қату, аң аулау, төрт құбыланы анық айыру, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап,
бағыт-бағдарды белгілеу, қоныс, өткел, суаттарды дәл табу сияқтыларды ұрпақтарына үйретіп, айтып отырған» [5,6].
«Қазақ қауымы негізгі ғаламшарлардың жағдайын жақсы білген. Олар жайында өлең- жыр, сан алуан аңыздар шығарған. Жетіқарақшы – қазақтардың бәріне таныс шоқжұлдыз. Ол – шөміш пішінді құрастыратын жеті жарық жұлдыз тобы. «Жетіқарақшыны таныған жеті түнде адаспас» дейді қазақтар» [5,19].
«Көшпелілерде мәңгілік өмір – тіршілікті бейнелейтін тұйық ою баянды бақыт, ұзақ өмір белгісі ретінде ер адам киімінің жауырынына, батырдың қалқанына, ердің қасына, тұскиіздің маңдайына салынатын. Бұл оюды қазақ «тасбақа» деп те атайды» [5,36].
«Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамдарын да ерекше қастерлеп, құт- береке, несібе деп киелі санаған. Абайсызда ақ төгілсе, оған саусағын малып, маңдайына