316
Синтаксистік синтез барысында белгілі бір құрылымдағы қазақ тілінде енгізілген
сөйлемнің орыс тіліндегі дұрыс құрылымы тағайындалады, яғни бұл жерде синтаксистік
анализ барысында тағайындалған сөйлем мүшелерінің атрибуттары (нөмірлері)
пайдаланылады. Сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі орындарының реті келесі сәйкестікте
болады, теңдіктің сол жағында қазақ тіліндегі сөйлем құрылымы, ал теңдіктің оң жағында
қазақ тіліндегі сөйлем құрылымына сәйкес келетін орыс тіліндегі сөйлем құрылымы
орналасқан:
[1][2]=[1][2] [1][5][4][3][2]=[1][5][2][4][3]
[3][2]=[3][2] [1][4][3][5][2]=[1][4][3][5][2]
[1][3][2]=[1][2][3] [1][3][4][5][2]=[1][2][3][4][5]
[1][4][2]=[1][2][4] [1][4][5][3][2]=[1][2][4][5][3]
[1][5][2]=[1][2][5] [1][4][3][5][2]=[1][4][3][5][2]
[3][1][2]=[3][2][1] [1][4][3][4][5][2]=[1][4][3][4][5][2]
Бұл жерде қазақ тіліндегі алты сөзге дейінгі жиі кездесетін сөйлем құрылымдары
жинақталған, егер машина енгізілген құрылымды бұл тізімнен таппаса, онда шығысындағы
сөйлем кіріске келіп түскен позиция бойынша шығарылады (орыс тілінде сөйлем
мүшелерінің реті орнықты болуы шарт емес). Қазақ тіліндегі сөйлемге синтаксистік талдау
жасалып, олардың сөйлемдегі орналасу реттері анықталғаннан кейін жоғарыда келтірілген
сәйкестік бойынша орыс тіліндегі сөйлем құрастырылады. Мысалы, қазақ тіліндегі [1][3][2]
құрылымына сәйкес келетін «Мен кітапты алдым» сөйлемі енгізілетін болса, ондағы
сөздердің қай сөз таптарына жататындықтары анықталады. Ендігі кезекте ол сөз таптарының
қай сөйлем мүшесіне сәйкес келетіндіктері жоғарыда келтірілген формальді грамматика
арқылы анықталады (9-сурет).
Кіріс: «Мен кітапты алдым», құрылымы [1][3][2]
9-сурет. Синтаксистік синтез алгоритмі
317
Қазақ тілінде енгізілген сөзге жоғарыда келтірілген талдаулар (морфологиялық,
синтаксистік) және оларға сәйкес синтездер (морфологиялық және синтаксистік) жасалу
арқылы мәтінді орыс тіліне аудару орындалды. Аталған алгоритмдерді қолданбас бұрын
оларға ұзақ зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың ішіндегі тиімділері таңдалып алынды.
Зерттеу жұмысы барысында Баскаков Н.А., Хасенова А.К., Исенгалиева В.А., Кордабаев Т.Р.
авторларының бірігіп жазған «Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы»
кітабы қолданылды. Осы алгоритмдер қазақша-орысша машиналық генераторының
программасын жазу барысында C# ортасында жүзеге асырылды. Жұмыс нәтижесі болып
табылатын қазақша-орысша машиналық аударма программасы әзірге қарапайым
сөйлемдерді сапалы түрде аудара алады. Аталған өнімді аудармашы көмегіне жүгінген кез-
келген қолданушы
пайдалана алады, ол үшін интернет желісінің болуы жеткілікті.
Қазіргі таңда аударма ісі еш жүйеде толықтай автоматтандырылмаған. Оның негізгі себебі
– аударма процесін компьютер көмегімен үлгілеу, яғни адам аудару барысында түйсікке
жүгінетін болса, машина ойлау қабілетіне ие бола алмағандықтан, оның мүмкіншіліктері де
төмен болады. Осы себепті аталған жобаны келешекте дамыту ісі жоспарлануда. Алға қойған
жоспар бойынша жоба келесі бағыттарда жетілдірілуі тиіс:
қазақ тіліндегі сұраулы және лепті
сөйлемдерді аудару;
құрмалас сөйлемдерді
аудару ерекшеліктерін зерттеу;
қазақ тіліндегі сан есімдердің аударылу ерекшеліктерін зерттеп,
оларды жобаға енгізу;
мәліметтер
қорын жаңа сөздермен толықтыру;
аударма ісін пәндік аймаққа бөліп қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: