274
Сонымен берілген мысалдардан байқағанымыздай, концепт – санадағы дүниенің мәнін
бейнелейді, бір ұлттың мәдени деңгейі мен менталитетін көрсетеді.
Келесі метафизикалық концепт – ақиқат немесе бейақиқат дүниедегі абстракцияның,
жоғары дәрежедегі құндылықтарын танытатын ментальді мазмұн. Метафизикалық
концептілер перцептивтік, сенсорлық қабылдау, яғни сезіну әрекеті арқылы рухани
құндылықтарды тану нәтижесінде ғана хабарланады [7].
«Адам туады, адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? Бұл – жаратылыс заңы. Біздің
шығыс елдері: «Адам – дүниеге келген қонақ, біраз қонақтадық, аттануың керек», - деседі.
Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, әншейін ғана аттана бермейді: ол артында ой
қалдырады, ойдан мұра қалдырады. Ол өмірге адам болып келіп, адам күйінде қайтады»
[5,152].
«... өлім әртүрлі болады: біреу суықтан өледі, біреу қыз үшін өледі, енді біреулер
аурудан өледі. Мұндай өлімдерді көргенде құр ғана ренжисіңде қоясың. Ал естігеніңде үлкен
құрметпен, бас иетін өлім – майданда ерлерше өлу! Мен жаспын, өмір сүргім келеді. Ең
қызықты өмір әлі де алдымда екенін жақы білемін» [5,154].
Соңғы үшінші түрі – эмоционалды концептілер. Кейбір ақиқат дүниелер адам
санасындағы
эмоционалды, аффективті көңіл-күй арқылы, ішкі сезімі арқылы танылады [7].
«Дәл бүгіннен бастап «Мен бақыттымын!» деген сөзді басшылыққа аламын. Дәл
бүгіннен бастап мен өзімді қоршаған ортадан тек қана жақсылық іздеймін, ойым мен
ниетімді жақсылыққа бастаймын» [5,61].
«Досым, сүйікті досым! Шын жүректен қадірлеп, жақсы көрген адамыңа хат
жазсаң, яғни сағына тіл қатсаң, осы сөз кеп аузыңа түседі. Бұлсенің өзегіңді жарып
шығады. Ең жақсы, ыстық сезімді бейнелейтін осы бір сөз қандай мағыналы, қандай аыл
еді дейсің!» [5,62].
«Адам бойындағы ең ізгі, ең шуақты қаисеттерінің бірі – достық. Достық арқылы
адамның жүрегі тыныштық тауып, өзінің тұлғалық қасиеті қалыптаспақ. Ал қазақ халқы
Достарыңызбен бөлісу: