314
Сурет 5. Көмектес септігінің мысалы.
Жоғарыдағы мысалдарда орыс тіліндегі бірінші «склонениеге» тиісті сөздердің септелуі
келтірілген, өзге «склонение» сөздерінің де өздеріне тән аударылу ережелері бар және олар
сол бойынша аударылады.
Қазақ тілінде енгізілген сөзге морфологиялық анализ бен синтез жасалғаннан кейін ол
сөздердің қай сөйлем мүшесі болатындағын анықтау қажет болады, яғни сөйлемге
синтаксистік талдау жасалынады. Синтаксистік талдау – сөйлемді, оның мүшелерін,
түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау. Синтаксистік
талдауда сөйлем мүшелері келесі ережелер бойынша анықталады:
Енгізілген сөз бастауыш болады, егер берілген сөз зат есім немесе есімдік болып және ол
атау септігінде тұрса;
Енгізілген сөз баяндауыш болады, егер енгізілген сөз етістік болса;
Енгізілген сөз толықтауыш болады, егер берілген сөз зат есім болып және ол табыс немесе
көмектес септігінде берілсе;
Енгізілген сөз анықтауыш болады, егер берілген сөз ілік септігінде тұрса немесе сын есім
болса;
Енгізілген сөз пысықтауыш болады, егер сөз табы үстеу болса немесе берілген сөз зат есім
болып және ол барыс, жатыс, шығыс септіктерінің бірінде тұрса;
Осы аталғандарды келесі сұлба түрінде көрсетуге болады (6-сурет):
Достарыңызбен бөлісу: