318
алады. Бір сөзге бірнеше предлог жалғана отырып әр қайсысы әр түрлі мағына үстейді.
Мысалға “через” предлогын қарастырайық. “Через” предлогі тіркеске түсіп “кейін, соң,
арқылы” дегенді білдіре алады:
Через секунду - бір секундтан кейін;
Через мост - көпір арқылы ;
Машиналық аудармада көпмағыналылықтың предлогтарға байланысты мәселесі осы
жерден көрініс табады. Қазақ тілінде предлог кездеспейді, алайда орыс тіліндегі
предлогтарды мағыналық ерекшеліктеріне қарай әдеби тілде және ауызекі сөйлеуде
аударылу жүйесі қалыптасқан. Орыс тіліндегі предлогтарды аударудағы кейбір мәселелерге
тоқталайық. Біздің негізгі мақсатымыз предлогтардың қазақ тіліне аударылу жүйесіне назар
аударып, олардың мағыналық ерекшеліктеріне, әсіресе, предлогтардың мәтіндегі
көпмағыналық сипатына ғылыми сипаттама жасау.
Орыс тілінде кез келген предлог өзімен байланысты сөзбен белгілі бір ретпен, ішкі
заңдылықпен байланысады. Байланысқа түскен сөздің тұлғасына, “род”-қа, жекеше не көпше
түрде келуіне байланысты белгілі бір заңдылықты, реттілікті анықтауға болады. Осы орайда
предлогтардың контексте келу жолдары мен олардың мағыналық құрылымын анықтау,
аударма жасау маңызды. Ал қазақ тіліне бұл предлогтар септік жалғауларымен
алмастырылып аударылады. Қазақ тіліндегі кеңістік септіктері барыс табыс, жатыс шығыс
және көмектес септіктері тілдің тарихи дамуына бірінің орнына бірі жұмсалған. Септік
жалғауларының арасындағы семантикалық жақындық орыс тіліндегі предлогтарды
аударғанда ерекше көрінеді. Мысалы, “на” предлогы “үстіне” немесе “үстінде” мағынасында
келуі мүмкін, ал “за” предлогы әрекеттің мақсатын немесе заттық мағынадағы есімдердің
орнын білдіруі мүмкін. Екіншіден, мағыналық жақындық дегеніміздің өзі олардың
мағыналық құрылымы бірдей деген сөз емес, арасында семантикалық айырмашылық бар. Бір
ғана предлог екі септікпен аударылғанда екі түрлі мәнге ие болуы ықтимал. Компьютерлік
аударма жасағанда предлогтардың аударылуындағы көпмағыналық пен мағыналық
құрылымды ескерудің маңызы ерекше болатыны осыдан. Орыс
тіліндегі көптеген
предлогтар зат есіммен байланысып келіп, әрекет пен қимылдың орнын, бағыты мен
уақытын білдіреді. ғалымдардың көрсетуіне қарағанда, предлогтар қазіргі орыс тілінде
әрекеттің уақытын,
мезгілін, себебін, мақсатын да білдіру үшін жұмсалады.
Орыс тіліндегі барлық предлогтарды қазақша контексте келгендегі аударылу жолдарын
анықтауға толық мүмкіндік бар. Мысалы, “
на столе” (егер
на предлогі және мужской род
жекеше түрдегі, жалғауы
е болатын болса) тіркесін “үстелде” (жатыс септігіндегі зат есім)
немесе “үстел үстінде” деп алсақ, ал “
на стол” (егер
на предлогі және мужской род жекеше
түрдегі, жалғаусыз болса) тіркесін “үстелге” (барыс септігіндегі зат есім) немесе “үстел
үстіне” деп барлық предлогтармен кездесуі мүмкін жағдайларды қарастыру арқылы
жүйелеуге болады.
Мысал
1 нұсқа
2 нұсқа
На стол+е
На + сущ(ед\м.р) + е зат+ жат(да.де..) Зат+тәуел+үстінде
На книг+е
На + сущ(ед\ж.р) + е зат+ жат(да.де..) Зат+тәуел+үстінде
На окн+е
На + сущ(ед\с.р) + е
зат+ жат(да.де..) Зат+тәуел+үстінде
На книг+у
На + сущ(ед\ж.р) + у зат+бар (ға.ге..) Зат+тәуел+үстіне
На стол
На + сущ(ед\м.р)
зат+бар (ға.ге..) Зат+тәуел+үстіне
На книг+ах
На + сущ(мн\ж.р) +
ах
зат+көп+
жат(да.де..)
Зат+ көп
+тәуел+үстінде
На стол+ах
На + сущ(мн\м.р) +
ах
зат+көп+
жат(да.де..)
Зат+ көп
+тәуел+үстінде
На окн+ах(ях)
На + сущ(мн\с.р) +
ах(ях)
зат+көп+
жат(да.де..)
Зат+ көп
+тәуел+үстінде
На книг+и
На + сущ(мн\ж.р) +
зат+көп+ бар
Зат+ көп
319
и
(ға.ге..)
+тәуел+үстіне
На стол+ы
На + сущ(мн\м.р) +
и
зат+көп+ бар
(ға.ге..)
Зат+ көп
+тәуел+үстіне
По
книге
По +сущ(ед\ж.р)+е
Зат+шыгыс(мен
,бен..)
Зат+ бойынша
По
столу
По +сущ(ед\м.р)+у
Зат+шыгыс(мен
,бен..)
Зат+ бойынша
По окну
По +сущ(ед\с.р)+у
Зат+шыгыс(мен
,бен..)
Зат+ бойынша
по
книгами
По
+сущ(мн\ж.р)+ами(я
ми)
Зат+копт+шыгы
с(мен,бен..)
Зат+ копт+бойынша
По столами
По
+сущ(мн\м.р)+ами(я
ми)
Зат+копт+шыгы
с(мен,бен..)
Зат+ копт+бойынша
По окнам
По
+сущ(мн\с.р)+ам(ям)
Зат+копт+шыгы
с(мен,бен..)
Зат+копт+ бойынша
Қорыта келгенде тіліндегі предлогтардың көпмағыналығын ескеру керек. Компьютерлік
аударма жасауда предлогтардың көпмағыналығын анықтау маңызды. Біз зерттеуімізде көп
мағыналы осындай тұлғалардың аударылуындағы модельдерді анықтап ұсынамыз.
Болашақта өзге де тілдік тұлғалардың көпмағыналығы зерттеуіміздің нысаны болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: