Мұндағы у таңбасының дыбыс мәнін латын әліпбиінің құрамындағы w әрпімен белгілеп
беріп отырмыз. Өйткені қазақ тілінде ерін-еріндік, жуысыңқы, үнді дауыссыз бар. Ол
дауыссыз халықаралық практикада осы таңбамен беріледі. Ондай дыбыс ағылышын тілінде
де бар. Ағылшын тілінде сауатты өсіп келе жатқан жас ұрпақ оны тез аңғарып, жеңіл
қабылдайды. Ал орыс тілінде ондай дауыссыз дыбыс жоқ. Олардың Көкшетау дегенді
Көкчетав деп өз тіліндегі тіс-еріндік, жуысыңқы, ұяңв дауыссызымен алмастыратындығы
сондықтан. Қазақ тіліндегі дауыссыз у[w] мен орыс тіліндегі дауысты у[u:] дыбыстарын
естілім ұқсастығына қарап өзара шатастырып жүргеніміз сондықтан. Тіптен и мен у әріптерін (дыбыстарын емес) өз алдына дауысты «фонема» деуге де жеттік. Оны қазақ тілінің
дамуы деп түсіндіруге тырысып жатырмыз.
2.Қазақтың төл сөздерінің жазылымындағы кірме әріптер түгел шығарылып тасталады.
Олар: