254
бау, сексен – сегіз он, бүгін – бұл жыл, қоян – қой сияқты аң т.б. дені екі, ал былтыр (бір
жыл дүр) үш сөздің тіркесінен пайда болған. Тіл мамандарының қай-қайсысы болмасын
кіріккен сөздерге компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырау салдарынан бастапқы түр-
тұрпатын өзгерткен сөздерді жатқызады [3].
Енді кіріккен сөздердің құрылымдық сипатының әуел бастағы қалпынан өзгеше болып
қалыптасуына ұйтқы болған тілдік заңдылықтарға тоқталайық. Тіл мамандарының
көрсетулеріндей, мәселен, бәйшешек, бәйтерек сөздерінің құрамындағы бай деген элемент
әуел баста бай формасында болғаны, кейін соңғы компоненттердегі жіңішке дауысты
дыбыстардың ықпалынан «а» фонемасы «ә» фонемасына айналып, бүтін сөз бәйшешек,
бәйтерек болып кеткені мәлім; Демек, бәйшешек, бәйтерек, белбеу тәрізді сөздердің
бастапқы тұлғасын өзгертіп қалыптасуына үндестік заңы ұйтқы болған [3].
Біріккен сөз. Күрделі сөздердің бір түрі – біріккен сөздер. Біріккен сөздердің екі түбірден
бірігіп, жаңа бір ұғым тудыратынын айту оңай, ал біріккен сөздерді сөз тіркесінен ажыратып
алу, олардың шегін айқындау оңай емес. Олай дейтініміз, біріккен сөздер мен сөз тіркестері
бір-бірімен мағыналық жақтан да, құрылымы, құрамы жағынан да ұқсас, өзара астарласып
жатады. Біріккен сөздер мен тіркес сөздердің құрамын ажыратудың жолы салыстыру әдісі
арқылы іске асырылады. Мысалы, ақсақал, Ақбозат, Темірқазық, соқыртеке, итмұрын деген
сөздерді бірге жазып,әрқайсысының мағыналарын ажыратуда олардың синонимдерін
жарыстыра айтып түсіндіру керек. Демек, ақсақал сөзі қарт, Ақбозат,
Темірқазық жұлдыздың
аты.
Біріккен сөз бен күрделі сөз тіркестерінің арасындағы айырманы нақтылаған соң, біріккен
сөздердің кем дегенде екі немесе үш түбірлі сөздерден бірігіп, жаңа бір ұғым тудыратыны
белгілі болды [4].
Қос сөздер. Күрделі сөздердің бір түрі – қос сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: