Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет126/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   162
Keywords: communication, technology, analysis, vocabulary, punctuation, speech, grammatical structure, oral communication, stylistics, syntactic function, morphological structure.

Бүгінгі күні қазақ тілінің өзінің мемлекеттік биік мәртебесіне лайық деңгейде қызмет атқару қажеттілгі – заман талабынан туып отыр. Мемлекетіміздің кез келген оқу орнында қазақ тілі ана тілі және мемлекеттік тіл ретінде оқытылады


Өзге ұлт дәрісханасында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұс- таздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қа- растыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып жетілуіне үлес қосуда. Көптеген ға- лымдар өз зерттеулерінде өзгетілді дәрісханада оқитын шетелдік білімгерлерге тіл үйретудің өзекті мәселелерін айтып келеді. Көп жылдық тәжірибемнен анықталғаны: Мен өзімнің ең алғашқы еңбек жолымды Түркия Республикасынан келген тіл үйренуші білімгерлерге қазақ тілін үйретуден бастадым. Дәрісханаға алғаш қадам басып кірген кездегі өте қиын жағдай – тіл білмеу, өзгетілді шетелдік білімгерлер қазақ тілін білмейді, түсінбейді, оқытушы түрік тілінде сөйлей алмайды, түсінбейді. Осындай жағдайда қандай әдісті қолданған тиімді? Әрине, ым-ишара және қимыл әрекет арқылы сәлемдесу, танысу кезеңдерін өткіземіз. Ең тиімді әдісі - қимыл-әрекет. Қимылмен білімгерлерді бір-бірімен қол алыстырып, амандас- тырып таныстыру керек. Сосын түрік тілі мен қазақ тілінде қарым-қатынас жасауда қол- данылатын сөздік қорларын сөздік дәптерлеріне жаздыру керек. Бәрнеше рет сөздерді қайта- латқызып, тілін жаттықтыру керек. Сол сөздердің қалай жазылатындығына баса назар аудару керек. Өзге ұлт аудиторияларында қазақ тілін оқыту барысында білімгерлердің пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни, әрбір адамға керекті коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы таны- лады. Өзге тілді дәрісханада оқитын Түркия Республикасынан келген тіл үйренуші студент- терге қазақ тілін жылдам меңгертудің бір жолы тіл дамыту. Мақсаты – тіл үйренушінің ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету. Тіл дамыту, негізінен, төмендегідей төрт бағытта жүргізіледі:

  • мәдени, әдеби сөйлеу білудің мөлшеріне үйрету, яғни орфографиялық жағын меңгерте отырып, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

  • лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы сөздік қорын байыту.

  • жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөдер жасайтын формаларды мең- герту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету.

  • тіл үйренушінің ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат еті- леді [1,56-б]. Тіл дамыту жұмысының негізгі мазмұны осындай төрт мәселе айналасында қарастырылып іске асырылады. Әрбір шетелдік білімгерлердің жанында айтылуы қиын да күрделі сөздерді жазып отыратын үй жұмысы дәптері міндетті түрде болуы керек, күніне бір- неше рет қайталап, тілін жаттықтыру қажет. Бұл тілді тез меңгерудің бір жолы. Дидакти- калық қағидалар әр пәнді оқыту методикасының, соның ішінде қазақ тілін оқыту методи- касының теориялық негізі болып саналады.

