6) Жазыбекова Сағыныш 7 Б сынып оқушысы: Болашақтың айқара ашып есігін,
Қойыпты оған Сағыныш деп есімін.
Жүрегінде Мұқағали рухы бар,
Мектептің жас ақыны ол бүгін.
7) Мақажанова Мөлдір 9 Б сынып оқушысы:
Қалам алып жыр жазған,
8 жастан қолына
Мөлдірдей ақынның
Гүл бітсін әркез жолына.
8) Рысбаева Жібек 11 Б сынып оқушысы: Көп ойлайтыны кім болары,
Ой үстінде жүреді,
Аяулым ақын Фаризадай
Жыр жазарын біледі.
Өлеңдерін барлық халық
Оқып жүрсе үнемі
Аяулым қыздың осы екен,
Барлық арман – тілегі.
9) Төлеуова Айбибі 6 Асынып оқушысы:
Енді ақындық өнерін,
Тамашалап көреміз
Талантты қыз Нұрсұлудың
Өнеріне сенеміз
Билері мен жырларына
Сусындап әркез жүреміз.
10) Бүркітбаева Айнұр 7 Б сынып оқушысы: Мұқағали бабасының жолын қуып,
Жүрмекші сөз шебері ақын болып,
Жас қаламгер, Айнұрдың тілегі тек
Ақын болса, жыр жазар, шабыт қонып.
Бүгінгі біздің жыр – сайысымыз з кезеңнен тұрады.
І – кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (өзін - өзі таныстыру)
ІІ- кезең. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (өлеңдерін оқу)
ІІІ-кезең. «Салауатты өмір салты» (Эссе – шешендік өнерлерін қара сөзбен айтып көрсету)
Қасиетті өлең – жырды ардақтап, оны өмірлік серігіне айналдырған ақындар аз емес. Сол сияқты біздің жас қаламгер ақындарымыздың ізденіс арналары жарқын, көз қарастары айқын, көркемдік келісімі нұрлы боларына сенеміз.
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы жырмен қуантыңдар енді елді.
Енді жас ақындарымыздың жырларын әділ бағалауға әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстаздары: