ы]болмау керек, мы-йы, сұ-уы болу керек. Қазақ тілінде сөз ішінде буын дауыстыдан
басталмайды. Оқулықтардағы осындай кереғарлықтардың қиындықтарын айтып, балаларға
түсіндіре алмай, олардың алдында «бірде олай болады, бірде бұлай болады» деп екі сөйлеп,
әлек болып жатқан ұстаз мұғалімдердің пікіріне де құлақ асу керек қой.
3. Жазу қазақ сөзінің тасымал ережесіне сай болу керек. Тағы да ми-ы, су-ы болып тасымалданбау керек, мы-йы, сұ-уы болып тасымалдану керек.
4. Жазу қазақ тілінің морфем (түбір мен қосымшалар) желісін үзбеу керек. Мысалы, қазақ
тілінің «егер түбір дауыссызға бітсе, қосымша дауыстыдан басталады» деген іргелі
заңдылығы бар. Сонда мың – мы-ңы, сұр – сұ-ры тәрізді мый – мы-йы, сұу – сұ-уы болып,
тіл жүйесі бұзылмайды.
5.Қазақ тіліндегі дифтонгтардың фонологиялық мәртебесін (статусын) анықтау бүгінгі
қазақ фонетика ғылымының өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені бұл мәселенің
теориялық және практикалық маңызы қатар өзекті (актуал) болып отыр. Мәселенің
теориялық шешімі қазақ тілі дыбыстарының құрамын дәл анықтап, «қазақ тілінде қанша
дауысты дыбыс бар?» деген сұраққа нақты жауап тауып беретін болады. Ал оның
практикалық шешімі қазіргі қазақ жазуындағы қайшылықтардан арылуға мүмкіндік береді.
Жазуда и, у әріптерімен таңбаланып жүрген дыбыстарға, бір жағынан, «дауыстыдан