337
Математиканың бастауыш курсын оқу барысында оқушылардың меңгеретін ойлау
заңдылықтары, қоршаған орта құбылыстары, математикалық тілдің негіздері
көрсетіледі. Математиканың бастауыш курсының мазмұнына қысқаша талдау жасалып,
материалды оқытудың қағидасы туралы қысқаша мәлімет берілген. Арифметикалық
материалдың бастауыш курс математикасында алатын орны мен маңызы баяндалады.
Сөйтіп, арифметикалық материалға қандай ұғымдар жататыны көрсетіліп,
арифметикалық ұғымдарды оқытудың әдістемелік мәселелері жалпыланады. Сондай-ақ бұл
мақалада арифметикалық материалдың ішінде маңызды орын алатын сандарды оқу, жазу
және салыстыруды оқыту әдістемесіне кеңірек тоқталады. Мақаланың түйіні ретінде
арифметикалық материалды оқытудың нақты мысалы ретінде бастауыш сыныпта
өткізілетін сабақтың барысы баяндалады.
Тірек сөздер: бастауыш білім беру, мақсат, міндет, сын тұрғысынан ойлау,
арифметикалық алгоритм, арифметикалық материал, геометрия элементтері, сан, цифр,
реттік санау,
кері бағытта санау
«Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге
асыруға маңызды үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау
қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде
қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.Математиканың бастапқы курсын оқып
үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық
қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта
құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет
тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады [1, 290].
Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар
міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:
•логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді
пайдалану біліктілігін дамыту;
•оқу және тәжірибелік
проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді
пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін
дамыту;
•сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық
қабілеттерді дамыту;
•математиканы
әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;
•өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті
өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
Жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда арифметикалық
материалды оқып-үйрену маңызды рөл атқарады[1, 321].
Бастауыш курс математикасында арифметикалық материалға мыналарды жатқызуға
болады: сан ұғымы, сандарды нөмірлеу, сандарды оқу, жазу, салыстыру және есептерді
арифметикалық тәсілмен шешу. Бұл ұғымдар бастауыш курс математикасының негізгі өзегі
болып табылады. Бастауыш курстың басқа материалдары осы арифметикалық ұғымның
маңына топтасып, арифметикалық материалмен тығыз байланыста оқытылады.
Математикада сандарды оқу, жазу, салыстыру концентрлер бойынша оқытылады, олар:
ондық, жүздік, мыңдық, көп таңбалы сандар, сонымен қатар сандарды бұлайша оқытудың
өзіндік себептері де бар. Оларды атап айтсақ:
• Алдыңғы концентрде қарастырылған сұрақтар келесі концентрде бекітіледі және әрі
қарай тереңдетіледі;
• Алдыңғы концентр бойынша игерген білім, білік және дағдылар келесі концентрді
оқып үйренгенде негізге алынады;
• Осы тақырыптың негізгі сұрақтарын бірнеше рет қайталау арқылы, оқушылардың
білімі
мен білігі жетілдіріледі;
• Әрбір жаңа концентрді оқып үйренгенде оқушылармен жүргізілетін өзіндік
жұмыстың көлемі артады;
339
сәйкестендіруге байланысты әр түрлі тәсілдерді қолданумен қатар, әр алуан жаттығулар,
ойындар, практикалық тапсырмалар қарастырылады [5, 18].Аталған әдісті «5 саны және
цифры» тақырыбын оқыту әдістемесінің мысалында көрсетейік.
5 цифрыүш элементтен тұрады. Алдымен кішіректеу түзу таяқша жазылады, содан соң
тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл оңға қарай, тордың ортасына дерлік көлбеу
жүргізеді. Әрі қарай оң жақ сопақшаны жазады да, ең соңында солдан оңға қарай цифрдың
жоғары элементін жазады. Сабақ барысында оқушыларды 5 санының құрамымен және оны
алудың әртүрлі әдіс - тәсілдерімен таныстыру қажет.Мысал келтіретін болсақ, яғни
балалардың қызығушылығын арттыра отырып иллюстрация арқылы түсіндіруге де болады.
Төрт баланы ортаға шығарып, 1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері ретпен санатамыз.5
саны 4-тен үлкен бе,әлде кіші ме?5-санын қай жерде кездестіруге болады? деген сұрақтарды
қою арқылы естеріне түсіріп,айтқызу.
Достарыңызбен бөлісу: