Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет90/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

еш қиыншылығы жоқ. 
Енді у  таңбасымен келетін бірыңғай сөздер тобын көрейік (у таңбасының мәні түсінікті 
болу үшін оны арнайы  w таңбасымен белгілеп отырмыз, өйткені  қазақ тілінде ерін-еріндік, 
жуысыңқы, үнді w дыбысы бар. Ескерте кететін нәрсе, орыс тілінде ондай дауыссыз дыбыс 
жоқ,  сондықтан  да  олар  қазақтың  Көкшетау  тәрізді  сөзінің  соңына,  w  дауыссызын  айта 
алмайтын болғандықтан, өздерінің үйреншікті в дыбысымен алмастырып отырады): 
 
ау [аw], әу [әw], оу [оw],  өу [өw],  у [ұw], у [үw] 
 
Алғашқы төрт сөздің (қазақ тілінде ы, і, е дауыстылары у[w] дауыссызымен тіркеспейді) 
дыбыс  құрамына  ешкім  күманданбайды,  ал  соңғы  у  арқылы  жазылып  отырған  екі  сөзге 
(тіркеске)  келгенде  тағы  да  күмән  басталады.  Шындығында,    барлығы  ды  әртүрлі  дауысты 
дыбыстар  мен  үнді,  жуысыңқы,  еріндік  у  дауыссызының  тіркесі  болып  келеді.  Егер  ау  
немесе әу  сөздерінің дыбыс құрамына күмән туғызбайтын болсақ, онда солармен теңдес ұу, 
үу  сөздерінің (тіркестерінің) де дыбыс құрамына күмәнданбауымыз керек. 
Тағы  да,  басқаны  былай  қойғанда,  у  таңбасы  бір  дауысты  дыбыс  болса,  онда  алу  деген 
сөздің құрамында неге жуан айтылып, елу деген сөздің құрамында неге жіңішке айтылып, екі 
түрлі  дыбысталады  деп  ойлану  керек  болар.  Өйткені  у  таңбасы  бірде  құрамында  жуан  ұ 
дауыстысы  бар  ұу    тіркесін,  бірде  құрамында  жіңішке  ү  дауыстысы  бар  үу  тіркесін 
белгілейді.  Мұның  да  тілі  қазақы  шыққан,  естілімі  қазақы  қалыптасқан  адам  үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет