Яғни, «Қошқар ата» аулында мал санына байланысты биореактордың көлемі 2670 м³ шамасында биогаз қондырғысын орнатуға болады.
Биогаздың өнімі малдың түріне байланысты анықталып, жалпы мөлшері есептелді:
Мүйізді ірі қара 71,604 т > 2721 – 3688 м³
Қой-ешкі 41,616 т > 1894 – 3912 м³
Жылқы 4,59 т > 139 – 209 м³
Құс 0,8568 т > 40 – 81 м³
Барлығы 4794 – 7890 м³
«Қошқар ата» аулында мал көңінің түріне және оның тәуліктік мөлшеріне байланысты биогаздың тәуліктік өнімінің мөлшері 4794 – 7890 м³ құрады.
«Қошқар ата» аулында орналасқан 176 үй тұрғындарының санының сараптамасы нәтижесінде бір жанұядағы адам саны орта есеппен 4 адам құрады. Жанұяға және шаруашылыққа қажетті биогаздың мөлшері — 49,6-52,6 м³. Бұл көрсеткішті 176 үйге шаққанда — 8729,6 – 9257,6 м³.
«Қошқар ата» аулындағы 176 жанұяға бір тәулікте 8729,6 – 9257,6 м³ биогаз қажет екендігі анықталды.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің органикалық массасының белгілі температурада нәтижесінде биогаз түзілетін ашу процесі жүретін герметикалық жабық ыдысты биогаз қондырғысы дейді. Барлық биогаз қондырғыларының жұмыс істеу қағидалары бір: жинақталған және қажетті ылғалдылыққа жеткізілген шикізат реакторға салынады, онда шикізатты өңдеуді жетілдіруге жағдай жасалады. Шикізаттан биогазды немесе биотыңайтқышты алуды ферментация немесе ашыту деп атайды.
Биогаз қондырғысында органикалық өнімдерді өңдеуде дайындалған шикізаттан (көң) реакторда биогаз және биотыңайтқыш түзіледі. Биогаз тазаланады, сақталады және газ жанарғысы немесе мотор отыны ретінде қолданылады. Биотыңайтқыш сақталады және жем қосындысы ретінде қолданылады немесе топыраққа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |