Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


аңғарудың еш қиыншылығы болмайды



Pdf көрінісі
бет91/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

аңғарудың еш қиыншылығы болмайды. 
Екінші, түбір морфема мен қосымша морфеманың жігіне қарайық. 
 
май [май],        ма-йы [ма-йы] 
ми [мый],         ми-ы [мы-йы] 
 
 
тау [тау],          та-уы [та-уы] 
ту [тұу],            ту-ы [тұ-уы]  
 
7.Қазақ тіліндегі қосымшалар талғампаз келеді. Соның бірі түбір морфеманың дауысты не 
дауыссызға  бітуіне  байланысты.  Егер  май,  тау  сөздерінің  дауыссыз  дыбысқа  бітуіне 
байланысты  қосымша  морфема  дауысты  дыбыстан  басталып  тұрса,  онда  дауысты  дыбысқа 
бітіп  тұр  (?)  деген  ми,  ту    сөздеріне  неге  дауысты  морфема  жалғанып  тұр?  Ендеше  бұл 
сөздер  де  дауыссыз  дыбысқа  бітіп  тұр  деген  сөз.  Олай  болса,  транскрипциядан  көрініп 
тұрғандай, дыбыс тіркесінің екінші сыңары й, у  дауыссыз дыбыстары болғаны. Бұған қоса, 
мысалға  алынып  отырған  сөздердің  бәрінің  буын  және  морфем  құрамы  біркелкі  екенін  де 
ескеру керек.  
Ендеше  и,  у    таңбаларының  дыбыс  құрамын  ый,  ій,  ұу,  үу    дыбыстарының  тіркесі  деп 
қарау  керек.  Өйткені  қазақ  жазуының  құрамына  енген  кірме  әріптердің  дыбыстық  мәнін 
анықтау аса күрделі фонетикалық мәселеге айналып отыр. Себебі қазақ тілінің оқулықтары 


94 
 
мен  әдістемелік  құралдарында  кірме  әріптер  бірде  дауысты,  бірде  дауыссыз,  ал  енді  бірде 
дыбыс  тіркесі  деп  түсіндіріліп  келеді.  Соның  салдарынан,  өкінішке  орай,  кейбір  авторлар 
оларды қазақ тілінің жаңа латын әліпби құрамына да енгізуге тырысып жатыр.  Жаңа фонема 
болу  үшін  ол  қазақ  сөзінің  үндесім  әуезін  бұзбайтын  (қазақтың  жуан  үндесім  әуезді  мый 
сөзін  жіңішке  әузбен  ми  деп  айтқызбайтын),  буын  құрамын  өзгертпейтін  (ми-ы  деп 
тасымалдатпайтын),  морфем  жігін  үзбейтін  (мый+ы  деп  түбір  мен  қосымша  тіркесіміне 
нұқсан келтірмейтін) болу керек. 
Ал, қазақтың төл сөздерінің жазылымына еніп кетіп, дауысты дыбыс болып жүрген  я, ю 
таңбаларының  тек  дыбыс  құрамын  ғана  ашып  кетеміз.  Дауысты  я  деп  жүргеніміз  йа,  йә 
тіркестерінің таңбасы болса, дауысты ю деп жүргеніміз йұу, йүу тіркестерінің таңбасы болып 
табылады.  Мысалы,  жая  [жайа],  сая  [сайа],  әлия  [әлійә],  дүрия  [дүрүйә],  аю  [айұу],  ою 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет