Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет152/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162
Список литературы

  1. Назарбаев Н.А. Стратегия трансформации общества и возрождения евразийской цивилизации. – М., 2000. – С.16–18.

  2. О Государственной программе функционирования и развития языков на 2011–2020 годы: Указ Президента РК Н. Назарбаева от 29 июня 2011 года № 110.

  3. Об образовании: Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года № 319-III ЗРК. www.kau.kz/news‐ mo/zakon‐respubliki‐kazahstan‐ob‐obrazovanii.

  4. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 27.01.2012 г.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ


ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ


Саткенов А.Б.


№ 103 мектеп-гимназиясының оқытушысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы
Саткенова Ж.Б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы

Оспанова С.А.


Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы. №16 жалпы білім беретін мектеп

Қазіргі таңда қазақ тілін үйрету барысында ең алдымен жаңа инновациялық технология- ларды сабақ барысында пайдаланып отыру қазіргі заман талабына сай десек қателеспеген болар едік. Жоспарлы түрде өтетін сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне жаңа инновациялық технологиялардың ықпалы өте зор.Оқытудың жаңа технологияры дегенде, ең алдымен


«инновация», «технология» ұғымдары оралады, Осы тұста оқытудың жаңа технологиясының қалыптасуына септігін тигізіп келе жатқан осы екі ұғымға кеңінен тоқтала кетсек.
«Инновация» термині латын тілінен алғанда «жаңару», «өзгеру» дегенді білдіреді. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада жаңа сала жаңашылдық ғылым саласында пайда болды, ал 50-жылы педагогикалық инновация қалыптасты [1].
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдау және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңғырту кестесін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі; модульдік түрі; жүйелі түрі. Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде
«жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анық- тайды.
Бұл әдістеменің негізінде тіл үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шы- ғады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:

  • тіл үйренушінің белсенділік іс- әрекетін дамыту;

  • оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;

  • мұнда тіл үйренушінің дербес қабілетін дамытуға көмек беру;

  • тіл үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;

  • көрнекі құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезімін жоғарлату.

Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола бас- таған жаңа педагогикалық технологиялар баршылық. Соның ішінде төмендегілерді атап айтқымыз келеді:

  • дамыта оқыту;

  • деңгейлеп оқыту технологиясы;

  • модульдік оқыту;

  • проблемалық оқыту;

  • қатысымдық технологиясы;

  • сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

  • сатылай комплексті талдау;

  • жобалау технологиясы;

  • тірек сигналдары технологиясы;

  • саралап даралап оқыту.

Қазіргі жаңа технологиялардың алдарына қоятын мақсаты – тіл үйренушілердің дербес ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды көздейді. Тілді жылдам әрі сапалы меңгертуде, оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге қатысымдық технологиясы арқылы ғана қол жеткізуге болатындығы бүгінде дәлелденіп отыр. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф.Оразбаеваға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» [2].
Сөйлеу үшін оқушы тілдік көрсеткіштер мен сөйлеуде жұмсалатын тұлғалардың тіркесу заңдылықтарын білуі, тілдік құралдарды қолданудың амал-тәсілдерін меңгеруі қажет. Сөй- леу кезінде тілдік тұлғалардан бұрын қатысымдық тұлғаларға, әсіресе олардың байланысу, қолданылу жолдарына, амалдарына ерекше назар аударылады. Мұнда тілдің кіші, үлкен, дара, күрделі бөлшектерінің бәрі бір ортақ мақсатқа – сөйлей білуге, айтар ойды жеткізуге жұмсалады. Сөйтіп адамдардың тілдік қарым-қатынасы жүзеге асады, сөйлесім, тілджесім өз нәтижесін береді. Қатысымдық технологияны қолданудың тиімділігі, алдымен тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни тікелей қатынас жиі болса, сөйлесім әрекеті де ұтымды жүзеге асатындығы, сөйлеуді үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған лексикалық, фонетикалық, грамматикалық мини- мумдар мен сөздік материалдар алынатындығы болып отыр. Тілді меңгертуде тиімді сана- латын жаңа технологияның бірі – тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы. Сабақтың қатысты материалдар ірі мөлшерде енгізіліп, блоктарға бөлінеді. Оқу материалы тірек схема- конспектілер түрінде беріледі. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсаттарды көздейді:

  • білім, білік, дағдыны қалыптастыру:

  • барлық баланы оқыту;

  • оқытуды жеделдету.

Бұл технологияның қазақ тілін оқытуда тиімділігі: үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, блокпен оқыту, тіректі қолдану, жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; ізгілендіру, ерікті оқыту; оқыту мен тәрбиенің бірлігін қолдана отырып жүргізетіндігі. Ал проблемалық (мәселелік) оқыту тіл үйренушілердің ойын, шығармашылығын, өзіндік іс-әрекет арқылы та- нымын дамытуға үлесін қосады. Проблемалық оқыту оқушының теориялық және тәжіри- белік іс-әрекетінен жаңалық ашып отыруын қадағалайды. Мұнда да тапсырманы орындау, іздену оқушының еншісінде болады, ал оқытушы тек бағыт беруші ретінде.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады. Қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдіс-тәсілдері оқушылардың тілге деген қы- зығушылығын, талпынысын арттырып, өз ізденістері мен шығармашылық деңгейлерін да- мытуға жол ашу болып табылады.
Инновациялық технология беретін нәтижелері: түрлі әдістерді пайдаланумен мемлекеттік тілді үйренудің нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; оқушылардың барлығын сабаққа қа- тыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсының деңгейін анықтауға, бағалауға мүмкіндік- тері мол, оқушылар өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық белсенділігін артыру жағы- нан лексикалық қоры артады; жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шың- дауда, өзінің болашақ кәсібіне сенімі, қызығушылығы арта түседі.
Қорыта айтқанда, оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда мектеп оқушылары үшін алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мектеп табалдырығы- нан қалыптасып, орнығады. Білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқытуда аталған иннова- циялық технологиялар сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай жасалса, ол оқыту үдерісін жетілдірудің бірден-бір тиімді жолы, барлығы да өз дәрежесінде тиімді әрі жаңа технология-
ларды қолдану барысында оқушылардың пәнге ынтасы мен белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі. Сол сияқты ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет