Армысыздар құрметті жыр сүйер қауым, қадірменді ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі «Жас қалам» атты жас ақындар мүшәйрасын ашық деп жариялаймын. Мектептегі «Жас қаламгер» үйірмесі – жеке тұлғаны қалыптастыруда зор рөл атқарады. Себебі, оқушы қарапайым ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып кез келген нәрсеге өз ұсынысын, өз ойын еркін білдіре біледі.
Жалпы «Жас қаламгер» үйірмесі дегеніміз – бұл оқушылардың жеке дара өзіндік қабілеттері жоғары деңгейде көрініс беретін жұмыстардың жиынтығы, олар – жаңа мәтіндегі әңгімелер, күлдіргі әңгімелер, өлеңдер, суреттемелер, мақалалар, хабарламалар құрастыруға бағытталған жаттығулар. Сондықтан мектебіміздің бүгінгі болашақ жас ақындары өздерінің жүрек түкпірлеріндегі жарып шыққан жырларын, осы «жас қаламгерге» арнайды.
Ендеше ортаға:
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашатын.
Көрерменді таңдантып,
Жырдан күмбез жасайтын –жас қаламгер ақындарымызды ортаға шақырайық.
Қарсыалыңыздар! 1) Серікова Назерке 7 Б сынып оқушысы: Ең алғашқы өлеңін арнапты ол әкеге
11 жастан бұл Назерке қалам алып қолына.
Абай менен Ыбырай аталарын пір тұтар,
Ал көрермен қолпаштап, қолдау көрсет балаға.
2) Мұхабаева Айжан 7 Б сынып оқушысы: Айжан атты жас ақын,
Ойы мен шабыт тең келген.
Жырлары оның пәк, жарқын,
Жүректерді тербеген.
3) Жексенбина Саягүл 7 Б сынып оқушысы: Салмақты қыз Саягүл, жас қаламгер,
Шабыт келсе жыр жазумен тебіренер
Әрқашан шабытын құр жібермей,
Жыр жазса, тек биіктен көрінер.
4) Шойманова Жанбота 7Б сынып оқушысы: Ақын болса болу керек, Жанботадай,
Ол жүреді осы жолды ардақтай,
Салмақты, ойы ашық, жырға жүйрік,
Отырайық жас ақынды қолпаштай.
5) Сабырова Сабина 7 Б сынып оқушысы: Тәрбиенің қыр – сыры бойға сіңген,
Ұстаздан ұлағатты білім терген.
Сабина деген есімі бар жас ақынның,
Жырлары таза судай, тұнық, терең.