References:
Kozhakhmetova A., Ospanova Zh., Mussatayeva M., Bissenbayeva Zh. Axiological concepts of journalistic texts (lingua- stylistic analysis) // XLinguae, Volume 13 Issue 2, April 2020, P.225-234.
Gorokhova А. The British National. Identity Through the Prism of Concept Matrix // European Science and Technology [Text] : materials of the II international research and practice conference. Vol. Ill, Wiesbaden, May 9th- 10th, 2012 / publishing office «Bildungszentrum Rodnik e.V.». - c. Wiesbaden, Germany, 2012. [ISBN 978-3-9811753- 7-0] - P. 470-477
Oxford Advanced Learner’s English Encyclopedic Dictionary (OALED)
Карасик В.И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс. – Волгоград: Перемена, 2002. – 477 с.
ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ Даурембекова Айсұлу Нұрбопақызы
«Ж.Жапаров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Тәрбиенің кілті – отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген. Отбасының берік негізі – рухани мүдденің бір- лігінде болмақ.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұя- сында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болады. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрмет- теуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет еткен. Халқымыздың кемеңгер ұлы Мұхтар Әуезов : «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өс-кен орта, көрген үлгі-өнеге білетіндігінен, көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет » деген сөзі ұстаздық қызметте басты ұстаным бо-лып отыр. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде өскен ортаның, құрбы-құрдастың, тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден ба-ғалай білген.
Бала балқыған қорғасын, оны қалай қалыпқа салса да құюға болады» дейді халық. Ата заңымыздың өзінде «Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ана-ның құқығы, әрі парызы» деп түсіндіреді. Атамыз қазақ: «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй- базар» деп баланы ерекше сүйген. Өйткені, бала ұрпақ жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі екендігі даусыз. Отбасы – қоғамның негізі. «Отанды сүю - отбасынан басталады» - дегендей, болашақ ұрпақтың еңбексүйгіш, патриот болуына отбасының ық-палы зор.
Бала бойынан асыл қасиеттерді ашып, оның жақсы қаиеттерін дамытып, дәріптеп, байқап отыратын бірінші ата-анасы, содан соң ұстаздары. Біз кейінгі ұрпаққа отбасы болып, мектеп болып баланың бойына қастерлеу, кие тұту, киелі деген ұғымдарды сіңі-руіміз керек. Осы ұғымды отбасында жиі-жиі айтып, құлаққа құйып отыру керек. Адам алдына мақсат қойып, өзінің ерік –жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылданып отыратыны белгілі. Бұған да отбасының әсері бар. Балаға үнемі қолдау жасау керек. Бала-ның жақсы оқуына, әдепті болуына олардың бойынан адамгершілік қасиеттерді енгізуде ықпал етіп, қолдау көрсететін
ата-анасы. Ата-анадан шынайы махаббат көріп, аялау, мә-пелеу сияқты құштарлық пен мейірімді көрген бала да өмірге деген өмір сүруге деген қызығушылық басым болады. Ал қызығушылық деген, кең мағынада беріледі. Ол адам-ның саналы әрекеті. Қызығушылықтың үлкен бір орын алатын психикалық әрекетінің бірі - тілек. Адам не тілесе де, барлығы мұхтаждықтан туындайды. Ол қызығатын нәр-селер адамға тек жағымды эмоциялық сезімдер туғызуы керек.
Арманға жету - адам бақыты. «Арман», «бақыт» дегендердің бәрі де қызығушылық-пен астасып жатса керек. Баланың ойыны, оқу еңбегі тек қана қызығушылық болған жер-де нәтижелі. Бала қызығушылығын тәрбиелеуде оқу мен еңбектің, ойынның маңызы ерекше. Бұлар жоқ жерде қызығушылық жоқ. Ойын - бала әрекетінің негзгі түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі буыны қалыптасады. Бұнда отбасының рөлі - баланың ойынын, ойнайтын уақытын дұрыс ұйымдыстырып, қадағалау. Сондықтан «Келешекке тәр-биелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады» деген ұлы педогог А.Макаренконың сө-зін есте ұстасақ. Ал ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамы-майды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психология-лық қағидалар талап етіледі.Басқа да кез-келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де са-бақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезіну керек деп ойлаймын. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижиесі. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік – дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді. Әр сабақ мұғалімнің жемісі. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын түрлерін сәтті қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеумет- тік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдар- мен қарым- қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады.
Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл-әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, ди- дактикалық, рөлді-сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылатын сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байла- нысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі - оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойыншыға рушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар жоғарыда айтылғандай, ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалар туралы білімдерін бейнелейді,
оларға өздерінің қатынастарын білдіреді. Ойынның құрылымдық элементтері: ойынның түпкі ниеті, сюжеті, немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығызбайланысты және ойында ойында балалардың өзінше бір іс- әрекеті ретінде көрсетеді. Ал белгілі педагог М.Жұмабаев « бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмары болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі – мары болуы керек» – дейді. Соны менбірге бала бір затпен танысқанда, сыртқы сезімдердің көбі қатынасса, ол зат ұмытылмайды. Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет, дәмін татқыз, сипат, суретін салғыз, қызықтыр, баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. Бала өзінің естіген нәрсесін көргісікеледі, көрген нәрсесін ұстағысы келеді. Ұстаған нәрсесінің дәмін татқысы келеді. Осы жолды ұстағанда баланың білімі берік болады деген пікірді айтады. Оқушы қарастырғанда В.П. Беспальконың деңгейіне яғни шығармашылық деңгейге тоқталу қажет. Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Оқушы ойынға қызығу арқылы шығармашылық тапсырмаларды жеңіл әрі белсенді түрде орындайды. А.И. Субетто: «Ойын – әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В.А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балаларалдын да әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл – ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген. Ойын – өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Ұлы Абай атамыз: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесіне мән берулері тиіс. Ұрпақтар сабақтастығы тек осылайша жалғасын таппақ. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Ата-ана, ұстаз, қоғам – үшеуі, тәрбиеге болар басты өлшем. Бір тұтасып, біріктірсе күштерін тәрбиенің үш мектебі адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіріп, құзіретті тұлғаны қалыптастырады. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады, отбасы қазығы нық қағылса, шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |