жапырайған жаман тымағы, бастама мәсісі, бір жамбасына қисайған жаман кебісі, лаңке шапаны, мойнындағы кішкене қалтаға салған тері сасыған «Ісім ағзам» дұғасы Қартқожа дамыл көрмейді, тағы ойлайды, тағы да жақсы-жақсы түстер көреді («Қартқожа», 29-б.). Аяғында – әмірқан етік(Сонда, 30-б.). Бұл сөйлемдердегі ұлттық киім атаулары әртүрлі сөздермен тіркесе келіп, кедей бейнесін айқын көрсетуге қолданылған. Төрдегілер көріп қойды ма дегендей Қартқожа қалбалақтап көп ұзамай жаман тымақтардың қасына отыра кетті (Сонда, 81-б.). «Жаман тымақтар» - әлеуметтік тұрмысты бейнелейді. ‐ Кейіпкерлердің мінез-құлқын ашуға да пайдаланған: