333
сөз көрсетіледі және оң жак бұрыштағы дыбысты білдіретін суреті бар батырманы басқанда
аударылған сөз дыбысталады. Бұл батырманыың тағы бір ерекшелігі – оқылуы күрделі
сөздерді (көлемі шектелмеген) осы ұяшыққа енгізіп, батырманы басқанда енгізген сөздер
дыбысталады. Егер енгізген термин сөздік қордан табылмаса, онда сәйкес нәтижелер
табылмады деген хабарламаны шығарылады.
Программаның сөздікпен жұмыс істеуге арналған жұмыстық терезесінде «Өңдеу» және
«Көмек», «Біз туралы» батырмалары орналасқан. Мұндағы «Өңдеу» батырмасы «Қосу»
деген компоненттен тұрады, жаңа сөздікті жасау үшін мәзірдегі «Өңдеу Қосу» команданы
орындау немесе экрандағы қалтаның суретін басу керек. Нәтижесінде сөздікке сөз қосу
терезесі шығады (3–ші сурет), мұнда қазақ тіліндегі терминдер мен олардың ағылшын, орыс
және қытай тілдеріндегі, төте жазудағы аудармаларын өрістерге толтыру керек. «Тазалау»
деген батырманы
басқанда, өрістегі енгізілген мәліметтер жойылады.
Сурет 3. Жаңа сөздікті жасау үшін
«Енгізу» батырмасын басқаннан кейін «сөздік қорға сәтті жүктелді» деген хабарлама
шығып, жаңа сөздер сөздік қорына қосылатын болады.
Автор туралы деректерді «Сөздік Автор» мәзір арқылы көре аласыз.
Көмек мәзірінде сөздікті қалай қолдану керек екендігі жазылған.
Қазіргі таңда көп тілді дыбыстық сөздіктер ғылым мен білім, техника, өнеркәсіп
салаларының бәріне де қатысты, қолданым аясы өте кең саналатыны белгілі.
Магистірлік зерттеу нәтижесінде көп тілді дыбыстық сөздіктерді жасаудың теориялық
негіздерімен таныстым, көп тілді дыбыстық сөздіктің түрлері, қолданысы, тарихы
ерекшеліктерін талдап, дыбыстық сөздікті жасау технологияларымен, әдістерімен үйрендім;
1) көп тілді дыбыстық сөздіктің онтологиясын құрлды;
2) ақпараттық және байланыс технологиялары бойынша қазақ тіліндегі терминдер мен
олардың ағылшын, қытай тілдеріндегі аудармаларының 4000 бірлік көлеміндегі базасын
жасалды;
3) көп тілді дыбыстық сөздіктегі сөздерді синтездеу алгоритмін және программасын
жасау, қазақша сөйлеуді синтездеуге арналған дифон базасын құрлды;
4) көп тілді дыбыстық сөздікке енгізу үшін сөздерді тану алгоритмін жасап және
програмалық жүзеге асырдым;
5) көп тілді дыбыстық сөздіктің программасын жасау құралдарын және интерфейсін
сипаттадым.
334
Көп тілді дыбыстық сөздік түзудің ғылыми-теориялық мәселелерін зерттеуде таза
лингвистикалық факторлар да, алуан түрлі ғылым салаларының ерекшеліктерінен
туындайтын экстралингвистикалық факторлар да ескерілуі тиіс екенін тәжірибе көрсетіп
отыр.
Cондықтан көп тілді дыбыстық сөздіктерді ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу осы
салада түзілетін туындылардың авторлардың тілдік түйсігіне, субъективті жағдайларға
тәуелді болмауы үшін, объективті ғылыми негізде жасалуы тиіс екендігі аталмыш зерттеудің
тақырыбын белгіледі.
Шын мәнінде, ғылыми ұғымдардың жүйесі қай тілдегі сөздікте болса да, жүйелі түрде
берілуі керек. сөздіктерде де бір-біріне туыстас, төркіндес құбылыстарды атауда да ұқсас
тілдік құрылымдардың қолданылуы шарт. Тілдік жүйе құрамында ұғымдардың бір-біріне
байланыстылығын, олардың арасындағы сатылы бағыныңқылықты дәл бейнелей алатын
терминологиялық бірліктер болу керек. Бұл жерде белгілі бір ұлт тіліндегі білім мен ғылым,
техника, мәдениет салаларының сол ұлтты құрайтын халықтың дәстүрлі білім жүйесіне,
ұлттық мәдениет ерекшелігіне бұрыннан тән болып, онымен сабақтаса өріліп, өрбіп жатуы
аса маңызды. Сонда ғана ұлттық тілдің салалық терминологиядағы икемділігі, қолданым
дәрежесі жоғары болмақ. Мысалы, қазақ халқына тән дәстүрлі шаруашылық түрлері
бойынша жаңа терминдерді түзу ісі қиыншылық тудырмайды. Себебі бұл салада
терминжасамның бұрыннан қалыптасқан жүйесі бар.
Осымен байланысты, ұлттық терминология атаулы ғылым-білім, техниканың дамуына
байланысты жаңа салалармен, күрделі ұғымдармен толығып отыратын болғандықтан және
оларды терминологиялық сөздіктерде беру мәселелері арнайы зерттеудің нысанына
айналмағандықтан, терминдердің тілдік табиғаты түсіндірмелі терминологиялық сөздіктерде
толық ашылып,
анықталып болды, түпкілікті зерттелді деп кесіп айту қиын.
Қазіргі кездегі қолданыста жүрген көп тілді дыбыстық сөздіктер тұрғысынан қарастырсақ,
көп тілді дыбыстық сөздіктердің құрылымы сөздіктерді жасау және өңдеу үшін редактор
және сөздіктерді қарастыру программасы. тұратынына тоқталдық. сөздіктерді жасау және
өңдеу үшін редакторі, Мұнда сөздік жеке файл ретінде болады. Оны сөздіктер базасына
қосып алуға және таратуға болады, ал сөздіктерді қарастыру программасы – әрбір сөздік, әр
термин туралы ақпарат, мәліметтердің жиынтығы болып табылады. Сөздіктің мақсаты мен
міндетіне қарай олардың әртүрлі терминологиялық сөздік түрлеріне бөлінетіндігі, түрлі
атауға ие болатындығы көрсетілді.
Алда осы зеррттеу жұмысын әртүрлі салалар бойынша деректер қорын одан әрі толтыра
отырып, программаның көлемін үлкейтуге болады.және мобилді платформаларда
орналастыруға тілді үйрену құралы ретінде дамытуға болады
Достарыңызбен бөлісу: