Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет156/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162
Байланысты:
annotation214581

3 3
Жауабы: H=72 дм
Қорытындылай келе,математика сабағымда пиза тапсырмаларын қолдану арқылы оқушы- лардың қабілеттерін емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағ- дайларда қолдана алуға үйрету. Алған білімдерін өмірде тәжірибе жүзінде пайдалануға ба- ғыттау. Білім алушыларға өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар алатындай дәрежеге жетуге, өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын қалып- тастыруға, ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалып- тасуына жағдай жасау.
«Шәкірт-нығырлай беретін ыдыс емес, керісінші тұтандыруды талап ететін шырақ» де- мекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау – мектеп ұстаздарының, яғни біздің мақсатымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. PISA халықаралық зерттеуіне қойылатын жаңа талаптар. Астана 2016

  2. PISA халықаралық зерттеу (әдістемелік құрал) Астана 2016, 2018ж

  3. PISA креативное мышление (спецификация и образцы задание) ОЕСД

  4. TIMSS және PISA халықаралық зерттеудегі оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағы. Астана 2015,2016, 2018ж

  5. Есептер жинағы. 15 жастағы оқушыларға математикалық сауаттылық тексеруга арнал- ған(пиза тапсырмалары) Өскемен 2020ж

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТІЛ БІЛІМІ САЛАСЫНА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ




Тобықов Маулен Төлебайұлы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті ғылымдарының магистрі

Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік кеңістігіне енуге бағыт алуда. Тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, сонымен қоса білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады.


Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. «Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны қолда берік ұстау керек» - деп, А.Барбюс айтып өткендей бүгінгі күні жастарға білім мен тәрбиені қатар меңгертсек, болашақ жастарымыздың өмірі жарқын болары айдан анық. Болашақ жастарға білімді өз деңгейінде ақпараттық ағымнан қалмай меңгерту үшін «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзі есіме түседі [1].
Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар- дың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
Ақпараттық технологиялар және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайда- лану кеңейтіліп келеді. Аталған технологияны білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асы- рылуы тиіс. Ең бастысы – жеке тұлға, жеке адамды қалыптастыру, оларды тәрбиелеу және шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Осыған орай оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалып, жүзеге асырылуда.
Қоғамда ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етілген. Ақпараттандыру технологиясының
даму кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті тұлға даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады.
Олардың бәрінде бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы бел- сенділігіне баса назар аударылады. Өйткені жеке тұлға өз іс-әрекеті арқылы ғана дами алады.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Осындай жаңа және пайдалы технологияны іс-тәжірибеге енгізбей тұрып, мұғалім өзінің компьютерлік сауаттылығын жетілдіру керек, содан кейін күнделікті сабақта кеңінен қолдана алады. Оқу жүйесінде тиімді технологияның енуі – бүгінгі күннің талабы. Сол себепті бiлiм беру сала- сында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру үшін 2007 жылы «Қазақстан Республикасы ақпа- раттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде» өткізілген компьютерлік сауат- тылықтың толық оқу курсын оқып, сертификатқа ие болып, өз іс-тәжірибемде қолдана бас- тадым [3].
Технологияны қазақ тілі мен әдебиеті пән сабақтарында пайдаланған жөн, ол оқушылар- мен білім беру үдерісінде жеке жұмыс жүргізуге, әртүрлі оқу әдістерін салыстыруға мүмкін- дік туғызады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ақпараттық-коммуникативті технологияның әдіс-тәсілдерін, барлық түрін, формасын қажетті жағдайда тиімді пайдалану және жүйелі түрде дұрыс қолдану оқыту сапасын жоғарылатады. Сонымен қоса ақпараттық технология- ларға өздері тікелей араласатындықтан қызығушылықтары, белсенділіктері артады, оқушы- ның міндетті деңгейдегі білімді меңгеруіне, оның ынталануына мүмкіндік береді. [2] Осы тұста өз іс-тәжірибемде 9-сыныпта әдебиет сабағында Махамбеттің өмірі мен шығармашы- лығы туралы бірнеше жаңа әдіс-тәсілдермен жасалған электронды оқу құралын компьютерге салып пайдалана алдым. Бұл электронды оқу құралында оқушыларға Исатай мен Махамбет- тің қаза болу себебін және сол заманғы қазақ халқының басынан кешкен қиыншылықтары- ның бейне ролигін көрсете отырып, сұрақтар арқылы оқушылардың ойын айтқыздым және ақынның елін тәуелсіздікке шақыруы туралы айтқан өлеңдерін дауыстап басқан жазба оқуы арқылы оқушыларға тыңдата отырып түсіндірдім.
Осы тұста электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқу- лық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге бола- ды. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңге- рілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сон- дай-ақ игерілген білім мен біліктерді бақылауға арналған бағдарламалық құрал [4].
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге тарихи шығармаларды еске түсіру, энциклопедиялар, карталар, оқу тапсырмаларын орындату және т.б. білім беруде қажетті материалдарды пай- далану, орындату.
Заман талабына сай дербес компьютердің тағы бір мүмкіндігі мультимедиалық тақтаға Poir Point программасымен жасалған слайдтарды пайдалану. Берілген тапсырманы оқушы оқулықтан іздеп отырмай, слайд арқылы еске түсіруге көмегі тиеді. Мысалы: 7-сыныпта Әбділдә Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңі тақырыбында өткен сабағымда ақынның шығарма- ларын еске түсіру үшін мультимедиалық тақтаға Poir Point программасымен жасалған слайдтарды көрсетіп сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты өрбіттім.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет