Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет300/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

Сөйлем мүшелері
Атау с.
Бастауыш
Баяндауыш
Толықтауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
||
Зат есім
Атау с.
&&
Есімдік
Етістік
Табыс с.
Зат есім
&&
Көмек. с.
Зат есім
&&
||
&&
Сын есім
Ілік септ.
||
Барыс с.
Зат есім
&&
Жатыс с.
Зат есім
&&
||
Үстеу
Зат есім
&&
||
||
Шығыс с.
-------------- Бастауыш
-------------- Баяндауыш
-------------- Толықтауыш
-------------- Анықтауыш
-------------- Пысықтауыш
 
 
Сурет 6. Сөйлем мүшелерінің анықталуы. 


315 
 
Қазақ  тіліндегі  сөйлем  мүшелері  анықталғаннан  кейін,    оларды  орыс  тіліндегі  сөйлем 
мүшелеріне сәйкестендіру керек болады. Қазақ (орыс) тілдеріндегі сөйлем мүшелеріне келесі 
атрибуттарды тағайындадық:  
1 – бастауыш (подлежащее); 
2 – баяндауыш (сказуемое); 
3 – толықтауыш (дополнение); 
4 – анықтауыш (определение); 
5 – пысықтауыш (обстоятельство); 
Осылайша  синтаксистік  анализдің  жұмысы  аяқталады  да,  келесі  қадам  синтаксистік 
синтезге  беріледі.  Синтаксистік  синтез  –  синтаксистік  талдау  жасалған  сөйлемдегі  сөйлем 
мүшелерін  дұрыс  ретпен  орналастыру.  Қазақша-орысша  машиналық  аударманың  үлгілерін 
құрастыру  тарауында  айтылғандай,  екі  тілдегі  сөйлем  мүшелері  нөмірленген  болатын. 
Тілдегі  сөйлемді  құрауыштар  арқылы  формальді  грамматика  түрінде  көрсететін  болсақ  (7-
сурет):  

 
сөйлем (sentence-S) 

 
бастауыш тобы (noun phrase-NP)  

 
баяндауыш тобы (verb phrase-VP)  

 
пысықтауыш тобы (adverbial phrase-Adv.P)  

 
анықтауыш тобы (adjectival phrase-Adj.P) 

 
толықтауыш тобы (addition phrase-AdP)  
 
 
 
Сурет 7. Сөйлем құрауыштары. 
 
Тілдегі сөйлем құрылымын келесі формальді грамматика түрінде көрсетуге болады:  
<сөйлем>::= <бастауыш><баяндауыш><толықтауыш><анықтауыш><пысықтауыш> 
<бастауыш> ::= <атау септігіндегі зат есім> |<есімдік > 
<баяндауыш> ::= <етістік> |<күрделі етістік > 
<толықтауыш>  ::=  <табыс  септігіндегі  зат  есім>  |<табыс  септігіндегі  есімдік>|<көмектес 
септігіндегі зат есім> 
<анықтауыш> ::= <сын есім> |<ілік септігіндегі зат есім> 
<пысықтауыш>  ::=  <үстеу>|<барыс  септігіндегі  зат  есім>|<жатыс  септігіндегі  зат 
есім>|<шығыс септігіндегі зат есім> 
 
 
 
Сурет 8. Синтаксистік синтездің кіріс және шығыс мәліметтері. 


316 
 
Синтаксистік  синтез  барысында  белгілі  бір  құрылымдағы  қазақ  тілінде  енгізілген 
сөйлемнің  орыс  тіліндегі  дұрыс  құрылымы  тағайындалады,  яғни  бұл  жерде  синтаксистік 
анализ  барысында  тағайындалған  сөйлем  мүшелерінің  атрибуттары  (нөмірлері) 
пайдаланылады.  Сөйлем  мүшелерінің  сөйлемдегі  орындарының  реті  келесі  сәйкестікте 
болады,  теңдіктің  сол  жағында  қазақ  тіліндегі  сөйлем  құрылымы,  ал  теңдіктің  оң  жағында 
қазақ  тіліндегі  сөйлем  құрылымына  сәйкес  келетін  орыс  тіліндегі  сөйлем  құрылымы 
орналасқан:  
[1][2]=[1][2]                            [1][5][4][3][2]=[1][5][2][4][3] 
[3][2]=[3][2]                            [1][4][3][5][2]=[1][4][3][5][2] 
[1][3][2]=[1][2][3]                   [1][3][4][5][2]=[1][2][3][4][5] 
[1][4][2]=[1][2][4]                   [1][4][5][3][2]=[1][2][4][5][3] 
[1][5][2]=[1][2][5]                   [1][4][3][5][2]=[1][4][3][5][2] 
[3][1][2]=[3][2][1]                   [1][4][3][4][5][2]=[1][4][3][4][5][2] 
Бұл  жерде  қазақ  тіліндегі  алты  сөзге  дейінгі  жиі  кездесетін  сөйлем  құрылымдары 
жинақталған, егер машина енгізілген құрылымды бұл тізімнен таппаса, онда шығысындағы 
сөйлем  кіріске  келіп  түскен  позиция  бойынша  шығарылады  (орыс  тілінде  сөйлем 
мүшелерінің реті  орнықты болуы шарт  емес). Қазақ тіліндегі  сөйлемге синтаксистік талдау 
жасалып,  олардың  сөйлемдегі  орналасу  реттері  анықталғаннан  кейін  жоғарыда  келтірілген 
сәйкестік бойынша орыс тіліндегі сөйлем құрастырылады. Мысалы,  қазақ тіліндегі [1][3][2] 
құрылымына  сәйкес  келетін  «Мен  кітапты  алдым»  сөйлемі  енгізілетін  болса,  ондағы 
сөздердің қай сөз таптарына жататындықтары анықталады. Ендігі кезекте ол сөз таптарының  
қай  сөйлем  мүшесіне  сәйкес  келетіндіктері  жоғарыда  келтірілген  формальді  грамматика 
арқылы анықталады (9-сурет).  
Кіріс: «Мен кітапты алдым», құрылымы [1][3][2] 
 
 
 
9-сурет. Синтаксистік синтез алгоритмі 


317 
 
Қазақ  тілінде  енгізілген  сөзге  жоғарыда  келтірілген  талдаулар  (морфологиялық, 
синтаксистік)  және  оларға  сәйкес  синтездер  (морфологиялық  және  синтаксистік)  жасалу 
арқылы  мәтінді  орыс  тіліне  аудару  орындалды.  Аталған  алгоритмдерді  қолданбас  бұрын 
оларға  ұзақ  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп,  олардың  ішіндегі  тиімділері  таңдалып  алынды. 
Зерттеу жұмысы барысында Баскаков Н.А., Хасенова А.К., Исенгалиева В.А., Кордабаев Т.Р. 
авторларының  бірігіп  жазған  «Қазақ  және  орыс  тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасы» 
кітабы  қолданылды.  Осы  алгоритмдер  қазақша-орысша  машиналық  генераторының 
программасын  жазу  барысында  C#  ортасында  жүзеге  асырылды.    Жұмыс  нәтижесі  болып 
табылатын  қазақша-орысша  машиналық  аударма  программасы  әзірге  қарапайым 
сөйлемдерді сапалы түрде аудара алады. Аталған өнімді аудармашы көмегіне жүгінген кез-
келген қолданушы пайдалана алады, ол үшін интернет желісінің болуы жеткілікті.  
Қазіргі таңда аударма ісі еш жүйеде толықтай автоматтандырылмаған. Оның негізгі себебі 
–  аударма  процесін  компьютер  көмегімен  үлгілеу,  яғни  адам  аудару  барысында  түйсікке 
жүгінетін болса, машина ойлау қабілетіне ие бола алмағандықтан, оның мүмкіншіліктері де 
төмен болады. Осы себепті аталған жобаны келешекте дамыту ісі жоспарлануда. Алға қойған 
жоспар бойынша жоба келесі бағыттарда жетілдірілуі тиіс:  

 
қазақ тіліндегі сұраулы және лепті сөйлемдерді аудару;  

 
құрмалас сөйлемдерді аудару ерекшеліктерін зерттеу;  

 
қазақ тіліндегі сан есімдердің аударылу ерекшеліктерін зерттеп, оларды жобаға енгізу;  

 
мәліметтер қорын жаңа сөздермен толықтыру;  

 
аударма ісін пәндік аймаққа бөліп қарастыру.   
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет