Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары


ЖТОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУЫН



бет122/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162
Байланысты:
annotation214581

ЖТОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУЫН


МАМАННЫҢ ІС-ӘРЕКЕТ МОДЕЛІ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ


Қалықпаева Р.С., Сәрсенбаева С.Н.


Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, аға оқытушылары

Бұл мақалада маманның іс-әрекет моделі жтоо студенттерін кәсіби бағытталған оқытуды ұйымдастыру негізі ретінде көрсетіледі.


Түйін сөздер: іс-әрекет, кәсіби құнды қасиеттер, кәсіби бағытталған оқыту

Ақпараттық – іс-әрекеттік оқытудың алғашқысы және негізгісі – бұл білім беру және өздігінен білім алуда жеке тұлғаның қабілеттерінің дамуы.


Берілген мақалада ЖОО студенттерінің кәсіби бағытталған оқытуын қалыптастыру негізі ретінде болашақ маманның іс-әрекет моделі көрсетілген. Модель негізінде оның екі құры-
лымдық компоненті мен кәсіби іс-әрекетінің негізгі түрлері көрсетілген. Сонымен қатар телекоммуникация инженерлерінің кәсіби есебі ұсынылған.
Нарықтық экономиканы жоғары деңгейлі мамандармен қамтамасыз ету, яғни инженердің басты қызметтері – шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға қабілетті жаңа техника мен технологияларды тиімді қолдана білетін жоғары білікті мамандарды дайындау - заманауи жоғары техникалық мектептің міндеті болып табылады. Ғылыми-техникалық прогрестің және ақпараттық-компьютерлік төңкерістердің жетістіктеріне байланысты үздіксіз өзгеріп тұратын кәсіби іс-әрекет шарттары болашақ маманның кәсіби құнды қасиеттерін (ҚҚҚ) дамытуды талап етеді. Бұл жағдайда болашақ мамандардың кәсіби саладағы іс-әрекетінің та- бысты болуы үшін қажетті жоғарыда аталған қасиеттерді қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады.
ЖТОО студенттерін дайындаудағы мақсат олардың келешек кәсіби іс-әрекетінің маман- дығын меңгеру екені белгілі. Маманның кәсіби іс-әрекеті студенттің тек оқу іс-әрекетінің барысына және дамуына байланысты, тек соның шеңберінде ғана пайда болып, дамиды және қажетті кәсіби құнды қасиеттері қалыптасады, қажеттілік пен мотивтер жүйесінде қайта құру болады, танымдық кәсіби қызығушылықтары дамиды. Бірақ аталған мақсаттарға жету үшін ЖТОО студентінің оқу іс-әрекеті оның болашақ іс-әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы тиіс. [1,2].
Олай болса, ЖТОО төменгі курс студенттерінің кәсіби құнды қасиеттерін қалыптастыру үшін жаратылыс ғылымы және жалпыинженерлік пәндерді оқыту барысында қалыптасатын студенттердің оқу іс-әрекетін болашақ кәсіби іс-әрекетімен сәйкестендіру керек. Бұл оның болашақ маманның қажетті кәсіби құнды қасиеттерін қалыптастыруға неғұрлым жақын келетін кәсіби есептерді шешуде, болашақ кәсіби іс-әрекетке сәйкес түрлерін, формалары мен әдістерін анықтауды талап етеді. Осы мәселені шешу үшін міндетті компоненті кәсіби құнды қасиеттерді қалыптастыру болып табылатын ақпаратты – іс-әрекетті оқытудың оқу үдерісінің дидактикалық моделін құру қажет. Басқа сөзбен айтсақ, техникалық жоғары оқу орны төменгі курс студенттерінің кәсіби құнды қасиеттерін қалыптастыру мәселесін ақпа- раттық – іс-әрекеттік оқытуды әзірлеу және ұйымдастыруда жалпығылыми және жалпы инженерлік пәндерді оқып үйрену барысында шешуге болатынын көреміз, іс-әрекеттік ком- понент арқылы нығайтумен сипатталатын оқыту субъектінің меңгерген білімі мен іскерлігін, сонымен бірге оны меңгеру жолдарын анықтайды.
«Ақпараттық - іс-әрекеттік оқыту» ұғымы жоғары мектептің педагогикасының теориясы мен практикасына етене енгенмен, көпшілігі оны оқыту технологияларымен ғана байла- ныстырып, мағынасына жете түсіне бермейді [3].
Ақпараттық - іс-әрекеттік оқытудың алғашқысы және негізгісі – білім беру және өздігінен білім алуда жеке тұлғаның қабілеттерінің дамуы. Модельді жаңартудың және оны жүзеге асыратын технологияларды құрудағы негізгі мақсат құрылымдық және мазмұндық тұтас- тыққа ие студенттің тұлғалық өсуін ынталандыратын және таңдап алған болашақ кәсіби іс- әрекетіндегі қызметтік міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін білім мен іскерлікті қалыптастыратын оқу ортасын құру.
Осындай ақпараттық - іс-әрекеттік оқытуда болашақ маманның өз іс-әрекетінің объектісі жөнінде мағлұматы болуы мүмкін және болуы қажет: ғылыми-өндірістік үдерісте және ақпараттық жүйелерде оның түпкі мақсаты – әлеуметтік-экономикалық тапсырысқа сәйкес инженерлік-басқарылатын шешімдерді әзірлеу және түрлерін алу. Осындай жағдайда ғана болашақ маманда кәсіби әс-ірекет жүйесі оның өндірістегі еңбек іс-әрекеті басталғанға дейін қалыптасуы мүмкін. Кәсіби іс-әрекет моделіне бағдарланған жоғары оқу орнының оқу үде- рісінің іс-әрекеті жоғары техникалық мектепте осы бейіндегі мамандарды кәсіби даярлаудың біртұтас жүйесінде олқыту мүмкіндігін береді және бірмезгілде оның болашақ кәсіби іс- әрекеті мәнмәтінінде оқыту мазмұнын қалыптастыруға арналған бірыңғай әдіснамалық негізін құрайды.
Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау студенттің оқу іс-әрекеті сабақ беру мен оқытудың өзара байланысқан және өзара шарттасқан үдерістерін қамтитын оқу үдерісінің бір бөлігі болып табылатынын көрсетті. Егер оқу үдерісін ұйымдастыру мен басқару жағынан қарасақ, онда басқарушы қосалқы жүйенің жетекші рөлін айта кеткен жөн. Кез келген күрделі динамикалық жүйенің тиімді қызмет етуі тек басқарушы және басқарылатын қосалқы жүйе үйлесімді жұмыс істегенде ғана мүмкін болады. Басқарушы қосалқы жүйе ретінде маманның іс-әрекет моделін қолдану мүмкіндігін, ал басқарылатын қосалқы жүйе ретінде - ақпараттық- іс-әрекеттік оқытуды қарастырамыз. Олай болса, біз кәсіби бағытталған оқытуды ұйымдастыруға келеміз. Жалпы және оның ішінде жекелеген пәндерді оқытудың осы түрі оқыту мен оқу іс-әрекетінің қажетті үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.



Маманның іс-әрекет моделі басқарушы қосалқы жүйе


Сурет 1 – Кәсіби бағытталған оқытуды ұйымдастырудың қосалқы жүйелерінің байланысы




Сонымен қатар техникалық ЖОО-да пәндерді оқытудың нақты жағдайын зерттеу сту- денттерді келешек кәсіби іс-әрекетті объектісін тануға және оның өзгеруіне даярлау үдері- сінде оқу пәндерінің мазмұны толық берілмейтінін көрсетті. Бұл пәндердің көбі (әсіресе бұл жалпыбілім беретін пәндерге қатысты) шынында кәсіби іс-әрекет объектісінің маңызын, саласын және түрлерін тікелей қамтитын материалдарды бермейтіндігімен түсіндіріледі. Сондықтан, кәсіби бағытталған оқытуды маманның іс-әрекет моделіне сүйене отырып ұйым- дастыру төменгі курста оқытылатын әрбір пәннің мазмұнының кәсіби іс-әрекет объектісінің жұмыс істеу заңдылықтарын тануда және ҚҚҚ табысты қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз ете алады.
Басқаша айтсақ, болшақ мамандарда ҚҚҚ қалыптастыру мәселесінің шешімін жалпы теориялық пәндерді оқу ақпараты ғана емес, сонымен бірге сәйкес білім мен іскерлік жүйесін және оларды меңгеру жолдарын анықтайтын іс-әрекет компонентін қамтитын кәсіби бағыт- талған оқытуды әзірлеуде және ұйымдастыруда екенін көреміз.
КБО-ды практикалық түрде жүзеге асыру оқудың ең алғашқы күндерінен бастап қажет- тілік – мотив – мақсатты бағытталған іс-әрекет психологиялық бөлімдер тізбегінің бірігуіне ықпал етеді. Негізінде әрбір адамның маңызды қажеттілігі өзін-өзі жүзеге асырудағы қажет- тілік болып табылады. Бірақ маман болу үшін және «ғылыми білімдерді, жоғары дамыған іскерлікті қолдану арқылы кәсіби іс-әрекетінің білікті түрін» тиімді қолдану үшін жоғары мектептің оқу үдерісінде білім мен іскерлік нормативтерін меңгеру, таным тәсілдері және кәсіби іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, кәсіби құнды қасиеттерді дамыту қажет. Студенттің аталған қажеттілікті сезінуі оқу мотивациясын құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет