Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН



Pdf көрінісі
бет164/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

gulnar.ba01@mail.ru 
 
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН 
ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аннотация:мақалада  шағын  жинақталған  мектептердегіі  оқу-тәрбие  процесін 
ұйымдастырудың ерекшеліктер мен қиыншылықтар, шағын жинақталған мектеп түрлері, 
шағын жинақталған мектептердің тиімді жақтары сөз болды. 
Шағын жинақталған мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, кездесетін 
қиыншылықтарды  шешудің  жолдары  қарастырылды.  Интербелсенді  әдістер  арқылы 
жүргізілген тапсырмалар жүйесі ұсынылып, көркем шығарма талданды. 
Шағын  жинақталған  мектептерде  Тәй-тәй»  (Step  by  step)  технологиясы  мен 
«Озаоқыту» технологияларын қолданудың тиімді жолдары көрсетілді.  
Тірек  сөздер:оқу-тәрбие  процесі,шағын  жинақты  мектеп,  «Тәй-тәй»  (Step  by  step) 
технологиясы, «Озаоқыту» технологиясы, біріктіріп оқыту,технология алгоритмі. 
 
Қарыштап дамып келе жатқан республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын 
елді-мекендердегі  мектептердің  басым  көпшілігі  –  шағын  жинақты  мектептер.  Мұндай 
мектептер  саны  тәуелсіздік  алған  жылдардан  кейін  жыл  сайын  өсіп  келе  жатқаны  белгілі. 
Ауыл  халқының  тіршілік  қамымен  қалаға  қоныс  аударуы  көбейген  сайын,  елді-мекендерде 
тұрғындар саны мен оқушы саны азайып, шағын жинақталған мектептер саны артуда.  
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтін, 
толық  емес  сыныптардан  тұратын,  кіріктірілген  сабақтар  жүргізетін,  оқу-тәрбие  процесін 
жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі 
таңда шағын жинақты мектептер біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныптармен 
жұмыс жасайды. 
«Шағын  жинақталған  мектеп»  деп  аталғанымен,  шағын  жинақталған  мектептегі  білім 
мен  тәрбие  процесіне  қойылатын  талаптар  барлық  білім  беру  мекемелеріне  қойылатын 
талаптармен бірдей. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше 
көңіл бөлу керек. 


286 
 
Шағын  жинақты  мектеп  мәселелерін  зерттеуші-ғалімдар  Ж.Қ.Астамбаева  мен 
Г.И.Уәйісова  өздерінің  «Шағын  жинақты  бастауыш  мектептегі  педагогикалық  үдеріс 
теориясы  мен  технологиясы»  атты  еңбегінде:  «Шағын  жинақты  мектептің  тарихы  ерте 
кезден,  сонау  Л.Толстой,  К.Д.Ушинский  өмір  сүрген  кезеңнен  бастау  алады.  Қазақстан 
топырағында  ондай  мектептің  пайда  болуы  Ы.Алтынсариннің  ағартушылық  қызметімен 
тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60-жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі 
мектептің мәселесі күн тәртібінен түспей келеді», –деп атап көрсетеді [1, 3]. 
Шағын жинақты мектептің үш түрі болады, олар: 
1) бастауыш шағын жинақты мектеп
2) негізгі шағын жинақты мектеп; 
3) орта шағын жинақты мектеп. 
Білім  беру  мекемесінің  бұлай  ерекшеленуінің  басты  критерийі  –  ондағы  оқушы 
санының  аздығы,  ал  қалған  ерекшеліктер  осы  критерий  негізінде  туындайды.  Шағын 
жинақты  мектептің  жоғарыда  келтірілген  түрлерге  жіктелуі  нормативтік  құжаттарға  сай 
жүзеге  асырылады:  «Тұрғындарының  саны  аз,  әрі  әрбір  елді  мекенде:бастауыш  шағын 
жинақты  мектеп  –  білім  алушылардың  саны  5-тен  40  адамға  дейін;негізгі  шағын  жинақты 
мектеп  –  білім  алушылардың  саны  41-ден  80  адамға  дейін;орта  шағын  жинақты  мектеп  – 
білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді» [2]. 
Елді-мекендердегі  орта  мектептер  мен  негізгі  мектептердің  шағын  шинақты 
мектептерге  айналуының  бірнеше  себептері  бар.  Біріншіден,  1-сыныпқа  оқушылардың 
қабылдануы  жыл  сайын  азаюда,  мұның  себебі,  жастардың  басым  көпшілігі  қалалық 
жерлерде  шоғырланған.  Екіншіден,  оқушылардың  көпшілігі  9-сыныпты  бітіріп, 
колледждерден  кәсіби  білім  алуға  талпынуы,  үшіншіден,  ауыл  тұрғындарының  қала,  аудан 
орталықтарына қоныс аударуы жиі орын алатындығымен түсіндіріледі. 
Оқушы  санының  аздығына  байланысты  шағын  жинақты  мектептерде  сыныптардың 
біріктірілуіне  жол  беріледі.  II-III  сыныптар,  III-VI  сыныптар,  V-VI  сыныптар,  VI-VII 
сыныптар, т.б. біріктіріліп оқытылады. 
«Шағын  жинақты  мектеп  қызметінің  тәртібіне»  сәйкес,  І  сынып  оқушылары  жеке 
оқытылады.  Себебі,  мектепке  енді  қадам  басқан  оқушылардың  оқу  әрекетiне  бейiмделуі, 
талаптануы,  зейінінің  тұрақтануы  мен  ынтасының  артуы  үшiн  оларды  сынып-кешеніне 
қоспай, жеке оқыту керек. 
IX,  XI  сыныптар  бiтiрушi  сыныптар  болғандықтан,  олардағы  бала  саны  аз  болған 
жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытылмайды [3]. 
Шағын жинақталған мектептердегі педагогтің еңбегі шығармашылықты, мейірімділікті 
және  адалдықты,  кәсібилік  пен  кешендікті  талап  етеді.  Шағын  жинақталғанмектептерде 
мұғалім  қызметін  атқару  орта  мектептерде  қызмет  атқаруға  қарағанда  қиын  және  күрделі. 
Себебі,  мұғалімге  әр  түрлі  жастағы,  әр  түрлі  сыныптардың  оқу  бағдарламалары  бойынша 
дайындалған балалармен сабақ жүргізуге тура келеді. Бұл мұғалімінен мұқият дайындықты, 
оқу жұмысын дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестелерін рационалды құруды, сонымен қатар 
педагогикалық әдептің ебін тауып көрсетуді талап етеді. 
Сыныптарды  бiрiктiру  тәжiрибесi  екi  нұсқада  қарастырылады:  аралас  және  әр 
жастағыларды  бiрiктiру.  Әртүрлі  жастағы  оқушылары  бар  сыныптарды  ұйымдастыру 
педагогикалық  тұрғыдан  неғұрлым  тиімді,  өйткенi  ол  балалардың  ауыспалы  жұптарда 
жұмыс  iстеуіне,  жоғарғы  сынып  оқушыларының  өзiндiк  жұмыстарын  ұйымдастыруына, 
сөйтiп, көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн төменгі сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн 
уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi. 
Шағын 
жинақталған 
мектептердегі 
оқу-тәрбие 
процесін 
ұйымдастырудың 
ерекшеліктері мен қиыншылықтары: 
–  сабаққа  дайындалуда  ұстаз  шектен  тыс  жүктеме  орындайды,  нақты  айтқанда,  бір 
сыныппен  жұмыс  істегенде  сабақтың  SMART  мақсаты,  логикалық  құрылымы    шәкірт  пен 
ұстазға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс атқаруда бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде 
бірнеше  ықшам  сабақтардан  тұрады  да,  мұғалім  бір  күнде  8-16  сабаққа,  оның  әр  бөлігін 


287 
 
санағанда,  32-40  ықшам  сабақ,  олардың  логикалық  байланысы  әр  кезеңнің  мақсаты  мен 
міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет
– педагогтің зейіні екі немесе одан да көп сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі 
бір  сабақтың  үстінде    педагог  әр  түрлі  жастағы,  ой-өрісі  мен  білім  деңгейі  әр  түрлі 
оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс; 
–  ұстаздар  ұжымының  аздығына  қарай,  әрбір  педагогтің  шығармашылық 
белсенділігінің  артуына,  өздігінен  ізденуіне,  шығармашылықпен  айналысуына  уақыт 
болмайды,  әрі  шағын  жинақты  мектептер  орта  мектептерден  алшақ  орналасқандықтан, 
ұстаздардың басқа  педагогтердің сабақтарына қатысып, әдіс алмасу,  тәжірибе алмасу, үлгі 
алу  мүмкіндіктері  аз  болады.  Сондықтан  шағын  жинақталған  мектептерде  дәріс  беремін 
ұстаздардың шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеу қаупі туады
–  мұғалім  әрбір  сыныппен  сабақтың  белгілі  бір  бөлігінде  ғана  жұмыс  жасауға 
мүмкіндігі  бар,  ал  қалған  уақытта  тек  оқушылардың  өздік  жұмысын  ұйымдастыруға,  оны 
басқаруға  ғана  жұмсалады,  сол  үшін  мұғалім  сабақ  барысында  ұйымдастырылатын  өздік 
жұмыстардың  мазмұнын,  көлемін,  оларды  орындау  әдіс-тәсілдерін  түрлендіріп, 
оқушылардың  білім  деңгейіне,  жас  ерекшеліктеріне,  орындау  жылдамдықтарына  қарай 
лайықтап,  орындау  уақытын  белгілеп,  оны  тиянақты  пайдалануды  ойластыруы  қажет.  Өз 
бетімен  жұмысты  орындау  әрбір  оқушыға  түсінікті  болуы  керек  және  де  көрнекі  құралдар, 
үлестірмелі карточкалар, перфокарталар, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға 
жететіндей болуын қадағалауы қажет; 
–  біріктірілген  сыныптарда  ұстаз  бір  сыныпқа  сабақтың  жарты  уақытын  ғана 
жұмсайтындықтан,  көбінесе,  әдебиет  пәнінде  пәннің  өзіндік  ерекшелігіне  қарай  (VI-VIII 
және  VII-IX  сыныптар)  қиынға  соғады.  Өйткені  берілген  тақырыптар  ауқымды  әрі  көркем 
шығармалар жан-жақты талдауды қажет ететіндіктен уақыт жетіңкіремейді; 
–  елді-мекендерде  интернет  жүйесі  талапқа  сай  істемейтіндіктен,  кітапханадағы  жаңа 
кітап  қорларының  аздығынан,  оқушылардың  өздігінен  ізденуінің  төмендігінен,  өзіндік 
жұмысты орындау барысында оқушыларда  қиындықтар көп туындайды
–шағын  жинақталған  мектепке  тән  қиындықтар  әр  жастағы  оқушылар  ұжымын  бір 
сыныпта  оқытуда  ұйымдастыру,  бір  пәндік  немесе  әртүрлі  пәндік  сабақтарды  өткізу, 
кадрлардың  жетіспеушілігі,  материалдық-техникалық  базаның  қамтамасыз  етілмеуі  де 
жағдайды шиеленістіре түседі; 
–  біріктірілген  сыныптарда  әр  түрлі  жастағы  балалар  болмағандықтан,  жеке,  жұптық, 
топтық, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік туа бермейді; 
–  оқушылардың  өздік  жұмысы  басқа  сынып  оқушыларының  шуылы,  кедергі  жасауы 
барысында  жүргізіледі,  мұның  өзі  оқушының  тапсырманы  түсіне  отырып  орындауына  кері 
әсер етеді; 
– оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары, көпке дейін өз ойын ашық, жүйелі 
айтуға,  қандай  да  бір  мәселені  шешуде,  ауызша  талдауда,  өзгенің  талдауын,  талқылауын, 
ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады; 
–бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын жинақты мектепке арналған оқыту 
әдістемесінің жоқтығы; 
–шағын жинақты мектепте сабақ өздік жұмыс арқылы ұйымдастырылады, ал өздігінен 
жұмыс істеу әдісі бүгінгі күнге дейін кең қолданыс таппаған; 
–шағын  жинақты  мектеп  мұғаліміне  арнап  жазылып,  баспадан  шыққан  әдістемелік 
және көрнекілік құралдары өте аз, нақты айтқанда, шағын жинақты мектептердің әлі  күнге 
дейін  қажетті  оқу-әдістемелік  құралдармен  толық  қамтамасыз  етілмегендігі  де  қиындық 
келтіреді; 
–  шағын  жинақталған  мектептерде  қызмет  ететін  ұстаздардың  шағын  жинақталған 
мектеп  әдістемесін  толық  меңгермегендігі  және  арнайы  дайындықтан  өтпегендігі  де 
жағдайды ушықтыра, шиілендіре түседі; 


288 
 
– маман иесіне алған мамандығы бойынша толық жүктемемен еңбек етуге мүмкіндіктің 
жоқтығы,  бір  пәннен  ғана  емес,  бірнеше  пәннен  сабақ  беруге  тура  келетіндігі  де  біршама 
қиындық тудырады 4. 
Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар: 
–  балалардың  саны  аз  болғандықтан,  мұғалім  әр  оқушыны,  оның  пәнге  деген 
қызығушылығын арттыруға, білімін тереңдетуге, отбасын тез, жақсы тануға мүмкіндік мол; 
–сыныпта  оқушылардың  аздығы,  олардың  әрқайсысының  оқу  материалын,  білім 
сапасын,  дағды  біліктерін  және  танымдық  белсенділіктерінің  деңгейлерін  үнемі  бақылап 
отыруға уақыт жеткілікті, сол себептен әр оқушының қызығушылығын арттыруға мұғалімнің 
мүмкіндігі көп; 
–  дәптер  тексеруге,  жеке-дара  өздік  жұмысқа  арналған  жаттығулар  іріктеуге  аз  уақыт 
жұмсалады; 
– оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады; 
– оқушылар І сыныптан бастап, өз бетімен жұмыс жасауға бейімделеді; 
–  бір  оқу  бөлмесінде күнделікті  бірге  болғандықтан,  жоғары  сынып  оқушылары  кіші 
сынып оқушыларына көмек береді; 
–  әрбір  баланың  білім  деңгейлерін  анықтап,  олардың  білім,  білік,  дағдыларының 
деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол; 
–  шағын  жинақталған  мектеп  ұстаздарыпәнішілік,  пәнаралық  байланысты  жүзеге 
асыруға, кеңінен қолдануға мүмкіндік мол; 
– оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы 
ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады; 
–  оқушылардың  бірін-бірі  тексеруін,  өзін-өзі  тексеруін  және  бағалауын  жүзеге 
асырылады; 
–  жоғары  сынып  оқушылары  төменгі  сынып  оқушыларының  жұмыстарын  тексеріп, 
бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады 5. 
Міне,  осындай  мүмкіндіктерді  ескерсек,  шағын  комплектілі  мектептің  жұмысын 
жетілдіру,  ондағы  оқу-тәрбие  процесінің  сапасын  арттыру  –  маңызды  әлеуметтік-
экономикалық  және  педагогикалық  проблема.  Шағын  жинақталған  мектептердің  әлі  де 
шешілмей жатқан проблемалары жеткілікті. 
Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда, сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн 
әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн 
қолданған дұрыс. 
Бір  тақырыптық  жүйемен  жүргізілетін  сабақтың  түрлері  әр  сыныптағы  балалардың 
зейінін,  ойлау  қабілетін  бір  мақсатқа  жұмылдыра  отырып,  оларды  тапсырманы  алаңдамай, 
ойланып орындауға бейімдейді. Сонымен қатар, мұғалім екі немесе үш, төрт сыныппен қатар 
жұмыс жүргізгенде бәріне бірдей көңіл бөлуге міндетті болады. 
Шағын  жинақталған  мектептерде  қазақ  тілін  оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілдердің  бірі  – 
бірлесіп  жұмыс  жасау.  Бірлесіп  жұмыс  жасау  –  ішкі  және  сыртқы  қарым-қатынас  түрлерін 
білдіреді,  яғни  адамның  өзіндік  дамуы  мен  өзіндік  қалыптасу  белсенділігін  арттыратын 
тәсілдердің  бірі.  Қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  бірлесіп  жұмыс  жасауда  түрлі 
интерактивті  әдістерді  қолданған  тиімді.  Мәселен,  көркем  шығармалардың  мазмұнын  бір-
біріне  баяндап  түсіндіруде  «Елші»,  «Өкіл»,  «Ширлинг»,  «Араның  ұясы»,  «Өрмекші  торы», 
«Баяндама»  әдістері  тиімді.Қазақ  тілі  пәнінде  жаңа  ақпарат  алуда  «Броундық  қозғалыс», 
Көркем шығарма соңында жүргізілетін қорытынды сабақтарда «Данышпан үкілер», «DEAL», 
т.б. әдістері өте қолайлы әрі біріктірген сыныптармен жұмыс жасауда өте қолайлы. 
VII  сыныпта  Жиембет  жырау  «Еңсегей  бойлы  Ер  Есім»  шығармасын,    VIII  сыныпта 
Шалкиіз  жырау  «Би  Темірге  айтқан  бірінші  толғау»  шығармасын  «DEAL»  әдісі  арқылы 
талдау 
VII сынып сынып оқушыларының талдауы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет