Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет220/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   418
Байланысты:
III TOM

"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
214 
тҥптамырдан және ҧлттық ділден ажыратты. Қазақ қазақтық ерекшеліктерді ҧмыта 
бастады. Ҧлттық мҧрасын сараптауға, қҧнттауға шамасы келмеді, біртіндеп одан суынды. 
Ӛткен жолдың ҧлттық сипатын ҧқпаған ҧрпақта тарихи сана ӛше бастады, шағын топтар 
ата – тегін ҧмытты [1, б. 120]. 
Тәуелсіздік алғаннаң соң, қазақи ҧлттық қҧндылықтарымыз біртіндеп қайтадан ӛз 
қалпына келтіріле бастады. Дегенмен сол кезенде халықтың басым кӛпшілігі қиын қыстау 
кҥндерді кешіп жатты. Осындай аласапыран уақытта экономика, білім, ғылым, мәдениет 
пен ӛнер саласын ілгерілету ҥшін ел президенті Н.Назарбаевтың тҥрлі ҧсынған 
бастамалары ӛз септігін тигізді. Соның ішінде Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» 
стратегиясы аясында Мәңгілік ел идеясын жариялауы ҧлттық бірегейлікті жоғалтпаудың 
кепілі бола алады. 
«Мәңгілік Ел» ҧлттық идеясы – этникалық, тек қазақ ҧлтына қатысты емес, барлық 
қазақстандықтардың басын біріктіретін идея. Әрине, мемлекет қҧраушы, мәдениет 
қҧраушы, мемлекеттік тілдің иесі қазақтардың орны бӛлек. Тағы да бір мәселені айналып 
ӛтуге болмас. Кеңестік идеологияда тәрбиеленген ҧрпақ «Мәңгілік Ел» ҧлттық идеясын 
ҥйреншікті мемлекеттік идеология деп те қабылдап қалар. Себебі, біз бір нысаналық 
бағыт ҧстанған мемлекетік идеологияның ықпалында болып, оның беделі әртҥрлі 
жолдармен, тіпті зорлық-зомбылықпен кҥшейтілді. Ол идеологияға қарсы тҧру тҥгіл, 
оның ығында жҥрмеудің ӛзі ҥрей туғызатындай еді. Идеология мен қоғамдық ӛмірдің 
алшақтығы айналып келгенде кеңестік қоғамды әлсіретті. Біз бҥгін ой-пікірлер 
бәсекелестігі қоғамында ӛмір сҥреміз, идеологиялық плюрализм біздің ата заңымызда 
бекітілген. Сондықтан біздің қоғам ешқандай идеологияны міндеттемейді. Идеологиялық 
монизмді, ҧлттық, діни менсінбеушілікті, идеологиялық бас бҧлтартпайтын қатаң бір 
тапқа, партияға бағындыруды біз білмейміз. Бірақ әртҥрлі қауымдастықтардың (ҧлт, 
диаспоралар, діни бірлестіктер, т.б.) сана-сезімін білдіретін, мҥддесін қорғайтын бізде 
идеология жоқ деуге болмайды. Сондықтан біздің қоғам тҧтастай идеологиясыз да, 
идеологияланған да қоғам емес. Сонымен бірге, партиялық, ҧлттық, діни, таптық, топтық, 
басқа да мҥдделермен ҥйлесіп жатқан, олардан жоғары тҧратын ерекше қҧндылықтар да 
бар. Олар «Мәңгілік Ел» идеясында толық кӛрініс алып отыр [2] – дейді профессор 
Амангелді Айталы. Сол жеті қҧндылықтарға: 

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы 

Қоғамымыздағы ҧлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім 

Зайырлы қоғам және жоғары руханият 

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық ӛсім 

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы 

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақығы 

Еліміздің ҧлттық қауіпсіздігі және бҥкіләлемдік, ӛңірлік мәселелерді шешуге жаһандық 
тҧрғыдан қатысуы 
Соның ішінде жоғары руханиятты жас ҧрпақтардың бойына сапалы білім мен 
ҧлттық тәрбие негізінде тәрбиелеу керек-ақ. 
Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - ӛз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу 
болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ҧлттық патриотизм» жастардың 
тәрбиелік деңгейін бағалудағы кӛрсеткіш болып қарастырылады. Республиканың 
әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани ӛмірі 
саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жҧмыстары 
мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып
егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тҧратын басқа да халықтардың 
ҧлттық дҥние танымының ӛсуіне жағдай жасады. Қазақстанның білім беру мекемелерінде 
жастарға қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ 
халықтың батыр ҧл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу болашақ ҧрпаққа патриоттық 
тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра тҥседі [3, б. 
146-147]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет