Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары
annotation214581
Телекоммуникация саласында жұмыс істейтін маманның іс-әрекет моделін құру мақсатында біз жоғары білім мамандықтарына сәйкес Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын, типтік оқу жоспарларын зерттедік, салыстырдық. Телекоммуникация саласында зерттеулер жөнінде ғылыми ақпарат және педагогикалық үдерістер зерттеліп, талданды. Мұның бәрі бізге ҚҚҚ қалыптастыру бойынша оқыту жүйесін құру мәнмәтінінде телеком- муникация инженер-маманының іс-әрекет моделін құруға мүмкіндік береді (2 сурет).
Сурет 2 - Телекоммуникация инженерінің іс-әрекет моделі Модель негізінде оның құрылымдық екі компоненті кіреді: телекоммуникация инженері- нің іс-әрекет объектісі мен оның іс-әрекет сферасы. Іс-әрекет объектісі - бұл маманның іс- әрекеті бағытталған және іс-әрекетті детерминдеу факторы кіретін үдерістер, тақырыптар мен құбылыстар. Оның айрықша ерекшеліктерін анықтап, маманның іс-әрекетіне қандай да бір шектеулер қояды. Телекоммуникация инженерінің іс-әрекет объектісі ретінде келесі жағдайларды қа- растырамыз: а) өндірістегі технологиялық үдеріс, тарату. Телекоммуникация желілерінде ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау; б) көрсетілген жүйелердің электрондық және радиотехникалық жабдықтары; в) осы жүйелер мен олардың жұмыс істеу режимдері жөнінде ақпарат түрлері. Іс-әрекет сферасы осы бейінде жинақталған маманның жалпыөндірістік функцияларымен сипатталады және өндірістік үдерісте инженердің технологиялық және ұйымдастырушылық рөлін анықтайды. Олар модельдің функционалдық компонентін құрайды, оның құрамына инженердің технологиялық, жобалық-конструкторлық, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру- шылық-басқарушы функциялары кіреді. Іс-әрекеттің заттық және функционалдық құрылы- мын бірге қарастыру көрсетілген бейіндегі инженердің кәсіби іс-әрекетінің негізгі түрлерін анықтайды, ал олар арқылы жалпылама кәсіптік есептерді айқындауға болады. Телекомму- никация инженерінің кәсіби іс-әрекетінің негізгі түрлеріне жатады: байланыс және телерадиохабар тарату жүйелерін қолдану; телекоммуникация объектісінің құрылысы, жинақтау және жөндеу; байланыс теориясы саласындағы зерттеулер, соның ішінде электрмагниттік толқын- дардың әр түрлі ортада таралуын зерттеу және радиоэлектрондық құралдардың электрмаг- ниттік сәйкестік шарттарын; желілер мен байланыс жүйелерін есептеу және жобалау, электрондық құрылғылар мен радиотехникалық құралдарды жасау және құрастыру; өндірістік ұжымның іс-әрекетін ұйымдастыру; Біздегі ақпараттарға жасалған талдау физиканы оқытуды қолдану мүмкін телекоммуника- ция саласындағы кәсіби іс-әрекеттің келесі ортақ міндеттерін көрсеттті: проблемалық ситуацияларды байқау және талдауға ақпаратты қабылдау және өңдеу; инженерлік шешімдерді іздеу; бақылау-өлшеу техникасының көмегімен диагностика жасау; жобалау жүйесін таңдау және негіздеу, жабдықтарды таңдау; физикалық құбылыстарды сипаттауға және оларға болжам жасау үшін модельдер құру және талдау жасау және жаңа шешімдер параметрлерін анықтау; параметрлері берілген қондырғылар; эксперименттік және теориялық зерттеулерді жүргізу, алынған нәтижелерді жалпылау және ұсыныстарды өңдеу мақсатында талдау жасау; ғылыми-техникалық құжаттамаларды құру. Әзірленген модель кәсіби іс-әрекет объектісін, саласын, түрлері мен ортақ есептерін қам- титын төрт блоктан тұрады. Бұл модель жеткілікті түрде кеңейтілген ерекше ақпаратты бере- ді, бірақ сонымен бірге оны қосымша өңдеуді және оқу-тәрбие үдерісіне енгізуде мағынасын ашуды талап етеді. Ол осы модельді ЖТОО бірінші-екінші курстарында жаратылыстану ғылымы пәндерін оқыту барысында студенттердің ҚҚҚ моделін жасау кезінде қажетті кезең ретінде қолданған жағдайда айқындала бастайды. Телекоммуникация инженерінің іс-әре- кетінің бұл моделі ақпараттық-іс-әрекеттік оқыту моделінде нақты оқу пәні деңгейінде дайындау моделін іздеу бағытын анықтауға мүмкіндік береді, яғни студенттер сәйкес кәсіби бағытталған іс-әрекетті игеріп, өздерінің кәсіби құнды қасиеттерін дамыта алады. Оқу іс-әрекетін басқару оқыту үдерісін жобалау бойынша алдын ала жұмыс істеуді талап етеді. Ақпарат инженерінің іс-әрекет моделінің мағынасын түсіну, оның ішкі байланыстарын анықтау студенттің нақты пәндерді оқу мақсаттарын тұжырымдау мәселесін шешуге мүм- кіндік береді, бұл дидактика тілінде оқу пәнінің заттық-іс-әрекет мазмұнын кәсіби іс-әре- кетінің негізгі түрлерімен, оның типтік есептерімен байланыстырады. Сонымен, нақты оқу пәні деңгейінде дайындау моделін жасау келесіні қамтиды: берілген бейіндегі инженер мен студенттердің ҚҚҚ қалыптастырушы модель мәнмәті- нінде оқытудың дидактикалық мақсаттарын жасау; студенттің іс-әрекет түрлерін анықтау, бұл ҚҚҚ мотивациялық, мазмұндық және операциялық компоненттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді; ҚҚҚ қалыптастырудың мақсаттары мен міндеттеріне барабар даярлаудың заттық маз- мұнын анықтау; сәйкес оқыту үдерісін ұймдастыру; Кәсіби іс-әрекетке жүргізілген талдау бойынша ЖТОО кәсіби даярлау мазмұнына қатыс- ты осы іс-әрекеттің жүйе түзушу функциялары білім, іскерлік, дағды жүйесінің реттелуімен ғана шектеліп қалмайтыны жөнінде қортындыға келеміз. Олар болашақ маманның ҚҚҚ қалыптасуы және дамуының нақты кәсіби іс-әрекетке жалпы дайындық деңгейін анықтайтын арнайы ұйымдастыратын үдерістер ретінде оқу үдерісіне енуін алдын-ала анықтайды. Оқы- тудың бұл түрі оқыту нәтижелерін бағалаудың жаңа критерийлерін енгізуді, соның ішінде кәсіби құнды қасиеттерін қалыптасу деңгейін анықтауды қажет етеді. жүктеу/скачать 1,89 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |