Қатты отындар Ағаш


Биогаз қондырғысын қолданудың экономикалық пайдасы



бет14/14
Дата06.01.2022
өлшемі29,38 Kb.
#11750
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
2,6 практика

Биогаз қондырғысын қолданудың экономикалық пайдасы:

—          отын мен электроэнергия үнемделеді;

—          тыңайтқыш пен гербицид үнемделеді;

—          биогаз және биотыңайтқышты сатуға болады;

—          ауылшарушылық өсіміктерінің өнімі жоғарылайды;

—          үй жануарлары мен құстарға жем қоспалары қолданылады;

—          биогаз қондырғылары бір жыл шамасында шығымын өтейді;

—          органикалық қалдықтар жинақталмай, қолданылуына байланысты, ауа тазартылып, респираторлық және көз аурулары азаяды;

—          органикалық қалдықтардағы микроорганизмдердің жойылуына байланысты эпидемиялық жағдай жақсарады;

—          экологиялық таза тыңайтқыш қолданылуына байланысты экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерден денсаулық жақсарады;

—          тезек, көмір, ағаш отынды жинауға, тасымалдауға, кептіруге жіберілетін уақыт, қаржы үнемделеді және сақтау орны қажет болмайды;

—          органикалық қалдықтардағы шөп тұқымдарының жойылуына байланысты, арамшөпті жинауға жіберілетін уақыт үнемделеді.



Биогаз қондырғысын қолданудың экологиялық пайдасы:

—          ашық сақталатын көңнен түзілетін метанның (парник газы) атмосфераға бөлінуі азаяды;

—          көмір, ағаш отындарының жану өнімдері мен көмірқышқыл газдың бөлінуі азаяды;

—          жағымсыз иісті азот қосылыстарыммен ауаның ластануы азаяды;

—          көңмен су ресурстарының ластануы азаяды;

—          ағаштар (орман) отын ретінде қолданудан сақталады;



—          химиялық тыңайтқыштарды қолдану азаяды.

Яғни, ауыл тұрғындарының тұрмысына және шаруашылығына қажетті энергия көзімен олардың малдары түзетін шикізат бөліп шығаратын биогаз мөлшері толығымен қамтамасыз ете алады. Бірақ, ауылда анықталған көлемде биореакторлы биогаз қондырғысы орнату ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет