барша  қырлары  жөніндегі  проблемалар  шешімін  басқаруды  қамтиды.    Педагогикалық 

технологиялар  көп  түрлі  болуына  қарамастан,  олардың  іске  асуының  екі  ғана  жолы  бар. 

Біріншісі  –  теориялық  негізде  орындалуы,  екіншісі  –  тəжірибемен  жүзеге  келуі.  Оқыту 

технологиясы  оқыту  мазмұнын  жүзеге  асыру  жолындағы  алға  қойған  мақсатқа  жетудің 

тиімділігін  қамтамасыз  ететін  оқытудың  əдіс,  құрал  жəне  түрлерінің  жүйесі  болып 

табылады.  Қажетті  мазмұнды,  тиімді  əдістер  мен  құралдарды  бағдарлама  мен  қойылған 

педагогикалық  міндетке  сəйкес  іріктей  білу  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігіне 

байланысты.  

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



Виленский  В.Я.,  Образцов  П.И.,  Уман  А.И.  технология  профессионального  – 

оринтированного обучения в вышей школе. – М.: педагогическое  общество Росии, 2004.-

192с. 

2.

 



Егоров В.В., Скибицкий Э.Г., Пфейфер Н.Э., Шкутина Л.А. Педагогика вышей школы: 

Учеб.пособие.-Караганда, Изд-во КарГУ, 2005.-228с. 

3.

 

Исаев  З.А.,  Мынбаев  А.К.,  Садвакасова  З.М.  Активные  методы  и  формы  обучения  в 



вышей школе .-Алматы: Казак университет,  2005.-122с. 

4.

 



Исаев  И.Ф.  Профессионально  –  педагогическая  культура  преподавателя.  –  Академия, 

2002-208с.  

5.

 

Козяр  Л.А.  Методика  подготовки  инженерно  –  педагогических  кадров  по  профилям 



(учебное пособие). – Караганда: КарГУ, 1998.-228с 

6.

 



Кусаинов  А.К.,  Устемиров  К.  И  др.  Национальные  системы  образования:  общая 

структура, характеристика. – Алматы: Ронд, 2003.-144с. 

7.

 

Кусаинов  А.К.,  Устемиров  К.  И  др.  Научно-педагогическое  обеспечение  развития 



системы  непрерывного  профессионального  образования.  Часть2.  Алматы:  печатный  дом 

МерСал, 2003.-148с. 

8.

 

Неверкович  С.Д.  Игровые  методы  подготовки  кадров:  Учеб.  Пособие/ред. 



В.В.Давыдова. – М.: Вышая школа, 1995.-207с. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

36 

 

ƏОЖ



 373.2:78 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 

 

Султанова НК., Жекеева А.К



 

Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей    қаласының «№ 4 

жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Семей, Қазақстан 

 

Резюме


 

 

В  данной  статье  рассматриваются  условия  и  научные  обоснования  организационно-

педагогических и творческих способностей развития школьников младших классов 

 

Summary 

 

Pedagogical conditions of progress of creative capacities of younger pupils 

to reveal and scientifically to prove organizational-pedagogical conditions of progress of creative 

capacities of younger pupil 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  білім  беру  жүйесінің  жеке 

адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, 

осы  Заңның  41-бабында:  «педагог  қызметкерлер  оқушылардың  мемлекеттік  білім  беру 

стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, 

жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген [1].  

Ұзақ жылдар бойы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту проблемасы 

түрлі ғылым салалары – философия, педагогика, психология, лингвистика т.б. өкілдерінің 

назарын  аударып  келеді.  Бұл  қазіргі  қоғамның  жаңа  проблемаларды  қоя  білетін,  сапалы 

шешімдер  қабылдауға  қабілетті,  игерген  білімін  үнемі  іске  асыруға  ұмтылатын  белсенді 

тұлғаларға  мұқтаждығының  күн  санап  өсуіне  байланысты.  Себебі бүгінгі күні  талант  пен 

шығармашылық дарындылық – экономикалық өркендеу кепілі. 

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер жəне 

оқыту  мен  тəрбиелеу  ісінің  ұтымды  жақтары  ашылып  жатқанымен,  оқушылардың  жеке 

басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.  

Адамның  шығармашылық  іс-əрекетінің  бүкіл  тіршілік көзі  ретінде  адам баласының 

сөйлей  бастаған  кезінен    бастап,  бүгінгі  күнге  дейін  жеткен  жетістіктері 

шығармашылықтың  нəтижесі  екендігі,  əр  жаңа  ұрпақ  өзіне  дейінгі  ұрпақтың  қол  жеткен 

жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс-əрекетінде  сол  жетістіктерді  жаңа  жағдайға 

бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудегі орны 

философия,  психология,  педагогика  ғылымдарында  қарастырылған:  Шығыс  ойшылдары 

əл-Фараби,  Ж.Баласағұн  жəне  қазақ  ойшылы  А.Құнанбаев,  философтар  Ғ.Есім, 

Д.Кішібеков,  Ə.Нысанбаев,  М.Орынбеков  еңбектерінен  кең  орын    алған.  Сонымен  бірге 

шетел  философтары  Платон,  Гегель,  И.Фихте,  Декарт,  Д.Дьюи,  И.Кант,  Г.Лейбниц, 

Б.С.Гершунский жəне т.б. еңбектерінде жан-жақты талданған. 

Педагогика  жəне  əдістеме  саласы  бойынша  оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттерін 

дамыту 


мəселелерін 

Ж.А.Қараев, 

С.Қ.Қалиев, 

Ш.Т.Таубаева, 

К.Ж.Қожахметова,  К.Оразыханова,  Б.А.Тұрғынбаева,  М.М.Жанпейісова,  Ə.С.Əмірова, 

К.М.Нағымжанова, Д.Н.Исабаева жəне т.б. зерттеген. 

Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды əлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай 

алатын,  шығармашылық  таныммен  тікелей  қатынас  жасай  алатын,  жаңаша  ойлай  алатын 

шығармашыл адамға айналдыру.  

Бастауыш  сынып  оқушыларында  əлемнің  көп  бейнелі  жақтарын  шығармашылық 

таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, 

креативті  (шығармашылық  қабілетті)  ұрпақты  тəрбиелеп  оқыту  педагогикалық 

психологияның  маңызды  мəселелерінің  бірі  деп  білеміз.  Педагогикалық  психология 


37 

 

тұрғысынан шығармашылық іс-əрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет 



мəселесі - аса маңызды сұрақтардың бірі. 

Бастауыш  мектеп  оқушыларының  шығармашылық  қабілетінің  дамуы  оқу  барысын 

дұрыс  ұйымдастырумен  байланысты.  Мектеп  мұғалімдері  көп  жағдайда  оқушылардың 

пəнге  байланысты  жаңа  материалды  дұрыс  меңгеріп,  сабақ  үлгерімінің  жақсы 

көрсеткіштеріне  қанағаттанып  қояды  да,  олардың  дəстүрлі  емес  шешім  қабылдауына, 

шығармашылық  белсенділігіне  жағдай  жасай  бермейді.          Бастауыш  мектеп 

оқушыларының  қызығушылықтары  заттық  əлеммен  байланысты.  Оларға  тəн  жағдай  - 

үлкендерге  бағдарлану,  яғни  оларға  еліктеу,  үлкендерді  үлгі  тұту  ерекшеліктері  педагог 

үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық 

жəне  интеллектуалды  даму  деңгейлері  жоғарылап  қана  қоймайды,  əрі  олардың  мінез-

құлқындағы жағымды өзгерістер де жүзеге асырылады. 

Сонымен  бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту 

мəселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мəнін терең түсініп алуды талап етеді. 

Философияда  қабілеттерді    «тұлғаның  белгілі  бір  əрекетті  орындауға  жағдай  жасайтын 

жеке  ерекшеліктері»  дей  келе,  олар  қоғамдық-тарихи  іс-əрекеттердің  нəтижесінде 

қалыптасып, əрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді. 

 «Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттер 

деп əрекеттің талаптарын қанағаттандыратын жəне үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның 

қасиеттерінің синтезін атайды».  

«Қабілеттер 

білім  алуға  қажетті  адамның 



психологиялық ерекшеліктері» - [2] дейді А.В.Петровский. 

«Қабілет    -    іс-əрекеттің  белгілі  бір  түрін  ойдағыдай,  нəтижелі  орындауында 

көрінетін адамның жеке қасиеті», - [3] деп жазады академик Т.Тəжібаев. 

Қабілеттердің  даму  мəселесін  зерттей  келе  А.Н.Леонтьев,  А.В.Петровский,  

В.А.Крутецкий,    Б.М.Теплов,  В.С.Шубинский,  М.Мұқанов,  Т.Тəжібаев,  Қ.Жарықбаев  

қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ үдеріске айналатынын айтады. 

Егер  барлық  адамдардың  əрекеттің  түрлерімен  айналысуға  арналған  мүмкіндіктері 

бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нəрсеге қабілеті 

жоқ  адам  болмайды.  Əр  адам  бойында  бір  нəрсеге  деген  қабілет  болатындығы  кеңестік 

психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дəрежесі əр адамда 

əр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-əрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, 

не  төмендеу  болып  келеді.  Бұған  қарап,  мысалы,  музыкаға,  не  хореографияға  немесе 

математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен, дарынсыздар қатарына жатқызу 

дұрыс  емес.  Бұл  –  оның  қабілетінің  басқа  салада  жатқандығының  белгісі.  Қабілеттер  туа 

бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-əрекет арқылы дамып отырады. 

«Шығармашылық  қабілеттер»  ұғымы  «шығармашылық»,  «шығармашылық  əрекет» 

ұғымдарымен тығыз байланысты.  

Шығармашылық  –  нəтижесі  жаңа  материалдық  жəне  рухани  құндылықтар  болатын 

əрекет; психикалық белсенділіктің жоғары формасы, жаңа бір нəрсе жасауға қабілеттілік. 

Шығармашылық  –  адам  іс-əрекетінің  түрі.  Шығармашылық  əрекет  нəтижесінде 

шығармашылық  қабілеттер  дамиды  жəне  қалыптасады.  Шығармашылық  əрекет  -  өте 

күрделі  үдеріс  жəне  ол  адамға  ғана  тəн.  Мұндай  əрекеттің  ерекшелігі,  даму  деңгейі  тек 

əлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.  

«Шығармашылық  қабілеттер»  немесе  «креативтілік»  деген  не?  Латын  тілінен 

аударғанда креативтілік «ойлап табу, жасап шығару» дегенді білдіреді. 

Шығармашылық  ─  өте  күрделі  психологиялық  үдеріс.  Шығармашылықты 

төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған адам əрекеті деуге болады: 

     - шығармашылықта қарама-қайшылықтардың болуы; 

     - əлеуметтік жəне жеке адамға тəн мəнінің болуы; 

     - шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы; 

     - шығармашыл тұлғаның даралық қасиеттерінің болуы; 

     - нəтиженің жаңалығы, сонылығы. 

Шығармашылықтың  мəні,  шығармашылық  іс-əрекет  туралы  əр  кезде  əр  түрлі 

пікірлер  болған.  Мысалы,  ХХ  ғасырдың  басында  белгілі  философиялық  сөздікте 

«шығармашылық» деп жаңа нəрсе ойлап табу, жаңалық ашу», - дей келе, – ол əр адамға тəн 


38 

 

нəрсе  емес,  құдайдың  құдіретімен  болады.  Ал  адам  шығармашылығы  тек  салыстырмалы 



түрдегі əрекет» - [4] делінген. 

Соңғы  кезде  «шығармашылық»  сөзі  мен  «жаңалық»  сөзі  мəндес,  астарлас  болып 

табылғандай. Психологиялық анықтамаларда берілгендей «бұрын болмаған жаңалық» деу 

үзілді-кесілді  мүмкін  болғанымен,  ерекше  соны жаңалық,    жаңа жол,  жаңа  шешім  екенін 

мойындаған  жөн.  Ал  баланың  ашатыны  субъективті  жаңалық,  ол  тек  қана  өзі  үшін 

жаңалық болып табылады. 

Шығармашылық  -  бүкіл  болмыстың,  қозғалыстың,  дамудың,  тіршіліктің  көзі. 

Табиғат,  қоғам  құбылыстарында  жеке  адамның  ақыл-санасында,  іс-əрекетінде,  ішкі  жан-

дүниесінде – бəрінде шығармашылықтың табиғи үдерістері үздіксіз жүріп жатады. Табиғат 

ішкі шығармашылық үдерістерді өзі басқарады. Сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке 

адамның  ой  санасына,  қызметіне  байланысты.  Сыртқы  факторлардың  бірі  –  оқыту  жəне 

тəрбиелеу жүйесі. 

Шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізгі бағыттары: 

● Ойын əрекеті  

● Шығармашылық құрастыру  

● Шығармалар мен диктанттар 

● Сабақтардың сюжетті жəне тақырыптық циклдары, панорамалық сабақтар 

● Интеллектуалдық ойындар. 

Бастауыш  сынып  оқушыларын  шығармашылық  қабілеттерін  дамытудағы  іс-

əрекеттірін 1- сурет арқылы байқаймыз: 

 

 

Сурет 1. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық қабілеттерін 



дамытудағы іс-əрекеттірі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет