Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет213/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   418
Байланысты:
III TOM

"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
206 
меңгерген ӛнерпаз болған. Халық кҥйлерін жанымен сҥйіп, ҥйреніп, меңгеріп, кӛптеп 
бойына сақтап, арттағы ҧрпақтарға аманат етіп қалдырған кҥйші. Замандастарының 
айтуынша Шайқының репертуарында 50-60-тай халық кҥйлері болыпты. Мысалы оның 
орындауындағы «Балжыңкер», «Ақ Қабанның толқыны» сияқты халық кҥйлері 
Марқаның кӛлі мен ӛзенінің атауларымен, «Бейсенбінің кеңес кҥйі» ХІХ ғасырдағы 
атақты Бейсенбі бидің есімімен байланысты. Сондай-ақ Сыдық, Мәди сынды Катон-
Қарағай жерін мекендеген, осы кҥндерде есімдері ҧмытылған кҥйшілердің кҥйін 
орындап жеткізуші» [2, 73 б.]. 
1936 жылы халық кҥйлерін оындаушылардың (домбырашылардың) ауданаралық 
байқауына қатысып, бірінші орынға ие болған кҥйші сол жарыстың қорытындысы 
бойынша республикалық байқауға жолдама алған екен. Бірақ ӛкінішке орай, белгісіз 
себептермен оған қатыса алмапты.
Кҥйші Шайқының репертуарындағы кҥйлердің бір бӛлігінің ҥнтаспалық 
жазбаларының бізге жетуі – ӛзінің жерлесі, Шайқының кӛзін кӛрген азамат, ӛнерінің 
жанашыры Мҧхаммед Шаяхметов деген кісінің еңбегі. Ол 1961 жылы магнитофон 
таспасына кҥйшінің «Ой кҥйі», «Майда қоңыр» сияқты авторлық кҥйлерімен қатар, 
«Алпыс тоғыздың бір бҧтағы», «Жортуыл кҥйдің бір термесі», «Сарыӛзен», «Ақсақ аю», 
«Сандуғаш», «Кӛксері», «Ақ Қабаның толқыны», «Қоңырдың бір бҧтағы», «Балжыңкер» 
сияқты ел арасында тыңдаушыларға белгісіз халық кҥйлерін, Мәди атты кҥйшінің 
«Ҥкіаяқ», «Мәдидің кҥйі», Сыдық атты кҥйшінің «Билік кҥйі», Бейсенбінің «Кеңес», 
Шығыс Қазақстан облысы, Ҥлкен Нарын ауданының Нҧғман деген татарлар тҧратын 
ауылында (қазірде Бҧқтырма су қоймасының астында қалған) ӛмір сҥрген есімі ҧмыт 
болған татар азаматы шығарған «Ақсақ қаз», т.б. кҥйлерін жазып алады.
Бізге жеткен ҥнтаспа жазбаларына қарағанда Шайқы Қҧсайынов кӛбінесе халық 
кҥйлерін орындап, жеткізуші. Бірлі-екілі авторлық кҥйлер болмаса, біздің кҥндерімізге 
жеткен Шайқының орындауындағы кҥйлер негізінен халық кҥйлері. Ӛкінішке орай ӛз 
жанынан қанша кҥй шығарғаны бізге беймәлім. Шайқы Қҧсайыновтың орындауында 
бізге жеткен аздаған кҥйлердің ӛзінен оның репертуары Шығыс-Қазақстан, Алтай-
Тарбағатай мектебін тҥгел қамтыған, жан-жақты, сан қырлы қазына болғанын 
байқаймыз. Кҥйшінің репертуары Шығыс Қазақстан, Алтай-Тарбағатай кҥйшілік 
мектебіне тән әртҥрлі тақырыпты қамтиды. Олар: қоңыр тақырыбындағы (ӛзі шығарған 
«Майда қоңыр», халық кҥйі «Қоңырдың бір бҧтағы»), географиялық атауларға 
байланысты («Аққабаның толқыны» кҥйі Оңтҥстік Алтайдағы тау ӛзенімен, 
«Балжыңкер» кҥйі Марқакӛлмен байланысты), тотемдік наным-сенімдерге, жануарлар 
табиғатына байланысты кҥйлер («Кӛк сері», «Ақсақ аю», «Ақсақ қаз», Мәдидің «Ҥкіаяқ» 
кҥйі). 
Шығыс Қазақстан, Алтай-Тарбағатай кҥйлері, олардың шығу аңыздары 
кӛпнҧсқалы болатынын ескерсек, кҥйші Шайқының орындауындағы «Аққабаның 
толқыны», «Ақсақ аю», «Сарыӛзен», «Балжыңкер» сияқты халық кҥйлері, Бейсенбінің 
«Кеңес» кҥйі басқа орындаушылардікіне ҧқсамайтын дара дҥние. 
Кҥйшінің авторлық және орындауындағы кҥйлерді талдауға келер болсақ, ол 
ӛзінің «Ой күйі» атты туындысында кҥй әуенін екі ішекте алма-кезек тӛгілте отырып, 
әуені соль ішегінде дамыған кезде оған реішегменбурдон дыбысын бере отырып, теріп 
орындайды. Бҧл кҥйдің әуені әуезді лирикаға жақын, автордың қамшының сабындай 
қысқа адам ӛмірі туралы ой тҥйінін, терең философиясын білдіріп тҧрғандай. Кҥй шағын 
болса да, әуені ӛте жағымды да әсем. 
Ал «Майда қоңыр» кҥйі қазақ халқында кӛптеп кездесетін «қоңыр» тақырыбындағы 
кҥйлерден ӛзгеше. Шат кӛңілді, марш екпініне тән пунктирлі ырғақтарымен қатар, әуенді 
лига арақылы да дамытады. Кҥйдің ырғағы, мелодикасы Моңғолия мен Қазақстанда 
тараған «Қара жорға» биіне ҧқсас келеді деуге болады. Бҧл кҥйінде соль-ре ладтық 
тірегін тек кҥй кіріспесі ретінде ғана пайдаланып қоймай, сондай-ақ оған ля-ми, си фа# 
ладтық тіректерін қосып, әуенді дамыта келе, кҥйді кішігірім транспозияцияға 
ҧластырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет