АСҚАР АЛТАЙ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЖАҢА КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР Аннотация: мақалада символ және символдық бейнелерге қысқаша шолу жасалды. Қазіргі қаза әдебиетінің көрнекті өкілі – Асқар Алтай әңгімелеріндегі символдық бейнелер қарастырылды. Сонымен қатар қаламгер шығармаларының сюжеттік, көркемдік ерекшеліктері мен образдар жүйесіне талдау берілді. Символдық бейнелерді анықтау, талдау мақсатында жазушының «Түсік», «Казино», «Киллер-сауысқан» әңгімелері негізге алынды. Қаламгердің мистика-философиялық желі мен символдық бейнелерді пайдалану тәжірибесі айқындалды. Әңгімелерінде қолданылған символдық бейнелердің жаңашыл ізденістері сөз етілді. Асқар Алтай әңгімелеріндегі символдық бейнелердің мәні ашылды. Тірек сөздер: символ, символдық бейнелер, әңгіме, қоғам шындығы, жаңашыл
ізденістер.
Қазіргі қазақ прозасында ерен қолтаңбасымен, ерекше стилімен танылған, қаламы
айшықталған, қарымды қаламгер – Асқар Алтай. Оның қазақ прозасында өзіндік із
қалдырған, тақырыбы тың, ойы өзекті шығармалары оқырманды бірден еліктіріп әкетеді.
Асқар Алтайдың
көркем туындыларында өмір шындығы айқын
суреттеліп, шығарманың өзегі, іргетасы болып шынайы адам
ғұмыры суреттелген. Қаламгер прозаның шағын жанрда
өзіндік қолтаңбасы бары хақ. Оның әңгімелерінің сюжеті пен
идеясы, кейіпкерлер болмысы, кеңістік пен уақыт байланысы,
көркем шығарма табиғатына сай психологиялық сипат,
көркемдік тәсілдер жүйесі, символдық бейнелері өзгеше.