Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Көркем  әдебиет  тілінде  диалектизмдер  кейіпкер  образын  жасау  ашу  үшін,  жергілікті  халықтың  ерекшелігін  көрсету  үшін  қолданады



Pdf көрінісі
бет141/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 
Көркем  әдебиет  тілінде  диалектизмдер  кейіпкер  образын  жасау  ашу  үшін,  жергілікті 
халықтың  ерекшелігін  көрсету  үшін  қолданады.  Қаламгерлер  кейіпкерлердің  аузына 
диалектизмдерді  көркемдік  мақсатта  салады.  Диалектілік  ерекшеліктерді  орнымен 
қолданбаса, әдеби тілді шұбарлайды. 
 Академик  Ә.Қайдаров:  «Тілде  қанша  сөз  болса  да,  ол  тек  қоғам  мүшелеріне 
қажеттілігінен  ғана  дүниеге  келген,  ал  олардың  бәрі  бірдей  ғасырлар  бойы  сақадай  сай 
сайланып  тұруы  мүмкін  емес.  Дегенмен,  бір  заманда  ғимараттың  бейне  бір  кірпіші  тәрізді 
өзіне тілден орын тапқан сөздердің сол ғимарат тұрғанда басы артық болмаса керек», – дейді 
[1, 12 ].  
Ғ.Қалиев  пен  Ш.Сарыбаев  диалект  деген  терминге  мынадай  анықтама  береді: 
«Жалпыхалықтық  сипат  алмаған  белгілі  бір  жерде  ғана  қолданылатын  ерекшеліктердің 
жиынтығын,  өзіне  ғана  тән  тілдік  ерекшеліктері  бар  жекеленген  аймақ,  территорияны 
білдіреді» [2, 4]. 
Көркем  сөз  шеберлері  өзіне  керекті  материалды  халық  өмірінен,  халық  тілінен  алып 
пайдаланады дедік. Сондықтан онда жалпыға ортақ  біртұтас әдеби тілмен қатар белгілі  бір 
территориялық  аймақта  ғана  айтылатын  жергілікті  диалектілік  ерекшеліктер  де  кездеседі. 
Диалектілер көркем шығармада белгілі үш себепке байланысты қолданылады: 
1)  Жазушы  тілінің  жұтаңдығынан  әрі  сөзді  таңдап,  талға,  саралап  қолданбай 
зәруліксіз қолдану; 
2)  Стильдік мақсатпен әдейі қолдану; 
3)  Әдеби тіл лексикасын молайту. 
Диалектизмдердің  қолданылуы  туралы  Д.Е.Розенталь  былай  дейді:  «Сфера 
использования  диалектизмов  –  художественная  литература,  где  они  служат  для 
реалистического изображения быта (создания «местного колорита»), речевой характеристики 
действующих лиц, а так же в качестве средства выразительности» [3,76]. Сондықтан орынды, 
белгілі  бір  мақсатқа  сай  жұмсалған  диалектизмдерді  шығармалардан  біршама  кездестірдік. 
Өз  замандастарының  тұрмыс-тіршілігін  шынайы  суреттеген  шағын  әңгімелерде 
диалектизмдерді  авторлық  түсініктемеде  (ремаркада)  және  көбінесе  кейіпкер  тілінде 
жұмсалған.Мысалы:– Орал – деді шешем, шоланда бір меске сүт пісіп тұр еді, алып келші 
(О.Б., 294-б.). Осы отырған жерінде тарпынды шығарайын ба? (О.Б., 256-б.) 
Берілген    мысалдардағы  шоланда,  тарпынды  деген  жергілікті    тіл  ерекшеліктері 
кейіпкер арқылы берілген. Сол арқылы автор жергілікті жердің тіл ерекшелігін сақтаған.  


259 
 
Шығарма кейіпкерлерін неғұрлым шынайы, нанымды көрсету жолында олардың сөзін 
өз  оратсына  сай  берген.  Белгілі  ғалым  М.Серғалиев  «Сөз  сарасы»  атты  еңбегінде  көркем 
әдебиет  тілін  құрайтын  екі  компонент  туралы,  яғни  авторлық  баяндау  тілі  мен  кейіпкер 
тіліне  қойылатын  талаптар  туралы  айтады.  Ғалым  авторлық  баяндауда  кз  келген  сөзді 
қолдана  берудің  реті  жоқ  екенін,  әдеби  тілдің  мысалдары  мен  үлгілерін  шығарманың 
авторлық бандау бөлімінен іздеуіміз керек дей келе авторлық баяндауға жоғары талап қояды 
[4, 198 ]. 
Жергілікті  тіл  ерекшеліктері  кейде  авторлық  баяндауда  да  кездеседі.  Жергілікті 
сөздерді  автордың  өз  баяндауында  қолданудың  негізгі  мақсаты  әдеби  тілде  баламасыз 
диалетизмдермен  әдеби  тілді  байыту.  Егер  осындай  мақсатта  қажеттілкпен  қолданылған 
болса, ол орынды қолданысқа жатады.  
   Тарлығының  танауы  жыбырлап  күйтектік  алғашқы  кезегінен  дәл    -етеді  (О.Б.,  8- 
б.). Кешкісін қойшының жәрдемелері төлдерді енелерінен бөліп, күргейлеп әкеп, төл қораға 
кіргізді (О.Б., 46-б.).Сол адамның қомағай қарашығынды мүйізден айрылып пұшайман болар 
жасбұғы  да  тулап,  тұтқында  тұрған  екен  (О.Б.,  63-б.).  Кербұғы  сол  діңгектің  түбінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет