Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


кейін  дауыссыз,  дауыссыздан  кейін  дауысты  болады»



Pdf көрінісі
бет89/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

кейін  дауыссыз,  дауыссыздан  кейін  дауысты  болады»  деген  мектеп  және  жоғары  оқу 
орындарының  оқулықтарындағы  жаңсақ  анықтамамен  қатар,  екінші  жағынан,  олар 
«дауысты  мен  дауыссыздың  тіркесін  белгілейтін  таңба»  деген  академиялық 
грамматикадағы ақиқат анықтама беріледі. Біз бұл жерде қазақ тілі оқулықтары мен ғылыми 
грамматикаларында  кездесіп  жүрген  бір-біріне  қарама-қарсы  пікірлердің  негізгілерін  ғана 
келтіріп отырмыз. 
Өзара  артикуляциялық  үйлесімі  күшті,  естілімі  ұқсас  болып  келетін  қысаң  дауыстылар 
мен  үнді  дауыстылар  тіркесінің  құрамды  бөліктерін  ажыратып  алу  оңай  болмайды.  Оның 
үстіне орыс тілінің ы, и, у дауыстыларының естілімі мен қазақ тілінің  ый, ій, ұу, үу дыбыс 
тіркестерінің естілімі өзара ұқсас болуы да өз әсерін тигізді. Кезінде қазақтың төл сөздерінің 
құрамында  и,  у  таңбаларын  жазу  туралы  тоталитарлық  ереже  қабылдауға  да,  сөз  жоқ,  осы 
жай себеп болған. Олардың құрамды бөліктерінің жігін ажыратудың бірнеше тәсілі бар.  
6.Солардың бірі – морфем талдау: егер өзге морфем жігі анық тіркестермен ұқсас келсе, 
яғни  тіркесім  сыңарларының  арасынан  морфем  жігі  өтетін  болса,  онда  олар  дербес-дербес 
дыбыстардың тіркесі болып саналады.  
Ендеше,  бірінші,  морфем  жігі  анық  тіркестермен  салыстырып  шығамыз.  Төмендегі 
әртүрлі  түбір  морфем  дыбыс  құрамының  әртүрлілігіне  қарамай,  бірыңғай  тілдік  бірліктер 
болып  табылады  (көпшілікке  түсінікті  болу  үшін  тіркес  транскрипцияларын  да  кирилше 
беріп отырмыз): 
 
ай [ай], әй [әй], ей [ей], ой [ой], өй [өй], ұй [ұй], үй [үй], и [ый], и [ій] 
 


93 
 
Алғашқы  жеті  сөздің  (тіркестің)  дыбыс  құрамына  ешкім  күманданбайды,  ал  соңғы  и 
арқылы  жазылып  отырған  сөзге  (тіркеске)  келгенде  күмән  басталады.  Шындығында,  
барлығы  ды  әртүрлі  дауысты  дыбыстар  мен  үнді,  жуысыңқы,  тіл  ортасы  (тілшік)  й 
дауыссызының  тіркесі  болып  келеді.  Егер  ай    немесе  үй    тіркестерінің  дыбыс  құрамына 
күман  туғызбайтын  болсақ,  онда  солармен  теңдес  ый,  ій  тіркестерінің  де  дыбыс  құрамына 
күмәнданбауымыз керек. 
Тіптен,  басқаны  былай  қойғанда,  и  таңбасы  бір  дауысты  дыбыс  болса,  онда  ми  деген 
сөздің құрамында неге жуан айтылып, ти деген сөздің құрамында неге жіңішке айтылып, екі 
түрлі  дыбысталады  деп  ойлану  керек  қой.  Өйткені  и  таңбасы  бірде  құрамында  жуан  ы 
дауыстысы  бар  ый    тіркесін,  бірде  құрамында  жіңішке  і  дауыстысы  бар  ій  тіркесін 
белгілейді. Тілі қазақы шыққан, естілімі қазақы қалыптасқан адам үшін оны аңғарудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет