Сеңсең ішігін күміс кісемен шарт буынған Әбен («Қартқожа»,128-б.).
Қойтекенің астында желқом, оның астында торшолақ, қолында шығыршықты кендір қамшы, кигені шолақ қоңыр тон, аяғында шона бас шоқай. Жыртық милық, жалбыр тымағын қолына алды, жаман тонның белін шешті («Ақбілек», 282-б.).
Осындағы киім атаулары арқылы:
‐ кейіпкердің қандай әлеуметтік топтың өкілі екендігі;
‐ сол арқылы олардың тұрмыс-тіршілігі;
‐ кең масштабта алғанда қазақ даласындағы қоғамның бейнесі көрсетілген.
Әлеуметтік сипаттың танылуы, кедей киімі: Жыртық милық, жалбыр тымақ, шолақ қоңыр тон, жаман тон, шона бас шоқай, сауыс жыртық тері шалбар, көне мәсі, қисайған кір кимешек, жаман тымақ; бай киімі: жаңа камзол, сең-сең ішік, әмірқан етік, қой жүнді тақталы шекпен, күзен ішік, берзент сулық, сырма шалбар, қызыл елтірі тымақ сияқты болып келеді. Мысалы, Ояна келсе баяғы жаман Қартқожа, баяғы