"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
205
УДК 5527
КҤЙШІ ШАЙҚЫ ҚҦСАЙЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Жаманбалинов Ернат
Дәстҥрлі музыкалық ӛнер
мамандығы бойынша ӛнер бакалврі
Алматы, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі –
Т.Тоқжан
Аңдатпа: Бҧл мақаламызда кҥйші Шайқы Қҧсайыновтың ӛмірі мен
шығармашылығы
баяндалып, оның репертуарына талдаулар келтірілді. Сондай-ақ
кҥйлердің шығу тарихы мен аңыздарына тоқталып, кҥйшінің авторлық туындыларының
және репертуарындағы бірнеше халық кҥйлерінің нотасын бердік.
Кілт сӛздер: кҥй, кҥйші, кҥй аңыздары мен тарихы, авторлық кҥйлер, халық
кҥйлері
Аннотация: Данная статья посвященаличности и
творчеству кюйши Шайхы
Хусаинова, описанию его исполнительских особенностей и
анализу репертуара. Также
рассказываются история и легенды кюев. К дополнению мы привели ноты авторских
произведений кюйши и нескольких народных кюев из его репертуара.
Ключевыеслова: кюй, кюйши, легенды и историикюев, авторскиекюи,
народныекюи.
Annotation: Thearticle is devoted to the personality and creativity of a
kushiShaikhyKhusainov, the description of his performance features
and the analysis of the
repertoire. It also tells the story and legends of kuis. In addition, we gave the notes of the
author‘s works of kuishi and several folk kuis from his repertoire.
Key words: the kui, a kuishi, the
legends and stories of kuis, author‘s kuis, the folk
kuis.
Шығыс Қазақстанның жекелеген аймақтарында осы уақытқа дейін кӛпшілікке
есімдері белгісіз болып қалған немесе аз ғана деректер сақталған кҥйшілер аз емес.
Олардың ӛмірі мен шығармашылығы, ӛнері жҥйелі зерттеуді қажет ететін,
қазіргі
таңдағы кҥйтану, музыкатану ғылымдары айналымына шығуға лайықты дҥние десек,
қателеспейміз.
«Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан тҥрлі тағдырлар
тҧр. ... нақты адамдардың нақты тағдырлары мен ӛмірбаяндары арқылы бҥгінгі, заманауи
Қазақстанның келбеті кӛрініс табады. Біз «Жаныңда жҥр жақсы адам» деген сӛздің
байыбына бара бермейміз» [1, 1 б.],
-
деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ӛзінің «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында жолдағандай, осындай тҧлғалардың ӛнерін
жандандыру қазіргі кезде кӛкейкесті мәселеге айналып отырғаны даусыз.
Осындай кҥйшілердің бірі – бҧл мақаламыздың тақырыбына арқау болған,
замандастары шертпе кҥй шебері деп
таныған Шығыс Қазақстан облысы, Кҥршім
ауданы, Қыстау-Кҥршім ауылының тумасы, кҥйші-композитор Шайқы Қҧсайынов (1897-
1970). Шығыс Қазақстан кҥйшілік мектебінің Алтай, Тарбағатай сияқты аймақтарын
зерттеу ӛз жемісін берсе, осындай Кҥршім, Катон-Қарағай
сияқты жекелеген
аудандардан шыққан небір кҥйші-композиторлардың есімдері, ӛкінішке орай халық
жадынан шығып бара жатқандай. Шайқы Қҧсайынов туралы ӛз заманындағы жерлестері
аз-кем мақала мен шығарма жазса, біздің кҥндерімізде ӛте аз
деректер сақталып,
орындаған бірнеше кҥйлері нотаға тҥскен.
Біздің қолымыздағы аздаған деректерге сҥйенсек:«Ӛз тҧсының дәуірі мен
ортасының кемеңгер домбырашысы Қҧсайынов Шайқы 1897 жылы Шығыс Қазақстан
облысы, Кҥршім ауданы, Қыстау-Кҥршім ауылында дҥниеге келген. Арнайы музыкалық
білімі болмаса да, Шайқы табиғи
қабілетімен домбыра аспабын, кҥй ӛнерін шебер