Қазақ тілін оқыту мен тіл дамыту сөйлеу мен ойлаудың бірлігі қағидасы арқылы жүргізі- леді. Тіл үйренуші тіл мен ойлау бір-бірімен байланыста екендігін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін яғни, сөйлеуді ойлаудан бөліп алу- дың мүмкін еместігін түсінеді, бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қоры- тындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру тағы да басқа түрлі ойлау әре- кеттерін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді.
Екінші мәселе – тіл үйренушілердің орфографиялық ережелерді саналы меңгеруін қа- лыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазуға дағды беру.
Сөз тіркесі, сөйлем құрауға үйрету жұмысы студенттің ойын байланыстырып айта білу- мен бірге жаза білуге дағды береді. Оқытушы сөз тіркесі және сөйлемді дұрыс құрату ар- қылы студенттің тілдік фактілерді орынды қолдана білуге, синонимдік қатарларды, сөзді таңдап қолдана білуге үйретеді. Студенттерге төмендегідей жұмыстарды орындату тиімді: сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құрату, жай сөйлемдерді жалпылама сөйлемге айналдыру, аяқталмаған сөйлемді аяқтау, диалогты сөйлем құрату, әңгімені аяқтау, таныс та- қырыптар бойынша бір-бірінің жұмысын өздеріне тыңдату, түрлі тақырыптарға байланысты мәтіндер құрату, сөздік жұмыстарын жүргізу. Осындай бағытта жүргізілген жүйелі жұмыс- тар арқылы студент сөйлем құрауға дағдыланады. Өзге ұлт дәрісханаларында мемлекеттік тілді оқыту барысында тіл дамыту жұмыстарының орны ерекше. Әдіскер-ғалым Ф.Оразбаева [2,89-б] «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі» еңбегінде тілдік қатынасты, оның түр- лерін, ұстанымдарын қарастырады.Тілдік қатынас пен қатысымдық әдіске байланысты көптеген терминдер ұсынып,олардың мән-мағынасын түсіндіреді.
Жоғары оқу орындарының өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін дамыта оқытуда студент- тердің жеке қабілеттерін ескеру басты орында болады. Дамыта оқыту әдістемесі бойынша оқытушы әрбір студентпен тікелей қарым-қатынас арқылы тілдік, ойлау қабілеттерінің ша- масын айқындайды. Дамыта оқыту - бұл дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлі оқыту оқытушының жеке түсіндіруі, қойылған сұрақтарға жауап беруі, студенттердің үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын орындауы, дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту студенттерге сұрақ қоя білуге және олардың көзқарастарымен санасатын, жалпы пікірлесе отырып қорытынды шығаруға, жалпы ойлауын, танымын дамытуға бағытталған оқыту түрі. Оқытушы студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып олардың арнайы қабілеттерін (тілдік) дамытуға күшін салады. Әрбір білімгерлердің ойлау қабілеті, білім деңгейі әртүрлі, бірі айтылған ойды тез қабылдайды, бірі кеш қабылдайды,сондықтан әр білімгердің дең- гейіне қарай жұмыс жасауды қажет етеді. Қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үш түрлі мәселеге тікелей қатысты: біріншіден - оқытудың мақсаты (тіл үйренушілерге қазақша дұрыс сөйлеу нормаларын үйрету, қазақ тілін өмірде іс жүзінде қолдана білу, қазақша тіл- десімді іс жүзіне асыру), екіншіден - оқытудың мазмұны (тілді үйрету үшін қандай мәселе- лерге басты назар аудару керек, нені оқыту керек (тілді үйрету керек пе, әлде сөз бен сөй- лемді үйрету керек пе) соларды анықтау), үшіншіден - оқытудың кезеңдері (тілді үйрету ба- рысында оқытушы мен оқушының орындайтын жұмыс уақытының өлшемдері мен ерекше- ліктері) [3,11-б]. Қазақ тілін үйретуге қатысты сабақта жүргізілетін кезеңдер: дайындық кезеңі, кіріспелік кезең, жаттықтыру кезеңі, игерімдік кезең, тұжырымдық кезең, яғни жаңа сабақ бастамас бұрын білімгерлерге жаңа сабақтың тақырыбы аясында бірнеше сұрақтар беру арқылы өз пікірлерін ортаға салып, талқылау қажет.
Өзге тілді дәрісханаларда тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – сту- денттің ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету. Тіл дамыту төрт бағытта жүргізіледі:

  • мәдени, әдеби сөйлей білудің мөлшеріне үйрету, орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, студентке мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

  • лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек түсінік беру.

  • жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөдер жасайтын формаларды мең- герту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету. Сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет беру. Сабақты жүргізу кезінде көбінесе ойын түрлерін қолдана отырып, өз бетінше сөйлеуге, қаншалықты жаңа сөздерді меңгер- гендігіне баса назар аудару керек.

  • оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі. [4,10-б] Міне, тіл дамыту жұмысының негізгі мазмұны осындай төрт мәселе айналасында

қарастырылып іске асырылады. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін, сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді. Бұл қағида ар- қылы студенттің ойлау әрекетін дамыта отырып, түрлі ой қортындыларын жасай білу дағды- лары қалыптастырылады. Бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қоры- тындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісіз затпен салыстыру, басқа түрлі ойлау әрекеттерін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін жылдам меңгеретіндін тәжірибе бары- сында байқадық. Дамыта оқыту - студенттерге сұрақ қоя білуге және олардың көзқараста- рымен санасатын, жалпы пікірлесе отырып қорытынды шығаруға, жалпы ойлауын, танымын дамытуға бағытталған оқыту түрі. Оқытушы студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың арнайы тілдік қабілеттерін дамытуға күшін салады. Тілдік қабілеті төмен немесе нашар дамыған студенттермен тікелей диалогтік қарым-қатынас жасауға, пікірталасқа қатыстыруға, көркем-әдебиет шығармаларын оқып талдауға үлкен күш салынады. Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау ұстанымы дамыта оқытудың сапалы болуын қамтамасыз етеді. Себебі студенттерге тілді меңгертуде қандай жұмыстар мен тапсырмалар орындау керектігін оқытушы алдын ала белгілеп алуы керек. Жұмыс түрлерін айқындау ұстанымы оқытушының жан-жақты ізденуін, алдына нақтылы міндет қоя отырып әр сабақтың мақсатын айқындап алуын талап етеді [5,14-б]. Тіл үйрету барысында оқыту- шыға еркіндік береді, белгілі бір мақсатқа орай оқытушы жұмыстың түрлері мен талабын студенттің жеке басының қажеттілігіне сай жетелдіріп не азайтып отыруына болады.
Өзге тілді дәрісханаларда оқитын түркиялық студенттерге тілді оқытып үйретуде ең қажетті әдіс – қатысымдық әдіс. Қатысымдық әдіс арқылы белгілі бір тіл туралы білім берілмейді, белгілі бір тілдің өзін қалай қолдану керектігі жөнінде оқытылады, сол тілде сөйлеу мәнері үйретіледі. Қатысымдық әдіс дегеніміз – студент пен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас және әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен принциптердің жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, бір өзекке бағын- дыратын оқыту әдісінің түрі. Кейбір білімгерлердің қазақ тілінің төл дыбыстарын айтуда қиындық туады, ондай жағдайда уақытпен санаспай қиын сөздерді бірнеше рет қайта- латқызып айтқызу қажет. Қатысымдық әдіс арқылы қазақ тілін үйрету студенттердің қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру ерекшеліктеріне байланысты. Қазақ тілін үйретуге қатысты сабақта жүргізілетін кезеңдер: дайындық кезеңі, кіріспелік кезең, жаттықтыру кезеңі, иге- рімдік кезең, тұжырымдық кезең [6,16]. Сондықтан, әр сабақта қай студенттің нені білетінін және соған көмектесу үшін не істеу керектігін анықтап, есеп жүргізген жөн. Сонда әр сту- дентке жекелей қандай тапсырма беру керек, кіммен қандай жұмыс жүргізу қажет екендігін шатастырмай білесің, бұл әдіс қабылдау қасиеті төмен студенттерге көп көмек береді. Студенттің жіберген қатесін дәптерге жазып, оның себебін анықтағаннан кейін, сол қатесін екінші рет қайталамау үшін соған сәйкес қосымша жұмыс ұйымдастыру қажет. Мысалы: оқуға, жазуға үйрету барысында олар жеке әріптерді, дыбыстарды жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сөздерді дұрыс байланыстырып оқып, жаза алмайды. Сондықтан әрбір сөздің айтылуы мен жазылуын салыстырып, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөліп немесе керісінше дыбыстардын буын, буыннан сөз құрыстыруы арқылы үйретсе, сол сөзді студенттер дұрыс жазып оқиды және есінде ұзақ сақтайды. [7,16-б]
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрену әр сабақта жаңа сөздерді құрғақ жаттау емес, сол сөздердің мағынасын саналы түрде ұғынып, ауызша және жазбаша қолдана білу керек. Үй- реткен жаңа сөздерді студенттер ұмытып қалмау үшін жаттығудың мынандай түрлерін орындатқан пайдалы: жаңа сөздерді оқыту, қиын сөздерді хормен оқыту немесе үнтаспаға жазып қайталап тыңдату, жаңа сөзді сөз тіркесі, сөйлем ішінде оқыту, ауызша сұрақ-жауапты қолдану, сол сөздерді қолданып, сурет боыйнша сөйлем құрату.
Жазылым – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген, лингвис- тикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік мате- риалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қаты-
насына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет. Шетелдік білімгерлерге қазақ тілінің төл дыбыстарын жазу көп қиындық тудырады. Сондықтан, әрқайсысының жазу дәптерлеріне үй тапсырмасына жазуда қиындық тудыратын әріптерді бірнеше рет қайталап жазып, қолын жаттықтыруға үйрету керек. Жазылым, біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады. Оқытушы тіл білімі салаларының әр түріне негіз етіп алынатын сызбаларды басшылыққа ала отырып, тілдік анықтамаларды студенттің ұғымына сай, түсінігіне жеңіл дәлелдемелер түрінде қатесіз жазбаша ұсынады. Тілдік материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді
талдауда сөйлеу іс-әрекетінің түрлері былай орналасады: жазылым 🡒 тыңдалым 🡒 оқылым
🡒 сөйлесім. Бұл – талдаудың алғашқы да негізгі тірегі. Себебі мұнан кейінгі талдау деңгей-
лері сауатты жазу, сауатты айту, үйренген жүйесін сауатты жеткізуде осы бастапқы деңгейге
жүгініп отырады. Өзгетілді дәрісханада оқитын тіл үйренушілер көбінесе өздеріне сөздік дәптерлерін арнап, жаңа сөздерді қағазға түсіріп, жаттап, күнделікті сөйлеу кезінде пай- далану арқылы да тілді тез меңгереді. Тәжірибе барысында анық байқалған жағдай бастап- қыда оқытушы жазылым бойынша талдаудың бір сөзін, сөз тіркесін немесе сөйлемді қате қолданса, студент санасынан оны қанша өшіремін деп түрлі әрекеттер жасағанымен, оның ешбірі жүзеге аспайтындығы анықталды.
Сондықтан оқытушы талдаудың үлгісін студенттерге ұсынарда жазғанын алдын ала бірнеше рет оқып, ауызша айтып, талдаудың ең сауатты нұсқасын өзі санасында тұрақтан- дыру қажет. Тілді жылдам меңгеру барысында қарапайым деңгейде жазылған мәтіндерді қолдану да маңызды. Бірінші деңгейде студент:

  • Сауатты жазып, оқып, айтуға дағдыланады;

  • Тіл білімінің әр саласынан өтілген материалдарды жүйелі түрде түсініп, ғылыми тілде баяндауға машықтанады;

  • Сөйлеу мәнері белгілі жүйеге түсіп, әуезді сөйлеуге үйренеді;

  • Өзі талдап тұрған сөздің құрамын, құрылысын, буынын, дыбыстардың өзіндік ерек- шелігін дұрыс ажыратып, жолдастарына, мұғалімге нанымды түрде жеткізуге бейімделеді;

  • Тыңдаушы студенттер де назар қойып, жолдасының жауабын мұқият тыңдауға дағ- дыланады.

Айтылым, яғни сөйлеу, негізінен, бір адамға тән әрекеттер болғанымен, тілдік қатынаста екіжақты байланыстың болуын қажет етеді. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізу үшін айтады, сол үшін сыртқа шығарады” [8, 71-б] деп көрсеткендей, өзге тілді дәрісханада оқи- тын тіл үйренушілерге ең қиындық тудыратын жәйттерді басты негізге алу дәріс беретін оқытушының назарында болуы тиіс. Түркі дүниесінен және Түркия Республикасынан келген тіл үйренушілерге көп жылдардан бері дәріс беріп келемін, ең алғаш дәрісханаға кірген оқытушы егер тіл білмесе, онда өте келеңсіз жәйттерді кездестіресіз, себебі оқытушы – тіл үйренуші, тіл үйренуші – оқытушы арасында ешқандай қарым-қатынас туындамайды. Дәріс- ханада үнсіздік туады. Өйткені, қарым-қатынас жасау үшін тіл білу қажет. Мұндай жағдайда, ым-ишараны, қимыл-әрекетті пайдалану көп көмек болады. Партада отырған барлық тіл үйренушілермен екі қолдап амандасып, сәлемдесіп шығамын. Сосын тыңдаушы тіл үйре- нушілер менің іс-әрекетімнен-ақ сәлемдесу керектігін түсіне қояды. Содан қазақ тілінде
«сәлеметсіз бе?» деген сөзді үйреніп, дәптерге жазамыз. Ары қарай өзімнің аты-жөнімді ай- тып, оқушылармен танысамын, ары қарай рет-ретімен өздерінің аты-жөндерін сұрап таны- самын. Шығатын нәтиже: тек қана қарым-қатынас жасау арқылы ғана тілді оңай әрі тез үйренуге болатындығын тәжірибе анықтап көрсетіп берді. Екінші нұсқа, тіл білмейтін өзге ұлт өкілдерін сөйлеу тілі жаңа шыға бастаған екі-үш жасар бүлдіршіндермен бірге сөйлетіп,
бірге қыдыртып, әліпбиді үйретсе, жылдам қабылдап, санасына ұғып алады. Олай болса, тілді үйрену барлық түрлі жағдаяттарда әртүрлі тәсілдермен де атқарылады екен.
Дұрыс баяндауға қажет толық үлгісі, сөйлем құрылысы алдыңғы сатыда толық қамтылып, үйретілген. Сондықтан студент кез келген сөзді көрсетілген жүйе бойынша баяндауға ма- шықтанады. Сондай-ақ алдыңғы деңгейде де, бұл деңгейде және кейінгі деңгейлерде де тың- далым үнемі жүзеге асырылып отырады. Тыңдалым арқылы баяндаушы оқушының жауабын сыныптағы барлық студент мұқият тыңдайды, талдау барысында жіберілген кемшілікті бай- қайды, оны түзетуге әрекет жасайды. Тыңдалымды дұрыс жолға қою арқылы мұғалім оқу- шыны мұқият тыңдауға, тез шешім қабылдауға, дұрыс жауапты іркіліссіз айтуға баулиды. Осы арқылы оқушыларды бірте-бірте іскерлік қарым-қатынасқа баулиды.
Тыңдалым жайлы ғалымның пікіріне жүгінсек: “Тыңдалымды жете меңгеру үшін қойы- латын алғы шарттар:

  1. Тыңдауға ұсынылатын мәтінде әңгімеде, пікірде айтылатын басты ой түсінуге жеңіл болу керек.

  2. Үннің ырғағы мен әуені дұрыс естілуі қажет.

  3. Тілді жақсы үйрену үшін тыңдалым бірінші сабақтан бастап, үздіксіз жүргізілуі тиіс.

  4. Оқушының тілге қатысты білімі мен дайындығы ескерілген жөн.

  5. Тыңдалымға қатысты жұмыстардың бәрі бақылауға алынған дұрыс” [9, 68-б.] деген пікірді басты назарға ұстана отырып, тіл үйренушілермен түрлі сөйлеу жағдаяттарын да пайдалану ең маңызды рөл атқарады. Қазақ тілін мүлдем білмейтін өзге ұлт өкілдеріне жүр- гізген мынадай бір көріністі айтып өтсем: жиырма-жиырма бес оқушылар арасына әртүрлі түсті бір құшақ гүл топтамасын алып кіріп, ортаға үстел үстіне қойып қоялық. Содан, ең алғаш өзім: - Мен гүлді өте ұнатамын, гүл шоқтары қандай түстерден екен т.б. сұрақтарды айта бастағанан тіл үйренушілер де өз пікірлерін айта бастайды. Олай болса, тілді тез меңгеру үшін ең алдымен әріптерді жаттаудан да сөйлеп, қарым-қатынас жасау маңыздырақ.

Дәстүрлі оқыту жүйесінде тыңдалым көбіне жауап беруші студент пен оқытушының арасында жүзеге асып, біржақты қызмет атқарады. Онда тыңдалым туралы мынадай түсінік қалыптасқан: оқушының жауабы баға алу үшін өзіне қажет те, мұғалімге оқушыны бағалау үшін қажет. Сондықтан сыныптағы оқушылар сырттай қарағанда оқушының жауабын мұ- қият тыңдап отырған сияқты, ал шын мәнінде іштей ол басқа бір ойдың жетегінде отыруы мүмкін. Ал сатылай кешенді талдау технологиясында талдау жүйесі барлық оқушыға түсінікті және кез келген уақытта оқытушының тыңдаушы оқушылардан талдаудың белгілі бір сатысын жалғастырып жіберуді сұрап қалуы мүмкін, сол үшін де тыңдаушы оқушылар жауап беруге дайын отыруға дағдыланған. Сондықтан сатылай кешенді талдау техноло- гиясында тілдік қатынастың тыңдалым әрекеті ерекше орын алады. Соңғы кездері мұғалім- дер тәжірибесінде талдау үлгісін үнтаспаға жазып тыңдату немесе компьютер арқылы талдауды дауыстап талдап отырып жазу жиі қолдануда. Мұның нәтижесі жоғары. Мұғалім немесе сыныптағы өте жақсы талдайтын оқушы дауыстап талдап әрі компьютерге жазып отырады, қалған оқушылар да іштей дауыстап талдап, компьютерге жазып отырады. Мұнда екі жақты үрдіс бірдей жүзеге асады. Оқушылар тыңдайды әрі олардың компьютермен жұ- мыс істеу машығы артады. Әрине, компьютерге жазу оңай емес. Онда түрлі сызбалар, таңба- лар (символдар) қолданылады. Оқушылар оларды түрлі бағдарламаларға (программаларға) кіру арқылы іздеп, қажетті орынға дұрыс қоюды үйренеді. Мұнда компьютер көрнекі құрал ретінде емес, оқу құралы тұрғысынан пайдаланылып, оқушылардың пәнге деген қызығу- шылығын арттырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруды мақсат етеді.
Қорыта айтқанда, өзгетілді дәрісханаларда қазақ тілін үйретудің тиімді жолдары:

    • студенттерге өз беттерінше іздену тапсырмаларын орындату арқылы оларды өз беттері- мен жұмыс жасай білулеріне дағдыландыру;

    • белгілі түсініктен жаңалықты көруге тәрбиелеу мақсатында шығармашылық тапсырма- ларды орындату. Сабақ үрдісінде тірек белгілерін қолдану оқытушыдан шығармашылық із- деністі, іскерлікті, шеберлікті, эстетикалық талғамды, психологиялық үйлесімділікті қажет

ете отырып, өз пәніне деген қызығушылығын арттырса, оқушының өз бетімен іздену, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру, тұжырымдап топшылау дағдыларын қалыптастыру сияқты, бірқатар іскерлік мүмкіндіктері деңгейлерін арттыруға көмектеседі. [10,74-бб] Өзгетілді дәрісханада оқитын шетелдік білімгерлерге мемлекеттік тіл қазақ тілін оқытып үйрету, аса көп шыдамдылық пен сабырлылықты, талмай еңбек етуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет