Сабақ өткізу Қмж құрастырыңыз



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі244,52 Kb.
#18081
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
CLIL


Тапсырма: CLIL енгізудің түрлі амалдарын сипаттай отырып, сабақ өткізу ҚМЖ құрастырыңыз.
Білігі мен дағды кіріктіріп оқытуда жүзеге асыру үшін арнайы әдістер мен педагогикалық технологиялардың түрлері көп, оларды түрлі негіздеріне қарап ажыратады.

Педагогикалық технологиялардың ішінен тілдерді оқытуда айтарлықтай табысты қолданылып жүрген СLIL технологиясына назар аударылуда. CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.

CLIL негізін төрт C құрайды:

−CONTENT (Мазмұн)

– бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер, біліктер мен дағдылар;

−COMMUNICATION (Қатынас)

– бұл оқытуда шет тілін пайдалану біліктері;

−СOGNITION (Таным)

– бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;

−CULTURE (Мәдениет)

– бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну, сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау.

CLIL– бұл түрлі білімділік мән мәтінінде қолданылатын көзқарастардың тұтас

бір қатарын біріктіретін өзінше бір термин. CLIL енгізудің түрлі амалдарын сипаттайтын

терминдердің тұтас бір қатары бар, мысалы: толық тілдік ену, ішінара тілдік ену, «тілдік

нөсер» және т.б.

CLIL – дің негізгі қағидаларын анықтауда түрлі еуропалық елдерде мәдени және тілдік ортасын қамтитын, пәндік және білімділік міндеттерді шешуге бағытталған оның 4 негізгі қыры бөліп көрсетіледі.Осы 4 қырының әрбіреуі білім алушылардың жасына, әлеуметтік – лингвистикалық ортасымен CLIL ену дәрежесіне қарай түрліше жүзеге асырылады.

СLIL технологиясы бойынша оқытудағы негізгі қағидалар болып табылатындар:

- СLIL ұғымы шегінде орналасқан қағидалар. Бұған пәнаралық байланыстар, сонымен қатар тілдікқұзыреттілік, тек оқуға ғана емес, сонымен қатар жаңа білімдерді өмірде пайдалануға, сәйкесінше өмірлік мотивацияны арттыруға дайындық, табысқа беталыс жатады. Осының барлығын CLIL оқытуының артықшылықтарына жатқызуға болады;

- жоғарыда атап көрсетілген төрт компонент жүзеге асырылатын CLIL табысты сабағы;

- одан өзге, әр сабақта тілдік дағдылардың барлық түрлері қолданылуы тиіс.

CLIL технологиясы бойынша оқытудың мақсаттары:

1) оқытылатын пән арқылы шетел тілін зерделеу;

2) пәнді шетел тілі арқылы зерделеу.

Осылайша, оқушыларды ана тілінде және оқып үйренетін тілде оқыту бір тұтасты құрайды. Ағылшын тілі арқылы жаратылыстану, биология, химия, информатика, география, физика және тағы бірқатар басқа пәндер оқытыла алады. Осы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін таңдап алынуы толық негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет